Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 09:13


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Айыпталушылар өздерін «полиция азаптағанын» айтты

Жаңаөзен ісінде «әрі тергеуші, әрі жәбірленуші болған полицейдің» жүргізген тергеулерін жарамсыз деп тану туралы адвокаттың төртінші өтініші қабылданбады. Айыпталушылардың бірі «өздерін ұрып-соққан» сегіз полицейдің аты-жөнін атаған.

Жаңаөзен сотындағы айыпталушылар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
Жаңаөзен сотындағы айыпталушылар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
Мәтін көлемі - +
Қоғамдық бақылаушылардың айтуынша, сәуірдің 12-сі күні Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотта бірнеше айыпталушыдан жауап алынды. 

Бақылаушылардың айтуынша, сотта жауап берген айыпталушылар қамалу кезінде қысым мен азаптау көрдік деп мәлімдеген.

Бірақ «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, олардың басым бөлігі нақты кімнің ұрып-соққанын айта алмаған. 

- Нұрлан Асқарұлы желтоқсанның 19-ы күні өзін қалалық полиция бөлімшесінде ұрып, басын трубаға соққанын айтты. Прокурорлар «олар кім?» деп сұраған кезде ол ұрған адамдардың маска киіп жүргенін, сондықтан айта алмайтынын жеткізді, - дейді Ерлан Қалиев.

Оның айтуынша, айыпталушы «алдын-ала тергеу кезінде «тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп, бірнеше мұнайшыларға қарсы берген жауабын» да қысыммен мойындатқызғанын мәлімдеген.

"ҚАБЫРҒАСЫ СЫНЫП, КӨК ЕТІ ЖЫРТЫЛҒАН"

Қоғамдық комиссия өкілі Жәнібек Қожықтың айтуынша, айыпталушы Мақсат Досмағамбетов сотта өзін азаптаған полицейлердің аты-жөнін атап берген. 
Прокуратураға шағымданғанмен, әлі күнге дейін бірде-бір жауап келмеген.
 
- Ол өзін қинаған сегіз адамның аты-жөнін айтып берді. Соның кесірінен қабырғасы сынғанын, көк етінің жыртылғанын, прокуратураның да ішіне барып ұрғанын айтты. Кейде бес-алты адам болып жабылып ұрғанын да айтты, - дейді Жәнібек Қожық.

Бақылаушының сөзінше, прокурорлар «Бұған қатысты шағымданып па едің?» деп сұраған кезде «ол прокуратураға шағымданғанмен, әлі күнге дейін олардан бірде-бір жауап келмегенін айтыпты». 

Жәнібек Қожықтың сөзінше, айыпталушы атаған тізімнің арасында осыған дейін сотта жәбірленуші ретінде сөйлеген Нұржан Жандарбеков те болған. Бұған дейінгі отырыстарда Жандарбековтің айыпталушы Сақтағановты тергегені анықталып, адвокаттардың бірі ол тергеген материалдарды жарамсыз деп тану туралы өтініш берген болатын.

Оның айтуынша, судья бұл өтінішке бұрын жауап берілгенін айтып, сондықтан бүгінгі өтінішін де қанағаттандырмай тастаған.

ҚЫСЫМ

Сәуірдің 12-сі күні оппозиция белсендісі, блогшы Андрей Цуканов Азаттық тілшісіне үзіліс кезінде айыпталушылардың туыстарымен сөйлескенін, олар да қамауда отырған жақындарының азапталып, қысыммен жауап алынғанын растағанын айтты.

«Басына полиэтилен пакет кигізіп, соның кесірінен ол (айыпталушы Шабдал Өткелов) тұншығып, есінен танып қалған. Есін жиғызып, пакетпен қайта тұншықтырған. Оған қоса мұрны мен аузын қатар жауып тұншықтырған» деп, айыпталушының сөзінен мысал келтіреді Андрей Цуканов Facebook парақшасында.

Көрсетілген видеоларда қамауда отырған мұнайшыларға қатысты «ұйымдастырушы», «қатысушы» сияқты ұғымдар қолданылған.  Бұл - заңбұзушылық.
 
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, әлі сот үкімі шықпаса да, бүгін көрсетілген видеоларда қамауда отырған мұнайшыларға қатысты «ұйымдастырушы», «қатысушы» сияқты ұғымдар қолданылған.  Мұны ол заң бұзу деп санайды. 

Бұған дейін билік тарапынан құрылған қоғамдық комиссия өкілдері мен сотқа барған мәжіліс депутаты Гүлнар Сейітмағамбетова сот заң аясында өтіп жатыр деп мәлімдеген еді. 

Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот отырыстары Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр.

Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы, оннан астам қорғаушы қатысып отыр.

Бүгін - соттың он үшінші күні. Сот басталғаннан бері 188 жәбірленушінің шамамен 150-ден астамы сұралып, олардың басым бөлігі арыздарынан бас тартты.

Осы аптада айыпталушылар сұрала бастады. Бірінші болып сұралған Таңатар Қалиев те өзінен жауап алғанда қысым жасалғанын мәлімдеген еді.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
12.04.2012 18:35
+1 / -0
Ей прокурор, полицей, судья! Көп кешікпей осы арсыздықтарың, сатқындықтарың үшін ұлттың, АЛЛАның алдында азаппен жауап беретін боласыңдар! Сендер енді қазақ халқының ЖАУЫСЫҢДАР! Адам емессіңдер! Сендердің де ағайын - туғандарыңның бала-шағаларыңның, ұрпақтарыңның бастарына осындай күн тусын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.04.2012 09:22
+0 / -0
асау барак, олар агайын-туыс, бала-шага дегенд1 б1лмейд1. керек десен олар оз отбасында сатып ж1беред1. арсыздар олар.

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
12.04.2012 18:43
+1 / -0
Осыдан кейін бұл сотты әрі қарай жалғастырудың еш мәні жоқ!
Пікір алмасу

Кімнен: Тасайтегі Қайдан: Алматы
12.04.2012 19:38
+1 / -0
Мен бұрын елбасыға сенетін едім. Тіпті "аттық. тағы да атамыз" -деген министр Қасымовтан бастап сайлау біткен соң қызметтен алып, соңынан ісін сотқа береді деп оилағам.Мусин мен Шөкеевті де сайлаудан соң ең болмаса қызметтен алады деп айтып жүрдім.Сол кезде біреулер оның өзін ГААГА сотына беру керек-деп интернеттен менің пікіріме жауап жазып жүр еді.Қателесіппін.Кей достарыма да байқамай қате пікірімді айтыппын.Кешіріңіздер."Балық басынан шіриді"-деген дұрыс екен.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
12.04.2012 20:08
+2 / -0
"Сот заң аясында өтіп жатыр" депті. Осынан сұрақ тумай ма, "Қандай заң аясында?" делінген. "Бір адамның билеп-төстемек заңы, Халыққа бар, өздеріне жоқ заң аясы " дер едім жауабын...

Артын американдарға, ортан белін орысқа, қалғанын қытайға беріп отырған бұл билік басшыларының соңы да таянып қалды. Соңғы қырылы. Соңғы тұяқ серпуі болып отыр.

Жаңаөзендік бауырлар! Жарқын күн жақындап келеді, амал жоқ сәл ғана шыдам керек болып тұр. "Итке-ит өлімі" дегенді естен шығармайық қандастарым!

Бұл ит "Жылқының нарқында қасқырдың ісі жоқ, Адамның парқында тағдырдың ісі жоқ" дегенді жаттап оскен ғой. Бірақ өзіне қандай да бір нәумет келерін дүниеқоңыз-пендешілігі жеңіп, өзінің соңында сорлап қаларын білсе де, сол соңғы сағатын дірілдеп өткізіп жатқаны өзіне ғана аян екендігі және де рас.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 21:20
+0 / -0
Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов 19-желтоқсанда Мәскеуде берген прес-конференциясында" бәрі де заң жүзінде, қорғану мақсатында атылды "-деп мәлімдеді.Аңқау бастарымыз сеніп қалсақ, келесі 20 бастап соткаға түсірілген видеолар шықты.МӘССАҒАН "МЕН алдандым".

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 21:14
+0 / -0
Кеше Марченко мәлімдеді "бздің сыртқа қарызымыз 139 миллиард доллар.Қаңтарда 125млрд деп еді.3 айда 14 миллардқа қалай көбейген?

Кімнен: Е
12.04.2012 21:36
+0 / -0
Қазақтан туылмаған қазақтармыз ғой!!!
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
13.04.2012 01:52
+0 / -0
айналайын Е, түңілме құдретті күштінің күні таусылмасын. Үмітсіз шайтан!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 22:08
+0 / -0
Қаиғы мұңға толы өте ауыр тақырып , азапбен , қорлықтан көз аша алмаған өзендік бауырларымаи , жау қолыңда болсаңдар өздеріңді құтқаруға мыңдап аттанған болар едік , өз Отаныңда қасірет көрсеңде құтқара алмадым кілең саиқымазақтар басқарған ел мазақ болып тозақ отына күисе екен . Ұлт болып езіліп аяқа тапталдық , қанымызды ішті , азаптады , өлтірді . Сырыттан келген жаудан жаман , көздері қанталаған , соқыр , өтірікші билік артың күн өткенсаиын ашыла бастады , лағынет аитам мен саған Өлегенше шек көріп өтем мен сені . Тезірек өліп тынғаның керек жалған жүие . Ұиалмай сізді Елбасы деиміз , шошқаның басындаи бас жоқ болса , тышқанның мыиындай мыи болсағои шіркін .

Кімнен: аси патриот Қайдан: астана
12.04.2012 22:18
+0 / -0
тергеу изоляторларында медициналық қызмет көрсететін бөлімшелер бар, сондықтан егер де айыпталушыларға бір соққылар келтірілсе, онда медициналық қызмет жедел түрде оған назар аударып, прокуратураға шағымдануы қажет, сондықтан жоғарыда аталған қысым дейді, соққылар орын алған ба жоқ па деген күмән келтіреді. Қазақстан Жазалауға қарсы Конвенцияның құрамына енген сиақты, ол дегеніміз, бір айыпталушы үшін Қазақстан атын шығармасы анық.
Пікір алмасу

Кімнен: мұрат Қайдан: ақтау
13.04.2012 01:57
+0 / -0
аси кімсің өзің!? сен "хабар", "ел арна"-ларда өмір сүріп жүре берсейші, азаттық радиосында не шаруаң бар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 22:40
+1 / -0
Сонда халықтың қырғынынан кейін сол қырғынға ұшыраған адамдардың өмірін жоқтамай, көшеде бұзылған сауда орындарының, оның ішіндегі арақ-шарап пен темекінің, өртенген есік-терезелердің құнын өндіру бірінші кезектегі аса қажетті мәселе болғаны ма?(Осы орайда жәбірленушілердің көпшілігінің өздерінің арыз-талаптарынан бас тартқандықтарын айтып кеткен жөн). Ал ана қыршыннан қиылған көптеген адамдардың өмірінің сұрауы жоқ па? Әлде олар Қазақстанның шеттен келген жаулары ма еді?
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстау жанашыры Қайдан: Батыс
13.04.2012 01:16
+0 / -0
Мен бұл соттың дәл осылай әділетсіз өтетініне еш күмәнім болмап еді.Сонда бұл мекеннен әділеттілікті қайдан табуға болады??? Ары қарай өмір сүрудің өзі қорқынышты. 37 адамның тағдыры осыншама ойыншық боларма еді? Мына судьялар ақ пен қараны айыра алмайтын неғылған көр соқыр еді? Алла сабыр берегөр!!! Ақ-аққа құдай жақ дейдіғой, бір реті болар.

Кімнен: Батыс .
12.04.2012 23:36
+0 / -0
Меңіреу патриот құдаи үшүн Астанадеп жазбашы жүректі аинытбай . Сен қандаи адамсың осы жүзіңді бір көрсем бетіңе түкіріп кетер едім . Заңы рол оинамайтын саиқымазақ елді білмеитін , түсінбеитін адам қалаи өзін патриотпындеп аита алады . Прокуратураға шағымдансада жауабы берілмегенін қалаиша оқыи алмаи қалдың . Жазаламақ түгілі атып қырып салсада конвенсияға қол қоиғандеп не оттап отырсың мұиғыла . Сен бізге Батысқа келде тап осылаидеп аитып қара қаидан шыққаныңды білмеи қаласың .

Кімнен: Абзал Қайдан: Ақтау
12.04.2012 23:53
+0 / -0
Өткілов Шабдол " мен сол күні алаңнан кетіп қалғаныма өкінемін, бірақ 8 ай алаңда тұрғаныма өкінбеймін" деді.

Кімнен: абыз қыз Қайдан: құлсары, кең жылойдан
13.04.2012 00:48
+0 / -0
37 бауырым, сынбаңдар! Аққа құдай жақ деген, жақсылықтан үміт үзбеңдер! Бұл бір өмірдің сынағы. Себебі бір бейнеттің жақсылығы болады дейді. Мына ібілістер тобыры сіздерді қанша қараласа да, бәрібір шындық жеңеді! 37 бауырым, БІР АЛЛАҒА АМАНАТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
13.04.2012 08:35
+0 / -0
Халықты азаптаған, ұры билік, олардың итаршылары - прокурор, сот, полицайлардың Аллаһ осы дүниеде де, ахиретте де жазасын берсін!!

Адамдарға жасағанын Аллаһ өз бастарына екі есе ғып жіберсін!!
Әмин!!!!

Кімнен: Қайрат Қайдан: Ақтау
13.04.2012 09:57
+0 / -0
Айыпкер Жұмағалиев жауап бергенде,одан сіз полицейді ұрдыңыз ба деп сұрады. Жұмағалиев ұрған жоқпын деп жауап берді.Прокурор айғақ есебінде видео бар екенін, сол видеоны қосуды сұрады. Видеода Жұмағалиевты полицейдің итеріп жібергенін көрдік, ал Жұмағалиев болса, жауап ретінде "заң қайда, әділдік қайда" деп айқайлады.
Залда отырғандар прокурордың нені дәлел қылып отырғанын түсінбей қалды. Прокурор"заң қайда, әділдік қайда" деп неге, кімге айқайладың деп сұрады. Сотталушы полицейге, әкімдерге айқайладым деді.
Ал,Ермұқанов айыпкер орындығында не үшін отырғанын білмейді. Себебі, ол алаңда тұрмаған, оқиға болған күні жұмыста болған. 17 күні жұмысқа бара жатырған жерінен үстіндегі спецовкасымен ұстаған, енді қаладағы барлық өртелген, тоналғандарды,банкоматтарды маған жауып жатыр деді, сомасы 2 миллиард теңге. Ол жігітке прокурорлар сұрақ қойған да жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.04.2012 11:35
+0 / -0
не болса осы соттын аякталуын куту керек Мумкин, билик ойланар. Ойткени ертен осы сот адилетсиз ,тым шектен шыккан болса бар халык котерилуи мумкин гой,Жалпы,елдин ишки жумысшы табынын толкулары ар онирде бой котерсе,халыктын ызасына тоскауыл болу киын, Сосын сырткы жаулар да тиимди пайдаланып, тагы да кара халык боска жем болмасын.Негизи,соттагыларга, ари биликке ойлану,сабыр,акыл керек. Халыкты ашуландырганмен, еш нарсе утпайды.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
13.04.2012 11:33
+0 / -0
Соттағы айыпкерлердің жауабынан кейін, менде полицейдің қатты соққы алғандығы күмән келтіреді. Сондықтан, дәрігерлер, медсестралар( перевязка жасаған болса) куәлікке шақырылуы керек. Ауру тарихы құжаттары сараптамадан өткізілуі керек.
Сосын, аяғынан оқ тиіп, больницада жатып қайтыс болған жігіттің ауру тарихын зерттеп, дәрігерлерден куәлік алынуы керек.

Кімнен: Ердәулет Қайдан: Ақтау
13.04.2012 11:40
+0 / -0
Сотталушылар түгелімен азапталған, қинаумен берілген жауаптарынан бас тартып жатырғандықтан, процессті тоқтатып, істі қайта қарауға жіберу керек. Немесе, бәрін босату керек.
Азаптаған садистер тиісті жазасын алуы керек. Бостандықта жүрген Абдрасул Утешов ,Қайрат Сарин, Ұлықбек Мылтықов , Жандарбеков сияқты азғындар қамалу керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Ершабай Қайдан: Шетпе
13.04.2012 14:14
+0 / -0
Абдрасул Өтешовті не үшін, кімнен қорғауымыз керек? Түсінбеймін. Керісінше, ол қанішерді қашып кетпей тұрғанда дереу қамап, соттау керек.

Кімнен: sultan@mail.ru
13.04.2012 12:10
+0 / -0
Егерде шынменде осы қылмысқа қатысы болса, оларды аямау керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
13.04.2012 13:08
+0 / -0
Сот процесінің өту барысы көпшілік халықты әрине алаңдатуда. Мемлекет сотты ашық талаптарға сай өткізуде деп ойлаймын. Әрине халықтың мақсаты соттың әділ өтіп, айыптылардың өз жазасын алуы!
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақтау
13.04.2012 14:06
+0 / -0
Алаш, егер айыпкер орындығында отырғандар айыпты болмаса неге жазасын алуы керек, не үшін? Сосын адам ызаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуы керек пе?
Меніңше, біздің менттер мен прокурорлар мына отырған мұнайшылардың көпшілігін ызаланғаны үшін айыпты қылып отырған сияқты көрінді. Себебі, жәбірленуші полицейлер өздерінің жауаптарында мұнайшылардың алаңда ызаланып жүргеніне ерекше мән беріп айтты. Жұмағалиевтің қылмысының айғағы деп прокурор сұрауымен көрсетілген видео Жұмағалиев тарапынан қылмыстық әрекет көрсеткен жоқ, бірақ видеоның финалы Жұмағалиевтың ызадан жарылардай болып тұрған бетіне тоқтап, сол жерде тоқтатып,ұзақ көрсетіп тұрды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.04.2012 16:59
+0 / -0
25000 теңгенің салдақы сұлтаны!! сені және сен сияқтыларды аямау керек шындығында
Пікір алмасу

Кімнен: sultan@mail.ru
13.04.2012 21:18
+0 / -0
Мені олай кінәламаңыз. Мен нәнге қарсы Сұлтанмын. Нәнді жазалау керек. Кімнің қатысы болса бұл қылмысқа түгелдей жазасын алуы керек. Арандатушылар, қасымып, қабылып, өтешіп, жандарбекіп сияқтылар ерте-кеш жазаларын толығымен алады. Сол сияқты сот аралбайып та әділ үкім шығара алмаса жағдайы қиын болады ау деп қиналып отырғаным.

Кімнен: Нариман Қайдан: Астана
13.04.2012 14:07
+0 / -0
Құрметті Қазақстандықтар!!! Әзірге ештеңе нақты болмағанша, ешқандай қорытынды жасау дұрыс емес, соттың әділетті болатынына сенейік!!! Бұған обьективті түрде қарайық, эмоцияға берілмей, ақылға салып, ой елегімізден өткізейік!!! Сабырлық сақтап, сот шешімін күткеніміз абзал, ағайын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Адайдың баласы Қайдан: Қазақ елі
13.04.2012 15:52
+0 / -0
Ойпырмай, мынау бір Нұр-Отанның жендеті-ау деймін, сірә!
Қашан сот әділ болушы еді бізде? Егер біздің сот әділ болса, онда түрмеде ең бірінші кезекте атамыз отырар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстау жанашыры Қайдан: Құлсары
13.04.2012 22:19
+0 / -0
Сот шешімін күтермізау, бірақ қанша эмоцияға берілмей, ақылға салып, ой елегінен қайта-қайта өткізсекте соттың әділ шешім қабылдайтынына сенбейміз.

Кімнен: Алина Осипова
13.04.2012 14:21
+0 / -0
Рухы биік, күшті елдердің қашан да бағы таймаған, "мың өліп, мың тіріліп" жасампаздыққа қол жеткізгені бізге белгілі. Егер сот шешімін күтпей әрқайсымыз әр жерден ойымызға келгенді айтсақ, бұл абыройсыздыққа апаратын жол болып табылады. Қалай болған күнде де жаңаөзен оқиғасына қатысты істе кінәлілер жазасын тартатыны анық.
Пікір алмасу

Кімнен: Сократ Сократ Қайдан: Казахстан
13.04.2012 17:36
+0 / -0
Қазақстан -саяси тұрақтылық пен жаңа азаматтық қалыптастыру жолында дәйекті, бірізді саясат ұстанып отырған бірден-бір мемлекетпіз. Әлемдік саясаттағы беделімізді ел ішіндегі арандатушыларға еріп түсірмейік. Әліптің артын сабырмен күтейік.
Пікір алмасу

Кімнен: уық
14.04.2012 16:00
+0 / -0
Алина Осипанова дұрыс айтады, кінәлілер - Бұйрық беруші , орындатқызушы, өртеуге ұйымдастырушы биліктегі дөкейлердің бәрі сотқа тартылатын болады. Біз бұлай қой болып кете бермейміз! Біз арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты күйде бұлқынатын боламыз және рухани кісендер бырт-бырт үзіліп, биліктегі ұры-қарылар әділ жазаға ұшырайтын болады.

Кімнен: elections12 Қайдан: -
13.04.2012 15:29
+0 / -0
А пытки и избиения, о которых говорят подсудимые, это не доказанный факт. Пока это только слова, не имеющие никакого отношения к фактам и доказательствам. Сейчас на допросе прозвучали хотя бы конекретные фамилии полицейских, и то, их необходимо проверять.
Пікір алмасу

Кімнен: selections13 Қайдан: Ақтау
13.04.2012 15:56
+0 / -0
Правильно говоришь, есть презумпция невиновности. А погромы , поджоги, организация беспорядков тоже требует доказательства, правильно. А где они, эти доказательства. Почему их без доказательств посадили.
А видео с расстрелами народа Жанаозеня , не доказательство по твоему. Почему их не сажают. Как ты думаешь, сопақ бас.

Кімнен: Maulit Қайдан: Kz
13.04.2012 16:25
+0 / -0
Айыптаушылар басқа не десін? Әрине тергеушілер қыспақтады, ұрды, соқты дейді. Ал кім 40 полиция қылметкерін ұрды? Кім 125 ғимаратты өртеді? Жаппай тәртіпсіздікке барған осылар жіне олар осы үшін жауап берулері керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақылбек Қайдан: Ақтау
13.04.2012 23:20
+0 / -0
Неге біз полицейдің айтқанына сенуіміз керек. Ешқандай құжаты жоқ, ауызбен кім орақ ормайды. 125 ғимаратты кім өртеді? Анықтау керек. Негізінен коменданттық сағаттың уақытында өртенген. Видеоларын әкелсін, дәлелдесін. Сосын айтсын. Кімнің кінәлі екенін. Өртеген ОМОН мен полицейлер. Оған не айтасың. Сәуле540 ты көрдің ғой, кім қарусыз халықты атып жатырған, жаралыға көмек берудің орнына дубинкамен ұрып жатырған. Малғұндар емес пе. Қалай ойлайсың. Банкоматты тонаған да, магазиндерді тонап өртеген де ОМОН мен полиция, яғни азғындар.
Пікір алмасу

Кімнен: Мереке Қайдан: Ақтау
13.04.2012 23:33
+0 / -0
Бір малғұнда жарақат алған жоқ, қайдағы 40 ты айтып отырсың. Біреуі жарақат алды деп еді, емханада историясы жоқ, ол да өтірік болып шықты. Нанбасаң дәрігерлерден сұра.
Ал, ғимараттарды өртегендер сол менттер светті сөндіріп тастап, тонаған да солар.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?