Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 09:43


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Жаралы айыпталушылар жәбірленуші сапында жоқ

Жаңаөзен оқиғасы бойынша «Полицейлер соты» жақындап қалса да, оқиға кезінде жараланған айыпталушыларға жәбірленуші статусы берілген жоқ» дейді «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі. Айыпталушылар алдын-ала тергеу кезінде қысымға ұшырағанын айтып жатыр.

Жаңаөзен ісі бойынша айыпталушылардың туыстары сот үзіліс жариялағанда түскі ас ішіп отыр. Ақтау, 12 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет
Жаңаөзен ісі бойынша айыпталушылардың туыстары сот үзіліс жариялағанда түскі ас ішіп отыр. Ақтау, 12 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет
Мәтін көлемі - +
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, «Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер» бойынша сәуірдің 18-і түске дейін ғана болған сотта сегіз айыпталушыдан жауап алынған.
Олардың арасында «16-сы күні алаңда болмаған, ереуіл мен мұнайшыларға еш қатысы жоқ» айыпталушылар да болған.

«СЕГІЗ АДАМ БОЛЫП САБАУ»

Оның айтуынша, мысалы, жеке күзет бастығы, ауыр атлетика бойынша спорт шебері Әділбек Шамов 16-сы күні кешкі төрт-бестерде өзінің қарауындағы нысандарды аралап келе жатқанда кездейсоқ түрде ұсталғанын айтқан. Ол сотта өзге айыпталушылар секілді алдын-ала жауап алу кезінде қысымға ұшырағанын мәлімдепті.

- Оны полиция басқармасында, гаражда суық су құйып, кешкі тоғыздан бастап, таңертеңге дейін ұрып-соққан. Қорлаған. Үш күннен кейін оны қамауға алу туралы санкция шыққан кезде ол аппеляцияға беруге тырысқан. Бірақ оны өз пікірін айтқаны үшін қайта ұра бастаған. Өзінің айтуынша, егер қалғандарын үш-төрт адамнан ұрса, өзі денелі болғандықтан оны сегіз адам боп ұрған, - деді Ерлан Қалиев.

Ерлан Қалиевтің айтуынша, Шамов соққыдан сау тамтығы қалмағанын, басына тыртық түскенін жеткізген. 

Бақылаушының сөзі бойынша операция жасатып, бір көзінен айрылған Аманжолов есімді айыпталушы желтоқсанның 16-сы күні мүлде алаңда болмағанын, үйде отырғанын айтқан. Бірақ соған қарамастан оны полицейлер қамауға алып, қысыммен жауап алуға тырысқан.

- Оны желтоқсанның 29-ы басқармаға шақырып, ұрып-соққан. «Сені «Сулпак» маңынан көрген екен. Дүкенді тонадым деп мойында» деп мойнына алғызуға тырысқан. Мал сияқты қорлаған. Бұдан бөлек оны ереуілге белсенді түрде қатысушы деп айыптап отыр, - деді Ерлан Қалиев.

ТАС ТИГЕНДЕР МЕН ОҚ ТИГЕНДЕР

Ол бүгінгі сотта желтоқсанның 16-сы күні бірнеше айыпталушыға оқ тиіп, кейбірі ауыр жараланса да, олардан жәбірленуші ретінде жауап алынбағаны белгілі болғанын айтады.

- Сонда мынадай парадокс болып отыр: «маған тас тиді» деп айтқан кейбір полицейлер тастың нақты қай жеріне тигенін айта алмаса да, іс бойынша жәбірленуші ретінде өткен. Немесе «мені ұрды, тас тиді» деген көптеген полицейлерді айыпталушылардың бірі ұрып жатқаны туралы видео болмаса да, олар жәбірленуші ретінде өтеді. Ал жараланғаны айқын боп тұрған айыпталушылардан осы уақытқа дейін жәбірленуші ретінде жауап алынбаған. Оларға жәбірленуші статусын бермеген. Мысалы, Ерғазевтің жамбасына оқ тиген. Сол сияқты  жараланған тағы да айыпталушылар бар. Полицейлердің соты жақын қалса да, олардың статусы анықталмаған, - дейді Ерлан Қалиев.

Осыған дейін сотта сұралған айыпталушылар полицейлердің оқ атуы жайында айта бастаған кезде судья «бұл - басқа қылмыстық іс» деп тоқтатып отырған еді.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айбар Қайдан: Ақтау
18.04.2012 21:36
+0 / -0
Енді қалғаны осы билікпен,оны қорғайтын мент,кнб,сот,прокурорлармен ашық майданға шығу,қанды ішіп болды ғой ар намыссыз иттер.Қашанғы күтеміз қазақтың басына жарық күн туады деп,қазіргі биліктен құтылмай ондай күн жоқ көзіміз жетті. Неге құлдық бұғауды үзуге ұмтылмаймыз,неге арланбаймыз ұл-қызымызды қорлатуға,неге оянбаймыз қазақ неге неге неге?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 21:43
+0 / -0
Құқық қорғаушылардың бұл иттігін елбасы білмей отыр.Ол Жаңаөзенге барғанда айтты" мұнайшылардың талабы орынды"-деп.Халықты қуып жүріп атқан полицейлер гой.СУДЬЯ да шындық ашылмауы үшін қолынан келгенше тырысып,оқ ату турылы сұрапқ қойғызбайды.Ондағы ойы кіналы қанішерн ондаған полицейлерді аман алып қалу.Түскен видеоларды да көрсетпейді.Себебі қара курткадағылар құқық қорғаушылар болып шыққан.Елбасыны 4 ай бойы тағы алдап жүр.Фашисттік методпен құқық қорғаушылар мұнайшыларды кіналап шықпақшы.
Пікір алмасу

Кімнен: Мен Қайдан: Алматы
19.04.2012 00:45
+1 / -0
Мынау қиял ғажайып, қорқынышты ертегі сияқты. Тіпті сене алар емеспін. Қорқынышты сондаааай:(
Пікір алмасу

Кімнен: Нұртай Лахан Қайдан: 19730923
19.04.2012 09:49
+0 / -0
шыныменде қорқынышты ертегі секілді. бірақ ертегілердің соңы жеңіспен, әділеттілікпен аяқталушы еді. солай болса екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Оян Қайдан: Қазақ
19.04.2012 03:11
+0 / -0
Сотты тағайындайтын назарбаев. Демек соттар тікелей соған бағынышты. Егер сот әділетсіз болса, онда ебтің тапсырмасы тікелей. Сот егер оның айтқанын орындамай, әділетсіздік көрсетсе, еб (ол әділетті ойлайтын болса, әрине) олардың тік ішегін теріс айналдырар еді. Қарусыз баладан қорқатын олар ебтің қахарынан қорықпайды дегенге сенбеймін ешқашан! Бұл елде сол біреуден өлердей қорқатын барлық шен арқалап шікірейгендер боққа батып өлуге дайын! Оянбасақ ұйқының мәзі кеткен сияқты.

Кімнен: Қазақ Қайдан: с.қ.о
19.04.2012 06:35
+0 / -0
Аты-жөні көрсетілмеген -ге сіз шынымен назарбаев осы болып жатқан ,сот деп айтуға ауыз бармайды,хабарсыз деп ойлайсыз ба?Елде не болып жатқанын білмесе,ол не істеп отыр,айға қарап отырма,шошқа тағалап жұрме? Оған әй дейтін әже,қой детін қожасы жоқ,бар билікті озіне жиып алды,Бәріне кінәлі сол, оның түк білмей,түк естімей,тук көрмей қалатыны ауруы бар.

Кімнен: Лесбек
19.04.2012 09:51
+0 / -0
полицейлер сонда халықты қорғаумен емес, ұрумен айналыса ма? Олардың негізгі міндеті - қоғамдағы тәртіпсіздікті жою емес, әділетсіздік орнату болғаны ғой

Кімнен: sultan@mail.ru
19.04.2012 13:22
+0 / -0
Не болып кетті өзі, тездетіп сот шешімін шығарса екен.Әділ шешім болғанын қалаймыз.

Кімнен: Жан Қайдан: Жайык
19.04.2012 14:03
+0 / -0
судья «бұл - басқа қылмыстық іс»

дурыс айтады. Бул сот - Жанаозендеги тартипсиздикке нукте кою соты. Сондыктан, накты факт тартипсиздиктин болганы. ендигиси киналилер жазасын алсын.

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
19.04.2012 14:11
+0 / -0
Полицейдің ары мен ұяты жібермей кешірім сұрады.Ал айыпталушылар ше беттерінде ұят пен ардың ізі де жоқ.Солар бірінші болып жанғыш қоспа,газды баллон лақтырмаса,полицей қызметкері де оқ атпас еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 16:02
+0 / -0
қара курткадағы сырттан барған адамдар деп еді.Сондықтанда қанша видеоға түссе де сол сотта көрсетілмей жатыр.Сол сен немесе туыстарың емес пе? Құқық қорғаушылардың арқасында Жаңаөзенге барып "калым" жасап қайтқан.

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
19.04.2012 14:40
+0 / -0
Сотта желтоқсанның 16-сы күні бірнеше айыпталушыға оқ тиіп, кейбірі ауыр жараланса да, олардан жәбірленуші ретінде жауап алынбағаны белгілі болғаны бір жақты тергеу жүргенін көрсетеді, қамаудағылардың бәрін қылмыске деп қарағаны байқалады. Сот ақиқатын ашып үкімді көпшілікке жарялағаны дұрыс болар еді. Қиыншылықта қазақтар бір бірін моралдық жағынан қолдау қажет.

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
19.04.2012 15:29
+0 / -0
Полицейлердің артық кетуі бойынша олардың соты бөлек болады. Ал полицейлер аспанға атып, баскаларын қаштырып аман алып қалдыма?
Пікір алмасу

Кімнен: МАРАТ ҚА
20.04.2012 10:36
+0 / -0
Атқыштардың шебері Ұлықбек мылтықов,Әбдүрасүл Өтешовтардың ақпанда қызметі көтеріліп кетіпті. неге?

Кімнен: Шаке
19.04.2012 15:40
+0 / -0
Жан құдаи үшүн шала пікіріңді басқа жерде аитарсың қоишы кухняда шаи ішіп отырып әиеліңе аитып қоисаңда жарареді бұл жерде сені ешкім түсінгісі келмеиді , тіпті оқымаидыда . Кешегі кан болып аққан Жаңаөзен сендерге оиыншық емес , баиқап сөилеп , баиқап жазу керек , Жаңаөзен тақырбы күрделі оны сен сиқтылар түсінбеиді , ауыздарыңа келгенді соға бермеи жүз қадам әрі жүр .

Кімнен: assa Қайдан: Актау
19.04.2012 15:46
+0 / -0
Полицейлер ұрды соқты деп ақталып шығуға деген талпыныс ойдан құрылған. Ал сол кездегі бүлікшілерге осы оқиғаны өрбітуге ақша берілген.

Кімнен: Zaure B Қайдан: Усть-Каменогорск
19.04.2012 16:49
+0 / -0
Закон для всех один и равен, откуда вам знать что было на процессе, а чего нет. Ведь СМИ сами же и утверждают что их в основном или не пускают на судебное заседание, либо пускают в отдельную комнату с камерами, но там звук идет неравномерно и вообщем ничего до конца услышать не возможно,и так же невозможно понять кто говорит. Учитывая все это, вам не стыдно без каких либо доказательств и фактов все время поливать грязью президента страны и вообще все власть?! Или как говориться у казахов: "язык свой, чего хочу то и говорю"?!

Кімнен: Rocci Balboa Қайдан: KAZ
19.04.2012 17:56
+0 / -0
Ол жерде жайдан жай жүріп қолға түсіп қалдым деген сөзге сену қиынырақ болады. Өйткені ол күні бүкіл қала біліп отырды ғой алаңда, көшеде не болып жатқанын. Бір бірлеріне ұялы байланыс арқылы хабар бергендері де анық. Соны біле тұра мен ол жерде кездейсоқ ұшырасып қалдым дегніне қалай. Біздер айта береміз ғой, біріқ әділ төрелігін сот шешсін, соттың ақырын күтейік.
Пікір алмасу

Кімнен: Түйреуіш
20.04.2012 20:56
+0 / -0
Осынау мәңгүрттер бір шындықты айттым деп міңгірлейді ау, бейшаралардың санасының жоқтығына жаным ашиды. Ницше айтқандай құрт маймұлдың алдында қандай ұятты болса, маймұл адамның алдында қандай ұятты болса мынау адамсымақтар құрттың алдында соншалық ұятты!
Пікір алмасу

Кімнен: Rocci Balboa Қайдан: KAZ
21.04.2012 14:04
+0 / -0
Санасы бар адамдар, мәңгүрт емес көзі ашық адамдар өз ойын бұлйша білдіреді ма екен деген сауал туындайды. Әр адам өз деңгейінде ойланып тұжырым жасайды, ал менің ойымша біреуді мәңгүрт деген адамның өзі, сол ауылдың айналасында жүргендердің бірі болар.

Кімнен: Елдос Қайдан: Арка
20.04.2012 09:01
+0 / -0
Көпке топырақ шашпай, басқаны кінәлауды қашан қоямыз! Егер жарқын болашақты қаласақ, өзімізден бастау керек! Кінәлау - ең оңай іс! әр ісімізге жауап беру керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Елдосқа
20.04.2012 10:34
+0 / -0
Өте дұрыс.кіналіні өзіміөден,арсыздыққа барып жүрген биліктен,халықты алдауын қоймайтын тележурналистерден, қытай компанияларының жағдайын ойлап,мұнайшыларды отқа түсірген құлыбаев,мусин,масимов,шөкеевтерден сұрау керек.Өтірік бәрін бүлдіріп алып, сыртқы күшке сермей салу ақымақтық.

Кімнен: Алина Осипова
20.04.2012 16:43
+0 / -0
Қандай ауыр жагдайлар өтті қазақтардың басынан. Оны тарихымыздан білеміз. Казақтың басына кандай іс түссе де олар тек ауызбіршілігінің арқасында жеңіске жеткен. Бұл істе де сабырлылық танытсақ, шешім әділ қабылданары анық

Кімнен: Мадияр Қайдан: Балқаш
20.04.2012 20:12
+0 / -0
Былай қарап отырсаң, шынымен де коркынышты ертегі секілді дер едім, бірақ бұл ертегі емес, шынайы шындық!!! Канша адам о дүниеге атанып кетті, қанша аналар баласынан айрылды, қаншасы туысынан, досынан айрылды!!! Бұл шындық!!! Ендігі кезек, кінәлі адамдардың өз жасаған істері үшін жауап беруі тиіс!!!

Кімнен: Даулет Қайдан: Алматы
20.04.2012 23:32
+0 / -0
Байқағаным осы сайтта ылғи оппазиция өкілдері отырған тәрізді. Ел жүрегінде қорқыныш ұялатқанды қойыңдар, әр нәрсенің шешімі табылады, бұл сот та сол күнгі жағдайдың шешімі, осы айтылып жатқан нәрселердің дәлелі бар ма? әрине жоқ! сондықтан бос сөзге сене бермей, президентімізге сөз тигізбей осындай былық тумайтындай дұрыс өмір сүрейік!!! Назарбаев біздің президентіміз, қазақ халқының басшысы, оны жау деп санау бұрыс болар!!!

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
21.04.2012 15:17
+0 / -0
Осы сайтта отыргандар бари оппозициянорлер емес карапайым кулдык омирге конип келе жаткан казак кулдармыз.Тарихта кулдар котерилиси де болган гой.Оны басып жаншып тастап отырган казирги жагдайдагыдай.Биздин Казакстанда бир де бир адам биликтеги отырган Назарбаевсыз ештене жасай алмайды багынады президентке.Багынбай кор олесин.Барлык зат президенттики кимге берем деседе ози биледи.Осыны тусининсейши соттама жиберин десе жибереди зан роль ойнамайды ол тек кагаз жузинде жазылып койылады.Президент халкына не жасаймын деседе колында тур.Президент сойлеген создерин де унеми айтады гой кундеринди оздерин корин ауыздарынды аша бермен укиметке деп.Менин тусингеним олмес акша берип коям нанга калганын оздерин табын деген соз гой.Сосын байлардын жумысын жасап кул кун болып журемиз.Сонда биздин жер асты байлыгымыздын кызыгын казак омир де де кормей ма.Кормейди барин сатып жиберди.Сонда кытайга кул болмай не истеймиз.ДАУЛЕТ Алматыдансын гой президентимизге тил тигизбей айтып кормейсин ба..НЕ дер екен..Жауабын бизге айтарсын..

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?