Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 07:46


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзен жайлы жырлар жазыла бастады

2011 жылы желтоқсанның 16-сы болған Жаңаөзен оқиғасы қазақ әдебиетінде жаңа өлеңдер шоғырының пайда болуына әсер етті. Жаңаөзен тақырыбына алдымен қалам тербегендердің бірен-сараны ғана болмаса, көпшілігінің аты-жөні бұған дейін көпшілікке таныс емес. Айтыс ақындары бұл тақырыпты әзірге қозғамауды жөн көрді.

16 желтоқсандағы оқиғада зардап шеккен жас жігіт. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы. Ютуб сайтындағы видеодан алынған скриншот.
16 желтоқсандағы оқиғада зардап шеккен жас жігіт. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы. Ютуб сайтындағы видеодан алынған скриншот.
Мәтін көлемі - +

ЖАҢА ЖЫРҒА АРҚАУ БОЛҒАН ЖАҢАӨЗЕН

Жаңаөзен тақырыбына жыр арнаған алғашқылардың бірі - қызылордалық Лена Әбдіхалықова. Қазақтың жырсүйер қауымына әу баста айтыспен танылған ақынның жаңа өлеңі Азаттық сайтында «Еркін сөз» айдарымен жарияланды.

– Бұзақы да емес ел,
Масыққан да жоқ олар!
Төрін түлкі жайласа,
Төмендейді Обал, Ар! – деп келетін өлеңін аутор желтоқсанның 17-сі күні жазыпты.

Азаттық радиосы сайтының «Еркін сөз» айдарымен жарық көрген тағы бір туынды – ақтаулық ақын әрі журналист Рахат Қосбармақовтың «Мұнар күн» деп аталатын толғау-өлеңі.

– Қандастарыма қарата
Атылған арсыз оқ көрдім.
Айдаһар сынды араны
Аузынан шашқан шоқ көрдім.
Жер бауырлатқан жұртымды
Жендетті иттен жек көрдім.
Қанішерлердің ісіне
Қарайып қаным, кектендім.
Талайды бастан өткердім,
Талайға жақтас боп келдім.
«Өз халқына өкімет
Оқ атпайды» деп келдім, – деп жырлайды Рахат Қосбармақов.

Жаңаөзенге арнап дастан жазып жатқанын баспасөз мәслихатында жария еткен жазушы, ақын Софы Сматаев тың шығармасының алғашқы шумағын оқып берген болатын.

Софы Сматаевтың Жаңаөзен туралы туындысынан үзіндіні тыңдаңыз
Loading
12:00:00 / -:--:--

             
ЖЕЛТОҚСАН МЕН ЖАҢАӨЗЕН

Ақтөбелік ақын қыз Индира Керееваның:

– Жазылатын санамда бекемді
Ой көп...
Басым сынып барады...
Шекем "Гөйлеп"...
...Айтарымды айттым ал!
Қудалаңдар,
«Индира уахабис екен ғой» деп..., – дейтұғын «Жаңаөзен, Желтоқсан» деп аталатын өлең жолдарын интернеттен оқығандар оны Қайрат Рысқұлбековтың
1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан төртеу (солдан оңға): Ертай Көпесбаев, Түгелбай Тәшенов, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев сотта тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккер түсірген сурет)1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан төртеу (солдан оңға): Ертай Көпесбаев, Түгелбай Тәшенов, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев сотта тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккер түсірген сурет)
x
1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан төртеу (солдан оңға): Ертай Көпесбаев, Түгелбай Тәшенов, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев сотта тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккер түсірген сурет)
1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан төртеу (солдан оңға): Ертай Көпесбаев, Түгелбай Тәшенов, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев сотта тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккер түсірген сурет)
атынан жазылған «Ерке тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!» деп келетін әйгілі арзу өлеңмен салыстырады.

– Жаңаөзен – Жүректегі жара іріңді,
Қанмен жазып бердіңдер нала, мұңды.
Бұдан кейін «Сайлауда жеңемін» деп,
«Нұр Отан», шайқамашы шалабыңды! – деп бастаған Индира Кереева 1986 жылғы желтоқсан мен 2011 жылғы желтоқсан оқиғаларынан ұқсастық іздейді:

– Ел емес ем онсыз да азабы кем,
Халық қана «лас»...
Билік «таза» кілең...
...«Желтоқсан»мен Жаңаөзен қатты ұқсайды,
Қойша құны қалмаған Қазағымен!

Ал ақтаулық Бектұр есімді азамат Жаңаөзен тақырыбын:

– Он алтыншы желтоқсан,
Алқымдаған не ажал?
Он алтыға толмаған,
Жасқа тиген, кім – тажал?

Бауырдан қан сорғалап,
Әже тұр ғой қорғалап,
Кеудесіне оқ тиген,
Ағам жерде домалап.
Он алтының бәрін де
Қазақты алды сор қамап, – деп жырға қосады.

Жаңаөзен оқиғасы жайлы жазылған жырлар қатарында Ресейде тұратын Жарқын Өтешова есімді ақын қыз бен саясаткер Әміржан Қосановтың өлеңдері де бар.

«Өзеңім» деген өлеңінде саясаткер Әміржан Қосанов:

– Өзенім менің, Өзенім,
Өрелі өлкем, өз елім.
Өлгенін көріп өреннің
Өртенді өксік өзегім!

Қымтанып күтем қысты алда,
Жылытар мені Өлең-дүр.
Бәйкүнә оққа ұшқанда
Күнәһар болып, мен өлдім! – деп күйзеледі.

Мәскеу қаласында тұратын Жарқын Өтешова желтоқсанның 19-ы күні жазған «Жаңаөзендік бауырларыма» деп аталатын өлеңінде:

– Төрiң қайда, есiгiң, қайда жұртым?
Бұйырмай тұр, өзiңе байлық-құтың.
Майыңды iшiп, тебедi өзегiне,
Қаптап кеткен, қыл-қыбыр, ұры-құртың!

Қайнап қаным, өршидi намыс-арым!
Өзегiмді өртейдi, от пен жалын!
Өз елiнде жарымай жарлы болдың,
Неткен қымбат, мұнайың Маңғыстауым! – деп төгіледі.

АЙТЫСКЕРЛЕР ЖАҢАӨЗЕН ТАҚЫРЫБЫН АЙНАЛЫП ӨТТІ

Жаңаөзенде көп адамның қазасына ұласқан оқиғалар болғаннан соң үш күн өткенде, яғни желтоқсанның 19-ы күні, Астанада қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Жастық жалынымыз саған – тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыппен жасы отызға толмаған ақындардың арасында айтыс өтті.
«Жастық жалынымыз саған – тәуелсіз Қазақстан» атты айтыстың марапаттау рәсімі. Астана, 19 желтоксан 2011 ж.«Жастық жалынымыз саған – тәуелсіз Қазақстан» атты айтыстың марапаттау рәсімі. Астана, 19 желтоксан 2011 ж.
x
«Жастық жалынымыз саған – тәуелсіз Қазақстан» атты айтыстың марапаттау рәсімі. Астана, 19 желтоксан 2011 ж.
«Жастық жалынымыз саған – тәуелсіз Қазақстан» атты айтыстың марапаттау рәсімі. Астана, 19 желтоксан 2011 ж.
​Оған қатысқан ақындар бұл жолы Жаңаөзен тақырыбын қозғамады.

Айтыс басталар сәтте жүргізуші Жүрсін Ерман:

– Тәуелсіздіктің әдемі суретін сала отырып, жиырма жылдағы еліміздің бастан кешіріп отырған экономикалық болсын, әлеуметтік болсын, шаруашылықта болсын - аяққа кісен болып жатқан кемшіліктерді ақындар тілі жеткенше айтады, – деген еді.

Жыр додасына түскен жиырма ақынның арасынан бас жүлде алып, бір миллион теңгені иемденгегн қызылордалық Мұхтар Ниязов қана алғашқы айналым аяқталар тұста тәуелсіздік мерекесін ел болып тойлап жатқанын жырлай келе:

–...Асабаға бағынбай Ақтау ғана,
Төбелес қып жатқан тойдың соңын, – деп түйіндепті.

Кімнің сөзін сөйлейміз. Қазақтың мүддесі, ұлттың мүддесі деген тұрғыдан келсек ақындар қосылып кетер еді. Не болғанын білмеген соң «соған назар аудармай-ақ қойыңдар» деп өтініш жасадық.

Айтыскер Мұхтар Ниязов ақындардың Жаңаөзен тақырыбынан айналып кетуін Азаттық тілшісіне былай деп түсіндірді:

– Жаңаөзен оқиғасы аяқ астынан болды. Ол неден басталды, кім ұйымдастырды – туралы толық мағлұмат білмейміз де. Ал бірдеңе айту үшін оның мән-мағынасын ашып алуымыз керек. Айтыс басталатын күні естідік.

Жаңаөзенде жеті ай бойы - ала жаздай наразылық білдіріп алаңда тұрған мұнайшылар жайлы ақпараттан хабарсыз екендігін уәж ретінде көлденең тартқан айтыскер: «Біз айтысқа алдын ала дайындаламыз. Ал дайындық барысында Жаңаөзен мәселесі жоқ болды», – деді.

Астана қаласының әкімішілігі ұйымдастырған, бір күнге созылған осы айтыстың аяқталған соң оны жүргізген Жүрсін Ерман:

– Таңертең ақындарға өтініш жасадық. Жаңаөзенде, Шетпеде болып жатқан оқиға - мемлекеттің трагедиясы. Бірақ анық-қанығын біліп жатқан жоқпыз. Кімнің сөзін сөйлейміз. Қазақтың мүддесі, ұлттың мүддесі деген тұрғыдан келсек ақындар қосылып кетер еді. Не болғанын білмеген соң «соған назар аудармай-ақ қойыңдар» деп өтініш жасадық, – деп жұртты құлағдар етті.

Жүрсін Ерманның сөзінен үзінді
Loading
12:00:00 / -:--:--


ПІКІР АЛАҢЫНДАҒЫ ЖЫРЛАР

Жаңаөзен туралы өлеңдердің бір шоғыры - Азаттық радиосының сайтында осы тақырыпта жариялаған мақалаларға қатысты оқырмандар жазып қалдырған пікірлерімен бірге тіркеліпті.

Ақтаулық Болат Жетекбай есімді оқырман:

– Мен не дейін? Ел қырылған күн еді.
...Содан кейін шаңды боран үдеді.
Солып қалмай соға берді әйтеуір
Соры қалың қазағымның жүрегі.

Арқа сүйер Отанына сеңгірдей
Сенген күйі інім өлді өндірдей.
Гүл-өмірін жұлып кетті жалғыз оқ,
Ақ боранда адасқан жоқ жол білмей, – деп азалы сәтті суреттейді. Сонымен бірге ол тағы бір өлеңінде:

– Астана, алыс-жақын аймақтарым,
Алдында төрелердің маймақтадың!
Радио, теледидар, мұқым газет
Құптады жағымпазды сайратқанын.

Басқарған кімдер бізді? ...Бағамдадық.
Сөзінен түйір дәнек таба алмадық.
Қосылып «өңкей қиқым» билеріме
Бүлікші, бұзақыны жамандадық, – дейді.

Қазақты
Қазақ атып – ажал өпті!
«Атыңдар!» – деп,
Ырсиып бұйрық берген –
Айтыңдаршы,
Биліктің несі кетті?!

Оқырман пікірлеріне келіп түскен жырлардың негізі - биліктің Жаңаөзен оқиғасына байланысты іс-әрекеттерін сынайды. Сондай жырлардың бірі - Азаттық сайтының шетелдегі тұрақты оқырмандарының бірі - Қажы Мұқамбет Қаракедей есімді азаматтың өлеңінде көрініс тапқан.

– Жаңа кезең басталды,
Жаңаөзенің қозғалды.
Мұнай құсап ел қанын,
Ішкен билік қорғанды.

Малы керек жан үшін
Жаны керек ар үшін.
Тапталғанда ары ердің,
Салмайды ма бар күшін?

Жетті міне, көзі Адай,
НӘН-ге керек тек мұнай.
Енді көрді бек бекер,
Албастыны деу құдай, – деп суреттейді.

Сондай-ақ интернетте Жаңаөзенді жырға қосқан ақын Қуаныш Мұқтайдың өлеңдері де жарияланды.

– Не боп кетті дүние,
Не боп кетті?!
Қазақты
Қазақ атып – ажал өпті!
«Атыңдар!» – деп,
Ырсиып бұйрық берген –
Айтыңдаршы,
Биліктің несі кетті?!

Жаңаөзен!
Сонша ауыр күнәң бар ма?
Басқаға кең дүние саған тарда...
Арылар күні бар ма тұл қазақтың,
Емі жоқ, кіл есалаң сұрақтардан?! – деп толғайды ақын.

Осы іспеттес жырлар маңғыстаулық Жакен есімді азаматтың және аты-жөні белгісіз өзге де ауторлардың атынан тіркелген өлеңдерде кездеседі.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Жазылбек Қайдан: Қазақ Ақтау
30.12.2011 17:29
+0 / -0
Мұхтар Ниязов, Жүрсін Ерман екеуі де мәңгүрт қорқақтар. Ондай өтірік айтыстары, өтірік өлеңдері құрысын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.12.2011 16:40
+0 / -0
Азаттык радосы 19 желтоксанда болган айтысты бересиндерма? РАХМЕТ!
Пікір алмасу

Кімнен: Мұхтар Мұхамбетжан Қайдан: Шымкенттен
03.01.2012 14:32
+0 / -0
Ақындарымнан айналайын аждаханың отты аузына отты сезімдерін тосқан. Бар болыңдар. Шүкірлік. Болған қылмысқа Тарих әлі-ақ бағасын береді, ол күн алыс та емес. Қорқыныш пен үрейден құтылыңдар, қазақ жамағаты!!! Жүректен құлдықты жұлып тастап, мен қазақпын, мен зааматпын, мынау ел - сенікі емес, қанішер, менікі деп даулайтын заман келді.

Кімнен: Акон Қайдан: Астана
30.12.2011 17:44
+0 / -0
– Жазылатын санамда бекемді
Ой көп...
Басым сынып барады...
Шекем "Гөйлеп"...
...Айтарымды айттым ал!
Қудалаңдар,
«Индира уахабис екен ғой» деп..

Қалқам уахабисин не айтып отырған? Ел қырылып жатса уахабист екен ғой деп атыңдар деп бәлденбей ақ қой! дәм- тұзы татымағағн өлең! Ұларбектен мықты өлең жэзған ешкім жоқ екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.01.2012 16:52
+0 / -0
Бұл оқиға Жаңаөзеннен басқа қалада орын алғанда (мұнайшылар болмағанда) билік "бұл бүлікті уахабистер жасады" дейтініне өз басым бәс тіге аламын!
Индира өте орынды айтқан!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 16:04
+0 / -0
Иа, елде не болып жатсада, барлыгын вахаббистерге аударып тастайды. Ал Жана-Озендеги жагдайды вахаббистерге аударып тастауга уакыт жетпеген сиякты.

Кімнен: желтоқса желі Қайдан: желтоқсан
30.12.2011 17:52
+0 / -0
желтоқсан желі тоңдырды мені,тоңдырды сені,ызғарлы. -Ә.Тыналиев.1989 жылы жазылған.модер аудиосын ілсеңіздер болады

Кімнен: әЛІ ЕРДЕНЕ
30.12.2011 18:41
+0 / -0
Жағымпаздар мен жантықтар емеспе, жАҢАӨЗЕНДІ ШЫНДЫҚТЫ ШЫРҚЫРАТЫП АЙТАТЫН МаХАМБЕТТЕР ҚАЙДАН БОЛСЫН.өҢКЕЙ СОРЛЫ
Пікір алмасу

Кімнен: текті қазақ
30.12.2011 23:28
+1 / -0
Қаламды қолға алайын,
Шабытты жолға салайын.
Шала ұйқы болып, қалғымай,
Сөзімді қолда ағайын.

Жырыңмен қорға жеріңді,
Жырменен қолда еліңді,
Деген маған Алламнан,
Түсімде бұйрық берілді.

Қолда деген еріңді,
Маған бұйрық берілді.
Жырыммен соны жеткізіп,
Тарқатайын шерімді.

Сор қылардай жерімді,
Қор қылардай ерімді.
Мына билік соншама,
Неге елінен жерінді?

Бастырып жатқа белімді,
Саттырып жатқа кенімді.
Елі сенген ел басы,
Ақтамады сенімді.

Көңілді демеп шер басқан,
Жазайын бір шер дастан.
Ой салар ма екен жандарға,
Мансаптан көзін шел басқан.

Отырып алып талайдан,
Шықпайтын салқын сарайдан.
Ойланар ма екен біреулер,
Байлықтан көзі қарайған.

Қазаны толып қайналған,
Азуы толып шайналған.
Ес жияр ма екен кейбіреу,
Бақыттан басы айналған.

Аптада тойы тойланған,
Өзінше дөкей сойланған.
Танытар ма екен бір кейіп,
Мықтылар бір сәт ойланған.

Не болса да жазайын,
Жүректен жыр-кен қазайын.
Ашып айтып шындықты,
Тартқызайын сазайын.

Хақым жоқ үнсіз жүрмекке,
Жалтақтап өмір сүрмекке.
Жұртына жаны ашитын,
Қосылайын дүрмекке.

Лайық емес құрметке,
Арамшөп пенен күрмекке
Кей ақын сынды хақым жоқ,
Мақтау айтып үрмекке.

Кездердей емес алғашқы,
Бұл күнде билік алжасты.
Алданбауға шақырам,
Үлкенің, кішің, бар жасты.



Кімнен: Тау
30.12.2011 22:31
+0 / -1
Айтыскерлер арасында ақын жоқ, ақын болғысы келген ақымақ көп!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Атырау
31.12.2011 08:54
+0 / -0
Жүрсін Ерманды батыр деп кім айтты! Жоқ ол батыр емес....
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: жаңаозен
31.12.2011 11:23
+0 / -0
ақындар ақын емес шындықты аңратып аитпаса

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
31.12.2011 12:57
+1 / -0
Ақын деген саясаткерлер емес,неге саясаттың сойылын соқты екен? Сонша жақсы көретін ақындарды халқына жек көрішті етіп отырған сол тағы билік,тарихқа қалады бұл жалтақойлық,жас ақындарда әзір шабыт ,талант барда ,майдан ,көзқарас, өзіндік дүние таным жоқ,,,оң мен солын айырмаған кілең жас, бұл сұмдықты да мәсімов үкімет басына шыққыннын бастап естідік,,,,ойланыңдаршы ағайын,,,ойғырлар көтерілгенде қазақтар күшпенде саясатпенде жымықтырып отырған,,,,соның өшін мәсімов осындай сұмдықтармен қайтврып жатқандай, біздің шаншар дың күлдіргілері жүн жеп жабағы тышты,,,бір -біріне дауысы келмейтыі әншілер бірігіп ән шырқады екі жұлдызда,,,,сосын теле арналарда тек қана мақтаулармен мадақтаулар айтыла бастады,,,,қазақтың болымысына жат,көлгірлік саясаты жүрілуде,,,діншілдер арасында дінсіздер арасында қақтығыс туды,,,қытайдан және басқа мемілекеттен қарызды алып жатырмыз,,жаңа өзенде болмашы мәселе үшін халықты қырып тастады,,,мықты қазақтар қуылып ,өлтіріліп ,журналйстер сотталды,,,т,б,,,осының бәрі кәрім мәсімов билікке шыққын соң болды
Пікір алмасу

Кімнен: Адам Қайдан: баласы
31.12.2011 20:24
+0 / -0
Билік өз халқыны оқ атса соңы жақсылық болмайды: Муаммар Каддафи, Египет президенті де солай істеді, халқын күшпен тоқтатпақшы болды.соңы не болғанын бәріміз де білеміз. Билік айтады: кінәлі шеттен келген арам ойлы адамдар тобы дейді, бірақ Жаңаөзенде сегіз ай бойы далада жатқан халықты неге көрмеген? әдейі көрмегенсиді. Негізі осы мәселе Назарбаевтің құлағына жеткен, алайда ол мұны шешуді Тимур Құлыбаевқа тапсырған, ол тіл алмады немесе жай ғана басы жетпеді, тойдан қолы тимеді, сосын оны қызметінен атасы қуып тастады. Енді Маңғыстауға, намысшыл қазақтарға дайын әскери адамды басшы етіп қойды, бірдеңе бола қалса қолы дір етпестен қырып салуға дайын. Тіпті халықты шет елдік арнайы топтар алып шықса, құпия қызмет қайда қарап жүр? ел іші елу құлақ, сөз ауыздан ауызға тарап ақ жетер еді ғой. КНБ лар өздері аңдып жүрген қылмыскерлер қолынан тапты, сонеда оларды кім қайда және қалай дайындап жүр?

Кімнен: Патриот Қайдан: алматы
31.12.2011 14:57
+0 / -0
КАСЫМОВ! В ОТСТАВКУ!

Кімнен: Намыс Қайдан: Ақтөбе
31.12.2011 22:29
+0 / -0
Жаңаөзен оқиғасы кезінде, әліптің артын күтпей нағыз батырлық көрсетіп мақала жазған екі адам бар. Біреуі - Мұхтар Мағауин, екіншісі - Амангелді Кеңшілікұлы. Мұхтар Мағауиннің мақаласын Азаттықтан, Амангелді інімнің мақаласын "Жас алаштан" оқыдым. Мақтап жүрген ақындарымыздың көбісі үндемей қалды. Анау "әр қазақ менің жалғызым" деп ұрандатып жүрген Сабыр Адай қайда қалды., батыр болса, Анау Рахымжан Отарбай деген Америкаға барып батырсынып келген жазушымыз неге үндемей қалды? Әлде жүз грам табылмай қалды ма? Адаймын деп терісіне симай жүретін Раушан қайда? Фариза Оңғарсынова да туған елін сатып кетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Ысықбай Қайдан: Атырау
01.01.2012 05:13
+0 / -0
Рахымжан Отарба әр кез ЕБ-нің сойылын соққан адам. Америкада сол құрғыр жүз грамның кесірінен жиналысқа қатыса алмай, қонақүйде бірдеме бүлдіріп жұмыстан шығып қалды ғой.
Әй қазағым-ай, "мен ол жақтағы жиналыста біреумен сөзге келіп қалып, содан жұмыстан кеттім" деген ертегіге сенген! Қазір ол жаңаөзендіктерді айыптап пікір айтып жүр. Айтқанда да қатты!
Ал Раушан деген белгілі бегей емес пе!
Пікір алмасу

Кімнен: мұнайшы қазақ
01.01.2012 23:15
+0 / -0
Рахат маладес!
Өткенде тамыз айыында хабар арнасынан берлген Көзқарас деген тікелей эфир хабарнда да мунайшыларды қолдайтндығын блдіріп ашығыын айтқан ақиқат сөздері бүкіл қазақстанға тараған нағыз батыл ержүрек ақын осы болатын. Артыынан сол хабарды жүргізген оралдық Азамат Қалымбетовтіде хабарлықтар қудалап, жумыстан шығарыып жатыр деп естідк. Бұл жауыз билктен бәрінде күтуге болады.
рахат ақын бұл жолыда сонысынан таймай, өжеттігн көрсеткен екен. Мунайшылар саған риза Рахат. басқа Сабыр, светқали, ғалым, темір, әнуарбек сияқты әшейіінде ақынмыын деп кеудесін соғып жүргендер ел басыына күн туғанда үндемей, басын бағыып қалғанда суырылып шығыып, шындықты айтқан жалғыз маңғыстаулыық ақын сен болдыын. Сен сиякты қазақтың нар жігттері аман болсыын! Енді мына жауыыздар сені де ұстап кетіп журмесін, өзңді сақта, абайла, бауырыым! Сен халқыыңа керексің!
Пікір алмасу

Кімнен: байкал
03.01.2012 23:11
+0 / -0
Есенғали Раушановпа? ол кісі адайма еді ?Әлде басқама?Тағы кім бар?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.12.2011 23:04
+0 / -0
"Жаны күйген тәңірісін қарғайды" деген бар емеспе, айтқан сөз жерде қалса, тыңдар құлақ болмаса, халық мұңын кімге айтады. Өртенсе зұлымдық ошақтары (Рд, әкімшілік) және солардың жақтастарының дүкендері жанған,арасында кездейсоқ мәшинелерде кеткен. Ал осы үшін жүздеп қырып, қуалап жүріп өлтіру ақымақ жауыздың ісі.

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
01.01.2012 15:07
+0 / -0
Астанадан Акон дегенге жауап

Өлеңнің төркінін түсінбеген соң интернетке пікір жариялап өз надандығыңызды көрсетіп алғаныңыз ұят болды.
Индираның айтып отырғаны - осы жазда біздің "халықшыл" үкімет "уахабист" екендігін еш дәлелдеместен 10-шақты жігітті Ақтөбеде қырып салды!
Индираға баға беру үшін ең берісі - оның барлық өлеңдерін оқып шығу керек. Ол - тума талант, қазақтың жап-жас ақын қызы! Бірақ қанша оқысаң да оны түсінуге сенің миың бәрібір жетпейді-ау деп қорқамын.
Пікір алмасу

Кімнен: Акон Қайдан: Астана
01.01.2012 21:25
+0 / -0
Бұл жерде Жаңаөзен туралы жырлар жазыла бастады деп тақырып айқайлап тұр! Онсызда ұры қары бүлікшілер деп жазықсыз жастарға айдар тағып жатқанда енді уахабистерді неге тіркеп отырсындар?! "Қасқалдақтай қаным бар,қазақ деген затым бар" деп Қайрат Рысқұлбеков сот үкімінің алдында оқыған. Үйінде жатып алып , қуып уахабист екен атыңдар деп өткен шақтың оқиғасын Жаңаөзенге әкеп неге шатып отыр. Сені ешкім ақын емес деп жатқан жоқ ,сынды қабылдауды үйренсей алдымен. Ақынмын деп шатырламай!

Кімнен: dai Қайдан: adaikoh
01.01.2012 19:08
+0 / -0
Ұшады Маңғыстаудан шағалалар
Қаралы сыр айтады саған олар.
Мұңаза зарын сауып мұнаралар
Қаназа сорын төккен бағаналар.

Шағала не тәйірі...
Аққу едім!
Каспийді тербеген ән - гәкку едім.
Су тағы суын мінген боздағыңның
Көтерген қолындағы ақ ту едім.

Ар едім,
Жігер едім,
Намыс едім!
Алаштың ырысы едім, табысы едім.
Кіл жендет қырып салды айдап келіп,
Адайдан кетті білем тағы сенім.

Ту қалды ат үстінен боздақ құлап.
Көз баққылап, араға сөз жаққылап.
Қамшыны хан да салды, қарашы да,
Бәйгіден жаттың аты озбақ бірақ.

Қақсайды қанқасталы жауырымыз.
Қамшыңнан таспа болды сауырымыз.
Заматта айнып шықтың айып тағып,
Ағатай, мен едім ғой бауырыңыз.

Тағы да ақкөз адай сорлайды ма?
Қапаста қарындасты зорлайды ма?
Калашқа жабысқанша тұра келе,
Алашқа жылы сөзің болмайды ма?

Тарихты болдық тағы аз ұққандай.
Хан кінәсіз, халық та жазық қандай?
Тарпаңды қыл арқанмен қанша байла,
Барады байқаймысың қазық қалмай...

Көнбейді ақылды жұрт бәңгі есекке
Маңдайды өзің тоспа НӘН кесекке.
Тақ шайқалса, ағайын Бақ шайқалар
Ермелік енді жұртым қаңғы өсекке.
Әркімге нәті жолдас, Хақ бұрылса
Тұрмайды қанша патша, хан десек те.
Ақ туын Азаттықтың қолдан жықсақ,
Қазақты мәңгі-бақи қан кешет де!
Жазасын Құдай берер, пендесі емес,
Кім жендет?
Мақшар күні таңғы есепте.
Билігім артық айтсам кешіріңіз,
Халқым-ау кем айттың деп сен де сөкпе!

Ұшады Маңғыстаудан...
Ұшпайды енді...
Қарғалар қаройымды қыстайды енді.
«Күйеулер» қызыңды алып, жүзің ғаріп,
Мазақтап басымызға тышпайды енді.


Ақ ҚҰДАЙ, Күрсідесің, Ғаршыдасың!
Алаштың дауға түскен аршы басын!
Адайым, нар едің ғой, сабыр сақта...
Қайғыға көрт шыдамас, нар шыдасын.
Ақ таңы ақиқаттың аз-ақ қалды,
Жазған-ай, сәл шыдашы, сәл шыдашы!

Әнуар Бимағамбет


Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
02.01.2012 01:02
+0 / -0
Әнуар, бері қара, сен мына биліктен қандай кешірім сұрап отырсың? Босқа өлгеніміз үшін кешірім сұрамақпысың? Осыны түсіндірші. Кешірім сұрайтындай не жазыппыз? Қызыл қанымызды төгіп, келер ұрпақ қызығын көрсінші деп сары майдай сақтаған байлығымызды біресе индонезия, біресе күйеу бала, біресе қытай келіп талағанда бір ауыз артық сөз айттық па? Сенімсіздік туғызатындай бұл адай кімге не жазыпты? Рас, орыс билігін мойындамай екі рет қырылдық, бірақ мына қазақ билігін мойындап едік қой, өзіміз деп есептеп, қойны-қонышымызды түгел ашып тастап едік қой, сондағы көрген сыйымыз осы ма?

Кімнен: нағыз қазақ Қайдан: астана қаласы
04.01.2012 17:42
+0 / -0
Мына сайты қараңыздар ағайындар,
http://www.youtube.com/kplustvkaz#p/u/19/5Q2gAUyKvZc

Ойаныңдар қазақтар...ойаныңдар...

Кімнен: нағыз қазақ Қайдан: астана қаласы
04.01.2012 19:58
+0 / -0
Мына сайты қараңыздар ағайындар,
http://www.youtube.com/kplustvkaz#p/u/19/5Q2gAUyKvZc

Ойаныңдар қазақтар...ойаныңдар...

Кімнен: нағыз қазақ Қайдан: астана қаласы
04.01.2012 20:43
+0 / -0
Мына сайты қараңыздар ағайындар,
http://www.youtube.com/kplustvkaz#p/u/19/5Q2gAUyKvZc
http://www.youtube.com/watch?v=2zPOhv0kpDQ
http://www.youtube.com/watch?v=5eUwE2ruylc
http://www.youtube.com/watch?v=HU7ANvYUpPA
Ойаныңдар қазақтар...ойаныңдар...

Кімнен: Қайсел Қайдан: Атырау
05.01.2012 18:32
+0 / -0
Жаңаөзен - қанды Желтоқсан!

Бес елі соры әуелден қазағымның,
Басына тағы келді азалы күн.
Сұмдық-ай!!!
Бүкіл әлем куә болды,
Қыршындай боздақтардың ажалының.
*** ***

Аттай ширек ғасырдан соң,
Желтоқсанда басылған сол.
Тынып жатқан қазақ РУХЫ,
Жаңаөзенде жанартау боп атылды.
Халыққа оқ атылды!!!
Арман қуған балалар,
Мақсат қойған ағалар,
Ақ сүтімен елді ұйытқан аналар,
Өкініштен аһ ұрды!!!

Кенесары РУХЫ көрден оянды,
Ояна сап қызыл қанға боялды.
Қасыретті Жаңаөзен боп тірілді,
Тіріле сап қарауылға ілінді!
Қасиетті Маңғыстауда тірілді,
Бар қазақтың ар-намысы бүгінгі!!!

Сұм биліктен қалмай шапқан,
Сол баяғы жандайшаптар,
Қарсы алды алдынан.
Мойнында сол баяғы қарғы бау!
Қарсы алды сол баяғы жендеттер,
Жүректері өліп қалған жөргекте.
Өз торына қол-аяғы маталған,
Сол баяғы ойы тайыз қатал жан.
Қиыспайтын ертегіден құралған,
Сол баяғы құр алдау!

Қаймықпады бірақта РУХ бұлардан.
Шындық деген найзасы бар қолында,
Шабақтарды шаншып алып шалшықтан,
Шырылдатып су бетіне шығарған.
Автомат боп себелеген ажалға,
Қарады РУХ тайсалмастан күлімдеп:
«Жақындады билік сенің түбің» деп,
«Туып келе жатыр менің күнім» деп,
Ажал оғын оңды-солды боратқан,
сатқын билік, жағымпаздар, жендеттер,
Қоя берді аяқ-қолы дірілдеп!!!
**** ****
Жаралы жұрт,
Қаралы елім,
Анашым!
Жыламаңдар, бекініңдер алашым!
Жәутеңдемей түз тағысы бөріде,
Емдемейме өз тілімен жарасын.

Тас жүрекке салды ма ұя қаталдық,
Бабалардан әлде теріс бата алдық.
Бейбіт елміз жер бетінде деп жүріп,
Өз бауырын қырған халық атандық.

Тамырына балта шауып тарихтың,
Саналарын уламақ қой халықтың.
Қазақ дейтін ел болмады деді ғой,
Біздің патша басқаларға тағып мін.
Бабалардың төккен қанын ескермей
Туған жердің киесінен сескенбей.
Менмендіктен екі көзін шел қаптап,
Тарих менен басталды дер дес бермей.

Қазақ деген ел болар ма ед осыгүн,
Жәнібекпен, Керей ханы болмаса.
Орда тігіп Шу бойына қонбаса.
Абылай хан, Бұхар жырау, Есімді,
Қазақ емес деудің өзі далбаса.
Қасым-Сыздық-Кенесары хандарды,
Қазақ үшін жанын қиған жандарды.
Қазақ емес дейсің бе сен Сырымды,
Исатай мен Махамбеттей Ұлыңды.
Құрбан болған айтып-айтпай талай ер,
Тәуелсіздік таңы үшін бүгінгі!!!

Өр қазақтың тамырының қап-қалың,
Қайдан білсін тым тереңде жатқанын.
Сол тамырдан әр қазақтың бойына,
Қан жүгіріп РУХ бүршік атқанын.
Өлмейтінін қайдан білсін РУХТЫҢ!
Көрінгенмен уақытша өшкендей!
Ол РУХ жүр ақтабан сор көштерде,
Ол РУХ жүр сонау белес төстерде.
Жан береді, қан береді қазаққа,
Көк бөрідей ұлып қызыл кештерде!
Ол РУХ жүр мынау шалғын беткейде,
Суарылып бабалардың қанымен,
Қайта шыққан мына әрбір шөптерде!
Текке өлді деп ойламаңдар,
Текке өлген!
Ол РУХ жүр алынбаған кектерде!
**** ****
Қарашасын тоғыз айда бір көрмей
Ортасына тоғыз айда бір келмей.
Қырып салдың өз жұртыңды бір күнде,
Ен далада киік атып жүргендей.
Айтыңдаршы айыздарың қанды ма?
Өз қаныңнан бөлек пе екен қан мына?
Қан жылаған қалың елге жауап бер,
Бармас бұрын тозақ соты алдына.

Тағыда атам депсіңдер ғой.
Атыңдар!!!
Билік сенде.
Арсыздыққа хақың бар.
Бойыңдағы қалмағанын намыстың,
Жойылғанын дәлелдедің ақырғы ар!
Шашын жұлған ақ шашты ана – жесірмен,
Жетім бала қарғысына батыңдар!!!

Азаланып тынбай соққан ызғырық,
Қатырғанмен табиғатты мұз қылып.
Тоң боп қалған жүрегі оның сезеді,
Келетінін бар дүниені қыздырып,
Сөгетінін қабырғасын бір бірлеп,
РУХ деген ізгілік!!!
**** ****

Бәрін білгіш өзіңше жандайсыңдар,
Өзіңді де, өзгені алдайсыңдар.
Тапжылмастан тоғыз ай тұрған жұртта,
Айтыңдаршы білсеңдер қандай сыр бар?
Себебі оның шапшыған қанындағы,
РУХТЫ енді өлтіре алмайсыңдар!!!
Сорғалаған ешқашан қолыңдағы,
Қанды жуып кетіре алмайсыңдар!
Өлтірерсің жүз адам, мың адамды,
Сімірерсің шашалмай жүдә қанды.
Қырғын болған екі рет Желтоқсанды,
Ұмытпайды қалың жұрт бұл алаңды!
ҰМЫТПАЙДЫ ҰРПАҚТАР БҰЛ АЛАҢДЫ!!

Кімнен: Бабажанов Хамит Қайдан: Шымкент
05.01.2012 21:57
+0 / -0
Бұзылды шырқы Жаңаөзен далаңның
Қаһарынан қорықсаңшы Алланың
Қазағым-ау осы ма еді көрмегің
Жазығы не нан сұраған БАЛАҢНЫҢ

Сан жағдайды өткіздің ғой сан құйлы
Әрбірінде жазықсыздар жан қыйды
Ал, бүгінгің сыйымсыз ғой ақылға
Елім деген кеңірдекке қан құйды

Кімнен: Азамат Битан
08.01.2012 01:23
+0 / -0
Келсем жұртым жылап отыр, жаным - ай,
Тыныштық пен татулыққа жарымай.
Бір атаның балалары бұзылып,
Бір - біріне оқ атыпты танымай.

Биік тұрған әр уақытта намысың,
Өлімнен де артық қойған ар ісін.
Ер атаның ер ұрпағы жылай ма?!
Алатаудан ақырады барысың!

Келсем жұртым жылап отыр, жаным - ай,
Тыныштық пен татулыққа жарымай.
Қара ниет қаралардың қарғысы,
Өтпей қалсын сауытыңа дарымай.

Бірлігіңе сүйсінемін әлі де,
Мына қайғың ортақ болды бәріне.
Сырттан келген жауызыңа қол берсең,
Бабаң салған сара жолдың мәні не?!

Кімнен: АР Қайдан: АКТАУ
14.01.2012 20:25
+0 / -0

Көңілде тоң боп сіресіп жатыр сан күдік
Әділдік қайда, ақиқат қайда, заңдылық?
Бұғаудан әлі бас көтермеген елімді
Тоңдырды тағы желтоқсан желі жаңғырып.
Ел едік біздер жігері жалын, от, қызба!
Егемендікке аңсап біз жеткен жокпыз ба?
«Тәртіпсіз елді тәртіпке салғыш басшылар»
Анаң ғой халық, анаңа қарсы оқ атқызба!
Халықтың ашу, ызасы бойда қайнаған,
Ұқ елдің мұңын, жүрекке терең бойла да
Тарихтың қанды бетінде қалар іздерің,
Киелі елдің тағдырыменен ойнама!
Қуанды неге ән айтып басқа, билеп ел?!
Марапат та коп, шаппаған атқа жүлде бер!
Оранып жатыр қып қызыл қанға Жанаөзен
Келер ұрпаққа беретін жауап күн келер!
Жатырсың қырып, қара жер қанға тоя ма?
Ойласам елді, ұйқымнан шошып оянам.
Танктеріңмен таптайтындай ел не жазды?
Әулиелердің мекенін қанға бояма!
Қысқалау қолым.
Жауабын таппай тосылдық,
Жосадай болып, боялып қанға жосылдық
Қаңғығанға да, қарақшыға да пана едік,
Қазаққа қазақ оқ атты деген не сұмдық?
Күте ме алда жеңістер бізді толайым,
Ел үшін туған ер үшін құрбан болайын!
Қайролла, Әбіш елімнің азаматтары- ау?
Сенгенім сендер, маңырағаныңа болайын!
Сөнбес - ау оты түтіні түзу түндіктің,
Қайнайды қара қазанында ел бірліктің.
Саған да туар бұзаудың күні, ұмытпа
Жалдамалы жендет, қолшоқпарлары биліктің!
Құрығың ұзын, күшіңмен әлі он орайсың,
Өзіңді қазір еліңнен биік санайсың
Тамырын шауып өрімдей ұл мен қызыңның
Ертеңгі елдің бетіне қалай қарайсың?
Туыңды тура тіккендей айдың қасына,
«Тәуелсізбіз» деп жар салмай ақ қой босына,
Өз отаныңда өзің бастасаң қырғынды,
20 жылдағы жеткен биігің осы ма ?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?