Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:47

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Елена Костюченко: Жаңаөзендіктер бейбіт келіссөзді қалаған еді

Жаңаөзендегі қайғылы оқиғадан соң екі күн сол қалада болып қайтқан ресейлік «Новая газета» басылымының тілшісі Елена Костюченко Азаттық радиосына сұқбатында өзі куә болған жайттарды баяндайды.

Нан алу үшін кезекте тұрғандар. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 ж. Ресейлік "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко түсірген фото.
Мәтін көлемі - +

«ТАҢҒА ЖАҚЫН ТАҒЫ 43 АДАМНЫҢ ДЕНЕСІ ЖЕТКІЗІЛДІ»

— Ресми деректерге сәйкес, Жаңаөзенде 16 адам және  Шетпеде 1 адам қайтыс болып, жүзден аса адам жарақат алған. Сіз оқиға болған жерде тұрғындармен, куәгерлермен кездесіп, сөйлестіңіз. Жаңаөзенде қанша адам қаза болуы мүмкін?

— Мен Жаңаөзенде болғанымда, Қазақстан билігі сол кезде қаза болғандар саны 11 адамға жеткенін хабарлады. Кейбіреулер 11, ал тағы біреулер 13 адам мерт болғаны туралы айтып жатты.

Қаза болғандар мен жараланғандарды алаңнан ауруханаға дейін жеткізген және таң атқанша сонда дәрігерлерге көмектесуге қалған қыз сол күні кешкі сағат тоғызға дейін мәйітханаға 21 адамның денесі жеткізілгенін айтады. Бірақ сағат тоғызда мәйітхананың қызметкерлері оның есігін жауып, кетіп қалған. Сөйтіп қаза болғандардың мәйіттерін көрші бөлмеге жинай бастаған, ол жерге таңға дейін тағы 41 адамның денесі жеткізілген.

Мен сол аурухананың хирург-реаниматологымен сөйлестім. Ол 16 желтоқсан күні
Ресейлік "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко.
x
Ресейлік "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко.
​​оның көз алдында 22 адамның жан тапсырғанын айтып берді. 17 желтоқсан күні тағы бір адам қайтыс болған.

Жараланғандар туралы да мүлде басқадай мәліметтер бар. Яғни, дәрігерлер мен куәгерлер жараланғандардың саны 17 желтоқсан күні таңертеңгілік 400-ге жуық адам болатын дейді. Адамдарды Ақтауға толассыз жөнелтіп жатты, өздігінен жүруге шамасы бар кейбір жаралылар ауруханаға бармаған. Олар бұл қаладан тезірек кетіп қалуды жөн санаған. Кейбір отбасылар қаза болған адамының денесін мәйітханаға бермеген.

Міне, сондықтан қаза болғандар мен жараланғандардың нақты санын есептеп шығу оңай шаруа емес. Және де, менің білуімше, билік кейбіреулердің денесін әлі күнге дейін туыстарына қайтармауы бұны одан сайын қиындатып отыр.

«АЛАҢДА АЛАҢСЫЗ ТҰРҒАН ҚАЛЫҢ ЖҰРТҚА ОҚ АТЫЛДЫ»

—  Сізге Жаңаөзенде қару қолданылғаны туралы жұрт не айтты?

— Полиция «Өзенмұнайгаз» кеңсесінің бұрышынан айналып шыға келген бетте өртеніп жатқан ғимаратқа жай ғана қарап тұрған жұртқа бірден оқ жаудыра бастағанын айтты. Дәл осы көріністі маған өте көп адам — тек алаңда болғандар ғана емес, сонымен бірге оқиғаны көрші үйлердің терезесінен көргендер, сондай-ақ, дәл сол кезде осы жерден өтіп бара жатып куә болғандар айтып берді.

Жиналып қарап тұрғандардың көпшілігі сол жерге оқиғаны қызықтап барғандар болған, сол топты адамға қарсы оқ жаудырған. Анық белгілісі, қаза тапқандардың арасында екі бала болған — 10 жастағы ұл бала және 1995 жылы туған қыз бала.

— Қазақстан билігі полиция мен бейбіт халықтың өміріне топалаңды бастаған әлдебір арандатушы топ тарапынан қауіп төнген деп мәлімдеді. Сіз оған көз жеткіздіңіз бе?

— Жоқ, оған көз жеткізе алмадым. Полиция қызметкерлерімен мен де сөйлестім. Олар, әрине, тобыр бейбіт тұрғындарды, алаңның жанынан өтіп бара жатқандарды
Көшеде кетіп бара жатқан жұртқа қарсы қандай да бір зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғаны туралы айтылғанды ешкім растамайды.

соққыға жықты, оларға тас лақтырды дегенді айтады. Бірақ бір де бір куәгер бұл сөзді растамайды.

Мен Жаңаөзенде өте көп адаммен тілдестім. Олар тек ереуілшілер (бұрынғы мұнайшылар. - Азаттық) ғана емес, сонымен бірге сауда орындарының иелері және зардап шеккендермен сөйлестім. Көшеде кетіп бара жатқан жұртқа қарсы қандай да бір зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғаны туралы айтылғанды ешкім растамайды.

Әкімшілікті жағып жібергені рас. «Өзенмұнайгаз» ғимаратына от қойды. Рас, бұл болған жайт. Алайда, сонда да, ғимаратқа өрт қойып жатса да, бұл үшін адамдарды атуға болмайды ғой.

«19 ЖЕЛТОҚСАНДА 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҰСТАЛҒАН»

—  Жаңаөзенге төтенше жағдай енгізудің қажеттілігі бар ма еді?

—  Мен тек журналист ретінде айта аламын: төтенше жағдай кезінде жұмыс істеу өте қиын. Аса күрделі екенін айтқым келеді. Теориялық тұрғыдан алғанда бәрі керемет сияқты: жастар мен ОМОН арасындағы қақтығысты тоқтату үшін күндізгі сағат 11-ден кешкі сағат 19-ға дейін коменданттық сағат жарияланады, күдікті дегендер тоқтатылып, тінтіп-тексеріледі.

Ал іс жүзінде, коменданттық сағат кезінде менің көргенім – күндіздің өзінде ер
Әкімшілік іс немесе қылмыстық іс қозғалған адамдардың тізімі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж. Ресейлік "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко түсірген фото.
x
Әкімшілік іс немесе қылмыстық іс қозғалған адамдардың тізімі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж. Ресейлік "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко түсірген фото.
​​адамдарды көшеде ұстап, машинаға отырғызып полиция бөлімшесіне әкетіп жатты, сонда апарып аяусыз соққыға жықты. Және осының бәрі менің көз алдымда болды.

Коменданттық сағат мерзімін полиция сақтаған жоқ – тәулік бойы коменданттық сағатқа айналды. Әйелдер ер балалары мен күйеулерін дүкенге нанға жіберуге де қорықты. Менің көз алдымда дүкенге азық-түлік алуға келген адамды ұстап әкетті. Оның дүкенге келмеске амалы жоқ еді, себебі әйелінің аяғы ауыр, айы-күні жақын отырған. Кез келгенді беталды ұстап әкете берді.

Ешқандай телефон байланысы, интернет істемеді. Адамдар бір-бірімен хабарласа алмай қалды. Жақында Жаңаөзенде болып қайтқан әріптестерім ондағы адамдардың шектен тыс үрейлі екенін жеткізді.

Қаланың әр бұрышында бірнеше адам болып тұрған ОМОН жасағын көресіз, кейде оншақты болып тұрады, кез келген адамды, көліктерді тоқтатып, барлығының құжатын тексереді. Олар кез келгенді ұстай алады.

ОМОН-ның тоқтатқан адамның құжаттарын, ақшасын, мобиль телефонын тартып алып тонаушылық жасаған іс-әрекеттері туралы да естідім.

Аурухана хирургы 19 желтоқсанда өздеріне бір қыз баланың түскенін айтты. ОМОН оны тоқтатып, кейін зорлаған.

Мектептерде барлық сабақтар тоқтатылды. Мектептер мен балабақшаларда ОМОН орналасқан.

Тергеушілер ұсталғандармен бірге зардап шеккендерді тергеуге шақырып, жауап
Орталық алаңда жүрген жедел қимыл тобының сарбаздары. Жаңазен, 18 желтоқсан 2011 ж. «Новая газетаның» тілшісі Елена Костюченко түсірген сурет.
x
Орталық алаңда жүрген жедел қимыл тобының сарбаздары. Жаңазен, 18 желтоқсан 2011 ж. «Новая газетаның» тілшісі Елена Костюченко түсірген сурет.
​​алады. Барлығынан не жайында айтқанын жария етпеу туралы қолхат жаздырып алады. Егер журналистермен тілдесетін болсаңдар, қылмыстық іс қозғалады деп барлығын қорқытып қойған.

Мен Жаңаөзенде ұсталғандардың тізімін көрдім. 19 желтоқсан күні олардың саны 800-ден асатын. Сол күні тізімдегіден 50 адам босап шыққан еді. Сондықтан олардың саны 750 болуы әбден мүмкін.

400-ден аса адамның үстінен қылмыстық іс немесе әкімшілік іс қозғалды. Бұл жерде, жауапқа тартылғандардың көбінесе қысым, азаптау арқылы кінәні өз мойындарына алғандарын ескеру керек.

«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқық қорғау ұйымының аға зерттеушісі Татьяна Локшина жаңа жылдың алдында Жаңаөзенде болып қайтты. Ол қазір Жаңаөзенде жұрттың әбден үрейленіп қалғанын, тіпті аты-жөнін атамай да ештеңе айтқылары келмейтінін, жай ғана кездесіп, әңгімелесуден де тартынатынын әңгімелеп берді. Жұрт ештеңені жарияламау туралы қолхат жазғызып алу, қылмыстық іс қозғау туралы қоқан-лоққыдан әбден қорқып қалған. Бірақ оған әріптестерімен бірге бірнеше куәгерлік деректер алудың сәті түсіпті, қазір «Хьюман Райтс Вотч» Жаңаөзен бойынша есеп дайындап жатыр.

БАЗАРБАЙ КЕНЖЕБАЕВТЫҢ СОҢҒЫ СУРЕТТЕРІ

— Сіз Жаңаөзенге қашан, қалай бардыңыз?

— Біз 18 желтоқсан күні таңертеңгілік жеттік. Мен ресейлік әріптестерімен бірге Мәскеуден Ақтауға ұшып бардым. Ақтаудан автокөлік жалдап Жаңазенге тарттық.

Автокөлікте мен, «Лента.ру» сайтынан Илья Азар, «Коммерсант» газетінің екі тілшісі – Владимир Соловьев пен Василий Шапошников болды. Біз блокпостан өткен кезде онда кезек ауысып жатқандықтан, Жаңаөзенге еш кедергісіз өттік.

Жаңаөзенге келген соң, жарық түскенше біраз күтуге тура келді. Жарық түскен соң біз көшелерді араладық: аурухана, өртенген әкімдік ғимараты, алаңда болдық. Содан кейін бөлініп әр жаққа кеттік, көп ұзамай, алаң маңынан әріптестерімді ұстап әкетті. Олар Жаңаөзенде бар болғаны екі-ақ сағат болды.

Полицейлер олардың жазбалары мен телефондарын мұқият тексерген екен. «Коммерсант» газетінің тілшісі Владимир Соловьевтың барлық жазбаларын, блокнотын тартып алған, онда журналист тілдесіп үлгерген адамдардың аты-жөні мен телефондары бар болатын. Қазір сол кезде сұқбат берген адамдар үшін бірқатар қиындық туындай бастады. Әйтеуір, Соловьевтің фотографы түсірген суреттерді жасырып үлгеріпті.

Маған жергілікті адамдар қатты көмектесті, мені өз киімдеріне киіндіріп, барлық сапарымда менімен бірге еріп жүрді. Жаңаөзенде екі жарым күндей болдым. Мені ешкім ұстаған да жоқ.

Менде қарапайым фотоаппарат болды және үнемі жасырын түсіруге тура келді. Күнделікті тұрмыс-тіршілік пен көшеде көргенімді түсірдім: ішкі істер бөлімі алдында
Елена Костюченко мына суреттегі көгерген іздері бар адам денесі Базарбай Кенжебаевтыкі дейді. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж.
x
Елена Костюченко мына суреттегі көгерген іздері бар адам денесі Базарбай Кенжебаевтыкі дейді. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж.
​​тұрған адамдар, нан алу үшін кезекте тұрғандар, алаңдағы орындықта қалған қанның дағы, ұсталғандардың тізімі, қоқыста жүрген ит, ауруханаға бара жолды бөгеп тұрған ОМОН суреттері.

Менде қазір Базарбай Кенжебаевтың суреті бар. Ол 16 желтоқсан күні тұтқындалған. Мамандығы - тракторшы, Жаңаөзенге жақын ауылда тұрған.

16 желтоқсан күні оның қызы босанған. Ол, шын мәнісінде, перзентханаға бара жатқан кезде ұсталған. Қамауда болған бір күннің ішінде оны аяусыз соққыға жыққан. Қызының күйеуі жағынан полицияда таныстары табылып, ол босап шыққан.

Біз онымен 19 желтоқсан күні күндіз сөйлескенбіз. Арада екі күн өткенде, мен оның қайтыс болғаны туралы хабар алдым. Оның іш құрылысына қатты зақым келіп, ішегі соққыдан жыртылып кеткен. 

Ол қамаудан босап шығып үйге келген соң туыстары жедел жәрдем шақыра алмаған. Ол кезде Жаңаөзенде ешқандай телефон байланысы болмады. Ал Базарбайдың өзі көшеге шығуға қорыққан, себебі оны тағы да ұстап әкетуі мүмкін еді. Және екінші рет ұсталғандарды — ер адамдарды айтып отырмын, — полиция қайта шығармаған.

Туысқандары оны тек 21 желтоқсан күні кешке ғана ауруханаға жеткізген. Оның ішегі жыртылғанын анықтап, операция жасаған. Бірақ өте кеш жеткізген болуы керек. Ол қайтыс болады.

Базарбайдың бет-жүзіне де зақым келген еді, бірақ мен оның әлпетін суретке түсірмедім, белгілі себептерге байланысты. Менде оның арқа жонының суреттері
Базарбай Кенжебаевтың полициядан босап үйге келгенде үстінде болған жейдесі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж. "Новая газетаның" тілшісі Елена Костюченконың қорындағы сурет.
x
Базарбай Кенжебаевтың полициядан босап үйге келгенде үстінде болған жейдесі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж. "Новая газетаның" тілшісі Елена Костюченконың қорындағы сурет.
​​бар. Арқасында соққыдан қалған көгерген іздер бар еді. Әйелінің айтуынша, ең ауыр соққы оның шабынан тиген. Бірақ, әрине, ол шығыс дәстүріндегі ер адам болғандықтан, бұл жарақатын маған көрсетуге намыстанды. Базарбай зәріне қан араласып шығатынын және полициядан босап келген соң кесек-кесек қан түкіргенін айтып берді. Екеуміз әңгімелескен кезде ол отырмақ болып бірнеше рет талпынып көріп еді, бірақ оған шамасы келмеді.

Мен оның ішкі істер бөлімінен шығып келгенде үстінде болған жейдесін суретке түсіріп адым. Жейде әбден қанға малынған.

Біз Базарбайдың есімін жариялаған кезде, бас прокуратура «ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болды» дегенді айтты. Мұнымен қоса: «Оны жарақат алған халде полиция емханаға жеткізген, бірақ ол емханада қалып ем қабылдаудан бас тартқан, сонан кейін барып қайтыс болды» деді.

Мен Базарбайдың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізіледі, оның өліміне қатысы барлар жауапқа тартылады деп үміттенемін. Сондай-ақ, бүкіл әлемге өтірік айтқан бас прокуратура да өтірігі үшін жауап беруі тиіс деп санаймын. Адамның өліміне қатысты өтірік айтты. Олай істеуге болмайды. Ол қанша дегенмен осы елдің азаматы ғой, ал өз азаматына қатысты мемлекет бұлай істеуге тиіс емес.

«АДАМ РУХЫНЫҢ МЫҚТЫЛЫҒЫНА КУӘ БОЛДЫМ»

— Қазақстандағы бұл оқиға сіз үшін күтпеген оқиға болды ма? Жаңаөзендегі оқиғаны сіз қалай қабылдадыңыз?

— Мен осыған дейін Қазақстанда болмаған едім. Бірақ мен Қазақстанды «тұрақтылық аралы» деп есептеген емеспін. Себебі, менің жақын досым Қазақстанда туып-өскен. Оның әңгімелері Қазақстандағы тұрақтылық туралы емес-ті.

Бірақ, әрине, мұндай сұмдық көремін мен ойлаған жоқпын. Мені ең қатты таңқалдырған нәрсе адамдарға оқ атылғаны да емес. Себебі, мен ол қалаға бара жатқанымда адамдардың оққа ұшқаны туралы естіп алған едім.

Мені ең таңғалдырғаны  – 17 желтоқсан күні Жаңаөзенде адамдардың алаңға
Автокөліктерді тексеру. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж. "Новая газетаның" тілшісі Елены Костюченконың қорындағы сурет.
x
Автокөліктерді тексеру. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж. "Новая газетаның" тілшісі Елены Костюченконың қорындағы сурет.
​​шыққаны болды. Билікпен бейбіт келіссөз өткізуге дайын екендерін білдірген.

Сол күні бас алаңға шыққан. Ол жерде бес мыңға жуық адам болған, яғни 16 желтоқсандағыдан екі есе көп адам шыққан. Олар қолдарына «Бейбітішілік болсын!»  деген жазуы бар ақ мата ұстап тұрған.

Міне, бейбіт келісімдерді өткізуді сұрап осы жерде жеті ай бойы тұрған және алаңда болған қанды қырғынның ертеңінде де бейбіт келісімге келуге ұмтылған жаңаөзендіктердің бұл қылығы мені қатты таңғалдырды.

Жеті ай бойы бейбіт түрде наразылық танытып тұрудың өзі адам таңғаларлық нәрсе болса, желтоқсанның 16-сынан 17-не қараған түні қанды қырғынды басынан өткеріп, туысқандарын жоғалтқан халықтың тағы да бейбіт шеруге шығуы мұнан да өткен таңғаларлық нәрсе... Мен қызыл сөздің адамы емеспін, бірақ бұл – адам рухының ең биік көрінісі еді.

Мен жаңаөзендіктерге, барша қазаққа бұл қасіретті қайсарлықпен жеңіп шығуын тілеген болар едім.

— Сұқбатыңыз үшін көп рақмет.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 12:49
+0 / -0
Жаным ауырды, жүрегім жылады! Шарасыз отырғаным үшін өзімді жек көріп отырмын. Неге осындай күйге түстік, ағайын?!... Мынау қазақты жау емес, өз билігі құртып барады ғой
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 09:56
+0 / -0
ооо, байқұстар! орысты пір қылып отырғандарыңа жол болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
11.01.2012 11:27
+0 / -0
Орыстың да жақсысы бар,жаманы бар. Сол жақсыларының қатарына Маңғыстау халқы Соколованы, Козловты, Костюченконы қосты. Бізге қаны адай болғанмен, жаны қарау Кекілбаевтан, қаны орыс болғанмен, жаны таза Козлов, Костюченко,Соколовалар анағұрлым жақын болып кетті.

Кімнен: Ікі бұлқыныс
10.01.2012 12:55
+0 / -0
Рахмет азаттық рдйо стансиясы! сенднрмен мақтанам,,,,,шыұдықты шықпыртып айта алатын сендер ғанасыңдар, қаскойлердің қахарынан қаймықпайтын сендер ғанасыңдар,,,,,сендердің өмірлеріңе қызығым ,,, басқа сайтты ашам да ашырқанам,,,,майдан ол шыңғой жететін,,,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:41
+0 / -0
Қазақтардын ел баскару жуйесине реформа керек. Халыкты боска кырып,урките бермей,кукык коргаушылар да ойлануы керек. Халыктын киеси мен коз жасы ерте ме,кеш пе, ондырмасы аян.Ресей журналистері ашық жазып, ақ-қарасын ашуға көмектессін. Қоғамдық комиссиялар қайда? елдің беделді адамдары неге халық үшін көмектеспейді?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 21:14
+0 / -0
қолдаймын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:43
+0 / -0
Сұмдық екен! Ана қызды зорлайтындай не жазығы бар еді. Енді осымен тоқтайтынына сенімім аз. Қаза болғандар мен зорланған қыздың, жаралы болғандардың туыстары кек алмасына кім кепіл?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Актау
10.01.2012 14:16
+0 / -0
Азаттык радиосы. Менин сизге отинишим бар. Костюченконын Новая газетиндеги макаласын казакшага перевод жасап жасандар оте жаксы болар еди. Заранее Рахмет. Е. Костюченкога басымды иемин. Рахмет саган.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 14:20
+0 / -0
Рахмет, Елена!
Қазақ тарихы үшін игі іс жасапсың. Жолың болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
12.01.2012 20:35
+0 / -0
Рахмет, Елена, орыстың өжет қызы!!! Ал, қазақтың бұттарына ашғаш Қ.. байлаған беттері НӘН нің кө... жалап салтақ-салтақ болған қара бет журналистері жерге кірсейші, езгі неме. Ең болмаса адам құсап өлсеңші. Ал халқым: марқұм Ақселеу құлпы тасына жазып кетті Аспандағы айға сенбеймін. Жердегі хақыма сенбеймін деп. Абайды жедің, Ақселенуді жедің енді кімді жегің келіп отыр, бишара қазақ!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:21
+0 / -0
Денем түршігіп кетті мына сұхбаттан,неткен жауыздық?!... Расында "Азаттық" радиосына мың алғыс!
Пікір алмасу

Кімнен: АДАМ
10.01.2012 17:51
+0 / -0
Елена қыз жарайсың! Рахмет!!!

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
10.01.2012 16:32
+0 / -0
Халыққа қол көтерген омондарға, полиция қызметкерлеріне және басшыларға қарғыс атсын, халыққа істегендерін өздеріне және бала-шағаларынның басына он есе болып келсін. Ешқашанда бала-шағаларының қызығын көрмей қалындар, өлімдерін ең жаман болсын.

Кімнен: Айдын Қайдан: ШҚО
10.01.2012 16:57
+0 / -0
Құдай сақтасын, бәріміз де ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз! Ана жендеттердің аты-жөнін ақырындап біле беріңдерші. Олар өз облыстарына қайтіп келгенде бәрін қыз-теке болдыру керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 17:02
+0 / -0
Елгеи кулки кылдындар . Бари артын ашып кулип жатыр!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақгүл Қайдан: Ақтаудан
10.01.2012 18:37
+0 / -0
Біріншіден Азаттық радиосына мың алғыс.Екіншіден Лена құрбымыз,орыстың БАТЫР да БАТЫЛ қызына көп рахмет. Мына мақаланы жәй оқу мүмкін емес.Көзімнің жасы тыйылар емес.Бұны істегендер адамнан туылмаған шығар.Бұл хайуандарды БЕКЕТ АТА құр жатқызбас. Сол 16.12.2011ден бері Маңғыстау жерінде ауа-райы қатты өзгерді, яғни халқымен бірге қайғыруда.Бір сайттан оқығанмын ағалардың бірі айтқан бұны ЕБ,ЛН ,НӘН деуге болмайды оны НК деу керек деп яғни нұр кровавый. Сол рас айтылған мен қосыламын ,ал сіз ше
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 19:48
+0 / -0
Қазақша ЕЖ деу керек, яғни ел жауы

Кімнен: Ашынған Қайдан: Қан жылайды жүрегім
10.01.2012 17:10
+0 / -0
Алла барлық Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болған жандардың жанын жәннаттан етсін. Ал, осы оқиға оқ атуға бұйрық бергендер, Алланың қаһарына ұшырап, сол адамдардың қанына тұншығып өлсін. Әумин

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 17:27
+0 / -0
Базарбай Кенжебаев тын ози азаттык радиосына берген сухпатын окыган болатынмын, ол кездеде дал осы жагдайды айткан, жанеде ГОВД-нын артындагы бир гараж туралы айткан, барлык адамдарды сол жерген жинаган, кыстын кунинде есик терезеси жок, жери балшык жерде адамдарга су шашкан.Биликтин бул истегендерин сол куни адамдарда кинаган полицейлердин жанеде осы жагдайга киналы адамдардын алдарына келтирсин!!Ак жаулыкты аналармен сабилердин коз жасы жибермейди!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ұмытпас Қайдан: Ақтау
11.01.2012 01:40
+0 / -0
Әлгі гаражды қысқы абақтыға айналдырған менттердің әрекетінің бір қылмысын кеше бір досым айтты. Оның жолдасының мент ағасы гараждағы менттерден естігені: жастарды, әсіресе жас қыздарды мұздай суға малындырған себебі - неғұрлым суық болған сайын, жалаңаштанған қыздар өздері құшаққа ұмтылады деп мұздай суды құя берген екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 17:43
+0 / -0
Расында сол Жанаозенде журген омондармен полицейлердин аты-жонин кайдан келгенин кеин билик кулагансон арнай орындардан билип катан режимдеги турмеге омирлик отыргызу керек. Ей онбаган омондар оздеринин айелдерин алдебиреулер зорласа калай болатынын ойламаймайсындарма онбагандар!

Кімнен: құрбандарға Қайдан: Абай.кз сайтынан
10.01.2012 18:35
+0 / -0
ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ

Жаңаөзен құрбандарына

«Тарылдың деп несіне мұнша,
Заман?»
Толқып еді алаңда мың сан адам,
Қаскүнемдер қынадай қырып салды,
Құмырсқадай өз халқын құл санаған.

Бостандықты қылтиып қауыз жарған,
Жайпап өтті қанды қол жауыз жалған.
Шын бейнесін көрсетті шибөрілер
Заманбек, Алтынбекпен ауызданған.

Қазақстан қаралы,
Қан сасыған,
Қаныпезер биліктен жан шошыған.
Адамзаттың боялды ары қанға,
Жаңаөзеннің бұл қанды моншасынан.

Ен байлыққа биліктің көзі қызып,
Өзі жазған заңдарын өзі бұзып,
Алашымда ажалдың елесі жүр,
Азаттықтың аузынан сөзін үзіп.

Есі бар ер қанға елін батыра ма?
Билік деген айуан ба аты жаңа?
Қанды қолмен бетіне грим жағып
Қатыгездер шығыпты сахнаға.

Таптап жатса арымды көнбек пе едім,
Өзектіге бір өлім келмек дедім...
«Адам қаны - су емес!» дейтін еді,
Суша ағызды өзімнің жендеттерім.

Қырылғанын халықтың көрді ғалам,
Қайта бастық құлдыққа қанды қадам.
Тіліміз бен діліміз кері кетті,
Бостандығы басынан мандымаған.

Құрбандықты құқ қайда бағаларға,
Шейіт болған шындықты шамаларға?
«Сұрауы бар судың да!»,- дейтін қазақ,
Мұнша қанның сұрауын таба алар ма?
Қарақшыны қанды қол замандас қып,
Қайтадан біз құлдыққа қадам бастық.
«Желтоқсаннан жан қалса тәуба» десіп,
Наурызға жеткендей амандастық.

Аялаған ақ сенім ұшып оққа,
Ақиқаттың ақ туы түсіп отқа,
Азап шегіп әділдік іздегендер,
Жағымпаз бен жемқорлар кісі боп па?

Жалмауыз бен қорқаудың сұмдық ісін,
Жаба тоқып жүргеннің тірлігі сұм.
Жүрелете алмайды ешкім бізді,
Жаралмаған қазағым құлдық үшін!

Көтерілген бас болса қырқа келер,
Арсыз билік алды-артын құрта берер.
Қырандығын көрсетті қазақ тағы,
Нағыз қыран биікте шырқап өлер!
Пікір алмасу

Кімнен: ТІЛЕК Қайдан: БЕЙНЕУ
10.01.2012 18:47
+0 / -0
"Олар қолдарына «Бейбітішілік болсын!» деген жазуы бар ақ мата ұстап тұрған. Міне, бейбіт келісімдерді өткізуді сұрап осы жерде жеті ай бойы тұрған және алаңда болған қанды қырғынның ертеңінде де бейбіт келісімге келуге ұмтылған жаңаөзендіктердің бұл қылығы мені қатты таңғалдырды.
Жеті ай бойы бейбіт түрде наразылық танытып тұрудың өзі адам таңғаларлық нәрсе болса, желтоқсанның 16-сынан 17-не қараған түні қанды қырғынды басынан өткеріп, туысқандарын жоғалтқан халықтың тағы да бейбіт шеруге шығуы мұнан да өткен таңғаларлық нәрсе... Мен қызыл сөздің адамы емеспін, бірақ бұл – МАҢҒЫСТАУЛЫҚ адамдардың РУХЫның ең биік көрінісі еді"",- дейді Ресейдің «Новая газета» басылымының тілшісі Елена Костюченко.

ЖаңаӨзен ХАЛҚЫның бейбіт ереуілін арандатып, артын қантөгіске айналдырған БИЛІКтің қитұрқы саясатын көрген Қазақстандағы ЖАНДАРЫ ашитын қазақ бауырлар, көшеде жүрген халықты және бас амандығын сақтап қалу үшін тырым-тырақай болып қашып бара жатқан халықты, әскери автомат мылтықтан ОҚты қарша боратып атып, жазығы жоқ 17 адамды ПОЛИЦЕЙ жендеттердің қолымен қырып тастағанын ӨЗ көздерімен Видеодан көрген, немесе естіген Қазақстандағы ЖАНДАРЫ ашитын қазақ бауырлар, "Мен білмей қалдым, мені бәрі алдады",- деп қара басын ақтап алуға тырысқан Ұлт ЛИДЕРінің өз аузынан шыққан сөздерін естіген Еліміздің БАРЛЫҚ облыстарындағы қазақ бауырлар ЖАҢАӨЗЕНДІКтерді қолдаңыздар. Қолтығына демеу, басына сүйеу болыңыздар дейміз.

Ал енді 15-ші қаңтар күні болатын CАЙЛАУ ЖАЙЛЫ ҚАШТЫ-ҚУДЫ пікірлерге берер НАҚТЫ жауаптар мынандай.

"Барлық учаскелерінде бюллетеньдер артығымен сақтаулы тұр. Сайлауға барғанмен де комиссия мүшелері түгел ұрыотандікі, сондықтан протоколды бәрібір солар толтырып қол қояды. Олар тіпті бюллетеньдерді санамайды да, басын қатырып қайтсін-ай. Бәрібір артынан ешкім тексере алмайды, 2-3 айдан кейін сірә өртеп жібереді, сонымен тәмам",- деп жазған "Аты-жөні көрсетілмеген" қонақтың пікірі дұрыс.

БҰЛ өкінішке орай, ҚР-да 20 жыл бойы орын алып келген сұрқия ақиқат. Бұған билік ылғи айлакерлікпен қол жеткізіп отыр.

ДЕЙТҰРҒАНМЕН сайлауға бару керек, АҒАЙЫНДАР.
Сайлауға қатысу және таңдау жасау құқығы, қазіргі қасқа болып отырған қарапайым халыққа БЕС жылда бір рет беріледі. Сондықтан бұл сайлауда ОСЫ құқыңды дұрыс пайдаланып қалу жолын ойлаңыздар, бауырлар. Біздер де айлакерлікті үйренейік және іс жүзінде пайдаланайық.

Сайлауға бармай қалу деген, байкот жасаймыз деген пікірлер ҚАТЕ түсінік.
Онымен ешкімді де мұқата алмайсыңдар. Билікке керегі, ӨЗІНЕ дауыс бермейтіндердің келмей қалғаны, сайлауға қатыспағандары тіпті жақсы. ОЛАРдың тілегі де сол.

Сондықтан, ақылға келіңіздер, САЙЛАУҒА міндетті түрде бір кісідей қатынасыңыздар !!!! Міндетті түрде дауыс беріңіздер.

Кімге дауыс беретіндеріңді ДАБЫРА қылып, алдын ала айтудың да қажеті жоқ. Оның өзіңе пайдасы аз және билікке сырыңды ашып қоясың.

СОНДЫҚТАН сайлау кабинасының ішіне КІРде, БИЛІКТІҢ партиясынан БАСҚА, ӨЗІҢНІҢ көкірегіңде уақытша болса да сенімге ие боларлықтай біреуін таңда да, соған дауыс бер.

Бюллетенді ШЫТПАҚТАП кетуің немесе НӘН кет деп жазуың, не болмаса бюллетенді бүлдіріп кетуің ТІПТІ де ДҰРЫС емес. Ондай бюллетендерді САНАҚҚА алмайды. Сөйтіп сайлауға барған еңбегіңді босқа зая кетіресің.

БІРІНШІден: сайлауға барып дауыс беруің бес жылда бір рет қолыңа тиетін конституциялық ҚҰҚЫҢДЫ өзге емес, ӨЗІҢнің пайдаланғаныңның белгісі болады.
ЕКІНШІден; сайлауға қатысқаның ӨЗІҢнің САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІҢнің, нақты іске асырғаныңның АЙҚЫН белгісі болады. БҰЛ, әшейіндегі ауызша көпіріп, компьютерден жұдырық көрсетіп, бұқпантайлып күн кешкеннен, ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ өсіп жетілуіне, САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІҢНІҢ артуына КӨП пайдасын тигізеді, Ағайындар.
САЯСИ, РУХАНИ, ӘЛЕУМЕТТІК және тағы да басқа әділеттіліктер Қазақ ЕЛінде тезірек орнасын десеңіздер, пікірімізді қабыл алыңыздар. Мүмкіндігіңді пайдаланып қалыңдар, Маңғыстаулық және басқа да облыстардағы ТІЛЕУЛЕС әлеумет !!! Кезек екі рет берілмейді. Іске Сәт, ҚАЗАҚ бауырластар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 19:30
+0 / -0
Сонау 60-шы жылдары біз бала кезімізде, Шағадамда (Красноводск) аттылы-жаяу милиция өріп жүретін. Ол кезде ет комбинаты жоқ, қазақтар қасапшылықпен айналысатын, ет-сүттерін жайма базарларда сататын. Айтайын дегенім Шаншар деген қазақ милицадан жұрт өлердей қорқатын, менттердің оңғаны некен саяққой, әлгі кісі ерекше көзге түсетін. Келе қашып үлгермегендердің сүтін ыдысын теуіп, қыйратып ойран қылатын, бертін келе зағип болып ит қорлықта өліпті. Сендер құрғақ жұбатып отырғанда мына көрші Ресей мыңқаралы адам қазақ режиміне 1905 жыпғы қырғын алаңына жиылып наразылық митингісі өткізіп үлгеріпті (соц сопр сайтын қараңыз). Ал қазақтікі бейпіл ауыз бос әңгіме, намыс қайда?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 19:49
+0 / -0
Азамат:
БАРШАҢЫЗДАН БІР ҒАНА ТІЛЕК: ЖАҢАӨЗЕНДЕ ҚАРАКӨЗ БАУЫРЛАРЫМЫЗҒА ОҚ АТҚАНДАРДЫҢ ПАРТИЯСЫНА ЛАҒНЕТ! ӨЗДЕРІ УӘДЕ БЕРІП, УӘДЕСІНЕН ТАЙҒАНДАРДЫҢ ПАРТИЯСЫНА ЛАҒНЕТ. ХАЛЫҚТАН АМАНАТ АЛЫП, АМАНАТЫН ОРЫНДАМАЙ ЖАТЫП ЖАРТЫ ЖОЛДА ЖАЛТ ЕТІП ТАЙЫП, ТАРАП КЕТУШІЛЕРДІҢ ПАРТИЯСЫНА ЛАҒНЕТ! ЛАҒНЕТТЕН БАСҚА ІЗГІЛІГІ ЖОҚ НҰР ОТАН ПАРТИЯСЫНА ЛАҒНЕТ!
ҚАЙ ПАРТИЯҒА, КІМГЕ ДАУЫС БЕРСЕҢІЗДЕР ДЕ ЛАҒНЕТ АРҚАЛАҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛМАҢЫЗДАР. ЕГЕР СІЗДЕРДІ ОҒАН ЗОРЛАП ТАҢЫП ОТЫРСАҒ САЙЛАУ КҮНІ ИМАНДАРЫҢЫЗБЕН БІРГЕ БОЛЫП, ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҢЫЗДАР. СЫРТ КЕЛБЕТТЕРІҢІЗДІ ӨЗГЕРТЕ АЛМАСАҢЫЗДАР ДА, АР-ОЖДАНДАРЫҢЫЗДЫ САТПАҢЫЗДАР. НҰР ОТАН АТТЫ ҚАРҒЫС ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІП, ҚАРҒЫС АРҚАЛАМАҢЫЗДАР!
Пікір алмасу

Кімнен: АДАМ
10.01.2012 20:57
+0 / -0
Қосыламыз бауырларым! Қосылыңдар осыған, дәл осылай істейік!!! ҰрыОтанға қорлық, зорлық, масқаралық тілейміз!!! УРА!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Сары Арқа
10.01.2012 22:04
+0 / -0
Қазақстандық фашистік билікті партиясымен қосып қарғыс атсын! Аналардың көз жасы, Азаматтардың қасиетті қаны жібермесін, жендет-жауыздар! Лағнет!!! Өспеңдер, өнбеңдер өңшең иттер! Ит өлімін тілеймін сендерге, қанішер, жауыз билік! Жегендерің желім болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Kazawka Қайдан: Almaty
10.01.2012 23:23
+0 / -0
Kudai saktasin ne bolip ketti kai gasirda omir surip jatirmiz ozi 3 wi dunie juzilik sogisi bastalgali jatirma tusinbedim onimba tusimba jilarimdida kulerimdide bilmei otirm omirdin maginasi ketken siakti bilmeim ne aitarimdi adamdar ne bolp baradi omir suruden korka bastadim balalarimizdin bolawagi ne bolmak bir ALLAM bir ozin jar bola kor...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:50
+0 / -0
МАҢҒЫСТАУ МҰҢЫ
Көтерiлiс пе?
Қозғалыс па?
Қылмыс па?
Мен бiлмедiм, бiлетiнiм тым қысқа.
Шындығының шаңырағы шайқалып
Жаңаөзенiм жаурап жатыр бұл қыста.
Қажытты ма, қуыршақты “ғажаптар”,
Мезi еттi ме, маймыл мiнез – мазақтар.
Ояныңдар, ойланыңдар дегендей
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.
Мен бiлмеймiн айла ма әлде арбау ма?
Бiле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?
Құлынынан айырылған сорлы Ана
Құдайын да, мұнайын да қарғауда.
Қайғысы мен қасiретi батпандай,
Кара түнек қорқынышты шақ қандай?
Жаңаөзеннiң жанарында алаулап
Желтоқсанның жалынды оты жатқандай.
Мен сенбеймiн, сене алмайды жүрегiм,
Бiр шындық бар бұғып жатқан бiлемiн.
Айыра алмай есерлiк пен ерлiктi
Ес жия алмай есеңгiреп тұр елiм.
Кiмдер тойып, кiмдер тоңып секiрдi?
Көрсетпестен жел қариды бетiмдi.
Шындығыңды күте-күте шаршаған
Батысымның “бастаңғысы” секiлдi.
Мейлi,тiптi билiгiне бас ұрсын,
Айласын да, арбауын да асырсын.
Ауруды жасыруға болмайды
Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

ҚАН
Атқан шақта арайланып таң алдан,
Ақиқаты аңыз болып таралған.
Аналық пен Аталық боп түйiскен
Түйiр қаннан бар адамзат жаралған.
Көмкерсе де көңiл атты белес мың,
Оңашада өз ойыммен кеңестiм.
Қан ағызып бөленудi құрметке
Құдай ақы түсiне алар емеспiн.
Болғанымен ақ, қарасы, жолағы,
Бар адамзат тiршiлiктiң қонағы.
Тақ басына тамырымен байланған
Хандар неге, қанға құмар болады?
Жоқ ешкiмге қиянатым, кегiм де,
Адам Ата, Һауа Анадан – тегiм де.
Адамдарды құрбандыққа шалатын
Ақырзаман осы болар тегiнде.
Уайым менен қайғы болды баққаным,
Ұйқым қашып жата алмадым, жатпадым.
Желтоқсан да, Жаңаөзен де – Қасiрет,
Қар үстiне қанмен жазған аттарын.
Шаңырағын ұстынымен тiреген,
Адасқанда Ай астына түнеген.
Жаратқанын ұмытпаған жұрт едiк
Тыныштықты Тәңiрiнен тiлеген.
Азды күнге жалау болған жаныма,
Түнерiп тұр Тәуелсiздiк таңы да.
Өзiн-өзi қаруменен қыратын
Қатыгездiк қалай сiңген қаныма?
Нала қылса нанымы жоқ наз менi,
Жүрек үнi, жалтақтамай жаз – дедi.
Қиянаттың тартқан талай азабын
Қазағымның қасiретi аз ба едi?
Безбүйрекке берекелi бақ қайда,
Тұрып қалған су да терiс ақпай ма?
Қасқыр жарған өлексенiң қызығын
Қарға менен құзғын көрiп жатпай ма?
Барлығын да көңiл көрдi, көз көрдi,
Қаншалықты төзу керек “тезге” ендi?
Қайғы жұтып, қан түкiрген Қазаққа
Құрбандыққа қарсы тұрар кез келдi!

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 12:42
+0 / -0
Балаларымыздың болашағы біздің қолымызда бауырлар.

Кімнен: O Alquimista Қайдан: Қарағанды
12.01.2012 01:25
+0 / -0
халықты қолдаймын! не болса да, үкіметтің оқ жаудыруға адамдық заңдар бойынша ешқандай құқығы жоқ!!! өз халқына оқ атқан үкімет өзінің еліне жаны ашымайтындығын көрсетті. елді қанап-қанап, керек кезде Женеваға немесе Дубаиге ұшып қашып кететін үкіметтің көзін жою керек!