Сенбі, 25 мамыр 2013, Алматы 00:51


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Жаңаөзен соты

Жәбірленушілер бітпей жатып айыпталушылар сұрала бастады

"Жаңаөзен-2011" комитетінің өкілдері соттың оныншы күні де "айып тағылғандардың кінәлі екенін дәлелдейтін бірде-бір факт табылған жоқ" деп санайды. Сырқаттанып қалған бір айыпталушы қамау орнында азаптауға ұшырадым деп мәлімдеген.

Жаңаөзен сотына кіргісі келген жұрт кезекте тұр. Ақтау, 9 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет
Жаңаөзен сотына кіргісі келген жұрт кезекте тұр. Ақтау, 9 сәуір 2012 жыл. Андрей Цуканов түсірген сурет
Мәтін көлемі - +
"Жаңаөзен-2011" комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, сейсенбі күні түске дейін ғана болған отырыста істегі 188 жәбірленушінің 20-сының сұралмағанына қарамастан судья соттың екінші кезеңіне өтетінін айтып, айыпталушыларды сұрауды бастаған. Бұған процеске қатысушылар наразы болыпты.

"ОЛАРДЫ КҮТУГЕ УАҚЫТ ЖОҚ"

- Адвокаттар «неге?» деп сұраған кезде судья «жәбірленушілердің біреуі іссапарда, біреулері мекен-жайын ауыстырып, табылмады. Оларды күтуге соттың уақыты жоқ. Әрі қарай сотты жалғастыра береміз. Олар табылған кезде шақыра береміз» деп айтты. Бұдан кейін адвокаттар айыпталушылардың дайындалуына қосымша уақыт беруді өтініп еді, судья тек жарты күн уақыт берді, - дейді Ерлан Қалиев. 

Оның айтуынша, судья әу-баста сотта сұралу тәртібі осылай анықталғанын айтып өткен. Сейсенбі күні бұл турасында адвокат Гүлнар Жуаспаеваға хабарласқанымызда ол:   

- Білмеймін. Мен өзім сотты өткізу тәртібі талқыланған сәттерді, сот отырыстарының хаттамаларын тексергім келеді. Әзірге бұл хаттамаларды берген жоқ. Содан кейін ғана мұның қаншалықты заңды екенін айта алам. Десе де, егер бұл расталмай шықса, онда сотты ауыстыру туралы өтініш берем, - деді.

Қоғамдық белсенді Ерлан Қалиев түсірген соттың өту тәртібі туралы адвокаттар пікірі:

Loading
12:00:00 / -:--:--


СҰРАЛҒАН АЛҒАШҚЫ АЙЫПТАЛУШЫ

Ерлан Қалиевтің айтуынша, сейсенбі күнгі сотта бірінші болып айыпталушы ретінде Таңатар Қалиевтен жауап алынған. Әйтсе де ол денсаулығының нашарлығын айтып, жауап беруден бас тартқан.
Жаңаөзен ісі бойынша айыпталушылардың бірі сот залында отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жылЖаңаөзен ісі бойынша айыпталушылардың бірі сот залында отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
x
Жаңаөзен ісі бойынша айыпталушылардың бірі сот залында отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл
Жаңаөзен ісі бойынша айыпталушылардың бірі сот залында отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл

«Оның алдын-ала тергеу кезінде айтқан жауабын прокурорлар оқып берді» дейді Ерлан Қалиев.

Дәл осы Жаңаөзен сотына байланысты сейсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Рамазан Есіргепов Таңатар Қалиевтің жауабы негізінде барлық айыпталушыларға айып тағылғанын атап өтті.

- Қалиевтің берген жауабы негізінде қалған айыпталушыларға айып тағылып отыр. Осылайша қылмыстық іс құралып отыр. Бейресми ақпарат бойынша, Қалиевтің өзіне қысым жасалып, оны қорқытып-үркіткен. Тіпті оған жазасын жеңілдету сияқты ұсыныстар да айтқан деседі, - дейді комитет өкілі Рамазан Есіргепов.

«ТЕМІРГЕ ЖАТҚЫЗЫП, ҰРЫП-СОҚТЫ, СУЫҚ СУ ҚҰЙДЫ»

Бұған дейін адвокаттардың бірі айыпталушы Есенгелді Әбдірахмановтың туберкулездің ашық түріне шалдыққанын, өзге айыпталушылармен бір камерада отырған оған медициналық көмек қажет екенін айтып, өтініш берген еді.

Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгінгі отырыста айыпталушы Есенгелді Әбдірахмановтың өзі бұл дертке қалай шалдыққаны туралы баяндап берген.
Ол қамау кезінде өзін және қасындағы балаларды түгелдей шешіндіріп, тастай темірге жатқызып, ұрып-соққанын, екі сағат сайын суық су құйып, қысым жасағанын айтты.
 
- Ол қамау кезінде өзін және қасындағы балаларды түгелдей шешіндіріп, тастай темірге жатқызып, ұрып-соққанын, екі сағат сайын суық су құйып, қысым жасағанын айтты. Ол сонымен бірге бұған дейін туберкулезге шалдықпағанын да айтқан. Оның бұрындары ауырмағанын Маңғыстау облыстық туберкулез диспансерінен келген Ибрагим Қадырәлиев те растады. Дегенмен ол Әбдірахмановқа қамауда да қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, оның ауруының басқаларға жұқпайтынын айтты. Десе де, адвокаттардың талабымен Әбдірахмановты бүгін кешке қайта тексереді, - деді Ерлан Қалиев.

«ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН КИІЗ ҮЙ ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПТАРЫ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ»

Ерлан Қалиевтің айтуынша, айыпталушы Қалиевке дейін сейсенбі күні таңертең сотта екі жәбірленуші сұралған. Оның бірі – желтоқсанның 16-сы күні алаңға тігілген киіз үй иесі Нұрғали Жұмалиев арызынан бас тартатынын мәлімдепті. Бұған дейін жауап берген киіз үй иелері секілді ол да әкімшіліктің киіз үйін 16-на дейін жиюға мүмкіндік бермегенін айтыпты.  

- Алаңда «мұнайшылар сіздерге қоқан-лоқы, қысым жасады ма?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді. «16-сы күні не көрдіңіз?» деп сұраған кезде ол: «Бәрі дұрыс басталған еді. Бірақ 11-ге таман әкімшіліктің, «Ару ананың» жанып жатқанын байқағаннан кейін қорқып қашып кеттім» деді. Бұған қоса, ол: «Кейіннен есімді жиып, алаңға қайта барып киіз үйімді жықтым. Бірақ ішіндегі заттарды тасып үлгермедім. Қай уақытта жанғанын білмеймін, ертесі келсем, тек күлі ғана қалған» деп жауап берді. Бұған дейін жәбірленуші ретінде жауап берген полицейлер: «Киіз үйлердің 16-сы күні жанып жатқанын көрдік» деп айтқан еді. Бірақ киіз үй иелерінің жауабы олардың сөзімен сәйкес келмейді, - деді Ерлан Қалиев.
Олар 4 милллион 286 мың теңге зардап шектік деп отырса, қылмыстық істе олардың шығыны 30 миллион теңгеге бағаланған екен.
 
Оның айтуынша, бүгінгі сотта жәбірленуші ретінде сұралған «Гефест» ЖШС-нің өкілдерінің арыз түсірмесе де, жұмбақ жағдайда жәбірленушілер қатарынан табылғаны, арызды бүгін ғана беріп отырғаны белгілі болған.

Бұған қоса, «бір қызығы – олар 4 милллион 286 мың теңге зардап шектік деп отырса, қылмыстық істе олардың шығыны 30 миллион теңгеге бағаланған екен» дейді бақылаушы.

- Адвокаттардың бірі осы компанияның заңгеріне «Компанияңыздағы Жаңаөзен қалалық бөлімшесінің директоры желтоқсанның 17-сі күні «Хабар» арнасына сұхбат беріп, «құдайға тәуба, «Атланта» ғимаратымыз (осы компанияға тиесілі – Е.Қ.) омондардың арқасында тұтастай жанып кеткен жоқ деп айтқан. Бұл қалай?» деп сұрағанда заңгер бұл турасында естімегенін, білмейтінін айтты. Осылайша қарама-қайшылықтар туындады, - дейді Ерлан Қалиев.

«МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ «КІНӘСІН» ДӘЛЕЛДЕЙТІН БІРДЕ-БІР ФАКТ ТАБЫЛМАДЫ»

Сотта болып қайтқан «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілдері осыған байланысты сейсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, сотта көптеген заңбұзушылықтар болып жатқанын, сот басталғанына 11 күн болса да, "айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін бірде-бір факт табылмады" деп санайды.
Дүкенімнің алдындағы қалың темір қоршауды жай адам суырып ала алмайды. Тек БТР-ге троспен байлап алсаң ғана жұлынады. Балалардың қоршауды жұлып алуға  шамалары да жетпейді.
 
«...Негізгі айыптау аргументтерінің бірі – 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні белгісіз адамдардың жарылғыш заттар салынған бөтелкелер мен қару қолдануы болып отыр. Бірақ жәбірленушілер, тіпті полицейлердің өздері 37 айыпталушының бірде-біреуінің қолына қару ұстап немесе біреудің мүлкін қиратып немесе өртеп жатқанын көрмеген» деп жазылған комитет таратқан баспасөз баяндамасында.

Оппозициялық басылымның журналисі Шәріп Құрақбай «жәбірленушілердің өздері «бұзақылықты» мұнайшылардың істегеніне сенбей отыр» деп санайды.  

- Бір дүкеннің қожасы айтады: «Менің дүкенімнің алдында қалың темір қоршау болған. Оны жай адам суырып ала алмайды. Тек БТР-ге троспен байлап алсаң ғана ол жұлынады. Балалардың қоршауды жұлып алуға  шамалары да жетпейді» деді. Сол сияқты банктерді айтсақ болады. Олардың сейфтері 150 килограмдық екен. Оның арнайы код, кілттері бар. Оны білетін адамдар ашып, тонамаса, «бұзақылардың» оған еш қатысы жоқ, - деді Шәріп Құрақбай.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
10.04.2012 20:23
+0 / -0
Міне, біздің соттың шын бет-бейнесі. Ал енді осыларды көріп отырып, естіп отырып "бәрін сот әділ шешеді" деп қасарысушылар, сірә, сол менттердің өздері болуы керек, әйтпесе ақыл-есі бүтін адамның бұлайша көзімен көріп отырған нәрсесін мойындамауы мүмкін емес.

Кімнен: Атыраубай Жиенбаев Қайдан: Ақтау
10.04.2012 20:58
+0 / -0
Сот Аралбай Нағашыбаев "тиыш-тиыш" жөніне кетірілуі керек. Процесстің мәзін де кетірді, берекетін де кетірді, баланың ойыны қылуға айналды, бұл жерде адам тағдыры шешіліп жатыр, 37 адамның тағдыры, ата анасы,отбасы, бала шағасы, достары, туыстары, жұмыстастарымен қосқанда мыңдаған адамның тағдыры. Сондаықтан, ойыншық "тиыш" сот Нағашыбаев кетсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.04.2012 21:23
+0 / -0
Өткенде Жаңаөзендік 52 мұнайшы қамақта делінген.Мұнда 37 адам.Қалған мұнайшы лидерлері Акжанат Аминов, Жанар Сақтағанова,Аиман онгарбаева,Естай Қарашаевтарды неге айтпайды.Бірақ бәріде кінасыз екені белгілі."аттық.тағы да атамыз"-деген министр қ. қасымовтан бастап тергеп , тұтқындау керек еді полицейлерді.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
10.04.2012 21:12
+0 / -0
ЖЕМҚОР, Арандатушылар жоғарғы Билікті отыр!
МҰНЫҢ бәрі әдейі жасанды ЖОСПАРлы түрде ГЕНОЦИД жасау үшін істелінген ОПЕРАЦИЯ!
ОНЫ қазіргі жүріп жатырған СОТ процесінен қөруге болады!
ЕГЕРде белсенді МҰНАЙШЫларды және мына ПӘК балаларды соттап жіберсе ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМНІҢ КӨКЕСІ сонда басталады!
СОТ төрағасы! СІЗГЕ қанша қысым болса да ҚАПАСТА ОТЫРҒАН әр ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫН ӨЗ БАЛАҢЫЗДАЙ СЕЗІНІҢІЗ!
ҚАНША КЕДЕРГІЛЕР БОЛСА ДА ӨЗ КӘСІБІҢІЗДІ АДАЛДЫҚПЕН ОРЫНДАП ШЫҒЫҢЫЗ!!!
ҰРПАҚТАР, ҚАЗАҚ ЕЛІ, СІЗДЕРГЕ ЛАҒНЕТ АЙТПАСЫН, ТҰҚЫМДАРЫҢЫЗ ҚАРҒЫСПЕН КӨГЕРМЕСІН ДЕСЕҢІЗ!!!

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
10.04.2012 22:15
+0 / -0
ТРЕВОГА!!! ПРЕДСТАВИТЕЛИ КОМИТЕТА «Жанаозен-2011»!!!
СРОЧНО !Требовать вмешательства МЕЖДУНАРОДНОГО СООБЩЕСТВА по ПРАВАМ ЧЕЛОВЕКА !
ЭТО ПРОДАЖНЫЙ СУД к хорошему не ведет, плохо пахнет!!!

Кімнен: Ләм
10.04.2012 23:09
+0 / -0
Билікті ауыстырмаса, бұл немелер көп киілген шұлық секілді іріп, шіріп, әптен сыны да, сыры да кеткен. Халық шіріктіктің жапасы мен жазасын кешіріп отыр. Не деген рухы өліп қалған қазақ деші, қарсылық жоқ, бұлқыныс жоқ, қиналып, азаптанып, үһілеп, ентігіп өмір сүргені қандай бейшаралық. Байлық аз адамның қолында. Әділет өлген. Жаңөзен сотында бәрі белгілі болды. билікте ары таза бір адам жоқ. Шетінен суайт, өтірікші, арсыз, жалмауыз. Халық соған көніп, шыдап жүр. Жастардан жалын кеткен, ересектерден ақыл кеткен. осылай қиналып жүре беруге бар, билікті жұлып тастап, өз еркіндегі жаңа мемлекет құруға жоқ. Ендеше біздің ұлтымыздың азабы мен қасіреті өзінің сорынан. Билік білген бокқын жеуге әптен дәніккен. құныққан. Ал енді не күтеміз. Жамандағаннан не түседі. Мықты болсақ бірігейік. Болмаса жамандағанға бола ештеңе өзгермейді. ит үреді (біз үреміз!), керуен көшеді (билік кете береді, арсыздық ете береді). мұнда да не бір ақылдылар сөз қалдырыпты. бірақ ерік-жігер, батырлық, батылдық болмаған соң ақылдылық дегеннің құны көк тиын емес пе!!! Алаңға ағылыңдар. Болмаса өмірдің қызығына беріліп, қазіргі күндеріңе шүкір айтып жүре береіңдер. Босқа сөз шығындамай.

Кімнен: Атырау .
10.04.2012 23:28
+0 / -0
Бұл сот жоқтан бар жасаитын , шындықты жоққа шығаратын аитулы сот болып қалады , бұл сот емес Сталиннің кезінднгі үштүк яғныи троика . Осылаи соттап басқаларын қорқытуға боладыдеп оилайды . Біздің ертеңге деген үмітімізді өшіре , сағымызды сындыра алмаиды , осындаи күрес жолында қаита шыңдалып , қаираттана түсеміз . Осы күнде жүрегім қобалжыса Жаңаөзенді оилайтын болыпбын .Көзім жасаураса 37 тағдырды оилап , кешегі өлгендермен бірге өлгендеимін . Оиымда қиалыма самғап ұша алмағаннан асқан қорлық жоқ шығар алдымның бәрі бұлынғұр ештеңе көрінбеи адасып кеткендеимін . Мұрат , мақсаттыда атып өлтіріп тастағандаи күи кешемін . Кешегі төгілген жастарымның жазықсыз қаны төгілген меніңде қаным . Атқандарда көк есекке теріс қарап отырып кетіп бара жатқандаи , арыттарынан қарғыс болып ерген ала қарғаларда олардан бірелі қалар емес , көмек сұрап аиқайлаған дауыстары жер жарады . Жүгіре құтқармақшы болып жанына бара салғаным сол еді үстеріндегі сасыған қанның исі жақындатар емес , қолыңды тарт ұстама олар ауыр күнәға батқандар деген сәби дыбысы естілгендеи сол мезетте сәби болсада күнәларын қаидан білді екен деген ои келді , күнахарлар мекенінен шегіне бердім шөлдеп еріндерім жабысып қалыпты оянып кетсем түсім екен . Аяулы менің Жаңаөзенім , боиыма шабыт бердің , қуат бердің , түсіме ендің ,жылаттыңда ілешала қаитадан жұбаттыңда . Асқар таудаи болған өзенім , өзегім өзіңдеп соғар жүрегім .

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.04.2012 00:11
+0 / -0
Гефест дегенді қайдан тауып алды. Оны кім өртепті. Әуелі шағып,өртегенді тапсын. Сосын айтсын талабын.

Кімнен: Намыс .
11.04.2012 00:29
+0 / -0
Билікке аитарым бар , өз жерімізде жазықсыз 37 батырларымызды соттатып қарап отыра алмаитын халықпыз Ия халық Отанның аинасы , президентке қарап емес халыққа қарап Отанның шынаиы келбетін баиқауға болады .Жер сатып , жетім сатып , баилықты сатып халқыңды мыңрет жылатып , біррет жұбата алмадың . Ол аз дегендеи қансыратып және атып өлтірдің , енді міні жамандығың аздаи соттап жатырсын .Сізде мен сиқты етпен сүиектен жаратылдыңызғои бір сәт оиланып көрдіңізбе мен не істедімдеп . Жақсылық жасау қолыңыздан келмесе қалаи ел басқарып отырсыз . Қолыңыздан жамандықғана жасау келсе жетіскен екенбіз . Есіңізде болсын халық анда мында тебе беретін доп емес , көкірегінен итеретін ит емес , аидауға көне беретін мал емес . Халық шыңын қар басқан асқар тау , көл , дария , тасқын су арнасынан асып таситын жолындағынын бәрін шаиып кетер қасиетке ие . Халықта қаруданда мықты құдіретті күш бар , намысын аяққа таптасаңызда баилауда тұрған арыстан баиқаңыз шешіліп кетіп жүрмесін . Көк бөрідеи тамақтан алмасындеп тілеимін .

Кімнен: Адай Қайдан: Жылыой
11.04.2012 12:33
+0 / -0
Ак туйенiн карны жарылатын кез алыс емес шыгар сол кезде сот мырза оз шыгарган укiмге жауап береме

Кімнен: қаралы Қайдан: 362
11.04.2012 16:57
+0 / -0
Сотқа омон,доғыдыр,сол омондарды тасыған автобус жүргізушілерін де шақырту керек. Солар көп нәрсені білуі керек.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?