Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 07:47


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Қоғам белсенділері Жаңаөзен сотын тоқтатуға шақырды

Жаңаөзен сотының сәуірдің 16-сы күнгі отырысында судья түске дейін айыпталушы Роза Төлеутаевадан жауап алды. Оған «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы» ретінде айып тағылған. Алматыда бір топ азаматтық қоғам белсенділері сотты тоқтатып, қайта қарауға шақырды.

Болат Атабаев, азаматтық қоғам белсендісі, режиссер. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
Болат Атабаев, азаматтық қоғам белсендісі, режиссер. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Ақтау қаласында өтіп жатқан сотты бақылап отырған «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтың айтуынша, бүгін түске дейінгі болған отырыста айыпталушы Роза Төлеутаевадан жауап алынды.

ЕКІ ӨТІНІШ

– Сот басталмас бұрын Розаның  қорғаушысы Гүлнар Ұзақбаева сотқа екі түрлі өтініш түсірді. Оның біріншісі Розаның денсаулығына қатысты. Себебі сот басталған кезде Роза Төлеутаева қойылған сұрақтарға жауап бере алмай, өзінің туған күні мен жылын ұмытып қалған болатын. Осыған қатысты адвокат оны психологиялық тұрғыдан дәрігерлік тексеруден өткізу керек деп санайды.
Жаңаөзен ісі бойынша өтіп жатқан сотқа қатысушы адвокаттар. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл.Жаңаөзен ісі бойынша өтіп жатқан сотқа қатысушы адвокаттар. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл.
x
Жаңаөзен ісі бойынша өтіп жатқан сотқа қатысушы адвокаттар. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл.
Жаңаөзен ісі бойынша өтіп жатқан сотқа қатысушы адвокаттар. Ақтау, 13 сәуір 2012 жыл.

Қорғаушының екінші өтініші - тергеу барысында Розаны «көп азаптап, басына полиэтилен пакет кигізіп тұншықтырған». Құлап қалған кезінде шашынан тартып орнынан тұрғызған. Қазір Розаның шаштары түсіп қалған. Міне, осыны сот сараптамасынан өткізу. Яғни «Роза Төлеутаеваның шашы ұрып-соққаннан жұлынды ма, әлде басқаша себеп болды ма» деп судьяға өтініш жасады, - деді Ерлан Қалиев.

Бақылаушының айтуынша, Роза өзін «азаптаған» тергеушілер ретінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі мен ішкі істер бөлімінің қызметкерінің атын атаған. Судья адвокаттың бірінші өтінішін ғана қабыл алыпты.

ТЕЛЕФОН ӘҢГІМЕЛЕРІНЕН МЫСАЛ КЕЛТІРУ

«Жаңаөзен - 2011» комитетінің өкілінің баяндауынша, прокуратура өкілдері Роза Төлеутаеваның Жаңаөзен оқиғасына дейін телефон арқылы сөйлескен адамдарын атап: «Сіз Болат Атабаевпен сөйлесіпсіз, оны қайдан танисыз? Козловпен қандай байланысыңыз бар? Біреу сізге «сендер не соғыс бастадыңдар ма, омондарды қудыңдар ма?» депті. Ол кім?» деген секілді сұрақтар қойды, - деді Азаттық тілшісіне Ерлан Қалиев.

Ерлан Қалиевтың айтуынша, Роза Төлеутаева прокуратура өкілі қойған кейбір сауалдарға жауап беруден бас тартқан. 

Ол:
- Розаға «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы» ретінде 141-баптың 1, 2, 3 тармақтары бойынша айып тағылып отыр, - деді.

«ЖАҢАӨЗЕН СОТЫ ТОҚТАСЫН!»

Сәуірдің 16-сы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген бір топ азаматтық қоғам белсендісі Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот процесін тоқтатып, істі қайта қарау керек деген талап айтты.

Баспасөз жиынын «Болатхан Тайжан» қорының жетекшісі, қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан, «guljan.org» сайтының құрылтайшысы, әрі бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, белсенді  Ғалым Ағелеуов, «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай және режиссер Болат Атабаев өткізді.
Гүлжан Ерғалиева, guljan.org веб-сайтының бас редакторы. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.Гүлжан Ерғалиева, guljan.org веб-сайтының бас редакторы. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
x
Гүлжан Ерғалиева, guljan.org веб-сайтының бас редакторы. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
Гүлжан Ерғалиева, guljan.org веб-сайтының бас редакторы. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.

Гүлжан Ерғалиева Жаңаөзен сотын бірден тоқтатып, істі қайтадан қарау керек деп санайды. Оның ойынша, бұлай жасаудың басты себептері жәбірленушілерге қысым жасалып отыр және тергеу ісін жүргізген тергеушілер сотқа қайтадан жәбірленуші ретінде қатысып жатыр.

«Жас Алаш» газетінің жетекшісі Рысбек Сәрсенбай «Жаңаөзен оқиғасына байланысты қамауда отырған азаматтар айыпталушы емес, жәбірленуші болуы керек еді» деген пікір айтты. Оның ойынша, сот процесі тоқтатылып, президент істі қайта қарауға пәрмен беруі керек.

Рысбек Сәрсенбай:

- Сот осы бағытпен кете берсе нағыз кінәлілер, атуға бұйрық бергендер  жазықсыз қалады да, бейкүнә жандар жазықты болып кете береді. Дүмпудің көкесі сонда болады, - деді.

ИМПИЧМЕНТ ЖАРИЯЛАУҒА ШАҚЫРУ

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың бірі Болат Атабаев:

– Біз қарусыз адамдарға оқ атуға бұйрық берген адамның кім екенін жақсы білеміз. Тек үндемейміз. Сондықтан Назарбаевтың орнынан кетуін талап етуіміз керек. Назарбаевқа импичмент жариялауымыз керек, - деп мәлімдеді.
Егер Назарбаев өзінің абыройы мен беделін сақтап қалғысы келсе жарты қадам алға жылжып, айналасын тазалау керек.
 
Рысбек Сәрсенбайдың ойынша, импичмент мәселесіне қатысты президент Назарбаевқа «қол жетпейді». Сондықтан ұлттық қауіпсіздік комитетінен бастап құқық қорғау саласының басында отырғандар түгел отставкаға кетуі керек.

Сәрсенбай:
- Егер Назарбаев өзінің абыройы мен беделін сақтап қалғысы келсе жарты қадам алға жылжып, айналасын тазалау керек, - деді.

АНЫҚ АҚПАРАТ АЛУ МЕН ТАРАТУҒА ҮНДЕУ

Жиынға қатысушылардың тағы бірі Мұхтар Тайжан:

- Қазақ зиялыларының оянуы керек, Жаңаөзенге қатысты қазіргі сот ісінің тоқтап, қайта қаралуы үшін Ақтауға арнайы барып, істі көзбен көруі қажет. Сондықтан билет алып Ақтауға арнайы барып қайтыңыздар, - деп көпшілікке үндеу тастады.
Режиссер, азаматтық қоғам белсендісі Болат Атабаев «тергеу ісіне журналистік зерттеу жүргізу керек» деп есептейді.
Мұхтар Тайжан, азаматтық қоғам белсендісі, экономист. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.Мұхтар Тайжан, азаматтық қоғам белсендісі, экономист. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
x
Мұхтар Тайжан, азаматтық қоғам белсендісі, экономист. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
Мұхтар Тайжан, азаматтық қоғам белсендісі, экономист. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.

Ол:
- Барлық зорлықтар мен айуандық әрекеттер - ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жаңаөзен ісіне байланысты жедел тергеу тобының жетекшісінің қолымен жасалып отыр. Барлығы соның келісімі бойынша үнсіз отыр. Ол - бүгінгінің «антигеройы», - деді.

Жиынға келушілер «халықтың Жаңаөзен оқиғасына жаны ауырып отырғанымен ондағы ақиқатты біліп отырған жоқ. Сондықтан мемлекеттік ақпарат құралдары ақиқатты жазуы керек» деген тілек білдірді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
16.04.2012 19:36
+2 / -0

ТАҒЫ ДА ҚАН, ТАҒЫ СОТ ТАНЫМАЛЫ

Тағы да сот!
Масқара!
– Тағы сол сот!
Тағы да қан!
Халыққа атылған оқ!
Тағы да сот –
Қойылым танымалы:
Биліктің тарапынан жағылған от!
Тағы түрме...
Қол-аяқ кісендеулі,
Нақақтан тағы кімдер жабылады?!
Тағы да оқ!
Фашизм орнағалы...
Кетті маза, жау билік қағынғалы!
Дар ағашы...
Тағы кім асылады?!
Тағы мылтық...
Тағы кім атылады?!
Қандыбалақ жау билік қару алып,
Зар иледі қазақтар, аңырады –
Жаңаөзенде аққанда судай қаны!

О, қазағым!
Бар ма осы құдай деген?!
Бар болса,
Бар даусыммен былай дер ем:
Алып кет Нұрсұлтандай жендетіңді,
Бұдан аяр адам жоқ жер бетінде!
Қандықол «Миколайдай» қанын шашып –
Қазақтың келешегін кер кетірді.
Бостандығын елімнің қайтарып бер –
Керек емес бостандық – өліп көрген,
Қай өлікті көріп ең көрік берген?!
Азаттықтың құрбаны – өліктермен,
Жаңаөзенмен мен-дағы өліп көргем!
Жазасы сол – биліктің өліктерді,
Қазып алып тірілтсін келіп көрден!
Ойлап тапқан сойқанын бастап берген,
Жауыз билік «бақытын» тапсын көрден!

О, Құдайым!
Мен саған былай дер ем:
Күнде өмірмен қоштасқан пендемін мен,
Қорықпаймын ажалдан,
Қорқатыным –
Жазылмай қала ма деп артымда өлең...
Соңғы өлеңім болса да осы өлеңім –
Азаттықты бер маған өліп көрген!
Табиғат та, заман да, емес дүлей,
Дүлей нағыз – қанішер билік дүлей!
Кешегі судай аққан қазақ қаны,
Арасында бар-тұғын бала қаны:
Дүлей билік оқ атып қырғанында,
Бар еді тасқа тамған бала қаны...
Өлеңдерім жәй емес, теріп келген,
Әрбір жолын ақынмын өліп көрген!
Мынау билік алжасқан ақылынан,
Соттасып не табады өліктермен?
Қорықсам да Құдайдан сұрағым бар:
Қару беріп құтыртып, шексіз етіп –
Нұрсұлтанға сенбісің желік берген?!
(Қазақтың бар жазығы – сенгендігі,
Алаяқтың көз жұмып соңына ерген...)
Жау билікке соншама ерік берген,
Шыныменен сен болсаң желік берген,
Уа, Құдайым!
Мен сені не дер екем,
Керек пе осы бостандық өліп көрген?..
Пікір алмасу

Кімнен: Назарбек Қанафияұлы Қайдан: Алматы
16.04.2012 22:32
+1 / -0
Биліктің қанішерлік саясатын әшкерелеу арқылы ақындарымызбен, алдаспан қаламгерлеріміз жәріне жете әшкерелеуде, бірақ оған мыңқ етер шенді, «мынауымыз масқара болды-ау» деп ұялар ар-ожданнан безген алпауыттар шіміркенер емес. Айыбын мойындап, айылын жияды деген билік әнеукүні «Тағы да атуға бұйрық беремін!» деп жыртқыш азуын ақситты емес пе!
Махамбет рухты алдаспан ақын Қуаныш Мұқтайдың «Тағы да қан, тағы сот танымалы» өлеңі турасында айтарым, соны оқып көргенімде ұлт үшін басын тік тұрғызып алдыруға дайын ержүрек азаматтың удай ащы мұңымен, ызалы ашуын, билікке деген өшпес кегін жан жүрегіммен сезініп, өнебойым аттандап, сана-сезімім түршігіп қоя бердім...
Ақын Жаңаөзенде жазықсыз аққан қанды, бейбіт қазақтарды әдейі қуып жүріп атқан жауыздардың ісін, оны ұйымдастырған екі аяқты жендеттердің соншалықты қазаққа өшіге, өршелене қаны қайнауын басқаларға сабақ болардай әшкерелеген, масқаралаған! Осынау жаңағасырлық қанды қырғынды ұйымдастырған басшының аты-жөнін атап тұрып көзіне шұқып айтқан екен!
Антты бұзған осы қанішердің жер жастанып өкіріп өлуін, О дүниеде тозақта жануын құдайдан жалбарынып сұраған. Алла тілегін бергей!
Баршаңызды мынау масқара сотты тоқтатуға әрекет жасауларыңызды сұраймын! Билік шынымен де өлілерді соттап жатыр. Өздеріңіз айтыңыздаршы, әділдік қайда, оққа ұшқандар сотталып, бейбіт халыққа оқ атқандар құтылып ол қандай сот өзі сонда?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 20:04
+1 / -0
Оян, қазақ(М. Дулатов(

Кімнен: аси патриот Қайдан: астана
16.04.2012 20:41
+0 / -1
осы комиссияның тексеріс өткізгендері жайлы неге ақпарат жоқ ғаламторда? әлі күнге дейін тек бос сөз сиақты, Жаңаөзенде болған оқиғада сонда кім кінәлі және кімді айыптау керек екені жайлы неге пікір айтылмайды???
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 22:35
+1 / -0
Мына бір асима, бір жерін қасима, астаналық патриотпын деп отырған сүлдеге айтарым, сен гүлжан орг сайтына бар, сонда сенің тумаларың итше өріп жүр, айызыңды қышуыңа қоса қандырасың, бишікештерді қорғаштауда алдына жан салмайтындарға қосылып. Сөйт, бұл жерде сені қолдаушылар некен-саяқ, жетімсіремей үйіріңе қосыл, мүсәпір!

Кімнен: Nurbol Karatai Қайдан: atyrau
16.04.2012 20:59
+1 / -0
Жанаозен соты адилетсиздиктин тагы бир кориниси.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
16.04.2012 21:06
+1 / -0
ЖЕДЕЛ! СОТТЫ тоқтату керек!!!
БҰЛ СОТ қанды қолдыларды марапаттайтын СОТ!
ЖАҢАӨЗЕН комитеті өкілдері !!!уақытты КЕШ қалдырмаңыздар!!!
МЫНА СОТ халыққа КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ үшін жүргізіліп жатырған СҰРҚИЯЛЫЛЫҚТЫҢ бір СПЕКТАКЛІ!!!

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
16.04.2012 21:39
+0 / -0
мына ұйықтап жатқан журналистер сендер халықа көмектесетін міндетерің телевидинияға бір амалын тауып халықа жеткізулерің керек қои ей ҚАЗАҚ ояаныу керек атаныу керек бұға берсе сұға береді деген

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
16.04.2012 21:40
+1 / -0
"Тас түскен жеріне ауыр" дейді. Біздер осы істің қақ ортасында жүрмегенмен де маңында жүргендіктен қазір ауру болуға айналдық - мына сұмдықтарды естіп-біліп отырып еш көмек көрсете алмауымыз біздің жүрегімізді ауыртып жүр. Бұл үкіметтің бізге жау екендігі анық белгілі болды, одан еш жақсылық күтіп отырған да жоқпыз, бірақ біздің ерекше жүрегімізді ауыртатын бір жағдай болып тұр, ол - Қазақстанның басқа өңірлеріндегі халықтың біздің қайғымызға немқұрайды қарауы. Әрине, барлығы бірдей емес, осы жерде пікір жазып, жанашырлық танытушылар бар, оларға рахмет. Бірақ мемлекеттік телеарналарда "ол бұзақыларды жазалау керек" деушілерді көргенде, айналайын-ау, ең бірінші кімнің бұзақы екендігін айырып алсаңшы" деп айқайлағың-ақ келеді. Жарайды, жай халық білмейді екен делік, бірақ журналистердің білмеуі мүмкін емес қой - еріндері жалбырап, аузы көбіктеніп, Пәленшенің Түгеншесі деп өздерін таныстырып алып, ауыздарына келгенін құсу дегеніңіз сұмдық қой. Басшылары айт деп зорлап жатса, жәй ғана хабарлай салуға да болады ғой, тап бір бізде әкесінің ала алмай жүрген өші бардай нығарламай.
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстау жанашыры Қайдан: Құлсары
16.04.2012 23:15
+1 / -0
Халықтың көзін ашатын ақпарат құралдары көбейсе екен, себебі халықтың барлығы интернетті қолданып білмегендіктен ащы шындықтан құр қалып жатқандары қаншама? Біз де тек осы ғаламтор жүйесі арқылы ғана шындыққа қанық боп отырмыз. Ал көпшіліктің қол жетімді ақпарат құралдарында шындыққа жанасар еш нәрсе жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Kazak86 Қайдан: almaty
17.04.2012 08:51
+3 / -0
біздің билік біздің жүйе халықты маңгүрт етіу жолында барын салды, сондықтанда көпіміз ояналмай жұрміз! бұгіңінғана ойлап ертеңін ойламайтындар оте көп! ал қара Қазақтардан Жаңаөзен ге нақты жаны ашитындарда бұл билікке өлердей оштерде көп! бірақ қолдарынан қазыр келер қайран жоқ! ал жоғары жіктегі және соған жақындау қазақтардан қайран жоқ! ондай Қазақша сойлеген немересіне орысша жауап берер әжелермен аталардан не қайыр Қазақыма! кеше аялдамадан жұмысққа келгенше бір 50 жастың шамасындағы бір апаймен аңгімелесіп келдім, қаргі жағдайды айтып налыған апай Қазақтардың өз елінде жұріп 2-, 3- санаттағы адам болып жүргенін айып бұданша басқа елге кетіп қалып ең төмен сатыдағы адам болып жұргеніміз артыққой дейді! ал мен айттым басқа елден жақдайым бұдан неше есе артық болсада отаным деп келдім! ешқайда қашбайымда қашалмайым! онданда жұрт болып жүмылып Қазақтың мәртебесін қайтарайық соған үлес қосайық дедім бәріміз! біз ҚАЗАҚТАР жеңеміз!

Кімнен: Арман Қайдан: Ақтау
16.04.2012 22:40
+1 / -0
Бүгін сотталушы Қосбармақов жауап бергенде былай деді. Артымнан келген бір жігіт менімен жағаласып кетті, ол азаматтық киімде еді, мен оның курткасын тартып қалғанымда, куртканың алды ашылып кетті, ішінен полицияның формасын және тапаншаны көрдім деді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 09:43
+1 / -0
Билік өзі ұйымдастырып, халықты өзі атып, өзі кінасіз мұнайшыларды соттап жатырғаны күн сайынғы мәліметтерден белгілі болып келеді.Қолымызщда телевидение, заң бар деп білгенін жасап жүрген үкіметіміз-ай

Кімнен: Маңғыстаулық Қайдан: Маңғыстаудан
17.04.2012 10:10
+2 / -0
Мына қызықты қараңыз. Сотты жүргізіп отырған судья А. Нағашыбаевтың үстінен оның бастығы М.Аубакиров пен облыстық сот төрағасы Д.Амиров бақылап отыр. Бақылағанда сырттай емес, сот залының қасындағы бөлмеде аудио-видео құрылғы арқылы бақылап, оған бағыт-бағдар беріп отыр. Керек болса қаулы-саулыларында солар жазып дайындайды. Ал А. Нағашыбаев жәй КУКЛА, ол кеңесу бөлмесіне кеттім дегенде соларға барады. Бастығы не айтады, сол болады. Бұл барып тұрған масқара емес пе? Күндегісін Д. Амиров Жоғарғы сот төрағасына жағдайды баяндайды. Ары қарай не істейтінін ақылдасады.

Кімнен: Қамбар Қайдан: Ақтау
17.04.2012 11:24
+0 / -0
Бүгін сотталушы Қосбармақов жауап бергенде былай деді. Полицияның шебі қысып жатырғанда артымнан келген бір қара курткалы жігіт менімен жағаласып кетті, ол азаматтық киімде еді, мен оның курткасын тартып қалғанымда, куртканың алды ашылып кетті, ішінен полицияның формасын және тапаншаны көрдім деді.
Сол қара курткалы жігіттер менттер болуы мүмкін.

Кімнен: Бек Қайдан: Махамбет
17.04.2012 11:46
+0 / -0
Халыққа дұрыс ақпарат әлі жетпей жатыр .Неге десең Жаңаөзендегі жағдайды халықты кінәлі деп жүргендер бар.Оны қайдан білесін десең ,Қазақстан ,Хабардан естідім дейтіндер баршылық көбінде компютрь болғанмен сайттарға кіруді білмейді.Ауылдық жерге дұрыс ақпарат жетпейді .Халық әлі ұйқылы-ояу мысалға менен Жас алаш газетін көріп оқитындар бар мына жазып отырғандары распа деп таңғалады оған қарап мен таңғалам ұйқтап жүргеніне осыдан ақ білесің қалай екенін.
Пікір алмасу

Кімнен: Жан Қайдан: Жайык
17.04.2012 15:13
+0 / -0
Мынадай сурак: Жанаозендеги окиганы ким уйымдастырган? Кандай максатпен? Енди кимди жазалаймыз?
Бузакылык орын алды гой, жазасыз калдыруга болмайды. Арким ойына келгенин жузеге асыра берсе,калай болганы? Сондыктан да адил соттын жазасы каншалыкты ауыр болса да мен келисемин.

Кімнен: sultan@mail.ru
17.04.2012 12:51
+0 / -0
Айыптаушылар өз жазаларын тартуы тиіс

Кімнен: Бір Жан.
17.04.2012 13:02
+0 / -0
Аллам жар болсын, аққа.

Кімнен: Ермек Қайдан: Ақтау
17.04.2012 13:35
+0 / -0
Біріншіден, Төлеутаеваның телефон, СМС хабарларын заң орындарының тыңдауы заңсыз.
Екіншіден, сөз бар да, іс жоқ. Ал, іс болмағаннан кейін ол қандай қылмыс.
Бүл жерде полицияның,КНБ нің іс әрекеттерін мұқият тексеру керек. Істі солар жасағанға өте ұқсап тұр, оған дәлелдер де көп.
Пікір алмасу

Кімнен: Жан Қайдан: Жайык
18.04.2012 11:43
+0 / -0
Бул жерде барлыгы оз кызметтерин занды турде орындап отыргандар. Сиякты,мумкиндеримен халыкты адастырманыз

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
17.04.2012 13:54
+0 / -1
Бұл қоғам қайраткерлері халықтың қамын ойлаймыз деп оңы көтеріліске шақыруда, соңда мемлекетке қарсы шығуға ашық шақыруда, бұл заңсыз. Өздері мойыңдап жатқандай, халыққа бұндай құбылыс керек емес, және занды бұзған полицейлер абақтыға алынуда, өздері мойыңдайды. 20 жылда Қазақстандың жетістіктерің меңсінбей отыр. Халықтан қол жинаса, оңда кім сот жалғасып өтуіне өз дауысың береді деп сұрау қажет, оңдай адамдар қарсы шықкандардан көп болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат бауырыма Қайдан: Алматыдан
17.04.2012 20:20
+0 / -0
Марат-ау мұнша безбүйрек болармысың? Әлде өз туысқандарым аман ғой дегеннің бірімісің? АЛЛА тағаланың ҚАҺАРынан неге қорықпайсың?.Ақыл айтқан болып, қанышер полицейлерді қорғап тұрсың.

Кімнен: Жан Қайдан: Жайык
17.04.2012 15:35
+1 / -0
Сот торелигине сенемин! Халыкты дурликтире бермениздер.

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
17.04.2012 15:38
+0 / -0
Полицейских отпустить
Бунтарей посадить
есть глаза которые видят все.

Кімнен: ех Қайдан: ех
17.04.2012 16:00
+0 / -0
Актаудагы болып жатқан соттан ары болмаса бері болмасы анық. Ол бесенеден белгілі. Билікке карсы аштык жариялаганнан тукте шыкпайды. Аштан өлсен өмірем қат десе керек. Котерилсен осылай соттайды. Өзіне-өзің кол салып (Менің Өліміме назарбаев күнәлі деп жазып кетсен) оларга тіпті жаксы. Енді баска кандай жол калды екен а? Букіл халык болып котерілу қазақтын қанында жок шыгар сіра. шетінен коркактар. зиянды қауымнын колынан б**та келмейті. кандай жол барын айтындаршы. бірігіп жауабын тауып корелік. Баска елге кошіп кеткеннен баска не калды. оган арын жібермейді.....?????

Кімнен: Шамсия Болатова Қайдан: Казахстан
17.04.2012 16:45
+0 / -0
Жан жарасының әзір жазыла қоймайтыны анық, дегенмен елдің тыныштығын, берекетін,тұрақтылығын сақтайық.Жаңаөзендегі жағдайдың шешімін халық пен сот әділдігі берер.
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
18.04.2012 00:42
+0 / -0
Әрине сот процесі өте күрделі өтуде! Елдің тілегі біреу ғана ол соттың әділ өтуі. Әділ шешім шығару үшін сот процесін тек заң аясында ғана жүргізу қажет! Сонда ғана билік пен ел арасында бір біріне деген сенім арта түспек.

Кімнен: Болатжан Қайдан: Алматы
17.04.2012 17:09
+0 / -0
Жаңаөзен қақтығысына байланысты сот процессін тоқтатыуды кейінге қалдырып, ең алдымен кімдер ұйымастырды, қаруды не үшін қолданды деген сұрақтың басын ашыу керек деп ойлаймын.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?