Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 22:41


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

«37-сін де соттап жібермейтін шығар» дейді айыпталушылардың туыстары

Ақтауда төрт күннен бері Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Сотқа келген жәбірленушілердің көбі айыпталушыларға байланысты шағымдары жоқ екенін айтты.

Жаңаөзен оқиғасына қатысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жұма күні де түске дейін сұралған төрт жәбірленуші айыпталушы мұнайшыларға қатысты еш талаптары жоқ екенін мәлімдеді. 

Қоғамдық комиссия мүшесі, сотты бақылап отырған Жәнібек Қожықтың айтуынша, бүгінгі жәбірленушілер – дүкендері өртелген, 8 миллион теңгеге дейін залал шеккен кәсіпкерлер. 

АЙЫПТАЛУШЫЛАРДЫ АЙЫПТАМАҒАН ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР

Сотқа қатысып отырған азаматтар «жәбірленушілердің көбі мұнайшыларды кінәлаудан бас тартқанын» айтады. Төрт күнде 188 жәбірленушінің 40-тан астамы сұралды.

Зиян шеккен азаматтардың басым бөлігі айыпталушыларды кінәламайтындарын мәлімдеген. Олардың арасында Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің туысы, «Престиж» деп аталатын дүкені өртенгенде 23 миллион теңге шығын шеккен Нұрлан Сарбөпеев те бар.

– Базардағы дүкені бүлініп, 550 мың теңге шығын шеккен Зиада Айтбаева оны айыпталушылардан өтетуден бас тартты. Қалима Жолмағамбетова деген жеке кәсіпкер де дүкені мен заттары бүлінген кездегі зияны – 8 миллион 361 мың теңгені олардан өтетіп алудан айныды, – дейді «Жаңаөзен–2011» халықаралық комитетінің өкілі Ерлан Қалиев.

Өртеніп кеткен "Престиж" дүкені. Жаңаөзен, 18 наурыз 2012 жыл.Өртеніп кеткен "Престиж" дүкені. Жаңаөзен, 18 наурыз 2012 жыл.
x
Өртеніп кеткен "Престиж" дүкені. Жаңаөзен, 18 наурыз 2012 жыл.
Өртеніп кеткен "Престиж" дүкені. Жаңаөзен, 18 наурыз 2012 жыл.
Қоғамдық комиссия өкілі Жәнібек Қожықтың пікірінше, «жеке кәсіпкерлер бизнестерін мұнайшылардың өртегеніне күмәнді болғандықтан жаппай бас тартып отыр».

 - Дүкен иелері, кәсіпкерлердің көбі өздерінің дүкендері желтоқсанның 16-сы күні кешке, 17-сі күні түнде өртенгенін айтып отыр. Ал оқиға 16-сы күні күндіз болды. Атыс та күндіз болды. Содан бастап қалада ОМОН-дар мен солдаттар, полицейлер қоршап тұрған. Бұл кезде жұрттар бала-шағасын үй өртемек түгілі далаға шығармайды. Жанынан безген адамдар болмаса. Сондықтан «ана балалар өртеді, осындай да осындай» деу кішкене күмән тудырды. Жеке кәсіпкерлердің барлығы да ана балалардың өртемегеніне көздері жетіп тұрған сияқты, - дейді Жәнібек Қожық.

Ал шығын шеккендерін мәлімдеген мемлекеттік мекемелер мен ірі компаниялар бұған дейінгі талаптарынан айныған жоқ.

Наурыздың 29-ы күнгі сот отырысында Жаңаөзен қаласы әкімшілігінің өкілі 16 желтоқсандағы оқиға кезінде әкімдіктің 250 миллион теңге шығынға душар болғанын мәлімдеген.

БТА банк өкілі Марат Тілепов те банк талабы сол күйінде қалатынын айтты. Оның айтуынша, банкке 56 миллион теңге шығын келген: оның 25 миллион теңгесі – мүліктік шығын, 31 миллион теңгесі – банкоматтан ұрланған қаржы.

«Жаңаөзен-2011» халықаралық комитетінің өкілі Ғалым Ағелеуов Жаңаөзендегі сот отырыстары туралы Facebook әлеуметтік желісінде: «Сот өтіп жатқан төрт күннен бері айыпталушылардың ұрлық жасап, тонап жатқан сәті түсірілген бірде-бір видео немесе фото көрсетілген жоқ» деп жазады.

БІР АЙЫПТАЛУШЫ ҮЙҚАМАҚҚА ШЫҚТЫ

Бұған дейін адвокаттардың бірі қамауда отырған айыпталушы, аяғынан жараланған Әнуарбек Тәженовтің жарасының асқынып бара жатқанын, оған дәрігер көмегі қажет екенін айтып, үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш берген еді.

Қоғамдық комиссия мүшесі Жәнібек Қожықтың айтуынша, судья Аралбай Нағашыбаев наурыздың 30-ы күні айыпталушы Әнуарбек Тәженовтің денсаулығын тексерген дәрігер-травмотологты тыңдағаннан кейін оны қолхат арқылы қамаудан босату туралы шешім шығарған.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталушылар сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталушылар сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
x
Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталушылар сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталушылар сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

 - Жарасы іріңдеп кеткен екен. Амантай Досжанов дейтін дәрігер қорытынды шығарған. Судья ақылдасып келіп, [Әнуарбек Тәженовті] қамақтан босатып, үйқамаққа апаруға, ешкіммен сөйлеспеуге, сотқа келіп тұруға шешім шығарды, - дейді Жәнібек Қожық.

Бүгін адвокаттар өздері қорғап отырған азаматтармен кездесуге мүмкіндік болмағанын айтып, соттан дайындалуға қосымша уақыт сұрады. Судья адвокаттардың өтінішін қанағаттандырып, сот отырысын дүйсенбіге белгіледі. 

«ҮМІТ ТЕ, КҮДІК ТЕ БАР СИЯҚТЫ»

Қоғамдық комиссия мүшесі Жәнібек Қожықтың айтуынша, сотқа қатысып отырған азаматтардың басым бөлігі - айыпталушы адамдардың туыстары, жақындары, балалары. «Олардың бәрінде үміт те, күдік те бар сияқты» дейді ол.

 - Үміт дейтіні - балалардың кінәсіздігі. Күдік дейтіні - соттың шешімін көбінесе 
Полицей айыпталушылардың туыстарымен сөйлесіп тұр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Фото Lada.kz сайтынан алынды)Полицей айыпталушылардың туыстарымен сөйлесіп тұр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Фото Lada.kz сайтынан алынды)
x
Полицей айыпталушылардың туыстарымен сөйлесіп тұр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Фото Lada.kz сайтынан алынды)
Полицей айыпталушылардың туыстарымен сөйлесіп тұр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Фото Lada.kz сайтынан алынды)
жоғарғы жақ, Астана береді. Соған байланысты қалай болатындығына күдігі бар. Бірақ көпшілігі «37-сін де соттап жібермейтін шығар. Тең жартысынан көбі шартты түрде босайтын шығар» деп отыр, - дейді Жәнібек Қожық.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр.

Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысып отыр.

Келесі сот отырысы сәуірдің 2-сі күні Астана уақытымен сағат 11-де басталады.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2012 18:31
+0 / -0
Сонда менің түсінбегенім мұнайшылар кінәсіз болса, неге соттайды? ал халық кінәсіздерді неге соттатып қояды?
Пікір алмасу

Кімнен: ақиқат
31.03.2012 01:02
+0 / -0
аса құрметті азаттықтар менің жазғанымды неге жарияламадыңыздар әлде сіздерде Назарбаевтан қорқасыңздарма олай болса оларыңызды айтып қойыңыздар
Пікір алмасу

Кімнен: мүнаишы Қайдан: кағазстан
31.03.2012 20:10
+0 / -0
Түсінбеитін қазақтарга* басты көп ауыртып сотталама, неге.кінәсі жоқ қой, деген сүрақты қойың, Мына бауырларымызды ертен халық жауы қылып сотаиды.Кәзіргі
ауру кағазстан занымен.мыйы жоқ соттар.баска іштене күтпең.Бастарыңда азгантай былшырақ болса түсінікті емеспе,кім кінәлі екені.коп сөз б....қ сөз.Оданда не істеу керек соны ойлаң.Мен мүнайшымын 6 алты адам бағып отырмын.көшеге плакат алып шыға алмаймын, ментер камайды сотайды.01 кет деп жалғыз айқайлай алмаймын ментер камайды сотайды.ешкім көмектесе алмайды.Бірақ қалталы азаматтар .мен қазақпын деген азаматтар /менің ақшам жоқ 6 адамға тамаққа зорға жеткізіп отырмын/қазіргі соталып жатқан 37 қазақстан батырларының суреттерін кішкентай машинаның ішіне қоятын жалау қылып шығарса.Машинама үиіме іліп қояр едім.қазақстанын мыизыздарына корсетіп жүрер едім міне батырлар.міне жазықсыздар. Машинамдағы үиімдегі жалауды ментер ал деседе.төбелессемде алмас едім оған өзіме сенемін.Басқа қолымнан келетін амал жоқ. мен жылап отырмын ағайын.қолымнан басқа ештеңе келмеиді. Интернетте отырып алып батыр болмаңдар

Пікір алмасу

Кімнен: Мәдениет Қайдан: Жаңаөзен
31.03.2012 22:35
+0 / -0
Не болып кетті өзі құр байбалам! Сот залында отырғандардың айыпталушылар мәз-мейрам боп отыр.Құдды бір ел қорғаған батырдай өздерін герой санайды. Ал залға енген тумалары қол шапалақтап кәдімгі концертте отырғандай олар мәз. Әр кәсіпкер шығыннан бас тартса қол шапалақтауға ұласып, КПСС сьездіне келген делегаттай қуанып әуре сарсаңға түсуде. Шындыққа тіке қарасақ, қоймай жүрген қара күртелілер сол мұнайшылардың өздері немесе көрші, нағашы, жерлес, құдасы әйтеуір жақыны болып отыр.К+ 16.12.2011 боямасыз сюжетін ю тубдан көріңіз, әрі-бері жүгіріп жүрген сол мұнайшылардың өздері негізгі қызуқанды есірлері мен жастар мәз.Білмедім НӘН неге мұнайшылар жазықсыз деп айтып кеткенін сонда кім жазықты? Алаңды,қаланы өртеген жастар ма сонда ? Ал ол жастар неге өртеуі керек болды? 7-ай жатып қиналды деп жамырайсыңыздар кім оларға жат деген? Жат деген Соколова мен Ажигалиева есебі толық! Қор болған өздері! Жұмысқа шығайық деген басшыларды келекеге айналдырып күлген өздері емес пе? Егер оларды тоқтатпағанда Жаңаөзенді тонап болып, әр әйелді зорлап одан соң Ақтауға келіп ойран салар еді ғой. Мүмкін полицейлер оларды атпай қоя ғой деп табанына жығылуы керек пе сонда? Қалай болғанда да Соколова айдауы, Бутяның, Козловтың демеуімен күш алып өздерінікін дұрыс санап құтырынды ма құтырды! Аллаға тапсырдық ақ қарасын! Батыр жоқ бұл елде, батырсымақ көп!
Пікір алмасу

Кімнен: мұнаишы Қайдан: қағазстаннан
01.04.2012 11:56
+0 / -0
еи Мәдиениет. Жанаөзеннен. сен құдаидан қорқпайтын адам сиқтысын.Жаңа өзенде тұрам дейсің ,бәрін көріп отырып.мына жазып отырғаның не.халықты шатастырма.Өте жақсы жазатын адам екенсің,сауатты.Я бизесмен я акиматта я бір мекеме басшысы сияктысың. тауып отырған ақшаң таза еңбегің емес. сосын сайрап отырсын .мүнаишылардың кіналаисың орнына қойып көр өзіңді.Кез келген мекемеде жумысқа взяткамен жүмысқа алады.Бастықтардың туыстары.балдары.ойнас қатындары оның балдары жүмыссыз жүргенін көрдіңбе.Талтаңдап жүрген солар.Ал сотта отырғандар өз еңбек ақысын сүрағандар.әділдік іздегендер.Жаңа өзенді өртеген ,қиратқан бүлар емес.Өзенде отырып бүны білмеуің мүмкін емес. Я соқ....ң я саң....ң я жын....ң.Сотағы 37 батыр кінәлі емес.Бүлар мен үшін Шындық әділдік іздеген нағыз батырлар еш кінәсі жоқ. сен хабарды ақшамды көп қараған адамсыңhttp://www.youtube.com/watch?v=qL7Ci3jSIq8&list=UUrdk1QW0wbloxyzSEoUsPgA&index=1&feature=plcp мынаны қара 24минут 34 секунты қара Абай атамыз бізге іренжіп түр.үкметтікі дүрыс болса Абаи атамыздың алдына жасамайма тойларын.Жазарда ойлан қазақыстан халхының тағдырын өз жеке басыңдағы өлшеммен ойлама.Ақшаңды таза еңбекпен тап жан үяңды адал ақшамен асыра сосын сайра.Соталушы азаматарды,туыстарының көз жанарына қара.кінәлі адамға үқсаидыма.Жазушы емеспін 6 адам асырып отырған мүнаишымын қате жерлері болса кешірің

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
30.03.2012 18:35
+0 / -0
Әрбір кәсіпкер өз дүкенінің дәл қай уақытта өртенгенін білетіндігіне сөз жоқ, сонда олар дүкендер 16-сынан 17-не қараған түні өртенгенін айтып тұрған болса онда мына жігіттердің ол өртке еш қатысы жоқ екені айдан анық нәрсе. Оларды өртеген - полиция немесе ОМОН-ның өзі, яғни, тонаған да солар. Ең болмағанда осылармен ауыз жаласқан, провокацияны бастаған қара киімді жігіттер болуы мүмкін. Бұл жөнінде халықтың арасында бұрыннан айтылып келеді, енді ол сөз шындыққа айналып келеді. Егер қолмен ұстағандай анық дәлелдері болмаса анау айтты, мынау айттымен бұл жігіттерді соттауға ешқандай болмайды, ол-қылмыс болып табылады.
Аралбай, абайла, ақыр түбінде өзің сотталып кетіп жүрме - жоғарыдағылар сені "запросто кидать" етіп кетуі мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: азат Қайдан: алматы
30.03.2012 20:01
+0 / -0
Еш кінәсі жоқ адамдарды соттау - қылмыстың үлкені, 16 күні кеште, түнде болған өртке бұл отырғандардың қатысы жоқ. Бұл алдын-ала дайындалған сценарий бойынша жасалынған қылмыс, жаңа курткалы мұнайшылар, қара киімді жастар қайдан пайда болды, киіз үйлерді әкетпізбеу, егер өртенген жағдайда 2 млн теңге төлейміз деу - соның дәлелі
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2012 23:43
+0 / -0
Дұрыс айтасыздар.
Дүкендерді тонаған полицайлар мен омондар болса, банкоматты тонаған сол банктің өз адамдары болуы да мүмкін.
Аласапыранда кім біледі, мұнайшыларға жаба саламыз деп.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2012 18:50
+0 / -0
Сондықтан «ана балалар өртеді, осындай да осындай» деу кішкене күмән тудырды.
---------------------
ЖОқ, кішкене күмән туғызбайды, үлкен болғанда үлкен күмән туғызады. Бұл өртеулерді мұнайшылар жасаған жоқ, құьбаевтің адамдары жасады, құьбаев ақша төледі, олар жасады, өйтекені ол мұнайшыларға қып-қызыл өш. Оларды қалайда жығу керек. Басқаша болуы ақылға симайды. Өртегендер сол құлббаевтің құлдары. НАН білмеуі де мүмкін. өйткені қартайып қалды, кейбір оқиғаларды күйеу балалары аталарына айта бермейді ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2012 18:54
+0 / -0
«Жаңаөзен-2011» халықаралық комитетінің өкілі Ғалым Ағелеуов Жаңаөзендегі сот отырыстары туралы Facebook әлеуметтік желісінде: «Сот өтіп жатқан төрт күннен бері айыпталушылардың ұрлық жасап, тонап жатқан сәті түсірілген бірде-бір видео немесе фото көрсетілген жоқ» деп жазады.
-------------
Дәлел көрсете алмаса, ол атаңа нәлеттер қалай белгілі бір адамдарды соттай алады№ КӨрсетсін, өртеп, шағып жатқан сәтін! Егер осылай кете берсе, өртеу мен шағу шынымен қолға алынар ең жеңіл жұмысқа айналады! Дәлелі жоқ, факт жоқ ол қандай айыптау???? Сол мекемелер өздері өртеген шығар, кім біледі, әлде Құльбаевтің тапсырмасымен өртелді ме?? ӘЛде мәсімов өртеді ме? Месімов бүкіл қытайларды маңғыстауға қаптатып, қазақтың байлығын ұрпақтан ұрдап қытайға ағызып, білгенін істеуде! ...

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
30.03.2012 19:02
+0 / -0
Құлыбаевтың, Мәсімовтың, Мусиннің, Қасымовтың және т.б. барлығын да қорғаштап, "крышевать" етіп отырған, көзі алақтаған, жап-жалпақ бетінде адамшылықтың ізі де байқалмайтын, қаныпезер біреу бар. Егер әлгілерді жауапқа тартса, онда жолда басқа кедергі қалмайды да, жазалану қаупі тура өзіне төнетін болады, сондықтан ол жіберіп-тартып, халық тым қатты талап етіп жатса келесі топты құрбандыққа шалып дегендей, уақыттан ұтуға тырысады. Мына істеп жатқан тірлігі де сол. Осы сотта халықтың біраз ашу-ызасын жігіттерге қарай бағыттап жібергісі келіп еді, онысынан көп ештеңе шықпайтын түрі бар, сондықтан келесі пария - полицайлар мен ОМОН-дар, одан кейін Досаханов, Қабыловтар... Сөйтіп кете береді. Ең жоғарыға жетем дегенше халықтың да діңкесі құрып қолын бір-ақ сілтеуі мүмкін, ал оның күтіп отырғаны - тап осы.
Пікір алмасу

Кімнен: Анахарсис
30.03.2012 19:49
+0 / -0
керемет айқтансың. Бірақ соны түсінер халық бар ма? олар әр сәттің ойынымен әлек! Ал бірбүтін барыстың біреудің жоспары екенін, сенің ашуың да, қуанышың да солардың пайдасына шешілетінін қайдан білсін. Жүйені ауыстыру үшін билікті тамырымен жұлып тастау керек. Батыр қазақтың ұрпағы неге қорлана беретінін түсінбеймін. Біз ұлттық болашақты берік негізге құрмай ешқайда ұзай алмаймыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2012 20:05
+0 / -0
халыкты полицейлерге талаткан Ө.Ш. дейді.17,12,18,12,19,12 Ақтауда каражанбасмунай жұмысшыларымен кездескеде кей азаматтар оған қатты сөйлеген. Ол Жаңаөзендіктерді аямауды тапсырған.Әсіресе 4 микрорайонда тұрған Шымкент полицейлері иттіктің түрін көрсетткен.
Пікір алмасу

Кімнен: өкінішті
31.03.2012 22:23
+0 / -0
Жаңаөзенде болған бір полицейдің әпкесінің айтуынша қамалғандарды жатқызып қойып, әрбір полицей бірден теуіп шығыпты. жүзден артық тепкі жегенде кейбір қазақ жастарының қабырғасы сынды, кейі неше сағат естен танып жатты дейді!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
30.03.2012 19:39
+0 / -0
Әр нәрсенің де ақыры бар. Көзі алақтаған қандықол әміршінің де ақыр-тақыры таянып келе жатса керек, ызалы жыртқыштай қаны басына шапшып ышқынуы соны көрсетеді. "Ат!" деген бұйрықты беруін беріп алып енді сонысынан оңай құтылудың амалын ойластыру үшін де "краткосрочный отпуск" алып отыр жалмауыз ұры...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.03.2012 11:28
+0 / -0
Сонда НАН-ның көзі бұрыннан ойнап тұрама? мән бермеппін, енді көрдім.
Пікір алмасу

Кімнен: Шын мырқымбай
31.03.2012 14:26
+0 / -0
Айналайын-ау, баяғыдан бері соны көрмегенде ай қарап жүрсіңіз бе? Бүкіл ел аузына қарап отырған дана,кемеңгер ұрымыздың көзінің қандай екенін білмеу - ұят.

Кімнен: Нуротаншыл
30.03.2012 19:42
+0 / -0
Откенде президент айтты го,менiбасшылар алдап келдi,деп.сол басшыларды неге соттамайды екен.осы сотты президент бiлмеуi мумкiн.
Пікір алмасу

Кімнен: ақиқат Қайдан: ащы шындықтан
30.03.2012 20:29
+0 / -0
бұл соттың бір ғана жолы бар егер орындалса әділ шешім болар еді ол өзін кіналімін деп мойындаса ол Нұрсұлтан Назарбаев бірақ қайда,,,, бұл шындық жазықсыз жапа шеккен қазақтың ертеңін ойлаған ҰЛДАРЫ ақиқаттың ақ таңы туады ол сіздердің отырысыңыздан көрініп тұр АДАЙ халқының асыл ұлдары біреуі қазіргі он мың минстрге тең
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2012 23:49
+0 / -0
Расында да ЕБ Ақтауда сот болып жатқанынан хабарсыз болып шықпасын.
Естімей қаппын, білмей қаппын, мені тағы алдады деп.
Өзі "Ты меня пигманула, ты меня пигманула" деген әнді нақышына келтіріп айтып еді ғой анау жылдары. Айналасы пигмануть қылып отырмасын.
Пікір алмасу

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
31.03.2012 01:02
+0 / -0
Дұрыс! БҰл сотты білседе ,хабар-ошарды көріп ізденбейді,Не президент жоқ,ол адам басқа адам!!"Әйтпесе өз ұлтын ақшаға осынша сатып жіеруі мүмкін емес әрқандай арсыз адамның да!не ода жүрек жоқ,сорлы.
Пікір алмасу

Кімнен: арсыз қазақ Қайдан: өлікпін
31.03.2012 01:26
+0 / -0
намысымыз жоқ арсыз халықпыз сосын бізді кез келген басынады былай айтқанда өлікпіз өлдің МАМАЙ Қорболдың деген осы.жиреновский дұрыс айтады қазақта жер жоқ біз қаңғы бас халықпыз ар ,намыстан жұрдай біріміздің боғымызды біріміз жеп жүре береміз . айтатынымыз өтірік көз бояп өмір сүрудеміз намыссыз дегенге АРЛАНБАУҒА айналдық қой баққан халықпыз қой болып кетіппіз намысыңа тиседе бұған жауап жазып әлектенбең өтірік намыстылар болса көрсетіп ӨЛІҢ
Пікір алмасу

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
31.03.2012 11:21
+0 / -0
Абайда өз кезінде қазақты шамасы келгенше мінеген,сынаған,сосын бәрің орыс тілін үйреніңдер,онысыз күн жоқ деп,ақыры орыс болып кете жаздадық.Енді қытай тілін үйреніңдер,соларға құл болыңдар дейтін біреу шығып жүрмесе игі еді.Қазақ елемейді,өзгелер секілді өтірік намысшыл емес.Маңғол ,жоңғар,қытай,орысымен өмір бойы соғысып,күресіп өткен халықпыз ,айтшы маңайдағы басқа қай халық солай істей алды.содан жан санымыз азайды,орыс пен қытай қазақтың мықты екенін о баста біліп құрту үшін жымысқы саясат қолданған.Ал қазар олардың шпйондарын да жіберіп қазаққа іріткі салу саясатын істетіп отыр,оған куа бүгінгі қазақстан.Қазақтарыма дәл қазыр тек қана шегараны бір 10 жылға жауып тастап өз ішінде реттелуі,өзіне керегін өзі өндіруі ғана керек,сосын експорттан ауыз ашуға болады,әйтпесе қасқырлардың жемі боламыз.Фонтамитымыз берік емес.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2012 23:53
+0 / -0
Мына Аралбай Нағашыбай:
"Мен мұндай сотты жүргізе алмаймын" деп сотты тастап шықса не болар еді?
Осыны ойласам жүрегім дүрсілдеп аузымнан шығып кетердей болады.

Кімнен: Гулназ Қайдан: актау
31.03.2012 00:47
+0 / -0
Сотталушы қазақ азаматтарының барлығы да босап шықса деген тілегім бар.БЕКЕТ АТА қолдап, аман-есен отбасыларымен қауышсын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.03.2012 00:54
+0 / -0
сонда сот болып жатқанын көксоққан білмейма не сонда ол ай қарап отырма

Кімнен: намысты Қайдан: қамысты
31.03.2012 01:43
+0 / -0
ер жүрек АДАЙ ұрпағы қапаста отырса да сағы сынбағанын көрсетіп тұр бұл ұрпақтың жалғасы деген сөз бір АЛЛА аруақты аталар қолдап жүргей адайдың батыр ҰЛДАРЫ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.03.2012 04:58
+0 / -0
Иә, рухы мықты екен жаңаөзендіктердің!

Кімнен: Патриот Қайдан: Қазақ
31.03.2012 10:09
+0 / -0
Жаңаөзендегі өртенген мүліктерді қарапайым халық өртеді дегенге халық ешқашан сенбейді. Бұл биліктің алдын ала ұйымдастырып, халыққа өздерін бір көрсетіп қою үшін жасаған кезекті сценариі. Бізге қарсы шықсаңдар осылай қан қақсайсыңдар дегені. Барлығы айдан анық, халық оянған, көзі қырағы, тек билік халықты топас қылып көрсеткенді қоймай жүрғой. Осы арқылы өздерінің өрестерін көрсетіп жүр. Алла жар болсын, қайран қазағым.

Кімнен: Сағын Жаман. Қайдан: Ақтау
31.03.2012 10:21
+0 / -0
"Сонда кім кінәлі деп ойлайсыз "деп сұрады прокурор қызылсайлық жәбірленуші келіншектен.
"Оны уақыт көрсетеді" деп жауап берді жәбірленуші.

Кімнен: Естiгенiме Қайдан: жазыкты емеспiн.
31.03.2012 10:25
+0 / -0
Аэропортта ОМОН-дарды тексеру кезiнде 700 уялы телефон,34 миллион акша тэркiлендi деген кайда,отiрiк энгiме ме...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.03.2012 15:18
+0 / -0
Оны шымкенттің бір ұшаққа отыруға тиіс полицейлерінен тәркіленгені дейді.Бірақ ұшаққа отырғызу алдында кнб қызметкерлері сыпырып алыпты.
Пікір алмасу

Кімнен: Мырқымбай
31.03.2012 19:57
+0 / -0
"Ұрыны қарақшы ұрлайды" - деген, оны неге иелеріне қайтіп бермеген?

Кімнен: Тұрлан Қайдан: Ақтау
31.03.2012 10:38
+0 / -0
Жаңаөзенде орын алған сұмдық қылмыс, полиция тарапынан орын алған адамдарды азаптап, өлтіру бұл халықаралық тұрғыда аяусыз сыналатын қылмыс. Бұл қылмысқа ешуақытта кешірім жоқ.
Ал, осы сұмдық қылмыс жөнінде ешкім жұмған аузын ашпайды, билік тарапынан, ұмыттыруға тырысатын сияқты, көлеңкеде қалып қояр деп есептейтін болу керек. Бұл жөнінде тек Жаңаөзен 2011 комитеті ғана айтып жүр. Ана байғұс қыз шырылдап жүр. Ал, бұл қылмыс мына істердің ішінде жоқ. Куәлерді қорғау декларациясын жасап, осы істі жұмылып көтеруіміз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
31.03.2012 11:32
+0 / -0
"Қожам өзі ашуланса да мені сабайды, мен ашулансам да мені сабайды" - дегендей ақыры сол халықты кінәлі қылып шығарады. Қашан билік кеткенде бәрі ашылады.

Кімнен: Балтан
31.03.2012 13:03
+0 / -0
Елінде не болып жатқанын білмейтін президент айтып еді:"Мұнайшылардың кінәсі жоқ"-дел, Түгелдей ақтап шығару керек,

Кімнен: Шалкарбай айтыскер акын Қайдан: Атырау Тайсойган
31.03.2012 14:19
+0 / -0
зан барине бирдей 37нде соттау керек сонда елде тыныштык болады мунайшылардын да ишинде нашарлары бар гой мен мугалиммин жалакым аз мен неге котерилмей журмин
Пікір алмасу

Кімнен: Көлкәусар айтыспайтын жан Қайдан: Ақтау Қарынжарық Сақсорқа
31.03.2012 15:04
+0 / -0
Шалқарбайжан, жалақың аз екен ғой, ия, сен неге көтерілмей жүрсің. Тыныштық керек дейсің бе? Отыра бер, тыныштық керек болса, сені кім қыстап жатыр. Маңғыстаудың жыбырлағаны сенің бір жеріңді қышытып жатырмаған болар.
Соттайтын адам сенен сұрайын деп жатырған жоқ сияқты. Троль дегеннің інісі емессің бе, құлдығым.
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
31.03.2012 16:52
+0 / -0
шалкарбай сен булай биликти мактап журе берсен кул боп кетесин.мугалиммен мунайшыны салыстырма арасы жермен коктей столда отырып 100000 мын аласын. мунайга барып жасап кара 1 кунде кашып кетесин. устиннен мунай акканда. сени асырап откан сол мунай карагым ойланып сойле. сени соттау керек осы созин ушин
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.03.2012 18:04
+0 / -0
Сен мұғалымдықты күндіз істеп, түнде аузыңмен көлгірсіп тамада болатын шығарсың, сөйтіп қосымша табыс табатын боларсың. Кінәсі болса әрине соттау керек, оны бәріміз білеміз, мәселенің тұбі оларда болып тұрған жоқ қой айтіскер мұғалым ақыным!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.04.2012 10:59
+0 / -0
Мына Шалқарбай болып отырған КНБ-ның 25000 дық салдақысы . ол үшін бас ауыртпаңдар.Оның міндеті пікір жазушыларды шатастырып, сол арқылы алауыздық тудырып арамдалған 25 000 ды алу ғана. Халқымызда ақымаұұа үндемеген де жауап деген нақыл сөз бар ғой! Халайық ол өзінің осы ісі арқылы нағыз халық жауы екенін дәлелдеп отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.04.2012 11:12
+0 / -0
Ақын болу оңай деймісің, қарағым,
Аузында жүру сыздаған барлық жараның - деген.
Ал, сіз, ақын емессіз, сыздаған жараның аузында жүре алмасаңыз, ақынмын деп ауыңызды аспанға кермеңіз!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай!
03.04.2012 11:58
+0 / -0
Согысты бастаган менттер адаидын коз жасы жiбермеидi сатылган саткындар сендерде отан деген угым барма кулбаевтын кулы болганына ризамысындар саткындык жасап тапкан акша таттiме оны балдарында жеидiме

Кімнен: Шындық Қайдан: Батыс .
31.03.2012 18:35
+0 / -0
Шалқарбаисыңба басқасыңба . Отыз жетісін соттасақ тыныштық орнаиды дегеніңе келісе алмаимын , сауатсыздау жазылған коментари қалдырыпсыз . Тап кізіргідеи тыныштық көзге көрінбеитін жалған тыныштық сол тыныштығыңды құшақтап мәз болып жата бермедіңбе . Бұл саиытқа кірмеи тыныш жүргеніңіз дұрыс сияқты . Ақынмын деисің сіз сонда жүрегі жоқ қандаи ақынсыз чтото мен сізді Атыраудан естігенімде көргенімде жоқ . Таисоған атты киелі жерді жазып көрсетіп өтірік ақын болғаныңыз қызық екен . Сен аиытқан тыныштық менің тілімді кесті , дінімді 130 дінмен араластырып дүбара қылды , қанымды ағызып қырып салды , көздерін жәудіретіп жетімімді сатты , қасиетті жерімді сатты , халқынан қызғанып баилығымды сатты , жемқорлыққа жол ашты , санамды улап намысыммен ерлікті өлтірді , салт дәстүрімнен жұрдаи қылды , АЛЛАның нұрына емес өз нұрына табындырды . Ұрпақтың санасын улап жатқан мұғалим осының бәрі сенің аиытқан тыныштығыңның қырсығы қалаи қорқыныштыма қоиа қоиайын жүрегің жарылып кетіп жүрер өтірік ақын .

Кімнен: Ақиқат
01.04.2012 01:08
+0 / -0
Шалқарбаи өтірік ақын екеніңізге менде келісемін , шын ақын елім , жерімдеп жылап тұрмаушыма еді , құирығымен алдаитын түлкі құсап сіз қаидан шыққан ақынсыз . Кәзіргі кезде жүрегі жоқ ақындардан құтыла алмадықау . Сенің сол тыныштығың халқыма не берді , таудаи болған кемшілікті аиытпайақ қоиайым . Сен сол сотталып жатқан жас ұландардың тырнағынада тұрмаисың . Олар 21ғасырдың жаужүрек батырлары . Сен өтірік тыныштықтың күшігісің жәуілдеп үріп қоиатын . Қалаи болғандада осы тыныштықтың мен емес сен құрбаны болып қаласың Атыраулық күшік ақын .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.04.2012 09:28
+0 / -0
кызылкога ауданы акиминин артын жалайтын аким го айтыста килен журттын созин урлап айтады жагымпаз екижузди ертен мен жазган жокпын деп шыгады Шалкарбай найс адам
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.04.2012 11:39
+0 / -0
осы сот адилетсиз отсе,букил халык котерилип, жазыксыз мунайшылардын кукыгын коргауга та салысуы керек.Казак деген каска болган улт.Осы казахстаннын болшагы жок ел., Батысын Америкага, Онтустигин Кытайга, Солтустигин Ресейге берип, кул,кун болудын аз ак алдындамыз гой.Казактар емес, баскалардын жайлы омир суретин мекенимиз.кор болган казактар
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?