Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 04:53


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Жаңаөзен сотын тоқтату жайлы айтыла бастады

Қоғамдық комиссия өкілдері Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтауда өтіп жатқан сотта заң бұзылғанын айтып, сотты тоқтатуды талап етті. Бұл талапты Human Rights Watch ұйымы да айтты.

Сотқа қатысушыны тексеріп тұрған полиция қызметкері. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.
Сотқа қатысушыны тексеріп тұрған полиция қызметкері. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың 23 сәуір күнгі отырысында түске дейін 12 куәгер сұралды.

КУӘГЕР «ҚЫСЫМ КӨРГЕНІН» АЙТТЫ

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, сотта куәгерлердің бірі – «Аруана» қонақ үйінде күзетші болып істейтін Ерлан Нұржан «алдын ала тергеу кезінде қысымға ұшырап, жалған жауап беруге мәжбүр болғанын» айтқан.

 – Ол милицияға бара салғаннан бастап өзіне қысым жасағанын айтты. Айыпталушылардың арасында Сарыбаев деген кісі бар екен. Ол да күзетші екен. Полицейлер «Аруанадағы» банкоматты сол тонады деп айт. Өйтіп айтпасаң, бәрін сенің мойныңа ілеміз. ОМОН-дардың қолына береміз» деп қорқытып, ұрып-соққанын айтты. Ол (Ерлан Нұржан – ред.) бұл үшін айыпталушының анасына барып кешірім сұраған екен, –  дейді Ерлан Қалиев.
Адвокаттар сот отырысына кірер алддында. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл. Тәуелсіз блоггер Андрей Цуканов түсірген фото.Адвокаттар сот отырысына кірер алддында. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл. Тәуелсіз блоггер Андрей Цуканов түсірген фото.
x
Адвокаттар сот отырысына кірер алддында. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл. Тәуелсіз блоггер Андрей Цуканов түсірген фото.
Адвокаттар сот отырысына кірер алддында. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл. Тәуелсіз блоггер Андрей Цуканов түсірген фото.

Айыпталушылардың бірінің анасы, бүгінгі сотта куәгер ретінде сұралған Бақытгүл Ермұқанова да қысым көргенін айтты. Ол «желтоқсанның 16-сы күні баласы алаңға бармаса да, желтоқсанның 23-і күні оны полицияға шақырғанын», дәл сол күні көршісінің қысыммен баласына қарсы куәлік бергені үшін өзінен кешірім сұрағанын хабарлады.

 – Полицияға кеткен ұлын күтіп отырған кезде ол көршісі Ерлан есімді баланың әзер келе жатқанын көрген. Кішкентай кезінен білгеннен кейін сыртқа шығып, мән-жайды сұрайды. Ал ол «Апай, мені кешіріңіз, мені полиция ұрып-соқты, сіздің ұлыңызға қарсы мәжбүрлеп жауап жазғызды» деп кешірім сұрапты. Анасы осыны айтты, – дейді Ерлан Қалиев.

Айыпталушы жігіттің анасы Бақытгүл Ермұқанова «бұл туралы әр түрлі ресми орындарға шағымданғанын, тіпті Жаңаөзенге барған бас прокуратура өкілі Құдайбергеновке де арыз жазғанын, бірақ еш нәтиже болмағанын» айтты.

Бүгінгі сотта куәгер ретінде Жаңаөзендегі мектептердің бірінде директордың орынбасары болып істейтін Барлыбаева да жауап берген. Ол «әкімшілік бұйрығымен желтоқсанның 16-сы күні алаңға келген 143 оқушының біреуінің қолына оқ тигенін, ол бала қазір Астанада ауруханада жатқанын» айтты.

Желтоқсанның 16-сы күні алаңға ән айту үшін келген жаңаөзендік әнші Венера Жармұхамбетова да куәгер ретінде сөйлеп, көрген-білгенін баяндады.

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиев «бүгін түске дейін сотта сөйлеген кейбір куәгерлердің сотқа не үшін шақырылғаны түсініксіз болғанын» айтады.

 – Шынымды айтсам, өз басым олардың не себепті куәгер болып танылғанын, іске не қатысы барын түсінбедім. Оларға жөнді сұрақтар да қойылмады, – дейді ол.

«СОТ ТОҚТАП, ТЕРГЕУ ІСІ ҚАЙТА ЖҮРСІН»

Жаңаөзен оқиғасына байланысты құрылған қоғамдық комиссияның бір топ өкілі бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, «Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот процестерінде заң бұзылып жатқанын» айтып, сотты  тоқтатуды талап етті.

 – Бұл әділетсіз соттың шешімі қайтадан көтеріліске, қақтығысқа әкелуі мүмкін. Біздің қояр талабымыз – соның алдын алу, болдыртпау, – деді қоғамдық комиссия мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлы.
Рысбек Сарсенбай, Жаңаөзен оқиғасын зерттеу үшін құрылған қоғамдық комиссияның өкілі. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.Рысбек Сарсенбай, Жаңаөзен оқиғасын зерттеу үшін құрылған қоғамдық комиссияның өкілі. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.
x
Рысбек Сарсенбай, Жаңаөзен оқиғасын зерттеу үшін құрылған қоғамдық комиссияның өкілі. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.
Рысбек Сарсенбай, Жаңаөзен оқиғасын зерттеу үшін құрылған қоғамдық комиссияның өкілі. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.

Қоғамдық комиссия өкілдері бүгінгі жиында Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға байланысты Ақтауда өтіп жатқан процестерге адвокаттар жетпей жатқанын, кейбір айыпталушылардың туыстары адвокат жалдауға ақша таппай отырғанын айтты. Олар елдегі кәсіпкерлерді сол азаматтарға көмектесуге шақырды.

Дүйсенбі күні Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы да Қазақстан билігін Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотты тоқтатуға шақырды.

«Араларында кәмелетке толмағандары да бар 37 айыпталушының көпшілігі сотта полицияның тергеу кезінде өздерін азаптап, қинағандарын, отбасыларына қысым жасағанын айтты. Оларға зорлық жасап, тұншықтырған. Бұл қылмыстық тергеу ісінің әділ жүргізілмегенін көрсететіндіктен, сот процесі тоқтатылуы керек. Тергеу ісі қайта жүргізілуі керек» дейді ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Михра Риттман.

Ұйым тергеу кезінде айыпталушыларды жалған куәлік беру үшін азаптап, қинағаны жайында дәлелдері бар екенін айтады.

«Жаңаөзендегі тәртіпсіздікті ұйымдастырды, оған қатысты» деп айыпталып отырған 37 айыпталушы алдын-ала тергеу кезінде қатты қысым көргендерін бұдан бұрынғы сот отырыстарында айтқан еді.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мерген
23.04.2012 18:42
+1 / -0
Дұрыс! Толық қолдаймын! Жаңаөзендегі сот тоқтатылсын! Билік, "жартасқа бардым, күнде айғай салдым, одан да шықты жаңғырық" дегізе бермей, істі әділ тергеуге жібер. Тым болмағанда құдайдан қорқыңдар! Адам не істесе де алдына келеді. Кеш болмай тұрғанда халық талабын орындаңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 20:37
+0 / -0
"Әділ тергеуге жіберілсін" дейсіз, біздің елде қайдағы әділ тергеу, әділ сот? Болған емес, жуық арада болмайды да.

Кімнен: Бахытжан
23.04.2012 19:16
+0 / -0
дұрыс сот тоқтатылсын, нағыз қылмыскерлерді сотау керек ол кім болсада милі ол мент па министрма әкім ба президентпа ,жартылай құдайма ,кім болса да, халық сол кезде тыныштық орнайды

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 19:37
+1 / -0
Қайран қазағым ай! Егемендік алғалы еңсең бір көтерілмей ақ қойды.Ең кішісі қалаға барсаң, қазақша дүкенннен нан да сатып ала алмайсың.Кейде сыған халқына қызығамын, тілдерін сақтаған, мәдениетін сақтаған, тіпті, қыздары ұзынетекті көйлек, бастарына орамал тағады. Бізде иманды қазақ қыздары бастарына орамал тағып, үстеріне ұзынетекті көйлек киіп, тік жүруді мақсат тұтса, оларды оқу орындарыына кіргізбей қойды.Сол сығанның билерін кейбір қазақтың тойларында дүбара қазақтар билеп те жүр.Уфф!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 20:06
+1 / -0
Қазақстан қасапстан! Жарты жыл жалақы бермей аштықпен қинайды. Оған өлмегендерін қуалап жүріп автоматпен атады. Оққа ілінбей аман қалсаң тепкілеп тұрып тергейді, басыңа целлофан кигізіп тұншықтырады. Оған да өлмесең соттап түрмеде туберкулезбен ауыртын біреумен бірге отырғызады. Оған өлмесең тағы бір нәрсе ойлап табатын шығар. Бәлкім, өздерін өздері жүрегінен екі рет атып, бір басынан атып қырылып қалатын шығар.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
23.04.2012 20:15
+1 / -0
Орынды, және де уақтылы көтерілген мәселе екен. Шыдамның да шегі бар. Бар халық болмаса да мына бетімен кеткен билікке, таяқтың екінші ұшы өздеріне тиіп отырған сот кезеңін қоғамға назарын салып жүрген көптеген азаматтар біліп, көріп отыр.Қазір бес адамның төртеуінің ойы Жаңаөзенде десем артық кетпеспін.
Мұның соңы жақсылыққа апармайтындығын және де шегелеп жүргендер аз емес.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 20:47
+0 / -0
Халықтан ұлкен рахметін алар еді

Кімнен: Полковник Қайдан: Ең демократиялық елден
23.04.2012 21:10
+1 / -0
Басталған сотты тоқтату мүмкін емес. Ал, қайта тергеуге жіберу сотталушыларға да, куәгерлерге де тиімсіз. Олар өздері бас тартқан жауаптарына қайта келіп, оларды тергеушілер орына "қайта қоюы" әбден мүмкін, сол белгілі тәсіл бойынша. Одан кейін олар ол жауабынан келесі сотта қайта бас тартпайтындай болады. Солай жасайды.
Бұл сотты аяғына дейін жеткізіп, ақтау үкіміне қол жеткізуге тырысу керек. Бұл соттың халықаралық сотқа дейін жететініне менің күмәнім жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 00:14
+1 / -0
Халықаралық демекші, Рахат Алиев бір сұхбатында меһнаты көп, бірақ жеткізуге болады деп еді. Комитеттегілер сол кісімен хабарласып көрсе қалай болар екен, бұрын кім болғаны кімге керек, ізгі ниеті болып жұмыстанам десе бетін қайтармау керек. Ит қанша ырылдасса да қасқыр көрсе бірігер деген мақал тектен текке айтылмаған шығар, өз ішіміздегі қит еткенді баудай түсіріп жатыр, сырттандар іс бітіре алса қашпаған дұрыс шығар, артық айтсам кешіріңіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
24.04.2012 10:46
+0 / -0
Өте орынды пікір! Қайта тергеуге жіберу деген қайта азап көру тіпті сол азапты одан да сорақы түрде көру деген сөз. Осы оппозицияға таң қаламын, тергеуге қайта барса, сол азаптау қайта болатынын неге ескермейді? Не де болса ақтау үкімін шығартуға бар күш-жігерді салу керек!

Кімнен: Шеркеш Қайдан: Атырау
23.04.2012 23:00
+0 / -0
Иа бир алла! жараткан ием жар бола кор! Халкымды колдай кориниз! Ла илаха иллалла, мухаммаду расуллалла! Бир алла, халкым, озине аманат!

Кімнен: ҚУАНДЫҚ Қайдан: МАНҒЫСТАУ
23.04.2012 23:22
+1 / -0
МЫНА БИЛІК БІЛГЕНІН ІСТЕП ХАЛЫҚТЫ БАСЫНЫП ОТЫР, НЕГІЗІ БАРА ЖАТҚАН БАҒЫТЫМЫЗ ДҰРЫС ЕМЕС, ҚҰЗДАН ҚҰЛАУҒА БІРНЕШЕ ҚАДАМ ҚАЛЫП ТҰР ,ӨКІНИШКЕ ОРАЙ БИЗДЕ ЖАСТАР ЖОК , ОЛАР ҮШ ЖАҚҚА КЕТТІ, БІРІ АУЫЛҒА БІРІ ШЕТ ЕЛГЕ БІРІ НҰР ОТАНҒА КІРІП КЕТТІ, МЫНА НҰР ОТАН ЖАСТАРДЫ МӘНГҮРТ ҚЫЛЫП ҚОЙДЫ,

Кімнен: Жебе
24.04.2012 00:50
+1 / -0
Полковниктың аитуы орынды , келісемін . Сөзінің жаны бар .

Кімнен: Бекмырза Қайдан: Ақтау
24.04.2012 09:42
+1 / -0
Халқым , Тоқтардың "қысыммен" айтқаны көрініп тұр. Кеше Руслан Симбинов наркоманмын деді, ол кісінің де қысым көргеніне дау жоқ. Ешқандай наркоман өйтіп ел алдына мен наркоманмын деп жария қылмайды. Соколованың сынуын да еске алыңыздар. Жаңаөзендіктерге көрсеткен қорлықтар жан түршіктіреді. Сапарғали мен Козловтан көптен хабар жоқ, оларға не жасап жатырғанын білмейміз. Ертең ол кісілер де мойындап жатырса, таң қалмаймын, және егер солай істеп жатырса оларды түсінемін де, кешіремін. Себебін, Жаңаөзен сотындағы сотталушылардың айтқан сөздерінен естіңдер. Олар былай деді, мені азаптады, артыңа дубинка, бөтелке тығамын деді, ол кісілер оны жасайды, олардың жасайтынын мен сол гаражда қорлық көріп шыққан жолдас балдарымның жарақаттарын көрдім,маған денсаулық керек, мен ол азаптың бәріне шыдап ,шыққанмен денсаулығымды бұзсам, онда маған өмір сүріп не керек, сондықтан ,неде болса сотта көремін,шындықты сотта айтамын деп шештім деді. Сондықтан, Тоқтар ағаны кешірсек қайтеді. Түсіністікпен қарайық. Тоқтар аға өзінің билікке деген көзқарасын бұдан бұрын айтты. Жаңаөзенге деген көзқарасын айтты. Оқ атқан гадтарды ату керек деді. Ол кісінің сол көзқарастан айнымағанына мен сенімдімін.
Сондықтан, биліктің дудкасымен ойнамайық. Шешуші сәтте Тоқтар ағаның халық жағында болатынына сенімдімін. Тоқтарға да, Соколоваға да, Симбиновке де кешіріммен қарайық. Біз сонда ғана биліктің азаптау машинасының күшін жоқ етеміз. Эмоцияға берілмейік. Ақылға тоқтайық.
Мен де басында Тоқтарды қатты сынағандардың бірі едім, бірақ сотталушы , куәгер Жаңаөзендіктердің азаптау ,бопсалау жөніндегі жантүршігерлік әңгімелері есіме түсіп, Тоқтарды түсінгендей болдым. Тоқтардың да, Соколованың да, Симбиновтың да жан түйсігі бұрынғыша екенінде дауым жоқ, олар халықпен бірге. Осыны түсінейік. Оларды тұқыртып, биліктің еріксіз одақтасына айналмайық. Азаптау машинасын өте пайдалы құралға айналдырмайық. Керісінше, өз жолдастарымызға түсіністікпен, кешіріммен қарау арқылы, биліктің азаптау машинасын пайдасыз қылып тастауға тырысу керек. Әйтпесе, егер біз еріксіз мойындағандарды қарғай беретін болсақ, биліктің дудкасымен ойнаймыз, сөйтіп олар азаптауларын жалғастыра береді, тіпті күшейте түседі. Осыны ойлайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Alim Asan
24.04.2012 10:11
+0 / -0
Актаулык Бекмырзанын айтканына толык косыламын. Окимет казир колдан келсе барлыгын "сындырмак". Оздериниз корип отыргандай Токтар, Руслан Симбинов жане Соколова, тагысын тагы бар. Ар нарсенин акырын куту керек. Алдын ала адамдарды караламай Казакстан халыктары барлык облыста ереуил уйымдастыру керек. Билик басындагылар одан катты коркады. Казакта макал бар удын зарын у кайтарады дейди. Тек осылай гана истеу керек деп ойлаймын жане осылай истеу керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 11:53
+0 / -0
Тұяқбай неге үндемейді, қайта тергеу деген не зат, сол кісі қыр-сырын біледі ғой, зардабы барома жоқпа, ашып айтпайма.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 14:04
+0 / -0
Ана өрімдей қазақ қызын еркек мелитсаның тінтуі дұрыс емес. Әйел мелитса тінту керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 14:47
+0 / -0
Это был воскресный день, я был усталым и побитым...
В.Высоцкий
Азалы соттың ғазалы
(Бір әннің сазымен)

Дұғай сәлем айта бар елге бізден,
Баласына мұсылман қанды жұма.
Кім үркітіп ұшырар кеудемізден,
Шырқыраған шыбындай жанды мына.

Құрбандыққа еркектік жол ғой мейлі,
Шектен шығып барады шеккен азап.
Бөтен кісі үстінен қол қой дейді,
Бөтекеден былшытып тепкені аз-ақ.

Ант-су ішу керек пе «ұлы адамға»,
Өз хақымды сұрамау, күреспеуге...
Тіреспеуге бола ма тірі адамға,
Тағы да алып барады «престеуге»

Мәртебелі судья, тілегім ғой...
Сен де осы елдің баласы емес пе едің?!
Мен мұнайшы,
Құдайшы құл едім ғой,
Қылмыскер боп қалайша елестедім?..

Бұйрық берген «Ұлықты» өсіргендер,
Атыңдар деп айғайлап көпке кез оқ.
Кешірмеңдер, біздерді, кешірмеңдер!
Өкініш жоқ...
Біздерде өкпе де жоқ...

Құрбандыққа еркектік жол ғой дейді,
Шектен шығып барады шеккен азап.
Барар жерің бәрібір көр ғой мейлі,
Орға түсіп кетпе, сен, текке қазақ!!!

Кешіріңдер, бауырлар, кешіріңдер.
Соттан істі сұраймыз доғар деп шын.
Ар сүйетін азамат өсіріңдер!
Ең болмаса бақытқа солар жетсін!
Кешіріңдер, жігіттер, кешіріңдер,
Кешірімшіл Құдайдан сұрап тұрып.
Ар сүйетін бір бала өсіріңдер,
Біздер кетіп барамыз жылап-күліп...

Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
25.04.2012 00:10
+0 / -0
Жаман емес. Бірақ түсініксіздеу де жерлері бар, мысалы, "кешірмеңдер біздерді" дегенді қалай түсінуге болады? Сондай-ақ кешірім сұрайтыныңыз қалай? Сонда біз нені кешіріп, нені кешірмеуіміз керек?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 16:13
+0 / -0
тез арада кінәлілерді айыптап, сот тоқтатылса екен

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
24.04.2012 16:59
+0 / -0
Где хваленая судебная система ? Где закон ?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 17:59
+0 / -0
"аттық.тағы атамыз"-деген министр қасымовтан бастап,қалған атқыштар ұ.мылтықов,қайрат.сарин,ә.өтешовтардың үстінен қылмыстық сот қашан болады?

Кімнен: Аман Қайдан: Астана
24.04.2012 21:06
+0 / -0
Қазақ жұртым!!! Жалған ақпараттың құрбаны болмаңыздар!!! Сот үрдісінің аяқталғанын күтейік!!! Ауызбіршілік сақтауға, сабырлы болуға шақырамын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аманға
24.04.2012 22:13
+0 / -0
Жалған акпаратты 4 ай ьойы билік таратып келеді.Желтоқсанда "қорғаныс мақсатында аттық"-деді.Кеййін соткаға түсірілген видеодан көрдік.Қандай қорғаныс екенін.Қазір Маңғыстауда 37 жыл қайталанып жатыр.Сол 37 жылы да жұртты сабырлылыққа,әділетті соттқа үндеген Қарасартов деген болған.Сен соның ұрпағы емессің бе,Аман ,қарағым?

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
25.04.2012 11:33
+0 / -0
Cот тоқтатылмай жүргізілуі керек, сотка адвокат келмесе, толық кінәлі адамдар өз жазасың тарту керек. Сотты тоқтат деп шулағандар осыңдай қайғылы жағдайға байғұс балдарды, мұнайшыларды итерген.

Кімнен: Томирис Искакова
25.04.2012 16:16
+0 / -0
айта беруге бәрін болады, тек адамдарға шындық керек, ал осы сотты тоқтатсақ, шындықты қайдан табамыз, ал осы оқиғаға тікелей байланыс болмаған адамдарсыз қалай оқиға мәнісін түсінеміз

Кімнен: Махмуд Қайдан: кз
25.04.2012 19:27
+0 / -0
әділетті сот тоқталмау керек

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?