Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 22:27


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Куәгер ҰҚК полковнигі қысым жасағанын айтты

Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар бойынша сот аяқталып келеді. Ертеңнен бастап, екі сотта қатар жарыссөз басталады. Соңғы соттардың бірінде куәгер ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) полковнигінің өзіне қысым көрсеткенін айтты.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысына қатысуға келген жұрт. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысына қатысуға келген жұрт. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгін түске дейін Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотта үш куәгер сұралған. Олардың екеуі – полицей, үшіншісі – қарапайым жұмысшы Закария Сейдахметов.

«АМАЛСЫЗ ҚОЛ ҚОЮҒА МӘЖБҮР БОЛДЫМ»

Ерлан Қалиевтің айтуынша, алдын-ала тергеу кезінде бірнеше айыпталушыға қарсы жауап берген куәгер Закария Сейдахметов бүгін сол тергеу кезінде алынған жауабынан бас тартқан:  

- Прокурорлар Сейдахметовтен: «Сіз неліктен жауабыңыздан бас тартып отырсыз? Оқып берейік, мысалы, сіз 13-і күні былайша жауап бергеніңіз рас па?» деген кезде ол: «Бұларды маған күштеп айтқызды. «Нақты кім?» деп сұрасаңыздар айтайын - ҰҚК полковнигі Қыдыралиев» деді. Прокурорлар: «Сіз қысым жасады деп айтып отырсыз. Сонда нақты Қыдыралиев ұрды ма? деп сұраған кезде Сейдахметов: «Жоқ, ол кісі мені ұрған жоқ, күнде мені сұраққа шақырады. Қоқан-лоқы жасайды. Кабинетіне шақырып алып, өзі шығып кетеді де, бірнеше маска кигендер кіріп, мені ұрып-соқты. Содан кейін Қыдыралиев кіреді де: «Қолыңды қоясың ба?» деп сұрады. Мен амалсыздан қол қоюға мәжбүр болдым» деді.
Аралбай Нағашыбаев, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесінің судьясы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жылАралбай Нағашыбаев, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесінің судьясы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
x
Аралбай Нағашыбаев, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесінің судьясы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
Аралбай Нағашыбаев, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесінің судьясы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл

Ерлан Қалиевтің сөзіне қарағанда, куәгер Сейдахметов әлі күнге дейін олардың өзіне қоқан-лоқы көрсетіп, маза бермей жатқанын айтқан.

Ерлан Қалиевтің сөзінше, түске дейін ғана болған сотта судья Аралбай Нағашыбаев айыптау тарапынан келетін бірнеше куәгердің сотқа әлі күнге дейін келмегенін айтып, прокурорларға ескерту жасаған. 

- Судья «ертең сағат 10-ға дейін келмесе, онда оларды мүлде тыңдамаймыз» деп, прокурлорға ертеңге дейін уақыт берді, - деді Ерлан Қалиев.

Ол судьяның ертең жарыссөз басталатынын айтып, екі жаққа да жақсы дайындалып келу керектігін ескерткенін хабарлады.

«АЗАПТАУ БОЙЫНША ҚАЙТА ШАҒЫМ ТҮСІРДІ»

Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгінгі сот отырысында үш адвокат судьяға өтініш түсірген.

Бұған дейін айыпталушылардың «бізді алдын-ала тергеу кезінде ұрып-соқты, азаптады» деген мәлімдемелеріне орай қылмыстық іс қозғалмайтыны белгілі болған еді. Бүгін адвокат Гүлнар Жуаспаева осы өтінішке байланысты қайта шағым түсіргенін, оның көшірмесін іске тіркеу жайлы судьяға өтініш бергенін хабарлаған.

- Бүгін ол шағымды облыстық прокуратураға жөнелткенін айтты. Ол бұл шағымның көшірмесін іске қосу туралы өтініш берді. Сотқа қатысып отырғандардың ешқайсысы бұған қарсы болған жоқ. Судья бұл өтінішті қабылдады, - деді Ерлан Қалиев.
Жаңаөзен соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы жұрт. Ақтау, 6 сәуір 2012 жыл.Жаңаөзен соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы жұрт. Ақтау, 6 сәуір 2012 жыл.
x
Жаңаөзен соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы жұрт. Ақтау, 6 сәуір 2012 жыл.
Жаңаөзен соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы жұрт. Ақтау, 6 сәуір 2012 жыл.

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот процесі биыл наурыздың 27-сі күні басталған еді. Осы уақыт аралығында сотта 100-ден астам жәбірленуші, 40-қа жуық куәгер, 37 айыпталушы тыңдалған. 

Бұған дейін оқиға кезінде зардап шеккен жәбірленуші кәсіпкерлердің басым бөлігі «айыпталушыларды кінәлай алмаймыз» деп, арыз-шағымдарын қайтып алған. Көбінесе мемлекеттік және ірі компания өкілдері арыздарын сол күйінше қалдырды.

Айыпталушылар «алдын-ала тергеу кезінде полицейлердің ұрып-соққанын, азаптағанын» айтса, айыптау тарапынан келген кейбір куәгерлер де жауап алу кезінде өздеріне қысым жасалғанын мәлімдеген.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
10.05.2012 17:26
+0 / -0
Егер ҰҚК полковнигі Қыдыралиевтің үстінен куәгерді ұрып-соғып, азаптағаны үшін сот тексеру шарасын жүзеге асырмаса, бұл сот мұнайшыларды еш жазықсыз соттап, жаңа тарихымыздағы мемлекетіміздің беделіне аса ауыр нұқсан келтіретін түрі бар.

Кімнен: Ернар
10.05.2012 17:40
+0 / -0
Бұл сот Қазақстандағы ең бір әділетсіз соттардың бірі! Қазақстан сотының деңгейін дәлелдейтін ақымақ сот. Сот үкімінің қандай болатынын қазірден-ақ білуге болады

Кімнен: Шын Қайдан: Соты сатылған ел
10.05.2012 18:01
+0 / -0
Қаида барсаңда Қорқыттың көрі болған сот , тіпті сот емес бине бір жарыс , оиын сиқты . Мұсәпір елге арамза молда болғаны жарасып тұр . Сотта ашылған шындықтар ескеріліп кінәлілер неге тұтқындалып отырмаиды , осындаи қорқытып үркітіп әкеліп сот алдына шығарған куәгерлерді қашан тоқтатар екен , сотта бізді бақылап отырған ақпарат құралдары барекенау деген сезім болмағаныма . Жалғанды жалпағынан басқан бұндаи сот әділдік орнатуы екіталаи . Барлығы бір адамға бағынып , бір адамның сөзін сөилеген , бір адамға табынғанның қырсығы . Осылар болашақтың қатал заңынан неге қорықпаиды екен , өзгермеи бәрі осылаи қаладыдеп оиласа керек , кәзіргі ғасыр қателесуге болмаитынын дәлдеп жатсада мән бермеитіндерге таң қалам . Билік , Нұрпатша алжып қартаисада сезінбеитін жүректері жоқ жандардан жамандық күткім келмеиді . Ертеңақ Демократияның дауылы , желі соғып өткенде осылар еленбеи қалады дегенге сенбеимін . Бұл дауылдан егеменді елімдегі адал жүректі қарылғаштары аман қалар .
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылбай Қайдан: Ауыл
10.05.2012 19:16
+0 / -0
Биліктегілердің бәрі бүгін-ертең өлейін деп отырған шалдан несіне қорқады. Шындықты айтатын уақыт келді ғой. Тезірек өле қалса екен Түркменбашы сияқты. Қасындағылар у бере салмай ма? Мүмкін ол өліп қалған да шығар. Өтірік біреуді орнына отырғызып қойып еврейлер білгенін істеп отыр ма екен әлде?.....

Кімнен: Ешкім Қайдан: Ешкім
10.05.2012 18:57
+0 / -0
Халиолла туралы шабуылдың анық-қанығын жазыңыздаршы!
Жаңаөзеннің жыры ғасырдан-ғасырға жалғасады!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
10.05.2012 19:23
+0 / -0
Бауыржан Халиолла өзіне шабуыл жасалғанын айтты.
http://www.azattyq.org/content/news/24574486.html

Ішкі істер министрлігі "айтыскер ақын Бауыржан Халиоллаға шабуыл жасалды" деген деректі жоққа шығарды.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=24576168

Кімнен: Өзенім өз елім Қайдан: Өзегім Өзенім
10.05.2012 19:12
+0 / -0
Бұл сот емес әдеттегі қоиылымға ұқсаиды . Бәрі жоғарыдан кімнің қанша жыл алатыны шешіліп қоиылған , түсінігім боиынша көбі сотталатын сияқты себебі басқаларға сабақ болсын деген пиғылдан арыла алмаи отыр , осылаиша қорқытамыз дегені болса керек . Бұл сотта жалғандықпен жала жабу басты ролде , осыған қарағанда аяшылық болмаидыдеп білемін , билікте ,сотта қатты қателеседі олар осылаиша өздеріне көр қазбақ . Халқының дегені болмаи биліктің дегені болған сот тарихта қаралы әріпбен жазылып қалады .Бәрі болашақтың енжісінде , жақсылықтың бәрі болашақтан келер . Ертеңгі күнімізге сенім артып бәріне даиын болуымыз керек , қашанғы көз жасымызды көл қылып жылап өтерміз бір сәт тыныс алып үлкен қуаныштыңда тоиын бірге тоилармыз , көріпкелдердіңде аиытқаны келді , енді болатынын күтеиік сондағана Қазағыма АЛЛАның қарасқанына көзіміз жетер . Күніміз атып таңымыз батар .

Кімнен: ВСЕВИДЯЩЕЕ ОКО Қайдан: НЕБЕСА
10.05.2012 20:37
+1 / -0
Когда Президент Туркменистана сказал: "Нуреке, скажи честно, ведь Мангистауская область нам принадлежит и это подтвердит история", - на что Назарбаев ответил: "Ты лучше скажи спасибо, что Адайцы не дошли до Ашхабада". (Диалог был в поездке Назарбаева в Туркменистан)

Кімнен: Құлагер
10.05.2012 21:56
+0 / -0
Қуырдақтың көкесін түие соиғанда көрерсің , соттың көкесін жаза қолданғанда көрерміз . Кім кінәлі екені анық аитылып жатсада мән бермеи отырған сотты түсінбедім . Пысқырмаитын пысықбаилардың жиыны сияқты , өздерінің талап тілектерін білдірген жастарды соттау ел ертеңін соттау өшеттілікпен , қаисарлықты жоққа шығару , бұл сот емес суға батырып түншықтыру , ерлікті бағаламау , армандарды қара түнекпен бүркемелеу , жаныңды жаралап , қаралап жала жабу , бұл 1937 жылдың жалғасындаи қудалау қанымызды ағызып бола келген билік әләулаиым таусылса хәләулаиым тағы бар дегеніндеи . Өз елім кеудемнен итеріп бөтен қабақ танытсада қанымдағы Қазақтығымды өлтіре алмаиды . Жылдар өткенсаиын Жаңаөзен тақырбы күрделеніп , аиқындалып жаңара түсері анық , суша қан ағызған кінәлілерді анықтап жазасын береміз , бұл жазадан жазықсыздарды соттаған соттарда құр қалмаиды . Биліктегілерге аитарым табиғатта тоиымсыздық жоқ аңда , құста тоиғаннансоң жемтігін тастап кетеді , Күн батады , Күн шығады , жылдың төрт мезгіліде адам өміріне ұқсас , тау бөктеріндегі мәңгі қарда ериді , 21 ғасыр жаңару жолымен қымбат бір өзгерістің болары анық соны естен шығармағаисың . Шынаиы азаттығыңды қолыңа алмаи бастарыңа бақ қонбас аяулы Қазағым.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
10.05.2012 23:36
+0 / -0
О.НЕБЕСА. о ха ха катырган екен Назарбай кокем.Молодец туркмен башынын аузын кум куйылган екен ай бир риза болдым Назарбаевка.

Кімнен: Баймұрат Қайдан: Ақтау
10.05.2012 23:42
+0 / -0
Нағашыбаев жоғарыдан түсірілген үкімді оқып беру үшін отырған адам. Ойлайды ғой Назарбаев керемет,отыра береді деп. Оңбай қателеседі. Осы мұнайшыларға жалалы үкіммен бірге өзіне де көр қазады. Бала шағасының болашағына да балта шабады. Бес күндігін көрмеген еркектен без деген.

Кімнен: Томирис Искакова
12.05.2012 08:40
+0 / -0
қысым емес, жеке қауіпсіздігі жайты туралы наразылын көрсеткен шығар, өйткені әрбір цивилизациялық дамыған елде куәгерлерге қорғаныс жасайды, ал біздің кей куәгерлеріміз өз шын аттарымен шығып жатыр

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 16:26
+0 / -0
Адамдарға оқ атып сотталып жатқан полицейлерге прокурор 3-5 жылдан сұраған ба? Позор ай позор.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 11:25
+0 / -0
Ең масқарасы иықты атқыштар Ұлықбек мылтықов пен А.өтешовтың сотталмақ түгілі қызметікөтеріліп кетті ғой.

Кімнен: bazarbek Қайдан: almati
15.05.2012 13:46
+0 / -0
ne deimiz,

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?