Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 18:10


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Айыпталушы «Мені ұрған сенсің ғой» деді куәгерді көргенде

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта, сәуірдің 19-ы күні түске дейін айыпталушылар тыңдалды. Түстен кейін куәгерлер сұралды.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың алғашқы күні. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың алғашқы күні. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ғалым Агелеуовтың айтуынша, бүгін сұралғандардың арасында балдақпен жүрген, ешқайда кетпеу туралы қолхат берген айыпталушы Айжан Дүйсенбаева да болған.

– Ол желтоқсанның 16-сы күні аяғынан жараланған екен. Оқ жіліншік сүйегін уатып кеткен. Содан мүгедек болып қалған. Ол сотқа күн сайын әрең келіп-кетіп жүр. Айыпталушылардың ішінде соңғы болып сұралды, – деді Ғалым Ағелеуов бейсенбі күні түстен кейін Азаттық тілшісіне.

«ӘКЕМ ӨЛДІ, ӨЗІМ МҮГЕДЕК БОЛДЫМ, ЕНДІ БАУЫРЫМДЫ СОТТАМАҚ»

Айыпталушы Парахат Дүйсенбаевтың әпкесі Айжан Дүйсенбаева «әкесінің полицейлер оғынан жазықсыз мерт болғанын», «өзінің мүгедек болып қалғанын», «енді істемеген қылмысты бауырының мойнына ілмек болып отырғанын» айтқан. 

Ғалым Ағелеуовтің сөзіне қарағанда, айыпталушы Айжан Дүйсенбаева 16 
Жаңаөзен оқиғасы кезінде. 16 желтоқсан 2011 жыл.Жаңаөзен оқиғасы кезінде. 16 желтоқсан 2011 жыл.
x
Жаңаөзен оқиғасы кезінде. 16 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде. 16 желтоқсан 2011 жыл.
желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына балаларды ертіп барғанын, ешқандай қылмыс жасамақ ниеті болмағанын айтқан.

– Айжан Дүйсенбаева аяғына оқ тиіп құлаған кезінде балалардың жанына жүгіріп келіп, «Апа, не болды? Апа, тұр!» деп жылағандарын айтты, – дейді сотқа қатысып отырған қоғамдық белсенді.

Ғалым Ағелеуовтің айтуынша, Айжан Дүйсенбаева сөйлеген кезде «залда отырғандар көз жастарын тыя алмады».

– Мені қатты таңғалдырғаны мынау болды: Айжанның айтуынша, алғашында анасына әкесінің сүйегін бермеген екен. Анасы сол үшін шағымданып, зерттеуді талап ететінін айтқан кезде тергеушілер Айжанға анасының шағымы үшін қылмыстық іс қозғайтынын ескерткен, – дейді Ғалым Агелеуов.

«МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕ АЗАПТАЙДЫ ДЕП ОЙЛАМАППЫН»

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Макс Боқаевтың айтуынша, бүгінгі сотта айыпталушылардың бірі Мэлс Сарыбаевтан да жауап алынған.

– Мэлс Сарыбаев жиырмалардағы жас жігіт екен. Оның айтуынша, өзі намаз 
Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
оқиды. Күзет фирмаларының бірінде істеген. Ол сотта жауап алу кезінде өзін полицейлердің ұрып-соғып, қинағанын айтты. Одан алма-кезек жауап алып, алма-кезек ұрып отырған. Өзін бұрындары ешқашан бүйтіп ұрып-соқпағанын, тіпті «мемлекеттік мекемелерде ұрып-соғады, азаптайды» деп ешқашан ойлап көрмегенін айтты. Оның айтуынша, полицейлер басына полиэтилен пакет кигізіп, мойнына асып қойған. Мұнан кейін Мэлс Сарыбаев есінен танып қалған. Есін жиған кезде өзінің зәрі жайылған еденде жатқанын көрген, – дейді Макс Боқаев.

Қоғамдық белсендінің айтуынша, Мэлс Сарыбаев бұдан кейін «бәрін айтуға ұяламын» деп жылап жіберген.

«ӨТІРІК АЙТПАҢЫЗ! АНТ БЕРДІҢІЗ ҒОЙ!»

Жаңаөзен сотына қатысып отырған тәуелсіз блогшы Андрей Цуканов (@AndreyAkm) түстен кейін куәгерлерді сұрау басталғанын Twitter-дегі парағында хабарлады.

Блогердің жазуынша, алғашқы куәгер ретінде Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полковник Валерий Клименко шақырылған.

Полковник Клименко «бізді Жаңаөзенге 15 желтоқсан күні есірткіге қарсы күрес оперативтік-іздеу шарасы бойынша жіберді» деп мәлімдеген.

– 16 желтоқсан күні төрт адам көлікке мініп, қаланы бақылап жүрген кезде бірнеше мародерді ұстадық, – дейді куәгер Валерий Клименко .

Ол сол күні сағат 16-лар шамасында «Атлант» дүкені маңында «арнайы жасақтың ​
Жаңаөзен оқиғасына байланысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)Жаңаөзен оқиғасына байланысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Жаңаөзен оқиғасына байланысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Жаңаөзен оқиғасына байланысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
он шақты адамды ұстағанын көрген – «ұсталғандардың ешбірін полиция сабамаған».

Ал сотталушылар «Клименко мен үш полицейдің Nokia-6303 ұялы телефонын, 17 мың 500 теңгелерін тартып алғанын» айтқан.

Полковник Валерий Клименко «тұтқындау мен заттарды алу жайлы құжат толтырмағандарын, ұсталған адамдардың бәрін ішкі істер басқармасындағы жедел топқа тапсырғандарын» айтты деп жазады тәуелсіз блогшы Андрей Цуканов.

Сотталушы Дүйсенбаев куәгер Клименкоға: «Өтірік айтпаңыз! Ант бердіңіз ғой!» деп наразы болған.

«Клименко адвокаттар мен сотталушылар сауал қойған кезде «баланың сөзі» дегенді жиі айтып отырды» деп жазады блогер.

Екінші куәгер ретінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкері Данияр Әділов шақырылған. Әділов 16 желтоқсан күні Клименкомен бір экипажда жүрген.

Андрей Цукановтың жазуынша, айыпталушы Мэлс Сарыбаев полицей Данияр Әділовті танып: «Мені ұрып, басыма пакет кигізген сенсің ғой» деген.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот отырыстары Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр.

Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы, оннан астам қорғаушы қатысып отыр.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
19.04.2012 20:10
+0 / -0
Қайда әлгі ЕО-дан келгендер? Осы сотқа қатысулары керек еді
Пікір алмасу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
19.04.2012 20:48
+0 / -0
Бауырым-ау, ол тек жәй көз ғана емес пе ОЕ дегені. Ол жақтан келетіндер біздің биліктің қаражатты аямай бөліп, "сұрап" алған бақылаушылары ғана келеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
19.04.2012 21:46
+0 / -0
ЕО деген Елди Отарлау болатын болар дурыстап карасак

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 20:46
+0 / -0
Қан ішкен билік Әкемді өлтірдің , бауырымды мүгедек қылдың өзімді соттамақсың . Осындаи қатыгездіктерге төзудің өзі азап шыдамныңда шегі бар деген алаи , дүлеи болып кетіп жүрмесін Билік өз отандастарын азаптауға , қыруға келгенде батыр , Ұлттар ұиымына барғанда сүмүреиіп қалатыны таңқалдырады . Жүрегі жоқ билікке орнына жүрек салып бере алмаимыз ,тек жүрегінің соғысын бір уколмен тоқтату керек онсызда қаншама адамдарымызды теріс емдеп өлтірді . Өсбеи қалған жүиенің сотыда саиқымазақа толы болады соттап жатырмыз дегенімен арттары ашылып жатыр . Билікке жақсы болды Ақтауда сот , Атырауда сот жұмыс жасап жатырмыздеп мақтануға .
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 21:16
+0 / -0
Европарламент депутаттарына Қазақстан үкіметі сауір басында виза бермеген.Бұлар ақша төлеп жалдап алып келгендері болуы керек. жазушысымак Джонатон Аткен тәрізді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 21:27
+0 / -0
Ей, оқырман қауым, бұлар соттап тынар, кіжінгеннен пайда жоқ, соттан кейін не істеу керек, ой бөлісің.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 00:07
+0 / -0
Сөздің қысқасы НӘн мен барлығын алып тастаңдаршы!
Пікір алмасу

Кімнен: Жан Қайдан: Оралдан
20.04.2012 16:15
+0 / -0
Биреуди алып,биреуди коюдан бурын. Арбир адаммын деген адамзат баласы озинен есеп берип,озин тартипке салуы керек. Тартипсиздик орнатып,каланы киратып,елди дурликтиргендиктен бузакылар жазалануы тиис.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
19.04.2012 22:19
+0 / -0
Пол Мерфи келу керек ол катты киси мумкин емес келмеуи.Виза бермесе 37нин барин соттаса босатындар деп санкция жариялауды усынуы мумкун Лукашенко амалсыздан шыгарды гой.ЕО емес бизди отарлайтын казак казакты отарлап багынбаса бутарлап жаткан жокпа.Мына билик казакты аямайды соны билем.ЕОдан келгени жаксы бизге баска кимнен умит кутемиз.Тагы да атамыз деп отырган казактан умит кутпей ак кояйык.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ елі
20.04.2012 12:41
+0 / -0
Кімнің жазықты, кімнің жазықсыз екенін барлық Қазақтар біледі. Тек халықты қайтсем мақау, топас қыламын деп жанталасып жатқан билік қой. Сотта айыпталушылардың жазықсыз екендіктерін, арызданғандардың арыздарынан бас тартып жатқанын көре тұра билік соттаса, онда халық осыларды құтқару үшін бірігіп, қолдау шарасын өткізейік. Байқап қарасақ, халыққа оқ атқызған басшы сымақтар, полицейлерді жазықты етіп шығарып, біраз қулық қылатын сияқты. Сонда полицейлер қызметін асыра пайдаланған болады, тергеушілер азаптаған болады, тек 37 айыпталушыдан 10 шақтысын соттауы мүмкін. Бірақ анығын Алла біледі. Әділдік болсын

Кімнен: sultan@mail.ru
20.04.2012 13:19
+0 / -0
Тәуелсіздіктің шырқын бұзған қылмыскерлерді аямай жазалау керек.

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
20.04.2012 14:56
+0 / -0
Әкеніздің жаткан жериниз жайлы топырагыныз торка болсын.Парахат Дүйсенбаев , Айжан Дүйсенбаева каза кайырлы болсын. Аганын жаткан жери жайлы,топырагы торка болсын.Артындагы бала-шагасы аман болсын.......Иманы саламат болсын! Родным и близким желаю терпения и сил! Аман болыныздар!Просто Бог дал Бог взял.

Кімнен: Қазақтың баласы Қайдан: Қазақ жері
20.04.2012 15:37
+0 / -0
Ой сұмырай менддер, қарғыс атсын сендерді! Бір күні жауап бересіндер қылмыстарын үшін. Қазір тайраңдап алындар, ертең сендерді тіпті үкімет те қажет етпейді, пайдаланып болғаннан кейін

Кімнен: Zaure B Қайдан: Өскемен
20.04.2012 16:00
+0 / -0
Ол сот болғандықтан ондай-ондай болып тұрады. Себебі бұл сот қой, екі жақ арасындағы дауды шешетін орын. Ал ондай жерде ұрсызссыз болмайды әрине. Көрінген нәрсені, теріп-жинамай, кірпідейді түрпідей көрмей, мемлекет пен оның әділдігіне неге сенбеске?!
Пікір алмасу

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
20.04.2012 17:12
+0 / -0
ойпырмай бүгін немене нұротанның жендеттері қаптап кеткен бе? Сен мақтап отырған үкімет әділ болса, еліміздің байлығын неменеге оңды-соңды сатып отыр?
Жеті ай бойы демонстранттар алаңда отырған кезде, қайда қарап отыр?

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
20.04.2012 17:30
+0 / -0
Айыпталушылар және олардың адвокаттары әрине өздерін қөрғайды. Полицейлерге қарсы фактілірі болса олырды басқа сотқа беру керек. Соңда сотталушыларды тергеу кезінде қинағвн полицейлер сот залына келіп отырғандарына сенесіз ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
20.04.2012 17:47
+0 / -0
Әліптің артын бағайық!. Барлығын байыппен анықтап зерттеу қажет! Жаңаөзен әрине қазақстың жадында қайғылы тарихи оқиға болып қала бермек! Бірақ бұл оқиғаның түп тамырында тұрған кім соны анықтау қажет емес пе? Тура ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында елді елге айдап салып, халықты дүрліктіріп, берекесін алған кім? Міне осы сұрақтарға біз жауап беру керекпіз!
Пікір алмасу

Кімнен: МАРАТҚА
20.04.2012 22:58
+0 / -0
үКІМЕТ ЖЕЛТОҚСАНДА Жаңаөзенде өлтірдік деп 16 адамның тізімін жариялаған,шетпенін қоспағанда.Оның ішінде мына Дүйсенбаев жоқ.Ақпанда тәуелсіз журналистер барып тағы онға жақын үкімет тізіміне кірмегенін анықтаған.Желтоқсанда газеттерде билік "қанша өлтіргенін жасыру үшін ком.сағат жариялады.Ол қалада тіркеуде жоқ адамдарды кіргізбеуі содан.46 күн ішінде туысы өлгендердің бәрін қорқытып,не алдап,не ақша төлеп алдаусыратады"-деген.

Кімнен: Қыр баласы Қайдан: Семей
20.04.2012 17:49
+0 / -0
психологияда "игра на публику" деген ұғым бар. Дәл осы нәрсемен куәгерге лап беруі мүмкін. батып бара жатқан, кез-келген нәрсені ұстап аман қалғасы келетіндігі тағы бар.

Кімнен: Анара
20.04.2012 18:09
+0 / -0
Ең бірінше қаланы қалай бұзғандарын, қалай полиция қызметкерлерін ұрғандарын айтсын. Біз ешкімге қалаларымызды бұзуға және жаппай тәртіпсіздік жасауға жол бермейміз. Ғалым, саған не керек? Революцияшыл болғаныңа көп болды ма? Қылмыскерлерге жаның ашығаныңды түсінуге болмайды. Олар қолдарымен істеген қылмыстарын мойындарымен көтерулері керек.
Пікір алмасу

Кімнен: 213
20.04.2012 19:56
+0 / -0
Қылмысты билік жасап, халық жазалануда! Енді халық билікті қуып, өзінің ұлтшыл билігін орнататын уақыт келді. Қазақтың бұған батырлығы да, ақылы да жетеді, тек уақытша бақылап тұр: қайтер екен, асқынсын, өлетін бала молаға жүгіре берсін деп!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 21:54
+0 / -0
қасқа бір қыздың атын жамылып не оттап отсын ей полиция. Сорлы халқын, арөнамысын сатқан
Пікір алмасу

Кімнен: Анараға
20.04.2012 23:29
+0 / -0
Дұрыс. әуелі қаланы бұзғандар жауап берсін.Сотталушылар да соны талап етіп отыр ғой.Өткенде біреуі тәртіпсіздік басталар алдын екі адам жағаласып жатыр екен.Айырайын деп, қара курткасынан тартып қалса, ішінде полиция формасы дейді куагер.Мына сотта да ең болмас телевидениеден көрсеткен кадрлерін көрсетпейді.Себебі 37 ішінен екеуінен басқасы онда түспеген.Сотта жүгіріп жүрген жүздеген адамды көрсетпейді.кадрды.Одан басқа да полицейлер кругом видеоға түсірген.Қалай көрсетсін.Куртка киген өздері болса.Себепен мұнайшы лидерлерінен құтылу.Курткалылардың орнына соларды соттап.

Кімнен: Анеля Қайдан: Семей
20.04.2012 21:01
+0 / -0
Кім? Не үшін? Неге былайша болды екен? деген сауалдар көкейімді тесуде. Әттең, мұның бәрі бір жаман түс болғанда ғой. Ертеңгісінде тұрып, аллаға мың да бір рахметінді айтып, қуанғанда ғой... Әттең бұның барлығы ащы болса да, шындық!!! Әттең, жаман түстің болмағаны. Ұмытып кетілетін жаман түске айналғанда ғой, шіркін.... Әттең...

Кімнен: азамат
20.04.2012 22:36
+0 / -0
Қайран, қазағым. Отар едік, тәуелсіз ел болдық. Енді соның қадірін білейік.

Кімнен: Айдын
20.04.2012 23:48
+0 / -0
Лиза мен сізбен келіспеймін, басқа елді кірістіру дұрыс емес, біз соншалықты ауыр жағдайда емеспіз, сыртқы елдің көздеп отырғаны сол емес пе? қазақ болып, ұлт болып сабырлық сақтағанымыз жөн. Сабыр түбі сары алтын демекші алдын ала нәтиже шығарсақ ағаттық болар! әр елде қиындықтар болып тұрады емес пе біз де төзерміз, бізде ұмытармыз барлығын!

Кімнен: патриот Қайдан: Раиса
20.04.2012 23:51
+0 / -0
өздеріне ор қазу деген осы! ушықтырып, елді сілкіндіріп, енді келіп бәрін жамандаумен күн кешіп жүр! ЖОООқ! бұлай жарамайды! Әрине, жаным ашиды! бірақ жағдайды ушықтырып керек емес еді
Пікір алмасу

Кімнен: Жәй қазақ Қайдан: Алматы
21.04.2012 16:56
+0 / -0
Желтоқсанда билік аитты"Бәрін заң аясында аттық"-деп .Енді "заң аясында соттап жатыр.Кіналы қылмыскерлер құтылып,мұнайшылар "заң аясында сотталып жатыр.Фашистік жасаса өз Қазақстанымыздың полициялері жасады.Біздің ауыл аман.Соған шүкіршілік етеиік.Өлсе мұнайшылардың балалары өлді.Біздің ауыл аман.Жөндеріңе жүріңдер.Шындық қазақтың не теңі.Биліктің аты билік.Қолында заң.Қалай қолданса да өзі біледі.Оның үстіне аңқау халықты алдай салатын телевидение бар.Сонда көрсетілген шындықты ғана көріңдер.Болған шындықты өздерің тауып көрмеңдер.Өз Билігіміз көрсеткен шындық жетпей ме?
Пікір алмасу

Кімнен: medet Қайдан: janaozen
21.04.2012 20:12
+0 / -0
Е, малғұн! Сенiң қазақ емес екенiңдi бiлiп отырмын. Сен сияқты басқа ұлттардың бәрi елiмiзге кiрiп алып ауызына келгенiн оттап тайраңдап жүруiне әу баста жол бермейтiн саясат жасамағасын не деймiз ендi.Өлсе мұнайшылардың
балалары өлді.Біздің ауыл
аман. -деп қалай қалай сөйлейсiң? Адамшылық ары жоқ, ұлтқа деген махабаттық сезiмi жоқ айуан екенсiң ғой. Сiздiң ауыл қандай ауыл соншама, мәңгiлiк шаңырағы шайқалмайтын, адамдары өлмейтiн кепiлдiк алдың ба Алладан? Қандай ауылда тұрасың айтшы ал?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 04:37
+0 / -0
полковник Клименко "15 желтоқсанда есірткі мәселесіне орай Жаңаөзенген жіберді" дейді. Жараланғандар арасында Жамбыл полиция қызметкері жүр. Енді ойланыңыз ағайын, олар не үшін Жаңаөзенге жиналған? Тергеу ісі осы төңіректе жүрі керек. Ай, бірақ, қазіргі билік отырғанда бұл арман ғана......
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 10:39
+0 / -0
14-желтоқсанда өткенде сотта мәлім болғаны 107 полицейді асай--мүсейі қаруымен бірге тәртіпсіздіктен 2 күн бұрын сол Жаңаөзенде жүргені белгілі болды.15-КҮНІ МЫНА Клименколар келген.16-ТАҢЕРТЕҢ ЕРТЕ Топ ете қалған полицейлерді қосыңыз.КЕЙ ОБЛЫСТАР 16-ТАҢЕРТЕҢ ДАЙЫН ОТЫРҒАН.Ұйымдастырушылар мықты болып тұр.

Кімнен: Бекжан Қайдан: Алматы
21.04.2012 10:23
+0 / -0
Айыпталушы Мэлс Сарыбаев полицей Данияр Әділовті танып: «Мені ұрып, басыма пакет кигізген сенсің ғой» деп бетіне айтқанынан азаптағаны көрініп тұр. Судья полиция қызметкерлерінеде қылмысты іс ашуы қажет, басқада дәлелдер ашылуы мүмкін.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
21.04.2012 10:28
+0 / -0
Сот әділ шешілмесе елде тыныштық болмауы да мүмкін. МҰНЫ әдейі БИЛІКТЕ отырған кейбір адамдардың ұлтымызды іріту ГЕНОЦИД жасау үшін жасанды түрде жасап отыр.
СОТ процесіне оқымаған адамды апарып тыңдатсаңызда ақ пен қарасы ажыратылып тұр емес пе?
БИЛІКте халық алдында ҰЯТта, АБЫРОЙДа қалған жоқ.
ӨЗ тілектерімен ЖАҒДАЙДЫ УШЫҚТЫРМАЙ КЕТУІ КЕРЕК.
КНБ ТӨРЕҒАСЫ абыкаев сияқты.
Осылай кете берсе ҚАЗАҚ мемлекетінің іріп-шіруіне құлдық колонияға айналып кетуіне бұлар алып келеді! ОЯНЫҢЫЗДАР мемлекет, жер біздікі бірақ........

Кімнен: Мен Қайдан: Осы жер
21.04.2012 13:13
+0 / -0
Ескерту!
Арты ашылып келе жатқан билік енді арнаулы жалдамалы комментшілерге билікті жақтаған пікірлер жаздырып, қарша боратады.
Ең дұрысы, оларға еш көңіл бөлмей, жауап та жазбау керек.
Жауап жазбақ түгіл, көңіл бөлуге де тұрмайтын лас адамдар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.04.2012 11:04
+0 / -0
Мен, бауырым, сол комментшілердің жазғаны пайдалы болып тұр. Оларға жауап жазылып ,шындық ашылып жатыр. Ал, ол комментшілерден зиян жоқ, себебі олардың айтатын уәжі де жоқ. Бір сөздерді қайталай бергеннен зиян болатын ба еді.
Олар өздерінің жазғандарына өткір жауаптар алып жатыр. Ақымақтар ғой олар. Сол надандықтары түптеріне жетеді.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?