Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 11:51


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Полицейлер соты

Прокурор Теміровті бес жылға соттауды сұрады

Cәуірдің 25-сі күні Ақтау қалалық сотында Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының (УҚИ) бұрынғы басшысы, 32 жастағы Жеңісбек Теміровтің үстінен басталған сот процесі соңғы сатысына жақындап, бүгін (яғни мамырдың 10-ында) жарыссөзге ұласты.

Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Жеңісбек Теміров «2011 жылы 16 желтоқсандағы оқиға кезінде Базарбай Кенжебаевты УҚИ-ге заңсыз қаматты, оны дер кезінде ауруханаға жібермей, Кенжебаев содан көз жұмды» деген айып бойынша биыл 25 қаңтарда жауапқа тартылған.

«БЕС ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛСЫН»

Жарыссөз барысында алғаш сөз алған айыптаушы прокурор, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқармасы бастығы Әмірғали Жанаев қылмыстық кодекстің 308-бабының 2 және 4-бөлімдері (билігін немесе қызмет өкілетін асыра пайдалану) бойынша Жеңісбек Теміровті айыпты деп санап, «кінәсін жартылай мойындағаны, қатесін түсініп кешірім сұрағанына байланысты бес жылға бас бостандығынан айыруды және жазасын жалпы колонияда өтеуге кесуді» сұрады.

Сотқа жәбірленуші ретінде қатысып отырған төрт адамға орай қылмыстық істі саралап шыққан прокурор үшеуінің талап арыздан бас тартқанын, ал Базарбай 
Жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.Жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.
x
Жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.
Жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.
Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаеваның талабы бойынша 1 миллион теңге ғана өндіріп, қалған 4 миллион теңгенің тиісті құжаттары жоқтығына орай оны қанағаттандырудың керегі жоқтығын айтты.

Прокурордан кейін сөз алған жәбірленушілердің бірі Әсем Кенжебаеваның адвокаты Шамин Базаров та Жеңісбек Теміровке қатаң жаза беруді ұсынды.  Бірақ адвокат  прокурордың өтем туралы сөзімен келіспей, «кісіні жерлеуге, жетісі, жүзіне дейінгі аралықта беретін асы мен зиратын тұрғызуға кеткен шығынға қазақ дәстүрінде ешкім де құжат жасамайтынын» айта келе, Әсем Кенжебаеваның талабын орындау керегін  ескертті.

НҰСҚАУ НЕМЕСЕ «ҚОЖАЕВТЫҢ ТАҢҒАЛДЫРУЫ»

Адвокат Шамин Базаров осы іс бойынша Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Мұхтар Қожаев пен тағы да екі лауазымды қызметкерді, сондай-ақ УҚИ-ге адамдарды күштеп әкеліп, ұрып-соққан ОМОН қызметкерлері мен олардың басшыларын да қылмыстық жауапқа тартып, қамауға алуды талап етті. 

Адвокат Шамин Базаровтың сөзіне қарағанда Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Мұхтар Қожаев сотқа сәуірдің 27-сі күні алғаш куәлік 
Адвокат Шамин Базаров. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.Адвокат Шамин Базаров. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.
x
Адвокат Шамин Базаров. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.
Адвокат Шамин Базаров. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.
бергенде өзінің УҚИ-де не болып жатқанынан хабарсыз екенін, 2011 жылы желтоқсанның 16, 17, 18-і күні тек сырттан келгендерді күтіп алып, орналастырумен ғана шұғылданғанын, Теміровке еш нұсқау бермегенін мәлімдеген.

Ол күні сотталушы Жеңісбек Теміров тарапынан да Қожаевқа сұрақ қойылмаған. Алайда кейіннен Теміров басқаша сөйлеп, «адамдарды УҚИ-ге қамау жөнінде Қожаев бұйрық бергенін» айтқан. Адвокат Шамин Базаровтың талабынан кейін сот Қожаевты қайта шақырып, Теміровпен беттестірген.

- Міне, осы кезде Қожаев болып жатқан оқиғадан хабардар екенін де, ауызекі нұсқау бергенін де мойнына алды. Егер ол өздеріне нұсқау берген адамдар бар дейтін болса, онысын атап көрсетсін. Мұхтар Қожаевтың жауапқа тартылу орнына Астанадағы министрлікке жоғарылап кеткені таңғалдырады, - дейді Базаров.

«Мұхтар Қожаев Жеңісбек Теміровке ауызша нұсқау берген» деген сөзді бүгін айыптаушы прокурор да айтты.

«БҰЛ ЖЕРДЕ ҰЛЫМНЫҢ БАСТЫҚТАРЫ ОТЫРУЫ ТИІС ЕДІ»

Жеңісбек Теміровтің әкесі, оның қоғамдық қорғаушысы ретінде сотқа қатысып отырған Есжан Теміров «Бүгін сотталушының орындығында аңғал да жас маман отыр. Бұл жерде ОМОН қызметкерлері мен олардың басшылары отыруы керек» еді деп бастады сөзін.

- 15-і күні қызметке тағайындалған Теміров бұйрықпен таныстырылмаған. Сөйтіп еңбек заңына нұқсан келтірген. Абақтыны қабылдап алмаған, яғни оған өткізбеген. 
Сотталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.Сотталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
x
Сотталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Сотталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
УҚИ-дің ішіне адамдарды ОМОН қызметкерлері әкеліп, тергеуді солардың басшылары жүргізгені, кейін адамдарды УҚИ-дің қарауына жатпайтын сырттағы гаражға апарып, ұрып-соққаны дәлелденді, - дейді Есжан Теміров.

Оның сөзіне қарағанда, Жеңісбек Теміров «жоғарыдағылардың, оның ішінде министрлік те бар, нұсқауымен жұмыс істеген Мұхтар Қожаевтың бұйрығын орындаған».

- Куәлік еткен дәрігерлер «Базарбай Кенжебаевқа дер кезінде жәрдем көрсетілгенде аман қалар ма еді» деген сұрағымызға «иә» деп жауап берді. Ал бірақ ол үйіне барғаннан кейін де екі жарым тәулік бойы ауруханаға бармаған. Үйіндегілер жедел жәрдем шақырудың орнына, жағдайының ауырлығына қарамастан, «Новая газета» басылымының тілшісімен әңгімелестіріп, қарап отырған. Ал тілші өзіне керекті материалды алған да тайып тұрған, - деді Есжан Теміров.

Ол ұлының «отбасылық жағдайын, кәрі әке-шешесі мен жас бала-шағасы барын» айтып, ақтауды сұрады. Сотталушыға сөз берілгенде Жеңісбек Теміров те өзін ақтауды сұрап, жәбірленушілерден кешірім өтінді.

Сот төрайымы Галина Айжарықова сот үкімі 17 мамырда айтылатынын ескертіп, сот отырысын аяқтады.

ЖЕҢІСБЕК ТЕМІРОВТІҢ СОТЫНДА СӨЗ БОЛҒАН ГАРАЖ

Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровтің соты барысында жиі айтылған гаражды Жаңаөзен қаласына барған сапарында Азаттық тілшісі де көрді.

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы мен Жаңаөзен қалалық соты орналасқан үлкен аумаққа кіргісі келген адамдар бір қақпадан өтеді. Қақпа жанында полиция 
Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.
x
Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.
Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.
бекеті тұр. Біз барғанда бекетте ешкім бола қойған жоқ. Бірақ сот ғимаратының алды мен ішкі істер басқармасының төңірегінде полицейлердің төбесі көрініп жүрді.

Постан өте бере сол жаққа қарағанда  бір-бірімен жалғасып тұрған гараждар көрінеді. Ал УҚИ осы гараждың дәл алдындағы үлкен ғимараттың иесі - Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының ішінде орналасқан.

- Бұл гараждарды «бокс» деп те атайды. Дәл осы жерде 2011 жылы 16,17,18 желтоқсанда 500-ге жуық адам кіргізіп, аяусыз ұрып-соққан, - дейді жергілікті тұрғындар.

Өткен жолы осы сот процесіне куәлікке келген дәрігер Асылбек Раметов «изолятордың жанындағы гаражда, шынымды айтайын, 100-150-дей адам қамауда жатты» деген еді. Ол «гараждың іші балшық болды» деген Әсем Кенжебаеваның сөзін де растап:

- Гараждың іші балшық болды. Бірақ төбеден су өтетіндей емес еді, өйткені төбесінде шифері болатын, - деген.

Жәбірленуші Әсем Кенжебаева әкесі Базарбай Кенжебаевтың «изолятор жанындағы гаражда да зорлық-зомбылық» көргенін айтқан еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ешкім Қайдан: Ешкім
11.05.2012 02:46
+0 / -0
Қазақ қоғамының жендеттерге айналғанына батыс мәдениетінің дендеп енуі мен өзінің қазақ тілін сақтай алмай мәңгүртке айналуы себеп болып тұр.. Президенттің үрім-бұтағы да айналасындағы қоршаған ортасы да орысша сөйлейді... Ал Жаңаөзен оқиғасы соның дәлелі!

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
11.05.2012 10:00
+0 / -0
Мына Есжан Теміров ар-ұяттан жұрдай адам екен - "үйіндегілер жедел жәрдем шақырудың орнына, жағдайының ауырлығына қарамастан, «Новая газета» басылымының тілшісімен әңгімелестіріп, қарап отырған",-депті бет-ауызы бүлк етпестен. Көше толы ОМОН-ның үйден шыққанның бәрін қамап, ұрып-соғып жатқанын біле-тұра осындай сөздерді айтуға қалай ғана аузы барады десеңізші.
Ал оның баласы УҚИ-да адамдарды аюандықпен азаптап жатқанда еш шара алмастан талтаңдап жүрді ғой, енді өз бастықтары лақтырып кеткенде өп-өтірік момақан бола қалуын-ай жауыздың.

Кімнен: полисай болмағаныма Қайдан: өкініп отырмын:(
11.05.2012 12:11
+0 / -0
5-ақ жыл ма? Мент болған қандай жақсы. Адам өлтірсең де құтылып кетуге болады, тіпті қызметің жоғарылап құрмет көрсетіледі. Асып кетсе 5 жыл сұрайды прокурор, ал судья жаны ашып кетіп 3 жыл шартты түрге соттайды да іс бітеді. 6 жылдан соң қайта адам өлтіруге кірісуге болады. Тамаша емес пе боратстанның полицайы болған? Қалай білмегенмін бұрын?
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 21:34
+0 / -0
Әлі де кеш емес! Полицайдың жұмысына пара беріп кіріп ал да!

Кімнен: ара Қайдан: уядан
11.05.2012 14:11
+0 / -0
дурыс, сотталсын, оган сол керек!!!!
5 жыл деген оте аз бирак!

Кімнен: Адайдың баласы Қайдан: Алматы
11.05.2012 15:03
+0 / -0
Ассалам уағалайкум, Маңғыстау жұрты!
Мен мынандай жендеттерге қарап, қаным қарайып отыр! Ертелі кеш пе халық бұлардан әлі өз өшін толығымен алады, сонда өздері мақтап жүрген үкіметтің оларға көмектескенін көреміз.
Адай бауырларым, бірге болайық.

Кімнен: Жыламашы Қайдан: Жылатқан ел
11.05.2012 16:50
+0 / -0
Жеңісбек Теміровке прокурор белгілеген 5 жыл өте аз , бұны жазадан құтылудеп түсіну керек . Бұның арты аяқтаи жаза қолдануы мүмкүн , не болмаса бір жыл отырадыда аяқтаи шығып жүре береді , ал жастарға 3 жылдан 9 жылға деиін жаза сұраған әділдік қаида осылаи боларын алдынала білдікте . Жалпы Қазақстан түрмелерінде ұсақ түиек , ұялы телефондар ұрлап көп жыл алғандар өте көп , ал нағыз қылмыскерлер , қанішерлер жазадан құтылып кетіп жатыр , шортандар құтылып жабақтар тұтылған заманды орнатқан билік менің қас жауым .

Кімнен: Ар Қайдан: Алматы
11.05.2012 17:30
+0 / -0
«БҰЛ ЖЕРДЕ ҰЛЫМНЫҢ БАСТЫҚТАРЫ ОТЫРУЫ ТИІС ЕДІ»
аттарын айтсын. Оларды несіне қорғаштап тұр. Бес емес, 25 жыл беру керек жендетке

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
11.05.2012 18:38
+0 / -0
Беу, шіркін қазағым-ай, не деген аңғырт едің! Бас жендет тақта отырғанда әмірін бұлжытпай орындайтын жендеттерін қалайша соттатып қоймақшы?! Бүгін қарамағындағы жендеттерін соттаса ертең "Бас жендетімізді" кім қорғайды, оның түкке керегі жоқ өмірін кім сақтап қала алады?.. Ал мына сот қайталап айтайын, жәй әйшейін "спектакль", қазақ ұлтын қорлау!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 18:42
+0 / -0

көзі алақтаған отыру керек қанішердің нөмірі 1-ші солллллллллл

Кімнен: Томирис Искакова
12.05.2012 08:51
+0 / -0
Надеюсь оправдают Темирова, таккак он невиновен, это же очевидно, потому что даже если он должностное лицо, начальник в бывшем, то это не означает вина полностью должна быть на нем, можно просто дать условный срок, но не пять лет, слишком много
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 21:35
+0 / -0
Томирис! Осыныңды қазақшалап жазып жіберші!
Пікір алмасу

Кімнен: Томирис ханымға
13.05.2012 11:29
+0 / -0
Бұл теміровты сол 16-күні таңертең қызметке қойыпты.Ұйымдастырушы полиция өкілднері түсте не болатынын анық біліп,әдейі жұмысты толық білмейтін адамды қызметке алған.Ұйымдастырушылар бүкіл құқық қорғау қызметіне сөзі жүретін мықты дөкейлердің бірі болса керек. онда өкілеттілік елімізде 3-4 мықтыда ғана бар ғой.Қайсысы кен бүлдірген?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?