Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:35

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жазушылар Жаңаөзен жастарын «қауесетке сенбеуге» шақырды

Желтоқсанның 18-і күні жазушылар одағында Алматыда оқып жатқан Жаңаөзен жастары мен зиялы қауым өкілдері кездесті. Ақын-жазушылар жастарға Маңғыстаудағы қазіргі оқиғаның «саяси мақсаты жоғын» айтты.

Жазушы Смағұл Елубай «Ақ жол» партиясының съезінде. Алматы, 27 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Жазушылар одағындағы жиынға Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, ішкі істер департаментінің қызметкерлері де қатысты. Бейтаныс біреулер бұл кездесуді бастан-аяқ бейнетаспаға түсіріп жүрді.

«САЯСИ МАҚСАТ ЕМЕС, ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІКТЕН ТУДЫ»

Алғаш сөз алған ақын Есенғали Раушан «студенттердің басын қосудың негізгі себебі - Жаңаөзенге байланысты тарап кеткен әр түрлі қауесетті теріске шығару» екенін айтты.

– Мына жерде сендерді ешкім ауыздарыңнан қақпайды. Әке-шешелерің бәрі аман ана жақта. Сендердің құлақтарыңа жетіп, сендерді толқытып, мазалаған басты проблема - «әкесі мұнайшы болса, кешегі көтеріліске 
Ақын Есенғали Раушан. Алматы, 18 желтоқсан 2011 жыл.
​​қатысса, ол оқудан шығады, стипендиядан айырылады, общежитиеден шығады» деген әңгіме - бекер. Провокацияға түспеңдер. Ондай әңгіме жоқ. Әрине, сендер оқудан үлгермесеңдер, бұзақылық жасасаңдар, онда сендерді де, мені де кінәлайды,  – деді жиынды бастаған ақын Есенғали Раушан. 

Есенғали Раушан Жаңаөзендегі оқиға «саяси мақсаттан емес, әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан туындағанын» айтты.

«ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН ВИРУС»

Жазушы Смағұл Елубай да Есенғали Раушанның «әлеуметтік теңсіздік» туралы пікірімен келісті. Жаңаөзендегі жұмыссыздық проблемасын айтқан жазушы кінәні шетелдік компанияларға жапты.

– Жұмыссыздық деген проблема бар ол жерде. Оны кім тудырып отыр десек, ол  – шетелдік компаниялар. Олар – жұмыс берушілер, жұмыс істеушілер – біздің бауырларымыз,  қазақтар. Шетелдік компаниялар жергілікті қазақтардың құқын таптамауы керек,  – деді Смағұл Елубай.

Сондай-ақ, жазушы «Жаңаөзендегі қақтығыстың артында шетелдік күштер жатыр» деген болжам жасады.

– Біздегі тұрақтылықты көре алмай отырған алыс-жақын көршілер бар. Солардан да вирус келіп түсуі мүмкін: «Осы мынау тәуелсіздікті тойлап жатқан кезде осылардың бір шырқын бұзайық. Ол шырықты қалай бұзуға болады?!» деген. Қай жерде наразы ауыл, қала бар  – сол жерге вирус тастаса ол жер бірден лап ете түсетінін біледі олар. Ол сценариді де жұрт жоққа шығармайды,  – деді Смағұл Елубай.

Ол Жаңаөзен оқиғасы туралы интернеттегі деректерді 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезіндегі жағдаймен салыстырды. «Ол кездегі әңгіме, қазіргі қауесеттер арандату үшін айтылады» деді Смағұл Елубай.

«АРАНДАТУШЫЛАРДЫҢ ІСІ»

Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин әңгімені 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастап, «Жаңаөзендегі оқиғада арандатушылар болған» деп сөзін сабақтады.

– Мен қазақпын деген адам, мың өліп, мың тірілген, дәл сол күні, құдай біледі, өзінің ұлтына қарсы шықпас еді. Ол балаларды арандатушылар 
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл.
​​болды деп ойлаймын. Арандату болды. Жетектеп алып келіп: «Анау жерге шық, анау күні сені қызметтен аластатқан. Шық та, бастап бер» деп. Алданып шықты солардың біразы. Міндетті түрде солай болды ғой деп ойлаймын, – деді Нұрлан Оразалин.

Араб елдеріндегі төңкерістерді мысалға келтірген Нұрлан Оразалин жиналған жастардың қазақ екендіктерін қайта-қайта айтып, «бірлікке шақырды».

- Қазақтың қазақтан басқа туысы жоқ. Қазақтың қазақтан басқа бауыры жоқ. Қазақтың қазақтан басқа досы жоқ. Біз осыны ұмытпауымыз керек. Қазақ алакөз болуына болмайды, - деді Нұрлан Оразалин.

«ТАПСЫРМА»

«Жас Алаш» газетінің редакторы Рысбек Сәрсенбай әуелі бұл жиынды Жаңаөзен оқиғасына байланысты «президент тапсырмасының бір тармағы» деп атаған еді.

Рысбек Сәрсенбайұлының Жазушылар одағындағы сөйлеген сөзі


– Одақтағы жиын – президент тапсырмасының бір тармағы. «Халықты,
«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай. Алматы, 29 желтоқсан 2010 ж.
​​ жастарды басу керек. Тыныштандыру керек. Бұзақыларды даттау керек. Ол дұрыс емес. Сіздер көтерілмеңіздер. Бассыздыққа бармаңыздар» дейді. Оны ​​мен де айтамын. Оның қажеті жоқ, - деді Рысбек Сәрсенбай.

Алайда одан кейін сөз алған Есенғали Раушан «бұл президенттің тапсырмасы емес екенін, жиынды өткізуге студенттердің өзі түрткі болғанын» айтты.

Бұл сөзді отырған жастардың біразы растап, дауыстап жатты. Кездесу соңында Рысбек Сәрсенбай жиынды «президенттің тапсырмасы» деп айтқаны үшін Есенғали Раушаннан кешірім сұрады.

Рысбек Сәрсенбайұлы: "Кешірім сұраймын"


«РЕСМИ АҚПАРАТҚА СЕНУ КЕРЕК»

Жазушылар одағында өткен жиынға ресми билік тарапынан Алматы қаласы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бастығы Кенжехан Матыжанов қатысты. Ол да жастарды «сабырға шақырып», жиынға «сезімі ұшқыр жастар тағы да бірдеңеге ұрынып қалмаса екен деген оймен» келгенін айтып, «бүгінге дейін тарап келген ресми ақпаратқа сену керек» деген ыңғай танытты.

– Неге той өткіземіз деп жатырмыз? Тәуелсіздіктің тойын өткізбегенде не істейміз біз?! Одан артық қандай той керек бізге?! Әркімнің әртүрлі пікірі бар. Бірақ қазіргі кезде ресми ақпараттарға сенбеске амалымыз жоқ.  Басқа мүмкіндік жоқ, – деген ішкі саясат бөлімінің бастығы Кенжехан Матыжанов «жастар толғандырған мәселелерді жазбаша ұсынуы керегін» айтып, жиынның тарауын жылдамдатты.

«ОЛАР – БАСБҰЗАР, ҚЫЛМЫСКЕР, СОДЫР ЕМЕС»

Жиынды ұйымдастырушылар «бас қосу кезінде айтылған пікірлері үшін жастарды ешкім қудаламайды» дегеніне қарамастан, ортаға шығып сөйлеген жастар аты-жөндерін атаудан бас тартты. Мәселен, өзін «Жаңаөзен тумасымын» деп таныстырған студенттердің бірі Жаңаөзен оқиғасындағы наразылық танытушылардың ісі әділ екенін айтып, полиция қызметкерлерінің оқ атқанына наразылық білдірді.
Олар – жеті ай бойы өз талаптарын жұмыс берушіге және жергілікті билікке орындата алмай отырған мұнайшылар және оларға зорлық көрсетіп жатқанда тұра алмаған қазақ жастары

– Елімізде ақпарат құралдарының барлығы жарыса қаралап жатқандай, алаңға шыққан халық ешқандай басбұзарлар, қылмыстық топтар, шеккен, ішкен, шектен шыққан содырлар емес, ағайын. Олар – жеті ай бойы өз талаптарын жұмыс берушіге және жергілікті билікке орындата алмай отырған мұнайшылар және оларға зорлық көрсетіп жатқанда тұра алмаған қазақ жастары, – деді студент жас.

Ал кіші ғылыми қызметкер Ерболат Әбікенұлы зиялы қауымға кейіс білдіріп:

– Осында келе жатқанда радиодан «сыртқы күштер», «секталар» деген сияқты айтылып жатыр. Бірақ «мүмкін, биліктен де бар шығар» дегенді біреуіңіз де айтпадыңыздар ғой, зиялы қауым, халық жазушысы, депутаттар. Сіздерге тілектеріміз, комиссия ұйымдастырып, зиялы қауым ағаларымыз, ана жаққа барып, нақты көріп келсеңіздер. Сол жаққа да басу айтсаңыздар. Ресми мәліметтерге ғана жүгінсек, қиын, – деді.

Жастардың бірі Жаңаөзендегі оқиғаға орай құрылған мемлекеттік комиссияға ұсынысын айтты. Ол ұсыныстар қатарында «мұнайшыларды қудалау тоқтатылсын», «жазықсыз оққа ұшқандар үшін кінәлі басшылар жазаға тартылсын», «қылмыскерлер деп айыпталған халықтан кешірім сұралсын» деген талаптар да бар.

УАЙЫМ

Жастардың бірі құрбыларының атынан сөйлеп, Жаңаөзендегі туыстары үшін алаңдап отырғанын айтты.

– Оқиға басталған күннен бері өзіміздің үйімізбен хабарласа алмай, байланыса алмай отырмыз. Ол жердегі бауырларымыз, әке-шешеміз, іні-қарындастарымыз аман ба, не өліп қалды ма – біз оны білмейміз. Коменданттық сағат жарияланбай тұрып қаладан байланысты үзіп тастау, негізі, дұрыс емес. Ұялы байланыс қалада қазір де жоқ. Биліктен сұрайтынымыз, тезірек ұялы байланысты қалпына келтірсе екен, – деді ол.

Бұл кездесу бір сағаттың көлемінде аяқталды. Тарап жатқан жастардың бірнешеуімен тілдесіп едік:

– Қанымыз қайнап жатыр, ағай. Мен білмеймін, мысалы, ата-анама не болып жатқанын. Телефон соғам, хабарласа алмай жатырмын. Не болып жатыр екен деп  осында келгенмін...

– «Мемлекет өзі өртеген дейді» ғой...

– «Жетпіс адам өліпті, моргта адам көп, Ақтаудың ауруханасына адам сыймай жатыр» деп естіп жатырмыз... – деді жастар жамырасып.

– Бүгінгі жиыннан нендей ой түйдіңдер? – деп сұрап едік:

– Жоқ, түк ұққан жоқпыз! – деп, бір топ жас кете барды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі 
Кімнен: Нұрлан
19.12.2011 01:10
+0 / -0
Мен мына жазушыларды түсінбедім. Мыналар НАНға жағынып жатырма, әлде ауыр еңбегіменен тапқан ақшасын отбасын асырауға жеткізе алмай отырған мұнайшыларға жаны ашып отырғаныма екен?!
Мұнайшылар мен журналистерге қару жұмысаған полицияларды және соған бұйрық берген "халық жауларын" ұстап, сотқа беріп, түрмеге жатқызу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрсұлтан Қайдан: Президент емес
19.12.2011 01:41
+0 / -0
осы бізге қаазіргі кезде жазушылардың керегі бар ма? керек болса неге дәлелдемейді ?! сатқындар ма деп ойлап қаламын кейде...
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат
19.12.2011 08:06
+0 / -0
Бұлар- биліктің құйыршықтары ғой. Билік айтпаса өлсе де жиналмас еді. Олардың мақсаты жанашырлық емес, биліктің Жаңаөзен жастарының Алматыдан көтерілісін болдырмау жоспарының артистері гой.
Жаңаөзендік Қазақ баурыларымның қаза болғандарына Алла Жәннаттан жазсын. Олар қазіргі содыр биліктің құрбандары болды. Олар-нағыз шахидттер!
Қазіргі билік 86 жылы да жастарды "басбұзарлар", "алқаштар", "нашақорлар" деп айыптаған болады. Бұл жолыда Нұрсұлтан қатты жаңылды. "86 да халыққа жақтастым" деген харам сөзін дәлелдеді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 12:31
+0 / -0
Алматыдан маңғыстаулықтарды қолдау комитетін құру керек. Осы жиынға қатысқан студенттерді қалай табуға болады?
Пікір алмасу

Кімнен: Керейкызы Қайдан: Астана
19.12.2011 14:18
+0 / -0
Ал әдебиетшілердің пікірі осы болсын! Сонда 7 айдан бері өз құқығын аяққа таптатқызып, еңбек ақысын ала алмай, әділдік іздеп жүрген қазақ жастарының мәселесін кім шешеді? Міне қаншама күні өтті, өз халқының қолынан оққа ұшырап жазықсыз кетіп жатқан қазақтардың мүддесін кім қорғайды? тек Жасарал Қуанышалин ағамыздың жүрегі қан жылап қолдауды іздеуде... басқа саясаткер ағаларымыз Дос Көшім, Сабетқазы Ақатай, Уәлихан Қайсар, Медет Садырқұл, Айдос Садықов, Серік Әбдірахман және т.б. ағаларымыз неге үнсіз жатыр, олардың пікірлері қандай болмақ? Үнсіз жатқан сіздердікі де дұрыс болар!? Ғасыр өтсе де мәнін жоғалтпайтын өткір – сыни пікірлер айтқан Алтынбек мен Заманбек ағаларымыздың кебін киеміз деп тыныш қана сырттан бақылап жатқан боларсыздар!? Әрине, қазағымыздың «тыныш жүрсең тоқ жүресің» деген принципі де бар ғой... Оның үстіне биліктің және құқық қорғау органдарының құрмет тұтатын «террорист», «бұзақылар» және «секталар» деген сөздерімен барлық оқиғаны бұрмалап басып тастаса... мың өліп, мың тірілген Қазағымның күні не болмақ!?
Пікір алмасу

Кімнен: Қанат
19.12.2011 17:00
+0 / -0
Керейқызы, сөзің өте орынды, тек кейбір қателіктер жіберіпсің. Сәбетқазы Ақатайдың марқұм болып кеткеніне біраз жыл болды. Айдос Садықов емес, Сарым. Ол пікірін білдірді, жаңаөзендіктерді айыптап. Демек, халыққа оқ атып жатқан билікті қолдады. Уәлихан Қайсар енді шындықты айтуға жарамайды, өйткені НӘНнің досы Нәрікбаевтың "Әділет" партиясына қосылып, сайлуға түсіп жатыр. Дос Көшім мен Серік Әбдірахманов қашан да бұлтақтап жүретін табансыздар. Сондықтан олардан жөні түзу пікір күтудің қажеті жоқ. Медет Садырқұлды танымайды екенмін.
Пікір алмасу

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Алматыдан
19.12.2011 19:18
+0 / -0
http://www.youtube.com/watch?v=gNO2M5KQafs&eurl=http%3A%2F%2Flada.kz%2Faktau_news%2Fincidents%2F1514-bastuyuschie-rabotniki-karazhanbasmunay-vnov-protestuyut-na-ploschadi-v-aktau.html&feature=player_embedded

http://lada.kz/aktau_news/incidents/1514-bastuyuschie-rabotniki-karazhanbasmunay-vnov-protestuyut-na-ploschadi-v-aktau.html
----------------Міне бүгінгі күннің батырлары. Қазақ әділетсіздікке қарсы. Біздің бауырларды бұдан әрі қан қылмас үшін қолдайық бүкіл ел болып!
Бұл бауырларды пәленбай мың ақшаға қанағат етпей отыр деп күнәлау топастық, бұл жерде ақша емес бауырларымыздың негізгі талабы, - негізгі талабы Әділдік! сол жердің иесі өзінің жерінде құл болып отырса, басқа не істеу керек. соншама миллардтарды жымқырып отырғандардың әкесінен қалған дүние ма осы. Жер кімдікі ойланыңдар туысқандар! Қолдайық бүкіл ел болып!
Маңғыстау халқын, мұнайшыларды қолдайық Алаш баласы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 11:49
+0 / -0
Қазаққа жазулыра керек, әлде тек оттап, билікті жамандап, тырнақ астынан кір іздейтіндер керек пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 11:52
+0 / -0
бұзақылар, нағыз елдің тыныштығын ойламай, қара басының қамын ойлағандар! халық сендердің беттеріңе түкірсін, Қайтыс болғандарға кінәл билк емес, көтеріліске шыққандар кінәлі
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 12:30
+0 / -0
сымағұл, есенғали, нұрлан, сендерге өлім келсін қарғыс атсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Назар Қайдан: Алматы
19.12.2011 14:36
+0 / -0
Кешегі Алтынбек, Заманбектер болғанда қазір ең дұрыс саяси бағасын беретін еді. Айтатын жерін айтушы еді.Солар кеткен соң саяси алпауыттар қалмады ғой мына қазаққа.Арбір зиялы деп жүргеніміз қазіргі, әр сорттағы өкіл.
Пікір алмасу

Кімнен: Сыр елі
19.12.2011 15:22
+0 / -0
орташа айлығы 300 мың теңгеге жуық еңбек ақы алатын мұнайшылар масыққандар! жұрт 40-50 мын тенгемен күн көріп отыр,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 17:01
+0 / -0
"Сыр елі" болмай, теріс кет, малғұн! Сені Жаңаөзенде қаза болған боздақтардың қаны жібермесін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 15:29
+0 / -0
ереуілді алдын ала ұйымдастырғандар жан-жақты дайындалып, әдейі оқ атты деп билікті айыптап отыр!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 11:55
+0 / -0
ереуілге шыққаннан не пайда тапты, жастардың қанын төкті, өздерінің туған өлкесін қиратты...еліне жанашыр адам осылай жасай ма
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 11:56
+0 / -0
жазасын тартсын бұзақылар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 11:59
+0 / -0
Бізге жарқын өмір сыйлаған, қазақтың абыройын асқақтатқан Назарбаев жасасын!

Кімнен: Ерік
19.12.2011 01:23
+0 / -0
Рысбектің айтып отырғаны сөз бе? Басқасын қойшы, өзін оппозициялық саясаткер, Алтынбектің жолын жалғастырушы болғанда қандай! Айтпай ма шындықты? Әлде Қырымбектен магаданға бару үшін алған ақшасы үшін жағымпазданып, артының басына қарап отыр ма? Неге шындықты айтпайды? Неге халыққа қарсы оқ атуға наразылық танытпайды? Осыдан кейін көрмегенім Рысбек, оқымағаным жас алаш болсын. Алтынбьек болмаса бұл сияқты сілімтік далада қалар еді. Алтекеңнен қалған газетке әлі малданып, сонымен күнін асырап жүрген бейшара
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат
19.12.2011 08:12
+0 / -0
Бауырларым "Жас алаш" та биліктің перде артындағы газеті гой. Немесе Казпочта таратып, республикалық "Дәуір" баспасы басып берер ме еді? Аталған мекемелер батыр болса "Дат" тағы басқа оппозициялық газеттерді неге таратпайды? Оны- бір деңіз.
Екіншіден- әншейінде Елбасын боққа батырып алатын газет кешегі Президент сакйлауы кезінде не жазды? Елбасын сайлама - ол қанішер деді ме? Жоқ. Сайлау кезіндегі номерін көрсеңіз- көрсоқырдың кейпін киіп "Біз 80-ге" келдік деген мақалалардан арылмады. Сенбесеңіз көріңіз.

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Алматыдан
19.12.2011 01:24
+0 / -0
http://my.mail.ru/mail/baibek_89
айтыңдаршы мына баланы кім бұзық деп айта алады, бұл баланың есімін прокуратура жариялаған қаза тапқандардың тізімінен таптым.
майл.ру-дағы мой мирі екен.
бұзақылар деп қарапайым халықты қырып салып қалай беттері бүлк етпей айтады. Және мен бұл жігіттердің Жаңаөзендегі өртелген тоналған ғимараттарды осы тұрғындар, мұнайшылар жасады дегенге сенбеймін. олар ешқандай тонамайды - мұны биліктің өзі әдейі жасап отыр бұрмалау үшін, тонатқан өздері болар әдейі.
Ақтаудағы алаңға шығып тұрған ағайындарды бұзақылық жасайды деп ойламаймын, қара да тұрыңдар бүлк шығаратын әскерилердің өздері болады.
////////////////////////
Бас прокуратура Жаңаөзендегі қақтығыста қаза тапқандардың тізімін жариялап, марқұмдардың саны 14-ке жеткенін хабарлады.

Қаза тапқандардың тізімі желтоқсанның 18-і күні бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды. "Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде қаза болған адамдардың тізімінде" 11 азаматтың аты аталған.

Олар: Байбек Құбайдұллаев (1989 жылы туған), Шадияр Аязов (1978 жылы туған), Серік Оңғаров (1959 жылы туған), Радик Юсупов (1987 жылы туған), Аманбек Тұрғанбаев (1984 жылы туған), Жаңаберген Көшеров (1979 жылы туған), Атаберген Дүйсекенов (1987 жылы туған), Жанар Әбдікәрімова (1974 жылы туған), Рахат Көшеров (1995 жылы туған), Нұрлан Мұнаубаев (1982 жылы туған), Атабай Құлхаиров (1967 жылы туған).
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 10:05
+0 / -0
Байбек Құбайдұллаев (1989 жылы туған), Шадияр Аязов (1978 жылы туған), Серік Оңғаров (1959 жылы туған), Радик Юсупов (1987 жылы туған), Аманбек Тұрғанбаев (1984 жылы туған), Жаңаберген Көшеров (1979 жылы туған), Атаберген Дүйсекенов (1987 жылы туған), Жанар Әбдікәрімова (1974 жылы туған), Рахат Көшеров (1995 жылы туған), Нұрлан Мұнаубаев (1982 жылы туған), Атабай Құлхаиров (1967 жылы туған).
____________________________________________________________
Топырақтарың торқа болсын, қайран боздақтарым! Әділет жолындағы күрестеріңді арандатушы биліктің өзі болғанына халықтың көзі жетіп отыр. Мынау жағымпаздардың да әрекеттері соны дәлелдейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 18:44
+0 / -0
60 - жылдары туылған 2,
70 жылдары туылған 3,
80 жылдары туылған 5
90 жылдары туылған 1

Кімнен: Жәй адам
19.12.2011 01:27
+0 / -0
Нұршайтан "зиялысымақ" қауымды салпыншақ темірмен алдап, "қанды" билігін тағы да жалғастырмақшы ма?

Кімнен: қанжуған Қайдан: қантөгілген
19.12.2011 01:37
+0 / -0
бұл жазушылар бибіт жастарға емес қан төккен және төккізгендерге айтсын АҚЫЛЫН оларға айталмаса жөндеріне жүрсін

Кімнен: жастар Қайдан: ақылшыдан
19.12.2011 01:43
+0 / -0
жастарға ақыл айтқанша олардан ақыл сұраң не істейміз деп қазіргі жастар ояу көзі ашық не жасайтынын қайда баратынын біледі

Кімнен: Акоштай Қайдан: Костанай
19.12.2011 01:44
+0 / -0
Жазушы ағаларымыз жастарға ақыл айтқанша, билікке айтсын ақылды! Елге беделді адамдар ғой. Я бір депутаттың парламентте отырып мұнайшыларымыздың тағдырына аландаушылық білдіргенін көрмедік! 6 ай бойы күйзеліспен күн кешкен халыққа жұрттың ақылы дәрі бола ма екен? Анау шетелдік әңші Стингтің мұнайшылар үшін концерт қоюдан бас тартқаны, Еуроодақтың мәлімдемесі жарияланған шақта сіздер неге қолдау білдірмедіңіздер? Ата сақалдарыңыз ауыздарыңызға түскен шақта ұйқыдан жаңа оянып бала-шағаға басу айтқандарыныз нелерінізді алған? Баяғы шалдар қол сүймей ақ ханға бас иместен өтіп еді. Осыны Әбіш сынды жазушыларымыз білмейді емес! "Еңбек Ері" атағын алған жазушы ағамыз жерлестері қан боп жатқанда қалайша концерт тамашалап елорданың төрінде отыра алады? Базбіреулер мұнайшыларды пайдаланып өзінің арам ойларын жалғастырып жатыр! Рас провакация болғаны анық. 6 ай бойы ыстық суыққа төзіп аштық жариялаған мұнайшыларымыздың ісі емес бұл! арандатушылық болды! Оппозиционерлердің ісі болса, онда олардың бәрі халыққа жаны ашымайтын адамдар болғаны! онда қазаққа оппозиция кереги жоқ!Екінші Ливия жасағысы келетін Хасен Қожахмет сынды кісілердің де ереуілшілдерді не үшін қолдағанын түсіндік. банкоматтарды тонап, үйлерді өртеп бейбітшілік орната алмайтынымызды түсінуіміз керек! "Назарбаев каддафидің жолын қуады" деген Қожахметтің ниеті дұрыс емес! Бұл әлемдік саясаттан хабары жоқ адамның сөзі! Әлем назарына ілігіп, қазақтың тағдырын НАТО, Америка сияқты елмен шешіп, арты соғысқа айнадлатынын өз елін қырғынға ұшыратқысы келетін мұндай ағаларымызға ермейік жастар! Әр адам , әр оппозиционер, әр қазақ ақ пен қараны ажыратып, қазақтың игілігі үшін әрекет ету керек! "Алдыңғы өгіз қалай сүйресе кейінгі арба солай қисаяды" деп жастарға ағаларымыздың арсыз істері жұқпасын деп тілейміз! Біз қазақпыз! Өз мәселемізді өзіміз шешуіміз керек! Мұнайшыларымыздың хұқы қорғалуы керрек! біз оны қолдайық! Ал арандатушылар , есіл дерті билікке жету үшін жүрген құйтырқы адамдар жазалансын!
Пікір алмасу

Кімнен: Қароштай
19.12.2011 17:06
+0 / -0
Мына Акоштай сорлының сөзі - нағыз саяси наданның және қоян жүрек қорқақтың сөзі. Әдірәм қал!

Кімнен: Хасен Қожа-Ахмет Қайдан: Алматы
19.12.2011 01:48
+0 / -0
Мен де бәлен жылдан бері Жазушылар Одағының мүшесімін. Мұндай жиынға неге шақырылмадым? Бұл неткен жасырын жиын? Керсінше, ресми ақпаратқа сену керек емес. Маңғыстаудағы репрессияларды тоқтатуды талап ету.т.б. үшін комитет ұйымдастырудамыз. Бізбенен хабарласыңыздар. Тел: 87772709425

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
19.12.2011 01:53
+0 / -0
Жазушылардың студенттермен кездесуінде тұрған ешнәрсе де жоқ, бір есептен ол дұрыс та, өйткені студенттер алаңдайды, уайымдайды, сабағын дұрыс оқи алмайды. Бірақ мәселе мынада - оларға тек қана шындықты айту керек.Мысалы НӘН бастаған билік бұл оқиғаның себебін Әблязов сияқтылар ұйымдастыруы мүмкін деген ойды қайта-қайта тыққыштап, әйтеуір біреуден көруге бар жандарын салып бағуда: олардың ойынша бұл қылмысқа "бұзақылар", шетелге қашқан саясаткерлер, Африкадағы жирафтар, Индиядағы пілдер және т.б. кінәлі, тек қана олар емес! Мүмкін, ондай вариантты да жоққа шығаруға болмас, бірақ негізгі кінәлі Назарбаевтің өзі ғой - мұнайшылар 7 ай бойы ереуілдеп тұрғанда ең болмағанда адамша бір сөйлеспеді емес пе? Оны қалай жасырарсың? Әлде бұлар біздің бәрімізді топас есектер деп ойлай ма? Жақсы, мақұл, Әблязов ақша берген екен-ақ делік, сонда оған ақша бергізіп қойып КНБ шошқа тағалап отырған ба? Бұл тіпті ақылға сыймайтын нәрсе ғой. Сосын мен өз жерлестерімнің менталитетін жақсы білемін - олар біреудің айтақтағанына көне қоятын адамдар емес, олар ақша десе туған шешесін де сатып жіберетін кейбір оңтүстіктің жігіттері емес екенін ескеріңіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрлан Қайдан: Порту
19.12.2011 02:25
+0 / -0
Ызалы қазақ,тіліңді тартып сөйле,білем тілде сүйек жоғын.Оңтүстіктің жігіттері сенің табаныңда жатқан жоқ.Желтоқсанда жарқылдаған оңтүстіктің жастары еді,оны ұмытпа!Жаңаөзен құрбандары бүкіл қазақтың қайғысы.Марқұмдардың иманы саламат,жаны жәннатта болсын өумиін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Жанаозен.
06.01.2012 17:27
+0 / -0
Нурлан, режимей ак кой ызалы казакка. Онтустиктин ОМОНдары халыкты тонагасын жыны келип отырган шыгар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 10:14
+0 / -0
Ызалы, айтып отырғаның ақылды ауыздан шығатын сөз емес! Қазақты бөлшектемей сөйлегін!

Кімнен: Айтолқын Қайдан: Қарағанды
19.12.2011 01:57
+0 / -0
Нурлан ага, дурыс айтасыз. Козимен кормей, колында далелдері болмай кур бекере кара халыкты неге даттайды? Ок ату деген шектен шыккандык кой... Халыкты аяса нетті...

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
19.12.2011 02:06
+0 / -0
Енді негізгі мәселеге көшейік - ең сұмдығы мынада - ОМОН Өзен халқына ойларына келген аюандықтарды жасап жатыр деп естіп отырмыз - сотсыз-ақ бір жас жігітті көшеде желкесінен атып тастағанІ Қазір қаланың ауруханасына ГОВД-да қамауда жатқан адамдар түсе бастаған, олар өлімші болып таяқ жеген! Оларды не үшін сабаған - қылмысыңды мойында деп сабаған болуы керек. Бұл дегендер барып тұрған жауыздық. Мына бассыздықты тоқтату керек! Жазушы жолдастар, сіздер осы мәселеге көмектесіңіздер - жан-жаққа шығу керек, дүние жүзін хабардар ету керек, Қазақстан көлемінде бұл арызды қарайтын ешкім де жоқ, НӘН өзі бастап халықты ОМОН ға талатып отырған жоқ па, енді кімнен көмек күтесің? Телефонды, интернетті әдейі айырып тастаған, осындай сұмдықтар сыртқа естілмеу үшін, әйтпесе спутник арқылы болатын байланысты дені дұрыс адам "бағананың басындағы сым үзілген" деп түсіндірер ме? Хакер атака жасаған деп түсіндірер ме? Нағыз хакер сол үкіметтің өзі болып отырған жоқ па? Мені тап қазір ататын да болса нағыз шындық осы - жігіттер, көмектесе көріңдер, өз халқымызды өз үкіметімізден қорғайық!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 02:50
+0 / -0
Мына жердегі жазушылардан көмек сұраған сенің де шараң таусылған екен!
Жазушы емес, Езуші ғой бұлар, малталарын езген!
Сықпыттарына болайын! Жоғары жақтан бірдеме дәмеленген байгуштер ғой бұлар!
Кімде тары болса, соған тауық бола кетеді қыт-қыттап.

Кімнен: Aqorda Explorer Қайдан: Барзақстан, Күстана
19.12.2011 02:27
+0 / -0
Нұрлан Оразалин депті: /...Арандату болды. Жетектеп алып келіп: «Анау жерге шық, анау күні сені қызметтен аластатқан. Шық та, бастап бер» деп. Алданып шықты солардың біразы.../

Ойпырмай, ә? Неткен қарапайым схема десейші, ә? Қалай ғана басымыз жетпеген. Жаңаөзенде ми орнына - протеин масса, алдын ала берілген программамен жүре беретін гуманоидтар тұратынын білмеппін.
Нұреке, бір күні суалған қаламыңыз тіпті мұқалып, ешкімге керек болмай бара жатқасын, оппозициядан бір шығуың да ғажап емес. Сонда біз де сөйтіп топшылармыз. Есіл ел ағасы еді, әттең - мал сияқты азғырғандардың жетегінде кетті деп.

Кімнен: Хасен Қожа-Ахмет Қайдан: Алматы
19.12.2011 02:49
+0 / -0
Маңғыстаудағы репрессияларды тоқтатуды талап ету үшін қоғамдық комитет құрдық. Интернетте айтысқанша қатарымызға қосылыңдар! Тел: 87772709425
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 16:03
+0 / -0
Хасеке,пайғамбар жасына келіп шашыңызға ақ кірсе де,желігіп аттанғаныңызға жол болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.12.2011 17:07
+0 / -0
Хасеке,пайғамбар жасына келіп шашыңызға ақ кірсе де,желігіп аттанғаныңызға жол болсын!
....................................................................................................
Қабанбай, Бөгенбайлар жетпісінде жауға шапқанын білмеуші ме едің?
Балаңды бауыздап жатқанда көрер едім үйге отырғаныңды!

Кімнен: Жаңаөзен жасы
19.12.2011 02:58
+0 / -0
Мен де зиялы қауымның сөздерін түсінбедім. Жалпы, Жаңаөзенде жастарға жалпы, халыққа боевой патрондармен оқ атылды... Құдай-ау дәл осындай сорақылық 1986-да да болған жоқ қой. Қанша бұзықтық (ағайынның атылып жатқанын көрген жандар қарап тұра алмасы белгілі) жасалды дегенмен халыққа соғыс оқтарымен ату заңға сия ма? Ей, айтып айтпай не керек!?

Кімнен: Бәке Қайдан: Атырау
19.12.2011 03:07
+0 / -0
Кеше радиодан Фариза Оңғарсын сөйлеп жатыр, мұнайшыларды сынап. Патшаныкі дұрыс болған деп.
Өзі сол Жаңаөзенге 7 айдың ішінде бір хабарласып көрді ме екен?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 03:37
+0 / -0
Мен бугін Актаудагы бажаммен телефонмен сойлестім. Сойтсем сол уйдегі женгеміздін інісі Алматыдан Жанаозенге жіберіліпті (ол спецназда кызмет істейді екен). Кеше женгеміз інісінін амандыгын білуге Жанаозенге барып келіпті. Женгеміз айтады: "Інім катты тан калып отыр, кызык халык екен, жас жігіттері атылып жаткан окка карсы жугіреді !" деп. Міне, елге сырттан кауіп тонсе, бізді алдымен осы адайлар коргайтыны анык, ал біздін укімет сол батыл да батыр, бірак карусыз жігіттерді атып жатыр. Не болып барамыз, агайын !
Пікір алмасу

Кімнен: Сыршыл Қайдан: Сырдария
19.12.2011 12:46
+0 / -0
Атылған оққа қарсы жүгіру... Ат басындай алтын бергенде өлімге жүгірерсін бе.Мұндай жағдай намысы тапталған нағыз намысты жігіттің ғана қолынан келер.Басымды идім саған Маңғыстаудың нарқасқа жігіттері.
Мұндай дүрбелең "мамыражай,ертегі мекендеген елде" орын алмайды.Бұл ұзақ жылдар бойы мемлекеттің қазақ ұлтын,оның тілін,азаматтарын кемсітудің салдары.Қатарлас шетелдік жұмысшылардың қазақ жігіттерінен табыстарының едәуір артықтығы да жанға батады.Міне, осы және де басқа факторлар ашу мен ызаның бастауы-ау,ә?
Пікір алмасу

Кімнен: ммм Қайдан: актау
19.12.2011 13:52
+0 / -0
Бұл бірінші рет емес.1989 жылы Өзен көтерілісінде оққа қарсы жүгірген Адай жігіттеріне таң қалып жазған , СССР кезіндегі ОМОН солдатының больницада жатып жазған естелігі, тумбочкасынан табылған. онда былай жазылған. "Мен барлық жерде болдым, бірақ мынадай оққа қарсы жүгіретін халықты бірінші рет көрдім"- деген. Сосын есімді білмеймін. Оянсам больница екен. Осыны 21 жылдан кейін қайталап отыр. Өкімет оларды бұзақы десін, басқа десін - бірақ олар нағыз батырлар.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
19.12.2011 04:16
+0 / -0
Қазакем! "Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде" дегеннен аса қоймас...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 04:16
+0 / -0
- Қазақтың қазақтан басқа туысы жоқ.
Қазақтың қазақтан басқа бауыры жоқ.
Қазақтың қазақтан басқа досы жоқ.
Біз осыны ұмытпауымыз керек.
Қазақ алакөз болуына болмайды, - деді Нұрлан Оразалин.
Оразалин мырза, осыны неге президентке айтпадыңыз 7 ай бойы.Қазір неге осы сөздерді халқына от атып жатқан билікке айтпайсыз?!Президент,оның күйеу балдары мен билікте отырған орыстанып кеткен,қазақты пысқырмайтын,қазақтың елін тонап жатқан қазақтың жауларына неге айтпайсыз?! Неге?!
Сіздің айтқан сөздеріңіз әрине орынды.Бірақ, егер билік бізге бетін бұрып 20 жыл бойы қазаққа көрсетіп келе жатқан үстемдік мінезін қоймаса,20 жылы бойы талап етіп келе жатқан ұлттық мүдделерімізді орындамаса,осы ұстанған райынан қайтпаса, бауырларымызға от атқанын шұғыл тоқтатпаса,қазақта қанға қан деген де сөз бар!
Пікір алмасу

Кімнен: Кыргыз Қайдан: Таластан
19.12.2011 10:49
+0 / -0
Саламалейкум, Казак Туугандар!
Эмне учун Казактын Казактан башка досу, тууганы жок? Биз Кыргыздар, боордошпуз го? Маркумдардын жаткан жери жайлуу болсун, ыйманы саламат болсун.Конул айтабыз, Казак, Кыргыз боордош калкпыз, мындай учур биз учун да жаман, аманчылык, тынччылык тилейбиз, калктын конуусу жок, канча айдан бери кабар алмаган бийликте куноо...
Пікір алмасу

Кімнен: Алматбек Қайдан: Алматы
20.12.2011 01:55
+0 / -0
Қырғыз бауыр, көңіліңе рахмет! Қазақтың атынан емес өз атымнан! Жазушы қазақ арасында болғасын айтқаны ғой. Бауырларына қатты әсер ету үшін болар! Әлбетте Қырғыз Қазақ бір, тек қазір алыстап барады бір бірінен.
Алла жар болсын!

Кімнен: Қазақ
19.12.2011 08:19
+0 / -0
Иттің ғана балалары. Ақылдарыңды билікке айтпайсыңдар ма, тым ақылды болсаңдар. "Ұрлама, өлтірме, халықты қанама, саяси реформалар жаса" деп билікке қаратып айтпайсыңдар ма үгіт-насихаттарыңды. Бір уыс теңге мен кеудеге таққан темір-терсек үшін арын сатқан сорлылар. Кешегі "Алаш"қа, кешегі Желтоқсанға күйе жағып, билік басындағыларға жағымпазданғандар сендер сияқтылар еді. Тұқымдарың таусылмайды екен..

Кімнен: Мурат
19.12.2011 09:12
+0 / -0
Елбасы бундай окигалар дамыган елдерде де болып жатады деп жубатты кеше елди. Рас Англияда \францияда да жастар котерилип дукендерди ортегенин кордик жаз бойы.Бирак сонда полиция халыкка ок атты ма, аткан жок!
Пікір алмасу

Кімнен: Jeltoksandik Қайдан: Almate
19.12.2011 23:05
+0 / -0
Желтоксаннын batir kizdari men jigitteri haydasengdar!! bir uiemneng baswelare keudesine medal tahhanga ukimetting tastagan suyegine aldanep biylikke satelep ketti. Iwterinde Beysengaze Sadeu seyahte mentter bar. 86-jele bizdide narkaman,alkawtar dep ayeptagan. Janga ozendikterge koldau korseteyik. bugin Jaga ozendikterdi holdagan Nuryaw degen bater hezde 7taulikke, SerikSapargaleyde 15 kunge sottade. Aktau men Janaozende kanwa adamdar turmede otir. 200-den astam adam okka uwkan. 500 jasti su wawip, kamauda ustap otir eken. Jaralangandarga kan jetpei jatir. Bauirlarimizdi koldaik! Tart kolingdi beibit haliktan, elim, jerim degen jigitter un katingdar! Kazir Aktauda 1500 adam alangda tur. Almatydan komek kutude!!! Jeltoksandik
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі