Сенбі, 18 мамыр 2013, Алматы 16:21


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Адвокаттар судьяны ауыстыруды талап етті

Алдын-ала тергеу кезінде айыпталушыларға «қарсы жауап берген» Таңатар Қалиев қысым көргендіктен дайын жауапқа қол қоюға мәжбүр болдым деп мәлімдеген. Сәуірдің 11-і күні екі адвокат Ардақ Батиева мен Гүлнар Жуаспаева судьяны ауыстыру туралы өтініш берген.

Судья Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
Судья Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
Мәтін көлемі - +
Екі адвокат та судьяның істі тәуелсіз түрде жүргізіп жатқанына күмән келтірген. «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиев:

- Адвокаттардың бірі: «талай өтініштер беріп жатырмыз. Бірақ сол өтініштердің не себепті қабылданбай жатқанын нақты түсіндіріп жатқан жоқ. Тіпті мына айыпталушыларды сұрау мәселесіне келгенде де неге бізбен ақылдаспайды?... Осылардың барлығы оның іске үстірт қарайтындығын көрсетіп отыр. Ол кісі шындықты ашу үшін емес, прокурорлардың сөзін сөйлеп отырғандықтан өтініш береміз» деп мәнін осылай түсіндірді, - деді.
Жаңаөзен сотынан көрініс. Lada.kz сайтынан алынған сурет. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.Жаңаөзен сотынан көрініс. Lada.kz сайтынан алынған сурет. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
x
Жаңаөзен сотынан көрініс. Lada.kz сайтынан алынған сурет. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен сотынан көрініс. Lada.kz сайтынан алынған сурет. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Оның айтуынша, бұл өтінішті екеуінен бөлек, тағы үш адвокат қолдаған. Басқа жетеуі қандай шешім шығарса да, сотпен келісетінін жеткізген. Ал Қосбағаров есімді адвокат прокурорлармен бірге қарсы шығыпты. Ерлан Қалиевтің айтуынша, айыпталушылар судьяның ауысқанын қаламаймыз деген.

Бұдан кейін Ақтау қалалық сотынан келген Досетов есімді судья Аралбай Нағашыбаевты қалдыру туралы шешім шығарыпты.    

ТАҢАТАР ҚАЛИЕВТІҢ ЖАУАБЫНАН БАС ТАРТУЫ

Кеше бірінші болып айыпталушы Таңатар Қалиевтен жауап алынып, ол «сөйлеуден бас тартқандықтан» оның алдын-ала тергеу кезінде берген жауабын прокурорлар оқып шыққанын жазған едік. 

Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгінгі сотта Таңатар Қалиев орнынан тұрып кеше өзінің жауап беруден бас тартпағанын, тек денсаулығына байланысты сөйлеуге мүмкіндігі болмай қалғанын айтқан.
Жаңаөзен сотын көруге келген жұрт. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.Жаңаөзен сотын көруге келген жұрт. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
x
Жаңаөзен сотын көруге келген жұрт. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен сотын көруге келген жұрт. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Бұдан кейін ол кеше прокурорлар оқыған, алдын-ала тергеу кезінде берген «жауабын» мойындамайтынын, қысым көргендіктен қол қоюға мәжбүр болғанын айтқан. 

- Таңатар Қалиев айтты: «Кешегі прокурорлар жариялаған, алдын-ала тергеу кезінде айтқан сөздерімді мойындамаймын. Неге десеңіз, келе салысымен мені ұрып соқты. Екі күннен кейін ҰҚК-не апарып, табуреткамен басымнан ұрды. Екі күн соқты. Қорқытты, үркітті. Өзімнің бес балам бар. Біреуі мүгедек. Оларды да айтып үркітті. Психологиялық қысым жасады. Басқалар туралы айтсаң, жеңілдік жасаймыз деп алдады. Қалғандары бәрі отырады» деп айтты, - дейді Ерлан Қалиев.

Бұған қоса, айыпталушы судьядан өзін жеке камерада қалдырмауды сұраған. Бақылаушының айтуынша, «Кешеден бері өзгелермен бірге жалпы камераға отырғызылатын болып едім. Бірақ оған қарамастан бүгін мені жеке камераға қайта тықты. Қазірдің өзінде қорқып отырмын. Мені неге бөледі? Қорқыту үшін бе тағы?...» деген.

«ЖАНҒЫШ ЗАТЫ БАР 30 БӨТЕЛКЕ ДАЙЫНДАУ»

Twitter-дегі пайда болған соңғы жазбаларға қарағанда Қалиев түстен кейін де сұралып, алдын-ала тергеу кезінде өзінің берген «куәлігін жазбағанын, тек қысыммен дайын жауапқа қол қоя салғанын» айтқан. Бұдан кейін адвокаттар оның сол кездегі жағдайын анықтау үшін қойған жазуына сараптама жасау туралы өтініш түсірген. Сонымен бірге сол кезде түсірілген бейнетүсірімді де пайдалану туралы өтініш айтқан.
Саясаткер Болат Әбілов Жаңаөзен сотына қатысушылармен сөйлесіп тұр. Ақтау, 10 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет.Саясаткер Болат Әбілов Жаңаөзен сотына қатысушылармен сөйлесіп тұр. Ақтау, 10 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет.
x
Саясаткер Болат Әбілов Жаңаөзен сотына қатысушылармен сөйлесіп тұр. Ақтау, 10 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет.
Саясаткер Болат Әбілов Жаңаөзен сотына қатысушылармен сөйлесіп тұр. Ақтау, 10 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет.

Ақпарат бойынша, 30-дан астам айыпталушыға осы Таңатар Қалиевтің берген жауабы негізінде айып тағылып отыр. Бұған қатысты сотта жүрген оппозициялық саясаткер Болат Әбілов сәуірдің 10-ы күні Facebook әлеуметтік желісінде былай деп жазады:

«Қалиев 17.12.2011 ұсталған екен. Стенограмманың мәтінінде Талғат Сақтағанов пен Роза Төлетаеваның қараша айында жиналыс өткізіп: «...Шыдамның шегіне жеттік, соңына дейін тұрамыз, 16 желтоқсанға дайындалуымыз керек, әкімшілік пен өзге де мемлекеттік мекемелерді өртеу (керек)»-мыс дегендері айтылады. Бұған қоса «15 желтоқсан күні олардың мұнайшыларды қайтадан жиналып алып, жанғыш заты бар 30 бөтелкеден дайындау туралы бірнеше мұнайшыға тапсырма бергені, оның ішінде Қалиевтің де бары айтылады... Үзіліс жариялаған кезде біз мұнайшыларға жақындаған «Бәке, сенбеңіз. Мұның бәрі өтірік» деп айтты».

«СОТҚА КЕЛЕ АЛМАҒАН ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР СОТТА ЖҮР»

Кеше судья Аралбай Нағашыбаев жиырма шақты жәбірленушінің сотқа әртүрлі себеппен келе алмайтындығын айтып, айыпталушыларды сұрауға көшкен еді.
Ерлан Қалиевтің жазуынша, бүгінгі сотта адвокаттар сол келе алмаған жәбірленушілердің кейбірі сотта жүргенін айтып, судьядан себебін сұраған.

- Адвокаттардың бірі: «Мысалы, Қосанов деген полицей үш күн бұрын осы сот залының ішінде жүрді. Ол жәбірленуші ретінде саналады. Неге осында жүрген кісіні таба алмай жатырсыз?» деп сұрады. Судья болса «Иә, залда жүрген шығар. Бірақ оның тікелей түрде жауап бермеу туралы арызы бар» деп жауап берді, - дейді Ерлан Қалиев.

ПРОКУРОРЛАРДЫҢ «РЕНІШІ»

Оның айтуынша, бүгін түске дейін тағы да екі жәбірленуші сұралып, екеуі де арызынан бас тартқан.

Ерлан Қалиевтің айтуынша, соның бірі 189 мың теңге залал көрген зейнетақы қорының өкілі Айгүл Олжаева арызынан бас тартатынын айтқан кезде прокурорлар «реніш білдірген».  

- «Бұл жекеменшік емес, үкіметтің мүлігі ғой, сіздер қалай бас тартасыздар? Бас тартуға құқығыңыз бар ма?» деп қайта-қайта сұрады. Ал зейнетақы қорының өкілі: «Кешіріңіз, әрине, бұл үкіметтің мүлігі екенін білем. Бірақ менің жоғары бастықтарым бар. Олар Алматыда. Мен кеше ғана олармен сөйлестім. Олар маған осы сотқа барып, арыздан бас тартатынымызды айт деп тапсырды» деді, - дейді Ерлан Қалиев.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
11.04.2012 19:05
+0 / -0
Бұдан артық тегін "концертті" енді қандай елден көруге болады? Ай, ұры ит-ай, бүкіл әлемнің алдында масқара қылдың ау.

Кімнен: Аси патриот Қайдан: Астана
11.04.2012 19:36
+0 / -0
басқа судья келсе ол не басқа елдің заңнамасымен негізделеме екен? менінше, адвокаттар процестін ұзақ болуын мензеп отырған сиақты, уақыт өте келе біраз заттардың сыры кетеді деп сенетін болар.

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
11.04.2012 19:43
+0 / -0
Бас тартқандарыңыз керемет! Ал ана, сотталушыларға қарсы, масқара соттың ауыстырылуына қарсы адвокаттар несіне адвокат атанады екен?

Екінші мәселе:Көшелерді Мәшхүр Ж., Бұхар Жырау аталарымыздың атына ауыстырмақшы болып жүрген Керекулік рухты жастарды менімен хабарласуын сұраймын. Руза Бейсенбай тегі апаларың. 51-10-50, 8-701-182-52-65, ruza_7@mail.ru

Кімнен: Жәй қазақ Қайдан: Алматы
11.04.2012 19:43
+0 / -0
Телеканалдар осы масқараның ешқайсысын айтпайды.Укиметтің, соттың былығын жабудан шебер болып шықты.Желтоқсанда полицияның халықты атқанын жасырып, керісінше айтумен келеді.Тележурналистерде ұят қалмағаны ма?

Кімнен: бағынышты Қайдан: банда басқарған елден
11.04.2012 19:56
+0 / -0
Үкіметтік банда тобының былай тартса өгізі өлді, былай тартса арбасы сынды, енді қайтпек, автомат әкеліп залдағының бәрін түгел жусата салмаса игі бәтшағарлар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.04.2012 21:36
+0 / -0
Жаңа Ресей парламентінде Путинді шақырып алып, Миронов, Жирик, тағы басқалар қысып, сұрақтардың астына алды. Көп сұрақтар жақында өткен президент сайлауы жөнінде болды. Әйтеуір, Ресей каналдары елдегі болып жатқан жаңалықтарды еш бүкпей айтады. Осылай-осылай қазақы қазақтар да Қазақ елінің қазақша арналарны қарамай, Ресей каналдарына ауысып кетпей ме? Амал жоқтан. Адам баласы шындықты естігісі келмей ме? Осыддан кейін АНА тіліміз қалай дамымақ?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.04.2012 22:13
+0 / -0
Бізде міне уже 10 жылдай болды, хабар т.басқаларын почти ешкім қарамайды ,потому что бәрі өтірік показуха, қазақтардың көбі әлі ұйықтап жүр, өкінішті, қанша жылдар нашару өтіп кетті

Кімнен: патриот Қайдан: Алматы
11.04.2012 22:02
+0 / -0
ТРЕВОГА!!! ПРЕДСТАВИТЕЛИ КОМИТЕТА «Жанаозен-2011»!!!
СРОЧНО !Требовать вмешательства МЕЖДУНАРОДНОГО СООБЩЕСТВА по ПРАВАМ ЧЕЛОВЕКА !
ЭТО ПРОДАЖНЫЙ СУД к хорошему не ведет, плохо пахнет!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.04.2012 23:33
+0 / -0
Бізде міне уже 10 жылдай болды,
--------------------
Қарағым! Қазақта УЖЕ деген сөз жоқ. Бізде міне 10 жылдай болды-деп, УЖЕ сөзін қоспай сөйлеуге болады емес пе? Немесе, УЖЕ-сөзін ендігі, енді сөздері алмастыра алады. Егер бір шетелдік қазақ сайттарын аралап, қазақша үйренейін десе, осындай сөздерге келгенде, не ойлайды. Осыны ойлаңдар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 04:32
+0 / -0
1989 жылы Жаңаөзенде ұлт-азаттық қозғалыс болды.Бұл Назардың біріншілікке келген кезі еді.2011 жылы Жаңаөзенде буржуазиялық-демократиялық төңкеріс тұтанды.Бұл екеуі ұқсастық па,Жаратқанның белгісі ме?Назекең ауырса,шаттанамыз...Түпкілікті кетсе одан сайын шаттанамыз

Кімнен: Адайдың баласы Қайдан: Қазақ елі
12.04.2012 09:44
+0 / -0
Ағайын, мына полицелейрге, соттар,а және халықты қанап жүрген әкімдерге жұдырық болып бірге күресейік! Олар да адам ғой, олар да қорқу сезімі бар, бала-шағасын ойлайды, бір күні осы дүниеден өтеді. Мысалы, Таразда менттер беспредел жасамайды. Неге? себебі халықтан қорқады, керек болса, олардың жаңазасына бармай қоямыз. Кейбір менттер бір жағдай болса үкімет оларға көмектеспейтінін біледі.
... Ең қызығы - өткенде Жаңаөзенге коммандировкаға жіберілген полицейлер өз ақшаларын әлі алмапты, көрсін үкіметтін қол шоқпары болып, халықты қанаған қалай екенін.

Кімнен: Бабек
12.04.2012 10:02
+0 / -0
Соттың соңына дейін жәбірленушілердің барлығы өз талаптарынан бас тартатындығына гәп жоқ, тек 12 құпия жәбірленуші ғана айып тағатын шығар. Егер сот процесі тек биліктің тапсырмасымен жүретін болса, онда болашақ ұрпақ алдында қарабет боламыз. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа, - деген мақалды ұмытпауымыз керек. Кезінде Сталиннің және т.б. жеке басына қалай табынып едік, артынан даттап шықтық. Болашақта да нақ осындай болып жүрмеуі үшін, тек шындықты жазып, ақты ақ, қараны қара десек, сот әділ өтсе болашақ үшін, халық үшін сол дұрыс болады.

Кімнен: Барақ
12.04.2012 10:11
+0 / -0
Жаңаөзенде орын алған жаппай тәртіпсіздіктің себебі, оған жол берген кінәлілер, оны ұйымдастыруға және тікелей қатысқандар, оқ атқан полиция, әлеуметтік мәселеге бөлінген қаржыны талан-таражға салған шенеуніктер бәрі-бәрінің кінәсі дәлелденген жағдайда әділ жазаларын алуы керек. Соттың әділ өтуіне Елорданың пәрмені толығымен жетеді деп ойлаймын.

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
12.04.2012 11:30
+0 / -0
бірақ осы судьяны ауыстырған мен басқа бір арлбайма маралбайма келмима одан сол тікелей ОБСЭ араласуына мүмкіндік беретін бір нәрсе оиластыру керек шығар
Пікір алмасу

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Шетпе
12.04.2012 12:34
+0 / -0
Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді. Түбі Назарбайға тірелгесін, не болсын. Қазір ашық сот деп, күнде қақсайды да, сотсымақ тыңдап отырған кейіп көрсетеді, соңында айыпкерлердің түймедей ісін түйедей қылып жібереді де, көп жылдарды ұялмай қызармай арқалатып жібереді. Сөйтіп, полицейлердің сұмдық қылмысын амалсыздан жасаған қылады. Мұның аяғын күтудің керегі жоқ, ойбайлай беру керек.

Кімнен: Сайын Қайдан: Ақтау
12.04.2012 12:27
+0 / -0
Халықты азаптап,қырғандар дереу жазалансын! Абдрасул Өтешов, Мылтықовтар неге бостандықта жүр? Дереу қамалсын!

Кімнен: jakin
12.04.2012 12:56
+0 / -0
"...Желтоқсанда полицияның халықты атқанын жасырып, керісінше айтумен келеді.Тележурналистерде ұят қалмағаны ма?..."

bular ozderining kalaydan - kalay kasibiy paktikten ayrilip bara jatkandarin ne sezer, ne seze almas...biylik halikti birde korgasin ok pen atsa, birde osilay kozge korinbeytin ok pen atadi...

Кімнен: Rocci Balboa Қайдан: Kazakhstan
12.04.2012 16:56
+0 / -0
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі деген дана бабамыз. Менің ойымша осы сот процесінің заң шеңберінде өтуіне кедергі келтірмей, мәселені өршіте бермей, байыппен артын күту керек. Сабыр түбі сары алтын дегендей, кішкене сабыр сақтасық, бәрі орнына келер.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 17:21
+0 / -0
Сен сабыр сақтап отырғанда маңғыт аузыңа саңғыт қылса обалың кімге?

Кімнен: Алина Осипова
12.04.2012 18:04
+0 / -0
Судьялардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңы аясында шешім қабылдайтыны анық. Судья ауысқанмен шешім заң аясында қабылданары анық. Сабырмен шешімді күтелік.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 18:20
+0 / -0
Нені күт, нені күт дейсіздер, Сөөөөййтіп күтіп жүргенде, іс бітті, қу кетті болмасын

Кімнен: Шамсия Болатова Қайдан: Казахстан
12.04.2012 18:34
+0 / -0
Жаңаөзендегі оқиғаның әділ шешімін сот төрелігі береді. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауымыз керек!

Кімнен: Марина Николаевна
12.04.2012 18:59
+0 / -0
Биліктің басты талабы тыныштық емес пе ағайын!Бірақ әрине қанша адам болса сонша пікір бар әрине...ойлап қарайтын болсақ сот ашық түрде өтуде,халық БАҚ арқылы процесті қадағалап отыр,сабырмен әділ шешімді күтейік.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 21:10
+0 / -0
Қыстырылғандарды тыңдап, сот әділ болады деп күтейік! Ал әділ деген қалай болады, бұл соттың арты үлкен дауға айналып, әділет жеңіп, анау күдіктілер судияның орнына отырып, анау судия мен прокурорлар қылмыскерлер қатарында отырса, әне сол кезде әділет орнайды. Өйткені қазірге дейін биліктің қылмысы ашылып, жатыр, ал бірде бір жазаланушылар қылмысы туралы ашылған дерек бар ма???
Ендеше әділдікті күткенің дұрыс, тек ненің әділет екенін ескермейтінің өкінішті, әділет туралы айтушы орыстан туған қазақ қызы! Сіз өте керемет жансыз деп ойлауға рұхсат етіңіз.

Кімнен: Аккыран Қайдан: Актау
12.04.2012 19:21
+0 / -0
Әділеттілік сот өзгергенге қарамастан өзгермейтіні анық емес пе. Ал басқа судьяның келуі әділеттілікке кепіл бола алмайды?, тіпті айыпталушылар өз адамын киргизуі әбден мүмкін
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
13.04.2012 12:26
+0 / -0
Судьяны ауыстыру не басқа мәселелер соттың әділ өтуінде басты мәселе емес қой. Бастысы соттың заң аясында өтуі ғой. Ал сот процесі қазірше барынша заң аясында өтіп жатыр деп айтуға болады.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?