«Билік жалған ақпарат беріп жатыр» дейді жаңаөзендіктер
Азаттық радиосына телефон арқылы хабарласқан жаңаөзендік тұрғындар «қала өлі мекенге айналды, көшелер қаңырап бос қалды, беріліп жатқан ақпараттар – жалған» дейді. Ал бас прокуратура «Жаңаөзен мен батыс аймақтағы жағдай бірқалыпты» екенін айтады.
Ауруханада жатқан жаралы адам. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен тұрғыны Гүлжамал Нұрғалиеваның айтуынша, «қаладағы ахуал өте нашар».
– Жаңаөзендегі оқиғаларда қаза болғандардың саны ресми мәліметпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, – дейді ол.
Гүлжамал Нұрғалиева ері, «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы жұмысшысы Нұрлыбек Нұрғалиевтің 16 желтоқсанда Жаңаөзендегі оқиға барысында оқ тиіп жараланып, қазір Ақтаудағы ауруханада жатқанын айтты.
Жаңаөзен тұрғыны Гүлжамал Нұрғалиева
Жаңаөзен тұрғыны Айгүл Жалғасбаеваның айтуынша, «қаладағы жағдай қиын, бірақ дүкендер ашыла бастаған».
Жаңаөзен тұрғыны Айгүл Жалғасбаева
Осы кенттің енді бір тұрғыны Гүлбаршын «билік Жаңаөзендегі оқиға туралы жалған ақпарат беріп жатыр» дейді.
Жаңаөзеннің тұрғыны Гүлбаршын
Ал Қазақстан бас прокуратурасы бүгін "Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Шетпе ауылындағы, жалпы аймақтағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында" деп хабарлады.
CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!
Құрметті оқырман!
Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.
Тіркелу үшін мына жерді басыңыз
Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.
Құрметпен,
Азаттығыңыз