Дүйсенбі, 27 мамыр 2013, Алматы 08:55


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі: «Мұнайшылар талабы заңды екенін енді түсіндім»

Бүгін, сәуірдің 27-сі Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев жауап берді. Куәгер ретінде сұралған бұрынғы әкім мұнайшылардың талаптары заңды болғанын енді түсінгенін, Жаңаөзен оқиғасының болуында өзінің де кінәсі бар екенін айтты.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттағы айыпталушылар. Жаңаөзен, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттағы айыпталушылар. Жаңаөзен, 27 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, сот отырысы адвокат Гүлнар Жуаспаева мен судья Аралбай Нағашыбаевтың арасындағы кішігірім қақтығыспен басталған. 

 -  Судья Аралбай Нағашыбаев сот басталған кезде Гүлнар Жуаспаеваның ноутбугінен сот отырыстарының аудио және видео жазбаларын тауып алғанын айтты. Нағашыбаев авдокаттың сот тәртібін бұзғанын, сот отырысынан қандай да бір аудио-видео жазба жасауға тыйым салынғанын хабарлады. Адвокат басқа біреудің затын ақтарудың адамгершілікке жатпайтынын айтқанда судья «Ноутбук столда жатқанда көмекшілерім оны менікі екен деп қалып, маған алып келді. Ноутбуктің кімдікі екенін анықтау үшін ашып қарадым» деп жауап берді. Судья адвокаттан оның затын рұқсатсыз қарағаны үшін кешірім сұрады, бірақ жазба жасағанына қатысты бөлек қаулы шығаратынын мәлімдеді, - дейді ол.

Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгінгі сот отырысында Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке адвокаттар тарапынан да, айыпталушылар тарапынан да көп сұрақтар қойылған. Ол жауаптарында мұнайшылардың талабы заңды болғанын мойындағанын айтқан.

ЖАУАПСЫЗ ҚАЛҒАН СҰРАҚТАР 

Сотқа бақылаушы ретінде қатысқан Ерлан Қалиев:

 - Ол басында түсінбесе де, «мұнайшылардың талаптары заңды болғанын енді түсінгенін, 1/8 коэффициенті туралы талаптың заңды болғанын»  айтты, - дейді.

Бұған дейін алаңда киіз үйлері өртелген кәсіпкер-жәбірленушілер Орақ Сарбөпеевтің ағаш үйлерін (киіз үй – ред.) алып кетеміз дегенде алдыртпай, қандай да бір зиян келген жағдайда шығын өтеледі деп, 2 миллион теңгеге қолхат бергенін айтқан еді. Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгінгі сотта бұл турасындағы сұраққа бұрынғы әкім:

 - Ағаш үй иелерінің өздері мүліктерін алаңда қалдырғанына қарсы болғаннан кейін, оларды әкімшілікке шақырып, «Ештеңе де болмайды. Бұл мерекеге керек қой» деп көндіруге тырыстым. Ең болмағанда өтемақысын беріңіз деп сұрағаннан кейін «Ағаш үйлерге ештеңе болмайды, мен кепілдік берем» деп қолхат жазып беруге тура келді. Мен мұндай боларын білген жоқпын, - деп жауап берген.
Жаңаөзен қаласының бұрыңғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.Жаңаөзен қаласының бұрыңғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
x
Жаңаөзен қаласының бұрыңғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласының бұрыңғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Орақ Сарбөпеев, сонымен бірге, желтоқсанның 16-сы күні алаңға шамамен сағат 10-дарда келгенін, сол жақта жүрген кезде «кенеттен полицейлер мен мұнайшылар арасында пікірталас туындағанын» көзі шалғанын айтқан.  

 - Ол «полицейлердің мұнайшыларға «Сендер мұнда не үшін тұрсыңдар? Кетіңдер!» деген сөзін естігенін айтты, - дейді Ерлан Қалиев.

Комитет өкілінің айтуынша, Сарбөпеев сол күні кешке дейін бүлінген әкімшілік ғимаратында болғанын айтқан.

 - Одан «Ғимарат жанғанда сіз қалай аман қалдыңыз?» деп сұрағанда ол «Бірінші қабат жанған шығар. Біз үшінші қабатта болдық» деп жауап берді, - дейді Ерлан Қалиев.

Ерлан Қалиев бұрынғы әкімнің кейбір сұрақтарды жауапсыз қалдырғанын хабарлап:

 - Ол «Оқиға кезінде жараланған мұнайшыларды емдемеу жайында кім бұйрық берді?», «Оқ атуға кім бұйрық берді?», «Президент Назарбаевтың өзі Маңғыстау облысына келгенде «Мұнайшылардың талабы заңды, жергілікті билік кінәлі» деп айтты. Осыған қатысты не айтасыз?» деген сұрақтарға жауап берген жоқ, - деді.  

«МЕНІҢ ДЕ КІНӘМ БАР»

Ерлан Қалиевтің айтуынша, Орақ Сарбөпеев сот барысында Жаңаөзенде болған оқиғада өзінің де кінәсі бар екенін мойындайтынын айтқан. «Жаңаөзен-2011» комитеті өкілі Ерлан Қалиев: 

 - Оған «Осының бәрін кім ұйымдастырғанын білесіз бе? Осындай оқиғаға кім кінәлі?» деп сұраған кезде ол «Кім ұйымдастырғанын айта алмаймын, бірақ болған оқиғада менің де кінәм бар» деп жауап берді, - дейді.  

Комитеті өкілінің айтуынша, сот барысында Орақ Сарбөпеевке «Әкім ретінде еңбек дауын шешу үшін не істедіңіз?» деген сұрақ қойылған. Бұрынғы әкім «мұнайшылар мәселесін шешуге тырысқанын, бұл турасында жоғарыдағы билік органдарына жеткізгенін, тіпті «Қазмұнайгаз» компаниясының басшылығына да барғанын» айтқан.

 - Ол бұл сұраққа «Қазмұнайгаз» компаниясы мұнайшылар ереуілін тоқтатқан кезде ғана комиссия құратынын айтты. Алайда бұған мұнайшылар «Бұл олардың кезекті уәдесі» деп келіспеді. Күзге таман менің қабылдауымда АҚШ-тағы құқық қорғау ұйымының өкілі болды. Мен одан еңбек дауын шешу үшін сауатты маман жіберуін сұрадым. Сонымен бірге, арнайы министрлік өкілі қатысқан жиынға тәуелсіз сарапшылардың қатысуына мүдделі болдым. Ол жерде жұмысшылар тарапынан Ақтаудан Пястолов, Белкин, Серік Сапарғали және «Алға» партиясының заңгері болды» деп жауап берді, - дейді Ерлан Қалиев.
Саясаткер Маржан Аспандиярова. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.Саясаткер Маржан Аспандиярова. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.
x
Саясаткер Маржан Аспандиярова. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.
Саясаткер Маржан Аспандиярова. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.

Орақ Сарбөпеев «Неге сырттан көмек сұрадыңыз? «Нұр Отан» тұрған кезде неге «Алға» партиясынан көмек сұрадыңыз?» деген сұраққа «Мен бастысы - мұнайшылардың мәселесі шешілгені деп ойладым» деп жауап берген. 

Бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша өткен сотта куәгер ретінде «Азат» ЖСДП өкілі Маржан Аспандиярова сұралды.

Twitter-дегі жазбаларға сенсек, Маржан Аспандиярова сотта «Оқиғаға Орақ Сарбөпеевтен бастап, Мәсімов, Құлыбаев, Назарбаевтар кінәлі деп санаймын» деп айтқан. Ол судьядан соттың әділ өтуін талап еткен кезде судья тек іске қатысты деректерді айтуды, болмаса соттан шығарып жіберетінін ескерткен.

БҮРКЕНШІК АТПЕН ЖАУАП БЕРГЕН КУӘГЕР

Бүгін Шетпедегі оқиға бойынша сотта бүркеншік атпен бір куәгерден жауап алынған.  
Сотқа қатысқан, есімін атағысы келмеген азаматтың айтуынша, жасырын куәгер бірнеше айыпталушының атып атап, 2011 жылы желтоқсанның 16-сы оқиға орнынан оларды көргенін айтқан.

 - «Тәртіпсіздік» болатын күні бірнеше айыпталушыны көрдім. Соны ұйымдастырып жүрген адам сияқты болып көрінді» деді. Ал кейбір айыпталушылар ол адамды таныған да сияқты болды, - дейді ол. 

Бұден бөлек, бүгінгі сот отырысында қосымша бейнематериалдар көрсетілген. 

«Бұл - ОМОН жасақтарының өздері түсірген видео екен. Қараңғы болғандықтан, ондағы адамдардың жүзі айқын емес» деді Азаттыққа сұхбат берген азамат.

Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың келесі отырысы мамырдың екісіне қалдырылды.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Озендiк Қайдан: Озеннен
27.04.2012 18:10
+1 / -0
Акiмшiлiк жанган кезде коркып тыгылып турдым,содан сон топ етiп жерге секiргенiндi айтшиш

Кімнен: адай Қайдан: адайстан
27.04.2012 18:53
+0 / -0
халыққа деген маххабат әділдік әрқашанда жеңеді, Орақ шындықты айтсаң құтыласың

Кімнен: ауылдас
27.04.2012 19:47
+1 / -0
Ай Орақжан-ай, өзіңе өзің ор қаздың ау, о баста саған өлердей айтылды ғой, ерме мына алаяқтарға, бастарына күн туса б...қа тығып кетеді, халқыңмен бол деп, қасарысып тыңдамадың, 2 мың адам кім болыпты деп, онымен тұрмай астанаға барып "қағыған оралман" деп ешман екеуің күйе жақтың, болмаса Құлбаев қайдан білсін бұл жақты, туды бітті аяғы басып көрген жоқ. Қайтерсің, өзі қылған өкінбес, енді құтқармайды, бір ғана жол, кім кімге бұйырды, алыс беріс, ұрлық зырлық бәрін жариялау керек, әрине бір өзің ішіп-жемегеніңді сезіп отырмыз. Бүгін қимылдамасаң ертең кеш болады, оның арты өкініш. Нағашыбаев дегеніне жеткен екен, кеше Жуаспаева тағы сотқа сенімсіздік білдіріп еді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 10:26
+0 / -0
Орақтан басқа, сол кездегі РД "Қазмұнайгаз"дың басшылары Асқар Балжанов пен Кенжебек Ибрашев неге жауапқа тартылмайды? Негізгі кінәлілер осы екеуі емес пе?

Кімнен: Марат
28.04.2012 10:57
+0 / -0
Сарбөпеевке шынымен де ақыл кірейін деген екен. Мұнайшыларды алаңнан қуып, енді олардың талабы заңды деп жатыр. Біздің жоғарыда отырған шенеуніктердің ақылы қашан кіреді екен

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 19:57
+0 / -0
жоғарғыларда ми жоқ олар кілең КЕСЕТЕР,,,,,,,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Түк түсінбеуші
28.04.2012 22:52
+0 / -0
Жаңаөзен қалалық әкімшілігі 2 этажды сияқты еді ғой, мынау не деп тұр? Әлде крышаға тығылғанын айтып тұр ма?

Кімнен: Көріпкел
29.04.2012 14:26
+0 / -0
Ақсақ қои түстен кеиін маңыраиды дегендеи Сарпеевтің бұлаи құбылуы тегін емес . Кезінде билікте болғанда қалта ақшаға толып оңмен , солды ажырата алмаи жүргенде неге оиланбады екен . Әлде көкеміздің жолдауын халыққа түсіндіреміндеп қолы тимедіме . Бұл жерде бір шикілік бар екені көрініп тұр . Сарпеев бүгін түсіндім , кезінде ескермепбіндеп ақтала алмас , сасқаныда баиқалды , бүгін ақталсада келешекте ақтала алмаиды . Қара дізімде осы Сарпеевтің бірінші болып аты аталатын болады .Қанды қырғынның басты ролдегі кеиіпкерлері аты аталмаи тасада қалып бара жатыр . Кінәлі жетесіз биліктін бұл соты бұрмалаумен , әділетсіз өтіп жатқаны алдын ала баиқалып жатыр . Бұл күиреуге тіке апарар жол . Әділеттің шырағын жаға алмаған ел кері кетіп әділетсіздіктің құрбаны болады , өздеріне өздері ор қазып алғандаи . Көрер жарығы таусылып жүрегінің соғысының тоқтауына соңғы сағаттар қалғанын білдіреді . Әділдікті ту қылып көтере алмаған ел , жабаиы ел сол жабаиылығымен жолындағын таптап , шындықтан қорқып , ел мереиін көтере алмас , қара мұнаиға баиып , қызыл қанды ағызып билігімді сақтап қаламындеп оилайды , көп қорқытады , терең батырады . Киелі , әулиелі , баталы халықтың сағын сындыра алмаиды , осындаи киелі қақарман халқымды ата баба аруағы қолдап ұиқысынан оятада алады . Көзге көріне бермеитін ұлы күштер жанымыздан аиналып ұшып жүргені тегін емес осындаи нәрселер көп баиқалуда . Сақ болаиық . Бәріне әзір тұраиық мәңгі ұиқыда жатқан әулиелерімізді оятып алдық , жер Анаға сіңген қан оларға хабар болып жеткендеи .

Кімнен: мунайшы Қайдан: атырау
29.04.2012 22:32
+0 / -0
казмунайгаздын бастыктары кайда 7 ай бойы маселені шешпеген Мысалы Құлыбаев Тимур Балжанов Аскар Ешманов киікбай Мирошников тағы басқалары кайда олар қашан жауап беред Мұнайшыларға келмесе сотқа келетін шығар әлде олар сотқа бағынбай ма

Кімнен: мастер и маргарита
01.05.2012 22:47
+0 / -0
сарбопеевты неге сот алдына түсірмес, ол адам шынымен де тікелей байланысы бар, ол дұрыс әкім болса, осы оқиғаларға жол бермес еді

Кімнен: sultan
02.05.2012 11:43
+0 / -0
Әділдік болу керек. Қылмыскерлер шындықты айту керек. Сонда ғана елімізде тыныштық болады.

Кімнен: Аида Қайдан: Караганды
02.05.2012 15:04
+0 / -0
Сабырлық сақтьайық ағайын! еліміздің тәуелсіздігін шайқамайық! басқа мелкеттерге күлкі болмайық! Бірліік бар жерде тірлік бар ғой!!!!!!!

Кімнен: Улыкпан
02.05.2012 15:15
+0 / -0
Ай жүректеріңде бір Отанға деген сүйіспеншіліктерің жоқ қой((( бос сөзге ілесіп, дұрысты елемейтін не деген адамдарсыздар! Қылмыскерлерге арналады...

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
02.05.2012 23:14
+0 / -0
Жұмбағын екі дүние шешемін деп,
Жалғанды жалпағынан кешемін деп,
Талайлар талпынса да бізден асып,
Тапқан жоқ тар жалғанның есебін көп. "О. ХАЙЯМ.


Қылыш бар деп қолымда өлтірме сен кісіні,
Қаламайды құдірет Сол ЖАУЫЗДЫҚ ісіңді,
Шыңдалмайды Сом болат Әлдекімге сұқсын деп,
Сығылмайды жүзімде ащы шарап шықсын деп. "Ә. РУДАКИ"

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?