Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:30

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзенде жоғалған Жалғасбай Ұзақбаев

Жалғасбай Ұзақбаевты Жаңаөзен оқиғасы кезінде жоғалып кеткен, ағайын-туғаны жасырмай іздеп жүрген жалғыз адам деуге болады. Азаттық тілшісі Жаңаөзеннен жоғалған туыстарын іздеген басқа ешкімді көрмеді. Ондай адамдарды Қазақстанның бас прокуратурасы да таппаған.

Автобус аялдамасындағы Ұзақбай Жалғасбаевтың жоғалып кеткені туралы хабарландыру. Жаңаөзен, 18 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Азаттық тілшісі Жаңаөзенге барған екінші сапарында, ақпанның орта шенінде, «қанды оқиғаларда құрбан болғандардың есепке алынбай қалғандары қисапсыз көп» деген қауесеттерді тексермек болды.

Жұрт аузында, тіпті кейбір газеттер мен веб-сайттарда «хабар-ошарсыз кеткендердің саны әлдеқайда көп, олар Жаңаөзен зиратында құпия жерленген», 
"Жаңаөзен" газетінің 21 қаңтар 2012 жылғы санында прокурордың Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқандар туралы хабарландыруы мен марқұмдардың суреттері жарияланды. Маңғыстау облысы Қызылсай ауылы. 14 ақпан 2012 жыл.
x
"Жаңаөзен" газетінің 21 қаңтар 2012 жылғы санында прокурордың Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқандар туралы хабарландыруы мен марқұмдардың суреттері жарияланды. Маңғыстау облысы Қызылсай ауылы. 14 ақпан 2012 жыл.
​​«мәйіттер Каспий теңізі мен канализация қалдығы жиналған жерге батып кеткен», «жертөлелерден өлген адамдардың сүйектері табылыпты» деген сөздер айтылып жатты.

Жаңаөзендегі бір апталық журналистік зерттеуден жалғыз ғана нәтиже шықты: әзірше бұл сөздің бәрі – қауесет. Оқиғаның егжей-тегжейін анықтау биліктің, азаматтық қоғамның, бәлкім, тарихшылардың да міндеті болар. Жергілікті халықты сөзге тартқанда, бәрінің зәресі ұшып, 16 желтоқсан мен одан кейінгі күндер жайлы айтпады. Айтқан күннің өзінде олардың берер мәліметтері – дәлелі жоқ тұспал мен долбар.

Біз Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 50 жастағы Жалғасбай Ұзақбаев туралы айтпақпыз. Ол 2011 жылы 17 желтоқсанда жоғалып кеткен.

Айтпақшы, бас прокуратура да 22 ақпандағы мәлімдемесінде Ұзақбаевты Жаңаөзен оқиғасы кезінде жоғалған жалғыз адам деп атады. Сөйте тұра бас прокуратура Жалғасбай Ұзақбаевтың «жаппай тәртіпсіздік құрбаны болғаны жайлы сенімді айғақтар жоқ» деген уәж айтады.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жалғасбай Ұзақбаев 2011 жылы 17 желтоқсан күні кешке жоғалды. Ол кезде шерушілерге қарсы қару қолданғаннан кейінгі «бұзақыларды басу» шарасы басталып, тазалау және өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатқан еді.

Азаттық тілшісі 18 ақпанда Жаңаөзен қаласының хабар-ошарсыз кеткен тұрғындары жайлы әр жерге жапсырылған хабарландыруларға қатысты қауесетті тексеру үшін қаланың көптеген автобус аялдамаларын аралап шықты. Бірақ көп 
Ұзақбай Жалғасбаевқа іздеу салған хабарландыру. Жаңаөзен, 18 ақпан 2012 жыл.
x
Ұзақбай Жалғасбаевқа іздеу салған хабарландыру. Жаңаөзен, 18 ақпан 2012 жыл.
​​адам емес, жалғыз кісінің жоғалғаны жайлы хабарландыруларды ғана көзі шалды. «Жалғасбай Ұзақбаев 2011 жылы 17 желтоқсанда кешкісін үйден шығып кетіп, содан қайтып оралмаған» деп жазылған екен ол хабарландыруларда. Оның фотосуретімен қоса үстіне киген киімі сипатталған. Хабарландыруда Жалғасбай Ұзақбаевты іздеген адамдардың мекен-жайы мен туған-туыстарының телефон нөмірі де жазылыпты.

Аялдамаларда басқа да хабарландырулар бар. Ал Жаңаөзен оқиғасы кезінде жасалған қылмыстар бойынша күдіктілерді іздестіру жайлы үнпарақтар жоқ. Ол парақтар желтоқсанның аяқ шенінде Жаңаөзендегі бағаналарға жапсырулы тұрған болатын.

Аялдамаларда басқа хабарландырулар да ілініп тұрды. Олардың бірінде орамал тартқан орта жастағы бір әйелдің суреті бар. Фотосуреті әлдеқайда сапалы түсірілген ол әйел «көптеген кеселдерден емдеп жазады» екен.

Азаттық тілшісі Жалғасбай Ұзақбаевтың жоғалып кеткені жайлы хабарландыруды 17 ақпан күні аялдамалардың бірінен көрген. Бірден сонда жазылған телефон нөмірлердің біріне қоңырау шалды. Тұтқаны ер адам көтеріп, жоғалған кісінің отбасымен бірге тұрмайтынын айтып, «кешке қайта хабарласқаныңыз жөн, оның әйелі күндіз жұмыста» деді.

Дәл сол күні кешке жоғалып кеткен Жалғасбай Ұзақбаевтың әйелі Ажар Ұзақбаевамен телефон арқылы сөйлесудің сәті түсті. Ол «үйге сенбі күні күндіз келгеніңіз дұрыс» деді.

«БАЛГЕРГЕ ДЕ БАРДЫҚ»

Жоғалып кеткен Жалғасбай Ұзақбаевтың әйелі Ажар Ұзақбаева алғашында бейнекамераға сөйлеуден бас тартты, бірақ соңыра келісті. Оның айтуынша, өзі 16 
​​желтоқсанда жұмыста – Жаңаөзеннен 130 шақырым жерде, Ақтау қаласында отырған. Бірақ Жаңаөзендегі сол күнгі қантөгісті естіп, 17 желтоқсан күні кешке 25 жастағы ұлы Қанатты уайымдап, үйіне қайтып келіпті.

– Мен күзетші болып жұмыс істеймін. Үйге шамамен алты жарымда оралып, жұмысқа ұлымды ертіп әкеттім. Ол менің орныма барып, күзетіп отырған. Күйеуімді көрген де жоқпын. «Аулада, үйдің артында жүр» деді. Ол арада кішігірім қора-қопсы бар, сол жерде ылғи бірдеңе істеп отыратын. Келесі күні таңертең үйге қонбағандықтан іздей бастадық оны, – дейді Ажар Ұзақбаева. 

Жоғалып кеткен отағасының әулеттің жалғыз асыраушысы екенін, табылады деген үмітін үзбейтінін айтқан Ажар Ұзақбаеваның әңгімесін мына жерден тыңдай аласыз:   

 
​​​​

Оның айтуынша, күйеуі – «Бұрғылау» компаниясының қызметкері, 1961 жылы дүниеге келген Жалғасбай Ұзақбаев – «басқа жаққа қонып қалатын кісі емес».

– Ол үй аралап қаңғып жүруді ұнататын адам емес. Үйге қайтпай қалған бірде-бір кезі болған жоқ. Ішетін жүз грамын, әрине, ішіп те қояды. Бірақ одан арғыға бармайды. Не жұмыста, не үйдің артындағы аулада дәйім бірдеңе жасап отырады, - дейді Ажар Ұзақбаева.

Ол бала-шағасымен бірге 18 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен отағасын іздеп жүр. Ажар Ұзақбаева ішкі істер басқармасы мен Жаңаөзен қаласының прокуратурасына бірнеше мәрте арыз берген, қала басшыларына барып, тіпті балгер әйелдерге де бас аштырған.

Полиция көңіл жұбатарлық жауап бермепті. Жалғасбай Ұзақбаевтың дүкенге кешкісін, коменданттың сағат кезінде келіп, есікті ашқанша тықылдатып, шылым сатып алғанын әлдебіреу көрген-міс.

Ажар Ұзақбаеваның айтуынша, соның алдында ғана басшылардың жергілікті телеарнадан сөз сөйлеп, бұрындары із-түссіз кетті деп есептелген төрт адамның 
Ұзақбаевтар әулетінің салынып бітпеген үйі. 18 ақпан 2012 жыл.
x
Ұзақбаевтар әулетінің салынып бітпеген үйі. 18 ақпан 2012 жыл.
​​мәйіті табылғанын айтқан. Қалалық ардагерлер кеңесіне мүше ақсақалдар еш көмек көрсете алмапты. Балгерлерден де еш пайда болмады – олардың болжамдары әртүрлі шыққан.

Жалғасбай Ұзақбаевтың отбасы 23 желтоқсаннан бері оның сүйегін іздей бастады. Ажар Ұзақбаеваның айтуынша, сол кезде «беймәлім мәйіттер табылып жатыр екен, оларды Теңге зиратында жатқан бөтен не белгісіз адамдардың қабірлеріне көміп, канализацияға батырып немесе ескі туннелдерге жасырыпты» деген дақпырт тараған екен.

– Дәл сол шақта алай-дүлей боран соғып, аяз түсті. Іздеу қиын болды. Біз канализация қалдығын төккен жерге де да бардық, оның бетін мұз басыпты. Жағалаудан кеуіп үлгермеген көлік іздерін байқамадық. «Суға батырып тастау үшін мәйіттерді машинаға салып әкелген болар» дегеніміз ғой. Ұлым қолына фонарик ұстап, бүкіл ескі канализация туннелін кешіп шықты – бірақ ол жерден де ештеңе таппады. Теңге зиратына да барып келді – бәрі де бекер болды, – дейді Ажар Ұзақбаева.

Оның айтуынша, күйеуі негізгі асыраушы болатын – айына шамамен 100 мың теңге алып тұрған. Ажардың өзі 20 мың теңге алады. Үш балалары бар. Тұңғыш ұлдары үйлі-баранды. Екінші ұлы Қанат әлі үйленбеген. Қыздары Жаңаөзендегі колледжде оқиды.

Қазір асыраушысынан айырылған үй тапшылық көріп отыр, оның үстіне үйлері де салынып бітпеген. Мемлекет бұл отбасыға әзірше ешқандай материалдық көмек көрсетпеген, ал Ажар Ұзақбаева ондай көмек заңмен қарастырылған болса да, заңды жете білмейді.

Ажар Ұзақбаева «полиция күйеуімді табар» деген үміттенеді. Азаттық радиосы арқылы ұлын әкесі істеген компанияға уақытша болса да жұмысқа алуды сұрап, билікке өтініш айтты.

ЗИРАТҚА ЖЕТУ МҰҢ БОЛДЫ

Азаттық тілшісі Жалғасбай Ұзақбаевтың үйінен күндізгі сағат үштерде шықты. Сол күні Ақтауға баруы керек еді. Сондықтан жаңаөзендік марқұмдар жерленген Теңге зиратына соға кетудің сәті түспеді.

"Тенге әулие" зираттары. Жаңаөзен қаласының маңы. 15 ақпан 2012 жыл.
x
"Тенге әулие" зираттары. Жаңаөзен қаласының маңы. 15 ақпан 2012 жыл.
​​Азаттық тілшісі бұған дейін Теңге зиратына үш рет бара алмаған. 16 желтоқсанда Жаңаөзендегі алаңда қаза тапқан жас жігіттің отбасымен жолыққан кезде Теңге кентіне жеңіл көлікпен келіп, боранның кесірінен ауылдан ұзап шыға алмаған.

Келесі күні джип көлігімен зиратқа таяп барғанмен, көлік қалың қардан өте алмады. Күн ашық еді, бірақ боран соға бастады. Зиратты алыста тұрып суретке түсіруге тура келді, айқын көрінбегендіктен сурет нашар болып шықты.

Тілші зиратқа үшінші рет 18 желтоқсанда бармақ болды. Ол күні күн жылып, Жаңаөзеннің орталық көшелерінде қардың ерігені соншалық, асфальт көрініп жатты. Жеңіл көлікке мініп, зиратқа беттеген тілші Теңге кентінен ұзап шыға алмады: жолдағы қар сол күйі екен. Жол тазалап жүрген бульдозерші Жаңаөзеннен Ақтауға баратын жолдың да жабылып қалғанын айтты.

Азаттық тілшісі осының бәрін, оған қоса Жалғасбай Ұзақбаевтың жоғалу хикаясын Жаңаөзеннің орталығына бірге қайтқан таксиске айтып еді, сол-ақ екен жүргізуші сөйлеп қоя берді.

Ол бұрын полицей болғанын, тек жеті жыл бұрын, өзі айтпақшы, «принципке бола» жұмыстан шығып кеткенін айтты. Таксист Жаңаөзен оқиғасының «есепке ілінбеген құрбандары» туралы бірталай нәрсе айтты – бірақ  мұның бәрі сол баяғы қауесет, дақпырт, қаңқу сөз еді.

РЕСМИ ЕСЕП

Жаңаөзен оқиғасының құрбандары туралы тек ресми мәліметтер ғана бар. Қоғамдық және тәуелсіз комиссиялар Жаңаөзенде дерек жинау жұмысын енді ғана бастап жатыр. Өлген және жараланған адамдар жайлы қомақты есепті негізінен «Социалистік қарсылық» оппозициялық ұйымы алғашқы күннен бастап хабарлап жатты. Бұл ұйым «қайтыс болған адамдардың тізімін жариялаймыз» деп уәде еткен еді – бірақ қазір тек қанша кісі мерт болғанын ғана айтады, нақты дерек пен кісі аттарын атамайды.

Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Астана, 10 желтоқсан 2009 жыл.
x
Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Астана, 10 желтоқсан 2009 жыл.
​​Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлзайда Төлеуғалиеваның айтуынша, Жаңаөзен оқиғасы кезінде жалғыз адам – Жаңаөзеннің тұрғыны Жалғасбай Ұзақбаев қана жоғалып кеткен.

Дәл осыны Астанада 22 ақпанда өткен брифингте Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков та айтты.

Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, «Жаңаөзенде тәртіпсіздік кесірінен 12 адам оқтан қаза тапқан, екі адамның өлімі дене жарақатынан болған, біреуі «Сулпак» сауда үйін тонау барысында күйіп қалып жан тапсырған, Бытыра оқтан қайтыс болған тағы бір адамның қазасы жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты емес».

– Биылғы 14 ақпанда ресейлік «Новая газетаның» электронды хабарында «Юрта – знак беды» деген мақалада қаза болған 73 адам жайлы хабарланады, «Голос республики» газетінің бесінші санындағы «Жанаозен стал Хатынью по-казахстански» атты жарияланымда 300 құрбан жайлы мәліметті алға тартады, – деген Нұрдәулет Сүйіндіков өлген адамдар туралы өз айтқанынан басқа барлық хабарламалар мен болжамдарды «жалған» деп жариялады.

Қазақстан билігі Жаңаөзен оқиғасы құрбандары туралы өзге мәліметтерді «жалған, тіпті қасақана дезинформация» деп атаудан әлі танбай отыр.

ҚҰЛЫП САЛЫНҒАН МӘЙІТХАНА

Жаңаөзен қаласында ақпанның 13-18-і  аралығында болған Азаттық тілшісі қала прокуратурасы, біріккен тергеу тобы, ішкі істер басқармасы (ІББ), ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) басқармасымен де тілдеспек болды.

Алайда прокуратурада және тергеу тобы Маңғыстау облыстық ІІБ мен ҰҚК-ге сілтеді.
Жаңаөзен қаласының мәйітханасы. 17 ақпан 2012 жыл.
x
Жаңаөзен қаласының мәйітханасы. 17 ақпан 2012 жыл.
​​
Маңғыстау облыстық ІІБ бастығы полковник Амангелді Досаханов тілшіні қабылдады, бірақ сұрақтарына жауап беруден бас тартты: «Сұрақты облыстық ІІД баспасөз-қызметіне жолдаңыз» деді.

Жаңаөзен қаласы бойынша ҰҚК басқармасының өкілі полковник Нұрлан Балдайыров та соны айтты: «Осы мәселелердің барлығы бойынша республикалық ҰҚК-нің баспасөз-қызметіне жүгінген дұрыс» деді.

Қалалық мәйітханадағы беймәлім мәйіттер, жаралы адамдар мен әйелдердің зорланғаны туралы қауесеттерді естіген тілші осыған байланысты сауалдарды Жаңаөзен қаласының орталық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сариевке қойды.

Мұрат Сариевтің айтуынша, Жаңаөзен оқиғасы кезінде ауруханаға 99 жаралы түскен, оның ішінде оқ тиіп жараланғаны – 87 адам. Оның деректеріне сәйкес, 37 не 38 жаралыны Ақтау қаласындағы ауруханаға жіберген. Қалалық аурухананың бас дәрігерінің сөзіне қарағанда, қазір ауруханада бірде-бір жаралы қалмаған.

Мұрат Сариев «әйелдерді зорлады» деген сөздерді теріске шығарды. Оның айтуынша, өзі басқарып отырған аурухананың гинекологиялық бөліміне ешкім мұндай шағым айтып келмеген.

Ресейлік «Новая газета» «ер бала мен қыз баланың мәйіттері үш апта бойы қалалық мәйітханада жатты» деп жазған еді. Бұған байланысты сұраққа Мұрат 
​​Сариев ештеңе айта алмады: себебі қалада мәйітхана біреу болса да, ондағы мәйіттерге екі мекеме (қалалық аурухана мен сот медициналық сараптама орталығы) жауапты екен.

Жаңаөзен қаласының орталық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сариевтің әңгімесін мына жерден тыңдаңыз: 

​​

Қазақстанның бас прокуратурасының өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков ақпанның 22-сіндегі ресми мәлімдемесінде осы дерек жайлы да айтты.

– Жаңаөзен қаласында балалардың хабар-ошарсыз кету жайттары тіркелмеген, осы тектес шағымдар, арыздар мен хабарландырулар болмаған. Қалалық балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге келер болсақ, 2011 жылы 16 желтоқсанда есепте болған барлық 106 тәрбиеленуші қазіргі уақытта балалар үйінде, – дейді Нұрдәулет Сүйіндіков.

«Жаңаөзендегі тонауға балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысқан болуы мүмкін» деген сөз де расталмады.

Жаңаөзеннің орталық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сариевтің сөзіне қарағанда, өз өлімімен өлген мәйіттерді зерттеумен шұғылданатын патологоанатомиялық бөлімде екі баланың сүйектері жайлы ақпарат жоқ.

– Бірақ бұл мәйіттер қылмыстық зерттеу желісі бойынша тергеуде болса, олар жайлы мәйітхана ғимаратында болуға тиіс сот медициналық сараптама өкілдерінен сұраған дұрыс, – дейді бас дәрігер Мұрат Сариев.

Мүмкін, бұл жай кездейсоқтық шығар: бірақ жұмыс күні Жаңаөзендегі ресми мекемелерді аралап жүрген Азаттық тілшісі мәйітханаға кіре алмады. Ғимараттың төрт жақтағы төрт есігінде төрт құлып тұр екен.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2012 12:04
+1 / -0
Бәрі өтірік. Адам өлімі көп, жоғалғандарда көп. Халықты қорқытып қойған.
Пікір алмасу

Кімнен: Сержан Қайдан: Актау
24.02.2012 14:16
+1 / -0
Егер шынымен жогалган адамдар болса туыскандары, жолдас таныстары бар емес па? Неге олар хабарламайды? 3 ай болды алі тек кана осек-аяннан баска ангіме жок. Сондыктан ресми акпаратка сенуге тура келеді. Мен мент, кнбшник, немесе мем. жумысшы емеспін. Бул окига менін де жаныма батты. Осы окигадан кейін омірім де озгеріп кетті, сенгім келмейді, жаман тус корген адам сиякты болып журмін. Лайым сонша зорлык-зомбылык болганы жай кауесет болса екен деймін. 100 000 адамы бар каладан соншама адам жогалган болса осы кезге дейін тізім жасауга болатын уакыт болды гой. Коркытып койса да жасырын турде жан жакка жогалган адамдардын аты жонін хабарлайтын бір адам табылмады ма?
Пікір алмасу

Кімнен: doiyr Қайдан: janaozen
24.02.2012 14:51
+1 / -0
еки жарым ай отип кетти
куштик курылымдар ай карап отырмаган болар осы уакыт
жогалгандардын саны емес
усталып азапталгандарды издеу керек еди
Пікір алмасу

Кімнен: Алшын Қайдан: Алматы
24.02.2012 16:53
+2 / -0
Сержан сен не білмейсін бе? Біздегі билік не айтса сол орындалады. Тіпті Заманбектің өзі үш рет өзін атқанын мойындатық қой
Пікір алмасу

Кімнен: мунаишы Қайдан: жетібаидан
24.02.2012 15:09
+1 / -0
Казактар,неге оиланбаисындар, тусінбеисіндер ,уиде отырып коментаря жазганда, аты жөнімізді жазуга коркып отырмыз,
Ол кісілердін,зардап шеккендердін, кандаи куиде екенін тусінініздер,

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
24.02.2012 12:21
+1 / -0
Бұған не айтуға болады, солай болса солай шығар. Әрине, мынадай оқиға болған жерде әртүлі алып-қашпа әңгіменің көбейетіні түсінікті жағдай.
Бірақ комиссия мүшелері мынадай жағдайды ескергендері дұрыс сияқты: біздің Маңғыстауда өлген адамды шамасы келгенше киіз үй тігіп, сонда 1-2 күн қонақ "қылып", содан кейін барып жерлейді. Адамы өлген үйді білу үшін киіз үй тіккен үй йелерімен сөйлескен дұрыс, мүмкін,қорқып айтпай отырған болар. Басқа елден келген оралман, жергілікті халыққа әлі толық сіңісіп кетпеген адамның жағдайы белгілі ғой. Мен қалайда өлген адам санын көбейткім келіп отырған ештеңем жоқ, тек қана нағыз шындық ашылса екен деймін. Мына биліктің өтірігіне тойғандығымыз сондай, бұлар кездейсоқ шын айтса да сенбейтін дәрежеге жеттік.

Кімнен: Казак Қайдан: Алматы
24.02.2012 12:35
+1 / -0
http://masa.kz/article/view/id/3119
КАРАНЫЗ!

Кімнен: жетібай Қайдан: жетібай поселкасынан
24.02.2012 13:05
+1 / -0
мен 20 қаңтарда Жаңаөзенде садақада болдым сонда екі адам жоғалғанын естідім.Соның біреуі осы Ұзақбай .Ал екіншісінің айтуынша ол 16желтоқсанда жоғалған.Сүйіндіков басы-қасында болған кісідей ш***ай береді ол нәннің адамы.Ал ЖӨ дік менттің тумаластарына айтқаны өлгені бар жоғалғаны бар барлығы 170адам деген.Ол мент енді өтірік айтпайтын шығар.

Кімнен: Ерназар Қайдан: Ақтау
24.02.2012 14:19
+1 / -0
Военныйда жасайтын әйел адамның айтуы бойынша оның өзі сол күні 180 адамның өлігін көрген.
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
24.02.2012 15:32
+0 / -1
Айналайын Жетібай мен Ерназар, мазақты қойыңдар, бұл қалжыңдайтын жер емес. Әрине, естіген құлақта жазық жоқ, бірақ соншама адам өлгені рас болса олардың туған-туыстары не бітіріп отыр? Қазақ жоғалып кеткен тышқақ лағын да іздейді ғой. 170-180 адамын өлтіртіп қойып, айтуға қорқып отыратын адайыңды көрмедім. Менің ойымша, 70-80 дегені шындыққа жақындайды. Ал тіпті, үкімет айтқандай 12-ақ адам өлген бола қойсын дейік, сонда қалай, олардың сұрауы жоқ па?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2012 16:47
+1 / -0
Айналайындар-ау, пәленше мың шақырым алыста, жердің бір жерінде отырған менің өзім атымды жазуға қорқып отырмын.
Сендер бір сәтке ойша жаңаөзендіктердің күйіне түсіп қараңдаршы.
Кешегі Қызылағаштағы қанша адам өлгенін ешкім нақтылай алмады. Халық бір жағынан қорқақ болса, екінші жағынан заң білмейтін надан.
Ал меніңше, алдыңғы кезекте жаңаөзендіктерге психологиялық көмек ауадай қажет. Ең алдымен ол жерге психолог дәрігер мамандарды апарып, естерін жия алмай отырған бейшара қазақтарды емдеу, бетін бері қарату керек.
Олар қазір өз жарасын өзі жалаған қасқыр сияқты жеке қалды.

Кімнен: Alim Asan
24.02.2012 17:09
+0 / -0
жетыбай | 23 февраля, 23:15 Амиржан ага,Болат ага,Гулжан апа,ассалаумагаликум.Мен мунаишымын. Мангыстаудан.Аты жөнімді жазуга коркамын балаларыма, агаиын тумаларыма зианым тиеме деп.Мына заманда бәрін кутуге болады. Өзенге келген комиссия мушелерінін, Апа-аналарымызга коятын сурактары біртусті гои, /Петр борис/европарламентен келген ,толко правда,толко правда дей береді.Зарлап журген Ана, апа - карындастарымыз, Камауда жаткан мунаишы бауырларымыз /кінәсі жок/ шындык аиткан адамдар жумыстан,жала жауып куылгандар, өздерінін енбек акысын сураган адамдар. Кагазга жазып берін деиді,Аналарымыз апа-карындастарымыз, 16 желтоксанан бері талаи кагаз жазган шыгар.сол кагаздарды бір біріне желімдесе,ендігі Акордага кара жер баспаи кагаздын устімен баруга болады. Бул КАГАЗСТАНДА кагазбен тук бітмеиді. Кездесуде бір апамыз 17-де жолдасым жогалып кетті деиді,17-де Жана Озенде Омондар кытаидан көп болды,бул куні адам тугел ине жогалыуы мумкін емес. Кус болып ушып кетпесе, Казіргі біздін заманда тапкысы келсе оргн адамдары бәрінде табады,Өзендегі халыкка ок аткан кінәлілерді.Неге табалмаи отыр, я сокыр или бастары жасамаиды, Буларды бізді коргаиды деп аиталмаимын. Булар аиуандар, адам катарында журуге болмаиды. Неге камауда жаткан мунаишыларды, аналарымен, жубаиларымен, жан-ұяасымен кездестірмеиді, Касакана адам өлтірген кылмыскерге де жануясымен кездестіреді гой. Сонда булардын кылмысы солардан ауыр болдыма тусініксіз. Омондарга тас лактырды деиді,дәлелдері каида,таяк жеген бір омон жок,карулы болды дейді, ок тиген бір омон жок, жангыш бөтелкелер болды деиді куиген бір омон жок. Өртенген Акиматта, Өзенмунаигаз мекемесінде, компютрлерден тек жоски дискі жогалган. Хабар телеарнасынан көрсетті. Неге Интернетте Жана Өзен мунаишылары кінәлі деп, жазып журген батырлар көп,Топастар оиланындар жазардан бурын, Сенін сонына тусіп жумыстан шыгарып,орнына акшамен адам алса, туысын-оинас әиелін,онын баласын жумыска кіргізсе, жумызсыз калсан көрер едім калаи саираганынды. Біздін ауылда бір жануя бар, Азаматы 3 топтагы мугедек. әиелі жумыссыз екі баласы бар.Алатын акшалары бір аига 13000 мын тенге*зеинетакы* квартплатын,газын төлеиді, Тамакка 1 аига 5000 тенге калады 4 адамга, Балдарына оиыншык алып бере алмаиды. Олардын бастык әкім туыстары жок,оларды ешкім жумыска алмаиды. Бундаи семялар каншама казакстанда аш-уиі жок-соларды ойландар топастар.Сосын жазыныздар Жана озенге келген комисия мушелері Аналарымыздын басын ауыртпаи көп сурак коимай,Балдарын коруге комектесіндер.Сіздерді тындау керек Органдагылар,Сіздерден коркады олар,соган жумыстану керек.Ана апаларымыз-карындастарымыз жыламау керек. Ментерге карсы видео дәлелдер коп кои интернете.соган жумыстану керек Мен казакпын деген азаматтар бірігіндер бытырамаи. Талаптарымыз -Жана өзен мунаищылары тугел босатылуы керек.Укімет кешірім сурау керек.каржылаи көмек.медалдармен марапатталсын -Каза тапкандардын жануясына укімет көмек корсету керек өмір боиы, балаларын окыту керек. Батыр атагын беру керек -Жана Өзен окигасы на баиланысты камаудагы журналистер,т/б босатылсын -Каражат Казакстаннын казынасынан, жарлы болып калмаимыз или парламентегі клоуындардын 2 аи жалакысынан устау керек. -Барлык занды бузушы сот.прокурор,омондарды т/б ды.тугел жумыстан босату керек урім бутагымен. Оларда жумыссыз калгасын,ашыккасын әр жерге забостовкага шыгады.Сол кезде видеога тусіріп әкімшілікке тас лактырдын деп,өзенде бір мунайшынын басына тас теиді деп.жала жауып соттау керек тугел бәрін -Интернетте жандан журген ызалы мунаишымын,кате жерлері болса кешірін.Осындаи коментария жазган адамдарды КНБ тауып алады деиді. Мен уиде кутемін, Мунайшы

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
24.02.2012 20:08
+0 / -0
Жигиттер казир ешкимге сене алмайсын, ар кайсысы ар турли айтып жатыр. Тек калган жигиттеримиздин амандыгын тилейик, жогалган адамдардын тумаластары болып жатса кайгысына ортактасып конил айтамын. Бизде откен еки айда улкен озгеристер болып жатыр емеспа. Улкен должноста отырган бастыктардын былыктарын ашып жатыр ол оте жаксы, енди олар бир бирин поровоз кылып суйрейтини анык.. Ендиги маселе олардын орнына неге жергиликти халыктын ишинен басшы тагайындамайды екен ангме сонда. Алде бизде сауатты, халкына жаны ашитын жигиттер жок деп ойлайма екен.Онын барин халык корип отырган жокпа...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2012 23:14
+0 / -0
ОЛАР атуға бұйрық бергендерді жасыру үшін,аңқау халықтың көңілін басқа жаққа бұру үшін жасап жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: жетібай Қайдан: жетібайдан
25.02.2012 00:47
+0 / -0
ызалы Маңғыстаулық сен маған ренжіме мазақтайтын уақыт жоқ мен садақада естігенімді жазып отырмын,маған да адамның көп өлгені керек емес тек кінәлі кісілер табылып ату жазасын берсе деймін.Анау Сандор шешеміздің жағдайы қатты жаныма батады .Осының бәрін ұйымдастырған Сарбөпеев пен Айтқұлов деп те айтып отырған үлкен .кісілер
Пікір алмасу

Кімнен: Жулдызай Қайдан: Шымкент
27.02.2012 23:23
+0 / -0
Биз баримиз казакпыз!неге казак бола тура согысамыз,бир-биримизди атып олтиремиз?!оте мунды,кайгылы жагдайларды естипте,корипте отырмыз...кимнин не истегенин халык биледи,бирак айтуга басшылардан коркады,басшылар коркытып койган.халык озинин отбасына кесири тиеме деп ештенени айтпай жасырады...неге адiлдiк жок?!бунын барине ким киналы?халык па алде басшыларма?!