Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 17:34


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Екі куәгер бүркеншік аты мен жауаптарынан бас тартты

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта бүркеншік атпен жауап берген екі куәгер өздерін көпке жария етіп, сотта берген жауаптарынан бас тартты. Олар өздеріне қысым жасалғанын мәлімдеген.

Сот залына кірердегі тексеріс. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.
Сот залына кірердегі тексеріс. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.

Мультимедиа

Мәтін көлемі - +
«Жаңаөзендегі тәртіпсіздік» бойынша сот отырысы бүгін ерте аяқталды.
Сотқа қатысып жатқан азаматтардың айтуынша, осы аптаның басында  бүркеншік атпен жауап берген Александр Боженко есімді куәгер сәуірдің 26-сы күні сот залына келіп, сотта жасырын атпен айтқан жауабынан бас тартатынын мәлімдеген.

«КЕШІРІМ СҰРАДЫ»

Адвокаттардың айтуынша, сейсенбі күні Александр Боженко бүркеншік атпен басқа бөлмеде жауап беріп жатқан кезде айыпталушылардың бірі оны танып қалып «Неге өтірік айтасың? Менен не жаманшылық көрдің?...» деп сұраған.

- Сол кезде Боженко шыдамай жылап жіберіп, кешірім сұраған-тұғын. Бұдан кейін айыпталушының адвокаты куәгердің ашық түрде жауап беруі туралы судьяға өтініш берген. Алайда дәл сол кезде хатшы Боженконың қашып кеткенін хабарлады. Бірақ бүгін көпке көрініп, сот залына келген Боженко сол кезде қашпағанын, ондағы милициялар «сен бізді масқара еттің» деп бөлмеден алып кеткенін, Жаңаөзендегі полиция басқармасына апарып, содан қазір келген беті екенін айтты, - дейді адвокаттардың бірі.
Адвокаттардың айтуынша, Александр Боженко алдын-ала тергеу кезінде өзіне қысым жасап жауап алынғанын айтқан. Ол – бүркеншік атпен жауап беріп, одан бас тартқан екінші куәгер.
 
Адвокаттардың айтуынша, Александр Боженко алдын-ала тергеу кезінде өзіне қысым жасап жауап алынғанын айтқан. Ол – бүркеншік атпен жауап беріп, одан бас тартқан екінші куәгер.

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтың айтуынша, бұған дейін сотта «Алмас Оразбаев» деген лақап атпен жауап берген Ерлан Жайлыханов атты куәгер кеше сот залында жауабынан бас тартатынын мәлімдепті.

- Кеше түстен кейін адвокат Әлібиевтің ұсынысымен сот отырысына қосымша куә Ерлан Жайлыхановты шақыртты. Сот Әлібиевке сұрақ қоюға рұқсат етті. Адвокат: «Сіз бұған дейін осы сотта куәлік беріп пе едіңіз?» деп сұрады. Куәгер Жайлыханов: «Иә, жауап бердім» деді. Мұнан кейін адвокат: «Қашан куәлік беріп едіңіз?» деп сұрағанда, куәгер: «кеше, Алмас Оразбаев деген лақап атпен жауап бердім» деп айтты, - деді Ерлан Қалиев.
Ақтау қалалық сотының алдындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 22 сәуір 2012 жыл.Ақтау қалалық сотының алдындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 22 сәуір 2012 жыл.
x
Ақтау қалалық сотының алдындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 22 сәуір 2012 жыл.
Ақтау қалалық сотының алдындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 22 сәуір 2012 жыл.

Комитет өкілінің айтуынша, бұдан кейін куәгер полицейлердің өзін «желтоқсанның 27-сі күні ұстап, ұрып-соққанын» айтқан. 

- Жайлыханов полицейлердің өзін қайта-қайта ұстап, бір құжаттарға қол қоюға мәжбүрлегенін айтты. «Егер қол қоймасаң, өзіңді соттатып жібереміз» деп қорқытқанын айтты, - деді Ерлан Қалиев.

Ерлан Жайлыханов сотта бүркеншік атпен берген жауабының жалған екенін айтқан.

«ОҚ АТУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫҚ»

Шетпедегі оқиғаға қатысты болып жатқан сотта бүгін түске дейін желтоқсанның 17-сі күні Жамбыл мен Шымкенттен «ОМОН» жасағын бастап келген полицей және Маңғыстау аудандық ішкі істер басқармасының бастығы куә ретінде сұралған.
Айыпталушылардың адвокаттарының бірі Нұрлыбай Ізмағамбетовтың айтуынша, олар «оқ ату туралы жоғарыдан бұйрық түспегенін», «көпшіліктің өміріне қауіп төнгеннен кейін оқ атуға мәжбүр болғанын» айтқан.

Ал сотқа қатысып жатқан Шетпе тұрғындарының бірі куәгер-полицейлердің айыпталушыларды негізсіз кінәлап, еш дәйексіз айыптап жатқанын алға тартады.
«Рельстерді алып тастады», «от жақты, өртеді» дейді. Тіпті мамандардың өздері өртенбеді деп берсе, бұлар керісінше айтады. Балалар сотталсын деген ниетте тұр.
 
- Барлық жайттан хабары жоқ. Әйтеуір, балаларды кінәлай береді. Негізсіз нәрселерді айтады. «Рельстерді алып тастады», «от жақты, өртеді» дейді. Тіпті мамандардың өздері өртенбеді деп берсе, бұлар керісінше айтады. Балалар сотталсын деген ниетте тұр, - деді есімін атамаған Шетпе тұрғыны.

Нұрлыбай Ізмағамбетовтың айтуынша, бұған қоса, сол кезде жараланған адамдарды тексерген дәрігер, кездейсоқ жағдайда оқ тиіп, жараланған Шетпе тұрғындары куәгер ретінде жауап берген.

- Милициялар атқан кезде автоматтың оғы үйлеріне тиіп кеткен. Сондай екі-үш адам сұралды, - деді Нұрлыбай Ізмағамбетов. 

Сотқа қатысып отырған кейбір Шетпе тұрғындары Азаттық тілшісіне оқ тиіп жараланған бұл азаматтардың әлі күнге дейін жәбірленуші ретінде сұралмай отырғандығын айтады.

- Сырттан келіп оқ тиген бұларға. Бірақ оған жауап беретін адам жоқ, - деді тұрғындардың бірі.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 19:37
+0 / -0
Билікте халыкты ашындыру үшін 4 айдан бері жалған телевидение арқылы ақпарат таратып,оның үстіне құқық қорғау орындарының бәріне" заңды бір теуіп,ең бастысы адайларды аямаңдар"-деген тәрізді.Кім болса да кнб,полиция, финфол,сот ,прокуратура бәріне сөзі өтетін адам тәрізді.Әділетсіздікті одан ары күшейту арқылы,халықты ашындырып,оиы елімізге оиран салу секілді.Сыртқы күш дегеніміз солар тәрізді.Ол Астанада отыратын болу керек.Бірақ кім? Елбасыға бұлай болу тиімсіз.Бірақ жанындағы бірнеше клан басқаша қимылдап жатқан тәрізді.
Пікір алмасу

Кімнен: айсель Қайдан: актау
26.04.2012 21:50
+0 / -0
азаматтарға қауіп төнді ме? әрине. онысы былай тұрсын, бұзақылардың бүркеніп бүкіл қаланы жайлап, үйлерінде жүрген сынды түрлерімен қаланын тас талқанын шығарды бірер сағатта, сонда ол дұрыс па??? алаңға оқушыларды ертіп келген мұғалім ауыр жарақат алды, оның не кінәсі бар?? оларды неге ешкім жақтамайды, ал айыпталушыларды Батыр атағына теңеу ұят емес пе???
Пікір алмасу

Кімнен: кайсель Қайдан: Ақтау
27.04.2012 10:07
+0 / -0
айсель , азаматтарға қауіп төніп қана қойған жоқ.оларды қырып салды. 7 жасар бала, 70 жастағы ана,кішкентай қызын ертіп банкоматтан ақша алуға барған әйел ,бәріде малғұн порлицейлердің оғынан мерт болды. Ортада тұрған полицей аспанға атып ,сигнал бергені сол екен, олар алдын ала дайындалған "гонг" операциясын мезетте бастап кетіп, айналдырған жарты сағаттың ішінде қаланың тас талқанын шығарды. Алаңға балдарды ертіп келген мұғалім полиция оғынан ажал құшты. Сол мерт болған, жараланғандардың өтеуі қашан қайтады. Өлген адамның құнын ағаш үйдің құнының жартысына ғана бағалады. Міне, масқара, яғни қазақтың құны жарты ақ ағаш үй. Бұл бүкіл әлем алдында масқара емес пе. Ал,айыпталушылар ,әрине батыр, жауып тұрған оққа қарамастан, жаралыларды жолдағы машиналарға дейін тасып, ауруханаға жөнелтіп отырған, және сол жауып тұрған оқтың ішіне бірнеше рет кіргендері бар, сосын өздері жараланған. Сол жаралыларға көмектесемін деп ,мерт болған белгісіз батырлар да бар. Соларды тауып, өлгеннен кейін болса да марапаттау керек. Ол біздің борышымыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Мангыстаулык Aрайлым Қайдан: Aktu
28.04.2012 14:25
+0 / -0
осындай создер айтуга кудайдан коркыныз. немесе осы айыпталушылардын кинасин мойнына койып берип кана сойлениз! еш далелдери болмай маскарага ушырган билик, сот органдары! маскара маскара маскара

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
26.04.2012 19:38
+0 / -0
Биліктің басында тауықтың миындай ми қалса мынау масқара сотын тоқтатып, "айыптылардан" кешірім сұрасын да үйлеріне қайтарсын жазықсыз жандарды - мұнайшыларды.
Атуға бүйрық берген жоғары басшылық әрине өзін өзі соттата алмайды, сондықтан басы Назарбаев болып қазақ ұлтынан кешірім сұрасын, шейт болып кеткендердің бала-шағаларына құн төлесін! 1 миллион теңге емес, 1 миллион доллардан төлесін, кедейленіп қалмайды. Мысалы Назарбаевтың күйеу баласы Құлыбавтың шотында миллиардтаған доллар бар екенін бәрі біледі, жалғыз ол емес Нұрсұлтанның маңайындағылардың бәрі де миллиардерлер. Қазақ халқының есебінен байыған шетелдік миллиардерлер де салсын ортаға тонағаннан түскен ақшаларын. Өлі разы болмай тірі байымайды, ал байығандар бәрібір ұрлаған-тонағандарын көрлеріне алып кете алмайды, бала-шағаларын қарғыс атпасын десе ұрлауды, тонауды, қанауды, зорлауды, қорлауды дереу тоқтату керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 20:10
+0 / -0
Ote dyrus aitasiz.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 21:23
+0 / -0
Дұрыс айтасыз. Адамның құнын ешқандай ақша өтей алмаса да, кісісі өлген шаңырақтарға 1 000 000$ АҚШ долларынан берсін!
Ал жараланып қалғандарға 500 000 $ берілсін!
Ит те, құс та жеп жатқан ақша ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 21:52
+0 / -0
Ауылдың қазағы айтқан Доллар туралы бұйрығы өте орынды. Бірақ патша көңілмен айтқан бұйрықты кім орындайды: Елбасы ма? Құлыбаев пе? Кім орындатады?
Ал орындамайтын болса бос сөздің қажеті қанша, дәрменсіздігіңді мойында да ауылға барып қозы бағып жүре бер.
Пікір алмасу

Кімнен: Молдабек
27.04.2012 10:41
+0 / -0
Аты-жөні жоқ сен кім болсаң да ақымақ жан екенсің!
Бұйрықты Назарбаев пен Құлдыбаевқа халық орындатады! Мәңгілік ештеңе жоқ, қазақтар бәрібір тізеден тұрады, өзі де енді көп жата бермес! Ал сен аты-жөніңді жасырып қатыныңның етегінің астында жата тұр.....

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
26.04.2012 19:44
+0 / -0
ОМОН оқты белгілі бір бағытта емес, "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп оқты жан-жағына қарша боратқан. Білмейтіндер үшін айтайын - темір жол поселкенің ортасымен өтеді, терістік жағында вокзал, станцияға қарасты 2-этажды үйлер орналасқан, ал түстік жағында бір этажды "қазақ ауыл" деп аталатын ауылдар орналасқан. Сол уақытта жол бойында тас тиейтін аласа платформалар составы тұрған, міне, осы состав көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалды - өйткені ауылда адамдар кешке қарай өрістен қайтқан малдарын жемдеп, суарып, т.б. көбіне далада жүреді. Жан-жаққа боратылған оқ осы платформаларға тиген, сөйтіп адамдар аман қалған, соның өзінде осы "қазақ ауылдан" 4 адам жарақат алды. Ал, бұл жағдайларды ешкім де тексерген жоқ, осыдан-ақ тергеудің қалай жүргенін біле беруге болады. Мұны ауыл адамдарының бәрі біледі, бірақ тергеуші жауыздардан қорқып айтпайды, бұл - кейін болатын шын тергеуді күтіп жатқан тарих бола тұрсын әзірге.

Кімнен: ескі жол
26.04.2012 21:57
+0 / -0
Құрметті азаттық радиосы: сіздерден өтініш! Елбасы жаңөзенге барғанда барлық іске назар аударатынын айтқан болатын. Сағызға назар аударған адам Жаңөзенге назар аударатын шығар. Ендеше қазіргі жаңөзендегі және шетпедегі соттың шындығы мен беталысына елбасы қаншалық назар аударып отыр екен? Әлде тағы да маған қате ақпарат жеткізді деп жүрмес пе? сондықтан сіздерден өтініш, мүмкін болса елбасыға, немесе елбасының хатшыларының біріне хабарласып, Сот туралы елбасының қалай ойлайтынын білуге тырысып көрсеңіздер. ізденсеңіздер бірдеңе шығып қалар, ол кісі періште емес адам пендесі ғой, хабарласудың сәті түсер сіздерге. құрметпен

Кімнен: Есбол Қайдан: Жанаөзен
26.04.2012 22:31
+0 / -0
Мен Жанаөзен қаласының тұрғынымын, Қаламыздағы желтоқсанның 16-сы күнгі жаппай тәртіпсіздікті жоспарлы түрде ұйымдастырған билік басындағылар, Ал сол жоспарды жүзеге асыруға атсалысқандар құқық қорғау органдары қызметкерлері (милиция, омондар), Олар қаламыздың бейбіт тұрғындарына аяусыз оқ жаудырды, Халықты хайуанша қырумен қатар, жергілікті тұрғындарды әсіресе жастарды ұрып-соғып, тонап-қанап, ойларына келген имансыздық әрекеттерін жасады, Көшеде өз шаруасымен кетіп бара жатқан адамдардың ақшалары, тәуір киімдері, қымбат әшекей-бұйымдары, ұялы телефондары болса тартып ап, соққыға жықты, Әсіресе, бұл әрекеттер желтоқсанның 17-18-19-20-сы жұлдызы аралықтарында белең алды, Осындай жантүршігерлік әрекеттерге бара отырып, кейбір омон қызметкерлері Жаңаөзенде өткізген іссапарлары үшін берілмеген жалақыларын талап етуде,
Олар міндетті түрде Алланың алдында жауап беретін болады,

Кімнен: Мақсат
27.04.2012 07:02
+0 / -0
Жаңаөзен бұл қоңырау. Жаңаөзен бұл қазақтың қайғысы мен мұңы

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
27.04.2012 09:46
+0 / -0
Мына полицейлер тәубесіне келе бастаған-ау деймін? Не болды екен бұларға?
Білейін дегенім юұл екі полицей де Маңғыстаудың тумаларамы ма екен?

Кімнен: zheltocsan
27.04.2012 23:34
+0 / -0
жалған куәгерлікке мәжбүрлеу Гитлер үкіметінде де болып көрмеген шығар? 21 ғасырда жасалып жатқан мынау не сұмдық!? Әуелі Аллаһ деп айтайын, түбі сен оңбайсың, Ғасыр Пысықайы!!!

Кімнен: мишутка
01.05.2012 22:36
+0 / -0
бұл не сот па не цирк әлде сайқы мазақ театры ма?? ооо, елжұртымызға не болған?? қайдағы жоқты ойлап табады, сот өтіп жатыр ғой, көрсеткен показанияларын бұрыс емес, дұрыс айтсаңдаршы

Кімнен: Болатжан Қайдан: Алматы
02.05.2012 10:13
+0 / -0
Екі куәгер бүркеншік аты мен жауаптарынан бас тартуы cот процессі барысында басқа куәгерлердіңде қайталап сұрау қажеттілігі байқалады. Соттың ашық өтуіне байланысты халық барлық оқиғаға байланысты жаңалықтарды біліп отыр.

Кімнен: sultan
02.05.2012 10:52
+0 / -0
Соттың ашық өтуі еліміз үшін маңызды. Елімізде татулық пен бірлік болсын ағайын!

Кімнен: Шамсия Болатова Қайдан: Казахстан
02.05.2012 13:27
+0 / -0
Өз еліміздің ішінде іріткі салушылардан байқағанымыз дұрыс.Біздің елді әлем таныды, біз тәуелсіз елміз, бейбіт елміз, сондықтан ертенгі ұрпақтың жарқын күні үшін татулықты ұстануымыз керек.Сот төрелігінің әділ жазасына сенейік.Сабырлы болайық.

Кімнен: akkiran Қайдан: Актау
02.05.2012 15:39
+0 / -0
Әлеуметтік проблемаларды өз ойынында икемди пайдалана алған бирнеше топ адамдар қаншама қантөгістін обалына қалып отыр. халықты айдақтап қойып, өздері дымдарын білдірместен отырғандығы, айдаққа түскен азаматтар үшін өкінішті

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Иран президенті, НАТО әскері және қажылық

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Ахмединежадтан кейінгі Иран президенті болып кім сайланды?