Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 05:19


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Шетпе соты

«Қаруды халыққа емес, бұзақыларға қолдандық» дейді полицей

Жаңаөзен сотында аноним куәгерлер сұрала бастады. Айыпталушылардың адвокаты «бүркеншік ат қолданатындай бұл қауіпті іс емес» дейді. Ал Шетпе сотында айыпталушылар тергеуде зорлық көргендерін тағы да айтты.

Шетпе ісі бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Шетпе ісі бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

ЖАҢАӨЗЕН СОТЫНДАҒЫ АНОНИМ КУӘГЕР

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, Жаңаөзен оқиғасына байланысты өткен сотта бүгін түске дейін Арман деген лақап атты бір аноним куәгер сұралған. Куәгер басқа бөлмеде отырған, сот залына өзгертілген даусы ғана естіліп тұрған.

– Аноним куәгерлер тіпті «тек шындықты айтуға ант етемін» деген сияқты ант беруге міндетті емес екен. Мұны бүгін сот төрағасының өзі айтты. Олардың сөздері шындық ретінде қабылданады. Аты-жөні, қай жерде жұмыс істейтіні айтылмайды екен. Бүгін аноним куәгерге қатысты бір нәрсе ғана – құқық қорғау органының қызметкері екені ғана ресми түрде айтылды, – дейді Ерлан Қалиев.

Оның айтуынша, аноним куәгерге екі тарап өкілдері көп сұрақ қойған. «Алты-жеті айыпталушының «қылмысын жіпке тізгендей» айтып берген куәгердің жауабында қарама-қайшылықтар көп болды» дейді Ерлан Қалиев.

– Куәгер Айжан Дүйсенбаеваның 16 желтоқсан күні Жаңаөзен алаңында полицейге тас лақтырып жүргенін көргенін айтты. Айжан Дүйсенбаева нақты қай кез екенін 
Жаңаөзен оқиғасына орай айыпталушылардың адвокаттары. Ақтау, 13 сәуір 2012 жылы. (Блогер Андрей Цуканов түсірген сурет)Жаңаөзен оқиғасына орай айыпталушылардың адвокаттары. Ақтау, 13 сәуір 2012 жылы. (Блогер Андрей Цуканов түсірген сурет)
x
Жаңаөзен оқиғасына орай айыпталушылардың адвокаттары. Ақтау, 13 сәуір 2012 жылы. (Блогер Андрей Цуканов түсірген сурет)
Жаңаөзен оқиғасына орай айыпталушылардың адвокаттары. Ақтау, 13 сәуір 2012 жылы. (Блогер Андрей Цуканов түсірген сурет)
сұрап еді, «сағат 12.30 бен 3-тің арасы» деді. Айжан Дүйсенбаева ол кезде оқ тиіп, ауруханада жатқан екен, – дейді белсенді.

Ерлан Қалиев аноним куәгердің «зеректігі» тек сотта отырған адамдарды ғана емес, сотталушыларды да, адвокаттарды қатты таңқалдырғанын айтады.

– Ол өз сөзінде желтоқсанның 16-сы күні алаңда бес мың халық болғанын айтты. Соның ішінде тура жаттап алғандай алты-жеті айыпталушының фамилияларын, олардың қандай киім киіп, қандай «қылмыс» жасағанына дейін бәрін айтып берді. Тіпті өзі таныған айыпталушылардың қашан туғанын (жылы, айы, күніне дейін), қайда жұмыс істегенін –бәрін білетін болып шықты, – дейді Ерлан Қалиев.

Оның айтуынша, аноним куәгер «мұның бәрін қайдан білесіз?» деген сауалға «әріптестерімнен сұрадым» деп жауап берген. Ол алдын-ала тергеу кезінде берген кейбір жауаптарына қатысты қосымша сұрақтар қойылған кезде «жауаптан бас тартамын» деп отырған.  

Айыпталушылардың адвокаты Ережеп Төлеуқұлов нақты бұл істе бүркеншік атпен куәлік беру негізсіз деп есептейді.  

– Бүркеншік атпен келген куә есептелмейді. Себебі бұл бүркеншік куәгер қолданатындай аса қауіпті қылмыс емес. Адвокат ретінде негізсіз қолданды деп есептеймін. Себебі оны куә қылып негізге алатындай дәлел де жоқ, – дейді Ережеп Төлеуқұлов.

Адвокат Ережеп Төлеуқұловтың пікірі:
Loading
12:00:00 / -:--:--

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгін сотқа айыпталушы Әбдірахмановтың денсаулығына байланысты өтініш түскен.

Қорғаушы жақ туберкулез дертіне шалдыққан Әбдірахмановтың денсаулығы барған сайын нашарлап бара жатқанын, одан қолхат алып, өзін үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш түсірген. Айыпталушының өзі де бұған байланысты тергеу изоляторының дәрігерін шақыру туралы ұсыныс айтқан.

– Прокурорлар бұған қарсы болғанмен судья дәрігер шақыру керектігін айтып, бұл өтінішті ашық қалдырды, – дейді Ерлан Қалиев.

Бұған дейін сотта жауап берген Әбдірахманов бұрындары өкпе ауруына шалдықпағанын, бұл дертке алдын-ала тергеу кезінде көрген суық су құю, темір затқа жатқызу, т.б. қысымның салдарынан шалдыққанын айтқан еді.

«АТУҒА ДА, АТПАУҒА ДА БҰЙРЫҚ БЕРІЛМЕДІ»

Шетпе оқиғасына байланысты сәуірдің 24-і күні өткен сотта ең әуелі шығын шеккен мекеме өкілдері тыңдалды.

«Қазатомөнеркәсіп» өкілі бұған дейін берген талап-арызынан бүгінгі сотта бас тартты.

Ал «Маңғыстау жол бөлімшесі» Шетпеде поезд тоқтап қалуына орай тартқан шығынын қайта есептеп, 2 миллион 900 мың теңгеге жеткенін мәлімдеді. Бұл мекеменің өкілі өздерінің талап-арыздарынан бас тартпайтынын хабарлады.

Түске дейінгі сотта айыпталушы Нұрболат Сабырбаев (премьер-министрдің 
Шетпе сотына қатысқан прокурорлар. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.Шетпе сотына қатысқан прокурорлар. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе сотына қатысқан прокурорлар. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
Шетпе сотына қатысқан прокурорлар. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
орыбасары Өмірзақ Шүкеевпен кездесуде сөйлеген Айнаш есімді Шетпе тұрғынының баласы) сөз сұрады. Ол алдын ала тергеу кезінде зорлық көргенін айтып, сол кезде берген жауабынан бас тартатынын тағы да қайталады.

– Малды да өйтіп қорламайтын шығар. «Осыны айтпасаң 30 жылға сотталасың. Келіншегіңді басқа жаққа жібереміз» деді, – дейді Нұрболат Сабырбаев.

Айыпталушы Төлеевтің айтуынша, Серік деген тергеуші оған «тізерлеп отырып аяғымды сүй» деген.

– «Бізді ешкім жазаламайды, бұл – президенттің бұйрығы» деді тергеуші полициялар, – дейді Төлеев.

2006 жылдан бері Шетпе кентінің әкімі қызметін атқарып келе жатқан Мұхтар Мүтәліпов те сотқа шақырылды. Ол 2011 жылы 17 желтоқсанда Шетпеде поезд тоқтатқан оқиғаға байланысты «Байланысты қалпына келтіру, жолды ашу менің құзыретіме кірмейді» деп жауап берді.

Бүгін Жамбыл облысынан келген куәгер полицейлер сұралды. Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Жүнісқалиев:

– Вокзал терезесінің ішіне жанғыш заттар құйылған бөтелкелер лақтырып, таспен 
Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
ұрды. Біз ескертіп атқаннан кейін тоқтады. Олар таспен, бөтелкемен ұрады деп ойлаған жоқпыз, – деді.

Полковник Жүнісқалиев Шетпе оқиғасы кезінде «қаруды халыққа емес, бұзақыларға қолдандық» деп жауап берді.

– Қанша оқ шығындалғанын айта алмаймын. Атуға бұйрық берілген жоқ. Атпауға да бұйрық берілген жоқ, – деді Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Жүнісқалиев

Осы кезде айыпталушы Мәмбетов полковник Жүнісқалиевқа:

- «Мына жерден кетпесеңдер атып тастаймыз» деген мен бе, сен бе? - деген сауал қойды.

Тағы бір куәгер, Жамбыл облысынан келген полицей Ержан Әбзелбеков «Адайлар, алға! Екінші Қырғызстан жасаймыз!» деген дауыстар естігенін» айтты.

Жамбыл облысы патрульдік қызметінің полициясы Тимур Тәліпбековтің айтуынша, оқиға кезінде  «оншақты жігіт суырылып шығып тас лақтырды».

– Екі оқ жұмсадым, аспанға аттым. Екі көлік келіп бізге қарсы оқ атты. Тас қарша жауып жатты. Мен адамды атқан жоқпын.  Ол кезде тықыл-таяң, өзіміз шоковый состояниеде болдық, – деп жауап берді Тимур Тәліпбеков.

Жамбыл облысынан келген куәгер полицей Керімбаев «жоғары қарай төрт-бес рет атқанын», «өзі де қорқып кеткенін» айтты.

Ақпаратқа қарағанда, Жаңаөзен-Шетпе оқиғасы бойынша төрт түрлі сот процесі өтпек: біріншісі – Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот (наурыздың 27-сі күні басталды), екіншісі – Шетпе станциясында болған толқуға байланысты сот (сәуірдің 17-сінде басталды), үшіншісі – «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған» полицейлер ісі (сәуірдің 27-сінде басталады), төртіншісі – «әлеуметтік араздық тудыру» бабы бойынша өтетін сот.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Дәурен
24.04.2012 19:59
+0 / -0
Биліктегілерге таң қалам. Қайдағы жасырын куәлар арқылы айыпталушыларға қарсы куәлік бергізеді. Ашық куәлар мен жәбірленушілер шынын айтқан соң енді сол бірде екілі бетін жапқан куәлар арқылы соттайын деп отыр. Фантазиялары тым төмен екен. Бұл биліктің өресін көрсетеді
Пікір алмасу

Кімнен: аис патриот Қайдан: астана
24.04.2012 21:43
+0 / -0
сіздікі қызық екен, сонда бұзақылық жасаған адамдарды бірінен сон бірін жазасыз қалдырып, бостандықта ары қарай өздерінің дегендерін істетіп қоятын біз не халықпыз сонда??? қолымен жасады ма, енді мойындарымен көтерсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Ареке Қайдан: ОҚО
24.04.2012 22:19
+0 / -0
Ол куәларда елге қарайтын бет жоқ болса бетін жасырмағанда не істейді, патриот қазір қылмыскерді қолдан жасау оп оңай, соның біреуі өзің боламын деп ойламайсың ба? Ойлап сөйле.
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
25.04.2012 01:02
+0 / -0
аис патриот бұзақылық жасаған адам, назарбаев! сотталып жатқандар емес. содан кейін бұзақы сапбас сен!
Пікір алмасу

Кімнен: Кайрат
25.04.2012 01:42
+0 / -0
Менің таңым бар. Жамбылдық полицей ол жақта не қылып жүр?Ол оқиғаның боларын қайдан білген? ........
Пікір алмасу

Кімнен: Rocci Balboa Қайдан: KAZ
26.04.2012 17:27
+0 / -0
Ия, қолмен істегенді мойынмен көтеру керек. Егер бұзақылық жасаса, я болмаса қару қолданған болса, тиісті жазасын алу керек заң бойынша. Олай бұзақылыққа жол беріп, жазасыз қоятын болсақ, онда тәртіп болмас елде, бәрі өз білгендерін істеп кетер. Заң бәрімізге ортақ, оны ұстану міндетіміз.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Тараз
24.04.2012 20:35
+0 / -0
Е, сорлы Тараздан келген ментяра Ержан Әбзелбеков, неге өтірік айтып отырсын? Қолдарынан бар келетіні қарусыз халыққа қол көтеру ғана. Өткенде бір содыр сендерді "мамалатқан" кезде ешнәрсе істей алмадындар ғой.
Оны былай қойшы Тараздың бір бандитін көргенде бұттарына сиіп қоясындар ғой.
Қолдарыңа қару беріп еді, күшті болып шыға келдіндер. Ертең көресіндер кеше қорғаған үкіметтерің сендерді лақтыра салады.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
24.04.2012 20:42
+0 / -0
сонда үкімет өздерінің саясатымен келіспейтін кез келген қарапайым қазақты - "бүлікші", "бұзақы", "террорист" деп айтыптап қыра бере ме...?

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
24.04.2012 21:44
+0 / -0
Өтірік СОТ! АРСЫЗ СОТ! САЙҚАЛ СОТ! КЛОУН СОТ!
ҚАЗАҚ ҰЛТЫ сіздерді кешірмейді!
СОТТАҒЫШ болсаң байлығымызды талан-таражға салып, ШВЕЙЦАРИЯда бірнеше особняктары бар , ҚАЗАҚ елінің ақшасын тонналап ұрлап ШВЕЙЦАРИЯ банкісіне тасып жатқан ҰРЫ билікті неге соттамайсың?
ҚАРАПАЙЫМ қазақ халқын қайыршылыққа алып келген солар емес пе?

Кімнен: аси патриот Қайдан: астана
24.04.2012 21:45
+0 / -0
таң қалатыным, егер де бұзақылардың жасап жатқан тірліктеріне қарап тұрса полицейлер еш әрекет жасамай, онда олар ары қарай кім біледі қанша шығын әкеліп адам тағдырын қиюшы еді, ал полицейлер қарапайым халықты жазықсыз халықтың қамын ойлап оқ қару қолданған болар деймін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 22:14
+0 / -0
25000 теңгенің құлы сіз бұл ойларыңызды хабар телеарнасына айтыңыз, мұнда бәрібір береке таппайсыз

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 21:53
+0 / -0
Әй, бұл неқылған шыбық тисе шаңқ етер қорқақ полисайлар, шетінен жинап апарып сонау күнде көшені босатпай жүрген Грек еліне "стажировкаға" 3 айға аттандыру керек. Көріп қайтсын көздерімен, тастан, оттан қалай қорғану керек екенін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 22:07
+0 / -0
Жасырын куәнің бірі Жаңаөзен Гувд-сының ақпанның ортасына дейін зам болған Әбдүрасүл Өтешов секілді.Ол өзі алаңда болып көп адам атқаны,мұнайшыларды көп тұтқындап, қорлағаны бұрынғы куәгерлердің,желтоқсаннан бері 4 ай бойы газеттермен интернетте қатар жарияланып келеді.Сол әбдүрасүл өзінің иттігі әшкере болатын болған соң"аноним" болған.

Кімнен: Nurbol Karatai Қайдан: atyrau
24.04.2012 23:20
+0 / -0
Атуын атып алып, бузакыларга карсы колдандык деуин шимирикпестен.№ биринши бузакы сол оздери полициянында биликтинде. Оздеринен кеткен кателикти, кателик емес касакана жоспарды кимнен корерин, билмей, карапайым халыктан корип отыр. Биринши жауапка халык емес оздери тартылу керек.

Кімнен: Төбесі тесік адам
24.04.2012 23:30
+0 / -0
Халыққа қарсы оқ жаудыруға бұйрық берген Ұ.М. екені қазір анық болып отыр. Ал, оның өзіне кім бұйрық бергені әзірге белгісіз. Міне, осы М-тың қамалуы қажеттігі туралы мәселе көтеріп жатқан - адвокат С.Сансызбайұлы. Ал бұл адвокатқа жасалып жатқан арандатулар - осы М-тың ісі болуы да мүмкін. Қалай болғанда да олардың мақсаты - бірнеше әкімшілік іс қозғау арқылы С.Сансызбайұлын осы соттарға қатысудан шеттету.

Кімнен: Шағадамбай Қайдан: Ақтау
24.04.2012 23:47
+0 / -0
Аноним куәлердің бірі Теңге ауылының менті М. екенін айыпкерлер мен залда отырғандар танып қойды, даусынан. Екіншісін, жетімдер үйінде тәрбиеленген Б. деп таныды, ол өзінің әшкере болғанын мойындап, жалалап отырған адамынан кешірім сұрап, сені соттатпауға тырысамын деп бір айтты, асылып өлемін деп бір айтты. Ол жігітті әшкере болғаннан кейін залға шақырып еді, қасында отырған хатшы қыз, ол жігіт шығып кетті деп жауап берді. Келесі бір аноним куәні сотталушы Қосбармақов, мынау мені ұрған полицей Ш. деген ғой деді. Куәлердің түрі осы, өздеріңіз түсіне беріңіздер, соттың қандай сот екенін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 00:18
+0 / -0
Ой, алла, мынау рас болса сұмдық қой!
Аралбай, саған не болған, сен мұндай ит емес едің ғой?
Оларды аноним қылмай-ақ ашықтан-ашық сұрасайшы, Жаңаөзен - үлкен қала емес, адамдар бәрібір бір-бірін жақсы таниды. Мына спектакльден өзің де ұялып жүрген шығарсың?

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
25.04.2012 00:20
+0 / -0
Айтпақшы, Аралбай, тасташы осы абыройсыз жұмысыңды, сені өз фирмама юрист қылып жұмысқа шақырамын.
Пікір алмасу

Кімнен: Ашулы алматылық
25.04.2012 10:20
+0 / -0
Ызалы маңғыстаулық!

Сізді осы жақында бір малғұн Серік Сапарғалиды даттадың деп өзінше артымен бал ашып басқа біреумен "шатастырып" еді лағып. Ал сіз болсаңыз үнсіз қалдыңыз.... Сонда сізді басқа деп "шатастырып", сол кісінің атына жаман сөздер жазып, жала жапқан адамға ештеңе жауап бермегеніңіз ар-ұятыңыздың алдында ұят болған жоқ па?

Кімнен: Томирис Искакова
25.04.2012 02:43
+0 / -0
шетпе және жанаөзен соты бойынша өтіп жатқан айыпталушылар өз дегендігін тастамайды екен, қайдағы зорлық, біз немене гестапомыз ба? әлде полицей ағалар роботтар ма? кінәларына жазасын өтесін
Пікір алмасу

Кімнен: Шыңғыс хан Қайдан: ақтау
25.04.2012 09:12
+0 / -0
Томирис Искакова, ия біз гестапомыз, ал полицей ағалар роботтар немесе малғұндар. Сол адамдарды қырған және азаптаған ешектер жазалансын.
Пікір алмасу

Кімнен: Қабақай Адай Қайдан: Атырау
25.04.2012 18:13
+0 / -0
Томирис,
Біз деп отырғаныңыз кім? Мент, кнб, прокурор, сот көп болса солардың біреуі шығарсыз. Немесе әкім-қаралардан. Жаныңыз шығып бара жатыр ғой оларды жақтап. Сіздер гестаподан да өткен сорақысыңдар

Кімнен: сері жігіт
25.04.2012 08:25
+0 / -0
Томми джаным қойсай!,жатсай! денңді бос ұстасай!

Кімнен: Полковник Қайдан: Ең демократиялық ел
25.04.2012 12:54
+0 / -0
Біздің елде, оның заңында толып жатқан қарама қайшылықтар. Соны кейде сол жүйеге қарсы да қолданып көрген артық болмас. Мысалыға мына сотта аноним куәгерлер сұралып жатыр. Ол процесс "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72 Заңы шеңберінде іске асырылып жатыр. Формальді түрде бәрі дұрыс. Бұдан да басқа сот процессін жүргізуді реттейтін негізгі құқықтық норма-ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 4-бабына сәйкес Кодекс заңнан жоғары сатыда тұрады. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс. Мына сот жағдайында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 351-бабымен "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" заңның 13-бабы қайшы келуде. Яғни, Кодекс куәлерден жауап алу кезінде куәнің кім екендігін толық анықтап, одан жалған жауап берсе, немесе жауап беруден бас тартса қылмыстық жауапкершілігі туралы ескерту алып, сол үшін қол қоятын болса, заң куәні оның бәрінен босатады. Бұл жағдайда Кодекс нормасы қолданылуға тиіс. Адвокаттар осыны қолға алса. Әрине сот оған жол бермейді. Мына сот халықаралық қауымдастықтың назарында болғандықтан, кейін оған сондай дәрежеде баға берілетіндіктен, бар мүмкідіктерді қолдана берген жөн деп санаймын.

Кімнен: AluaS Қайдан: Семей
26.04.2012 10:25
+0 / -0
Қайткенімен қалада болған бүлікке қатысқандар, оны ұйымдастырған адамдар барғой. Кінәлілер бар, соларды соттап отырғой. Сот болмаса, қаланың жартысын өртеп, тонағандарды жаза тартпаса,ертен тағы біреулер тура соны қайталуы мүмкін. осындай әрекеттер нәтежиесінде қарапайым халық зардап шегеді.

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
26.04.2012 11:54
+0 / -0
Нашей полиции надо брать пример с американцев.Они сначала делают предупреждение, а затем стреляют на поражение.Полицейчскией люди, и должны защащать себя.У них семьи..и зарплата у них намного меньше, чем у нефтянников.

Кімнен: Уланбек Қайдан: Алматы
26.04.2012 12:33
+0 / -0
Арман деген лақап атты бір аноним куәгер сұралған. Ананим куәгердің түсінігін негізге алу сот процессінде ақиқатың ашылуына негіз бола алмайды. Полиция қызметкерлері қаруды халыққа емес, бұзақыларға қолдандық деп өздерінің қызметтерін асыра пайдаланғандарын жасырғылары келеді.

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
26.04.2012 13:11
+0 / -0
Егер аноним куәгер болса, ол шындықты айтуы әбден мүмкін ғой.

Кімнен: Аяулы Қайдан: Жамбыл
26.04.2012 13:42
+0 / -0
Қазағым, халқым менің!!! Бұларың не!? бір-біріне жала жапқанша, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы үшін сот төрелігінің әділ шешімін күтейік!!! Жұмса жұдырыққа айналып қай оқиғадан болса да бірігіп шығуға ұмтылатын еліміз үшін бұл қиындыққа да төтеп береміз. Сондықтан да сол мемлекетімізге бүгін арқау болуымыз керек.

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
26.04.2012 19:26
+0 / -0
Бәрін сот шешу керек.Сотталушылар куәгерлерге, сотқа сөз қайтарып отыр, соңда полицейлердіңда кінәлары айыпталуда, бірақ осы жағдайда ңағыз ұйымдастырушылар және қатысы бар адамдар өз жазасың тарту керек. Қажетті болса қосымша процесстерде болып жатыр.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?