Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:36

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

«Әкемді өлтірген адам табылғанша тыншымаймын»

Жаңаөзен оқиғасы кезінде ұрып-соғудан қаза болған Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева прокуратураның жиі тергеуге шақыруының кесірінен жұмыссыз қалғанын айтып шағымданады.

Әсем Кенжебаева, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, соққыдан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың қызы.
Мәтін көлемі - +

21 жастағы Әсем Кенжебаева желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласындағы ішкі істер басқармасы ғимаратында көргендерін Азаттық радиосына баяндағаннан кейін өзін әлденеше рет прокуратураға жауап беруге шақырғанын айтады. Соңғы рет ол прокуратурада қаңтардың 17-сінде тергеуде болған екен.

«ӘКЕМ ЖАЙЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖОҒАЛТЫП ЖІБЕРІПТІ»

Қаңтардың 26-сы күні Азаттық тілшісі Әсем Кенжебаевамен телефон арқылы тілдесті. Оның айтуынша, прокурор қайта-қайта басынан өткен жайды қайталап баяндап беруін сұрай береді. Әсем бұл әрекетті «психологиялық шабуыл» ретінде қабылдайды.

- Мені шақырған сайын прокурор басынан бастап сұрай береді. Мен «сұрай бермеңіз бәрін қайталап, білгенімді айттым соны оқыңыз. Несіне болған жайды ұмытқым келіп, өз-өзіме келгім келіп жүргенде, жадыма түсіре бересіз» дедім. Тіпті менен ресейлік журналист қызды тауып беруді де талап етті, - дейді ол.

Әсем Кенжебаева өзіне прокурорлардың «Әкеңнің өліміне қатысты түк ақпарат қалмапты, бәрі құртылып кеткен» деп хабарлағанын айтады. Әсемнің ойынша осылай істеу арқылы құқық қорғау органдары оның әкесі Базарбай Кенжебаевты көшеден тиген таяқтың салдарынан қаза болды дегенге келтірмекші деп күмәнданады.
Марқұм Базарбай Кенжебаевтың Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасынан оралған кездегі қанға боялған көйлегі. 19 желтоқсан, 2011 жыл. Суретті "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко түсірген.
x
Марқұм Базарбай Кенжебаевтың Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасынан оралған кездегі қанға боялған көйлегі. 19 желтоқсан, 2011 жыл. Суретті "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко түсірген.
​​
- Маған бұл жерде «Әкеңді ешкім танымай отыр. Тізім жойылып кетіпті» дегенді айтты. Соған қарағанда кезінде маған «Әкеңді ұрып өлтірген адамды тауып береміз» дегендері де жалған болғаны ма? Ал біздің шырылдап «Әкеміз осы  басқарма ішіндегі соққыдан өлді дегенімізді» де терістемек пе? - дейді ол.

Әсем Кенжебаева өзінің осылай прокуратура мен екі ортада жүргенде жұмыстан да шығып қалғанына налиды.

- Мен прокуратураға бару үшін қайта-қайта сұранып жүргенімде «Дастархан» мейрамханасындағы даяшылық орнымнан да айрылдым. Үйдегі жұмыссыз ағам мен інімді «ӨзенМұнайГаздағы» жаңадан ашылатын мекемеге жұмысқа аламыз деген, оның бәрі бос әңгіме тәрізді, - дейді Әсем Кенжебаева.

«ҚАЗАҚ ҚАЗАҚҚА ОҚ АТҚАН ӨМІРДЕ БОЛҒАН ЖОҚ ҚОЙ»

Майра Кенжебаева үкіметтен бөлінген миллион теңге жәрдемақының есеп-шоттарына түскенін айтты.  Ал Әсем әкесінің қазасынан кейін анасының да денсаулығы күрт нашарлап, қан қысымы қалпына түспей жүргенін айтады.

- Әкеміздің құнын миллион да (миллион теңге жәрдемақы – ред.), бауырларымызды орналастырамыз деген жұмыс та өтей алмайды ғой. Бірақ, мені бір сұрақ мазалайды «Оқ атқызған кім? Ұрғызған кім жазықсыз жандарды?». Бұл туралы мені тергеген прокурордан да сұрадым. «Осы сұраққа жауап алғым келеді» дедім, - дейді ол.

Әсемнің айтуынша, оған жауап берген ешкім болмаған.

- «Бұйрық болған ғой, біз оны білмейміз» деді. Бірақ мен қайта-қайта сұрадым «Маған сол сұраққа жауап беріңізші, қазақ адам қазаққа оқ атқан, өмірде болмаған зат қой» дедім, - деп еске алады ол.

Азаттық тілшісімен әңгімесін Әсем Кенжебаева былай деп қорытындылады:

- Жалпы осы желтоқсандағы қырғында Жаңаөзен халқы қатты жапа шекті. Мен оны көзіммен көрдім. Бірақ мен сол адамдардың көргендерін, білгендерін неге 
Базарбай Кенжебаев - Жаңаөзен оқиғасының құрбаны. Жаңаөзен, желтоқсан, 2011 жыл.
x
Базарбай Кенжебаев - Жаңаөзен оқиғасының құрбаны. Жаңаөзен, желтоқсан, 2011 жыл.
​​​жариялап ашық айтпайтындарын түсінбеймін. Мен жас болсам да анық есімде: Назарбаев президентікке сайланып ант бергенде «Мен халқыма жамандық көрсетпеймін» деген жоқ па? Ол еркек адам ғой. Неге халыққа оқ атылуына жол берді? Мен бәрібір әкемді өлтірген адам табылғанша тыншымаймын.

Қаңтардың 26-сы күні Азаттық радиосының тілшісімен сөйлескен кезінде ол уақытша қамауға алынған кезде полицейлердің өзін де жамбасынан тепкенін, қазір әзер қозғалып жүргенін айтып шағымданды.

АБАҚТЫНЫҢ БАСТЫҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТУ

Азаттық тілшісі Жаңаөзенде құрбан болғандардың ісін тергеп-тексерумен айналысып жатқан прокурорлық тергеу тобының мүшесімен телефон арқылы тілдескен еді. Тергеу тобының жетекшісі Талғат Ибраимов Базарбай Кенжебаевтың өліміне қатысты тергеу амалдарының жүріп жатқанын растады.

- Біз Кенжабаевтың өліміне қатысты істі тексеріп жатырмыз. Бірақ сізге телефонмен ақпарат бере алмаймыз. Күн сайынғы жұмысымыздың қорытындысы туралы қалалық арнаулы штабымызға хабарлап отырамыз. Бірақ олар да сізге телефон арқылы ақпарат айтпайды, - деді ол қаңтардың 31-і күні.

Әсем Кенжебаеваның тергеу амалдары кезінде естідім деп айтқан сөздеріне қатысты сұрақ қойылғанда, прокурорлық тергеу-тексеру тобының басшысы пікір айтудан бас тартты.

Қаңтардың 25-сі күні ресми мәлімдеме жасған Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қоғамдық тәртіпті орнатуға қатысқан полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығының тексеріліп жатқанын мәлімдеген еді.

«Тергеу арқылы Базарбай Кенжебаевтың қаза болу фактісіне де баға берілді. Туыстарының айғақтары бойынша оның өліміне Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысында келтірілген дене жарақаттары себеп болған.

Аталған факті бойынша Кенжебаевты абақтыда заңсыз ұстауға жол бергені және оның дер кезінде ауруханаға жатқызылуын қамтамасыз етпегені үшін Жаңаөзен 
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының қырқы. Алматы, 24 қаңтар, 2012 жыл.
x
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының қырқы. Алматы, 24 қаңтар, 2012 жыл.
​​қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысының бастығы Теміров қылмыстық жауапкершілікке тартылуда» деп жазылған бас прокурордың  баспасөз хабарламасында.

Марқұм Базарбай Кенжебаевты желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі перзентханада босанып жатқан қызына бара жатқан жолда полиция қызметкерлері ұстап алып кеткен еді. Желтоқсанның 18-і күні қамаудан босатылғанымен, ол ауыр соққыдан көз жұмған. Ал әкесін іздеп шыққан қызы Әсем Кенжебаеваны да полиция сол күні  қамауға алып, бірнеше сағат ішкі істер басқармасының төменгі қабатында ұстаған. Кейін, былтырғы желтоқсанның 25-і Әсем Кенжебаева өзінің көрген-білгендері жайлы ең бірінші Азаттық радиосына баяндаған болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
03.02.2012 10:17
+0 / -0
ЖАҢАӨЗЕН қырғыны - Назарбаев жүйесінің ғасырлар бойы тарихтан өшпейтін масқарасы!

Кімнен: Жәй адам
03.02.2012 10:35
+0 / -0
Жаңаөзенді де желтоқсан сияқты бірте-бірте "ұмыттыруға" күш салады билік. Өйткені онда әлі күнге дейін Желтоқсандағы қырғынға тікелей жауапты адамдардың өздері және олардың балалары отыр. Сол баяғы компартия өкілдері. Осы сөзімде теріске шығарып көріңіз. Әкімдердің кез-келгенін алсаңыз да, арғы жағын қазсаңыз, кезіндегі компартия хатшыларының балалары.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 13:00
+0 / -0
Жөн айтасыз, Кучербаев та бұрынғы компартия хатшысының баласы ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
04.02.2012 00:51
+0 / -0
әкімдердің әкім Назарбаев та компартия хатшысының баласы ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Матаев Қайдан: Ақтау
03.02.2012 13:28
+0 / -0
Сіздікі дұрыс. Бізді басқарып келе жатырғандар Назарбаевтан бастап сол бұрынғы коммунист,комсомол белсенділері, немесе солардың балалары. Балаларына дейін тығуына қарағанда жақсы жер болып тұр ғой. Зиялы деп жүргендеріміздің де көбі сол қоғамның нанын жеп, сол қоғамды дәріптеп кітап жазып,өлең шығарып, жағымпаздықты жалау етіп алған адамдар. Сондықтан,Кекілбаевтан,Оңғарсыновадан, Жолдасбековтен, Мұртаза тағы сол сияқтылардан зиялылық дәметуіміз орынсыз. Күшік кезінен жуынды ішкен итаяғын қай ит тебеді. Сол итаяғын күзетіп жата береді.

Кімнен: Шындык издеуши
03.02.2012 11:10
+0 / -0
Бир куни шындык ашылып, жазалылар ауыр жазамен жазаланар ИНШАЛЛА!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 11:11
+0 / -0
Әсемге құдай қуат берсін!

Жазықсыздан жазықсыз төгілген әкесінің қаны қанішерлерді бұ дүниеде де тайрандатып қоймайды, бәрібір сазайын тарттыратын болады.

Жазықтылардың аты аталып, заң алдында лайықты жазаға кесілмей, бүгінгі қазақ қоғамы тыншымайды.

Биліктің бүгінгі тірлігі жантәсілім алдындағы жанталасқа (агония) ұқсайды.


Кімнен: Айладыр Қайдан: Маңғыстау
03.02.2012 11:18
+0 / -0
Еркек болса сөзінде тұрып,конституция бойынша 1999 жылы билікті тапсыру керек еді ғой. Ол кісінің әлі бір рет те шын айтқанын естіген жоқпын. Ең соңғысы "мұнайшылардың талабы орынды, оларға ешкім тимейді" деді, келесі күні мұнайшыларды тұтқындай бастады. Соны Назарбаев білмей отыр дейсіз ба? Мұнайшылардың талабының орынды екенін мойындасаң, сол 8 ай бойы ереуілшілердікі заңсыз деп шешім шығарған соттарды, әкімдерді, сол мұнайшыларды ұрып соғып, өлтіріп қиянат жасаған адамдарды,мейлі ол КНБ, полиция,прокурор болсын, заң алдында жауап беруін тапсырып,қадағаламай ма. Мені алдады деген не сөз, ондай сөзін балабақшаның балаларына барып айтсын. Ол президент қой, жұмыс жасай алмай ма қою керек.
Сондықтан, айналайын Әсем, сенің шырылдап әділдік іздеген жан даусың халқыңды да қатты күйзелтіп отыр. Сол қанішер, азғындарды қазір ақ ұстап сазайын бергіміз ақ келеді. Бірақ, қол қысқа, басшыларымыз азған, өзіміз бас қоса алмай отырған жағдайымыз бар. Сақ бол , айналайын, өміріңді сақта. Журналистер, қоғам қайраткерлері, ел ішіндегі болсын, шетелдегі болсын, азаматтар мына Кенжебаева Әсемді назардан тыс қалдырмайық. Неше түрлі зұлымдық жасап жатырған биліктен сақтанбаса болмайды.
Жаңаөзендегі қанды қырғынды ұйымдастырғандар, "Гонг" операциясын ойластырған және жүзеге асырған қанішерлер ауыздықталсын! Жазықсыз мұнайшылар мен азаматтар босатылсын! Козлов,Сапарғали,Винявский босатылсын! Қосанов, Әбілов босатылсын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 12:18
+0 / -0
Әсем Кенжебаева қарындасымызды көлденеңнен келетін қастандықтан сақтау әрекетін қарастырайық, Ағайын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 12:38
+0 / -0
12.18 минутте жазган бейшара! Осы коленкелерiнен корыкпандаршы. Билiкке де жан керек. Олар казiр катты сасып жатыр. Жауыздардын оз халкына ок аткандарына алi сенер емеспiн. Бурые олардын казак емес дегендерiне толык сенбеушI ем,ендI сене бастадым. Казакша арiпсiз жазганыма кешiрiм сураймын. Айпадта казакша арiптер жок екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
03.02.2012 12:43
+0 / -0
Құрметті оқырмандар,

өз ой-пікірлеріңізде адамды ұлтына, нәсіліне, тіліне байланысты кемсітуден аулақ болуға шақырамыз. Бұдан ары қарай форум ережесіне қайшы келетін жазбалар бірден жойылатындығын және оған қатысты жазба авторларымен ешқандай дискуссия болмайтындығын ескеріңіздер.

Азаттық сайтының форумына белсенді қатысып жүргендеріңіз үшін баршаңызға алғысымызды білдіреміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 18:44
+0 / -0
Шын бейшара сенің өзің боларсың? Әсемді қорғауға шақырғаннан басқа 12.18 минутта пікір білдірген адамнан қандай кемістік таптың? Көлеңкеңнен қорықпасаң өзің неге барып қорғамайсың?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 14:31
+0 / -0
Жанаозен - ВОРсултан ПОЗОРбаевтын 20 жылдык ел баскарудагы жеткен жетiстiгi!!!
Пікір алмасу

Кімнен: 123 Қайдан: Алматы
03.02.2012 15:11
+0 / -0
БҰЛ БИЛІКТІҢ БАСЫНА СОВЕТ ОДАҒЫНДА ӨСПЕГЕН, ОЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІН КӨРМЕГЕН, ШОШҚАСЫНЫҢ АРАМ ЕТІН ЖЕМЕГЕН, ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ӨСКЕН, ДІНІ БАР, РУХЫ ТАЗА АДАМ КЕЛМЕЙІНШЕ ЕШНӘРСЕ БОЛМАЙДЫ!

Кімнен: Адай Сарбазының біреуі Қайдан: Маңғыстау елі
03.02.2012 15:41
+0 / -0
Бәріміз Асем сияқты батырда батыл бола алмасак болмасақ, бізге де өле қалу керек.
Өмір деген супермаркет алатынынды ала бересін салатыныңды сала бересің жүріп алып, шығар кезде бәрі бір құнын төлейсің, міне солай бәрі жауап береді, менің Маңғытау халқым сен бийіксің бәрі бір, рухын биік, арың биік, бұл шайқаста біз жеңеміз, аққа құдай жақ, ал құдай болса ол бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Сарбазының біреуі Қайдан: Маңғыстау елі
03.02.2012 16:05
+0 / -0
Бәріміз Асем сияқты батырда батыл бола алмасак болмасақ, бізге де өле қалу керек.
Өмір деген супермаркет алатынынды ала бересін салатыныңды сала бересің жүріп алып, шығар кезде бәрі бір құнын төлейсің, міне солай бәрі жауап береді, менің !"Маңғыcтау" халқым сен бийіксің бәрі бір, рухын биік, арың биік, бұл шайқаста біз жеңеміз, аққа құдай жақ, ал құдай болса ол бар. қате жазыппын жаңа, Азаттық радиосы соны түзетіп жібере салмайсыңдарма, оқыған кезде!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 16:23
+0 / -0
Казир кур соз бен эмоция пайда бермейди.Ана кызга баримиз когам боп колдау жасайык. Азир тыншысын, оз-озине келсин. Тек оныколдау танытып, дурыс шешимин табуга дол корсетуге тииспиз. айтуга онай, бирак, бул кундер де артта калар. жазыксыз тогилген канешкашан жауапсыз калмас. казир билик урейде, оздерине карсы келгендерде баягыша жаншып тастайды.Адайлардың оршил рухты батыр ул-кыздары аман болсын.Асмеге комектеспесек, жер басып жургенимизге сын. Тири калып, кыздарымыздын жазыксыз аккан коз жасын тия алмасак, сол кезде азаттык,адилеттик ушин оле салу керек еди.Азаттыктар, жарайсындар, осы кызга дем бериндер. Оган женип шыгуга ат салысындар!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Адайыстан
03.02.2012 16:48
+0 / -0
Урысултан Азарбаев.Артынан журип биздер енди азбайык.Оянындар. биригиндер шашырап журип тозбайык.
Пікір алмасу

Кімнен: Әмір
03.02.2012 17:14
+0 / -0
Әсем айналайын өткен іске болаттай бекем бол,АЛЛАның жазғаны шығар,Мамаңды,бауырларыңды,өз денсаулығыңды ойла жаным бәрімізде өкінеміз қолдан келер дәрмен жоқ.Матаев сен тиесіліні өзіне арнағаның мақұл ғой,пенде өз қолын өзі кеспейді сен өкпелеп отырған адамдарда не билік бар,айт деді айтты,қой деді қойды,кеше сайлауда қаншама азаматтар далада қаңғып қалды олардыңда бәрі ессіз емес шығар,бір ойлары бар шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 17:47
+0 / -0
Ауызбен айғайлай бермеңдерші! Онан да 50-60 адам болсада жинай бер!
Пікір алмасу

Кімнен: Матаев Қайдан: Ақтау
03.02.2012 18:50
+0 / -0
Әмір, құдайдың жазғаны шығар , өткен іс дейсің, ол адам бір кездейсоқ жағдайда, авариядан, немесе аурудан қайтып жатырған адам құсатып. Қарақшы өлтіріп кетіп жатырса да, қап деп қарақшыны жазғырар едің. Мынау ештеңе ойында жоқ, роддомға босанған қызына барып, немересін көрмекші болып барған адамды полиция қызметкері алып кетіп, қас пен көздің арасында мерт қылып тастауы аюандықтың аюандығы ғой. Халық ол полициядан пана табу керек,сол үшін ,сол халықтан жиналған бюджеттен еңбекақы алады, сол адамнан өлім мен азап табатын болсақ онда не болғаны. Кекілбаев пен Фаризаның қолынан не келетін еді дейсің. Қолынан ештеңе келмесе, ең болмағанда үндемей отыру қолынан келмейтін ба еді. Сол күні халық біреуі баласынан, біреуі жарынан, біреуі әкесінен, біреуі шешесінен, біреуі қызынан айырылып зарлап жатырғанда, ол кісілер телеканалдан өлген адамдарды мейрамымызды бұзды деп даттап жатырды. Қандай қатыгез жандар еді.Соны естіп отырып , оларды ақтап отырсаң сен де қатыгез жан екенсің.

Кімнен: ШОҒЫ Қайдан: АҚТӨБЕ
03.02.2012 19:21
+0 / -0
ӘСЕМ! Алған бетіңізден қайтпаңыз! тергеу тобының жетекшісі талғат ибраимов сияқты және сені тергеуге алып жүргендерді тәубеге келуді ескертіңіз. Өзіңіз сияқты жапа шеккен, көзі ашық, жүрегінің оты бар жандармен бірлесе ізденіңіздер, әйтпесе мына заманға қарай бейімделіп құлқынның құлы болып жүрген қулар алдырмайды. Тергеушінің аты-жөнін ашып айтыңыз, сонда олар жариялықтан қорқады, күннің жарығынан қашқан көлеңке сияқты. Патшаға сенбеңіз, ол халқын алдауға үйренген, халқын аттырып отырған да ӨЗІ!!
Пікір алмасу

Кімнен: kazax Қайдан: taraz
03.02.2012 21:50
+0 / -0
ras aitasyz aktobe. kazaxstan nazarbaebtyn jeke xandygyna ainalup bara jatkany okiniwti. adailyktardyke nagyz erlik. bir kuni "NURKAZAX" bolmai turganda toktatu k.k ony.
Пікір алмасу

Кімнен: Әмір
03.02.2012 23:32
+0 / -0
Матаев кішкене сабырға кел,не айтқандарын бәрімізде естідік,түгел бәрін балағаттай беретін болсақ,арамызда ешкімде қалмайды.16 нан бері қарай баласымен қосылып ән салып келе жатырған ағамыз,әйелімен қосылып ініміз, әй тіпті көп қой өз тірліктерін жасап түк болмағандай жүріп жатқандар.Мен өзімде түсінбей отырмын қалай осындай әрекетке барды,аға апаларымыз,болмаса Жармыш Шетпеден 25шақырымғана жер ғой,Ақтауға бару үшін Шетпенің үстімен жүреді,енді басқа,басқа сен жақсы білесің Маңғыстаудың сөз айтуын,мәймөңкелемей тарс еткізеді,той садақадан күдерін үзген шығар.Мен ақтап алайын деген ойда емеспін,басқаға кәрімізді төкпей-ақ,ойымызды ортаға салып кеңескеніміз жөн сияқты көрінеді,ана өткенде Светқали Нұржанға жазылған комментердің ішіндегі атыраулық жігіттің сөзі өте батып кеткесін осындай ойға бекідім.
Пікір алмасу

Кімнен: Матаев Қайдан: Ақтау
04.02.2012 10:25
+0 / -0
Әмір, айта берсе сөз көп, бірақ сенің соңғы сөзіңе жауап бермесе болмайды. Кешегі Жаңаөзен қырғыны неліктен болды? Ол бір адамның астамшылығына негізделген билік жүйеміздің жемісі. Сайлау деген атымен жоқ, оны жоқ деп қалай айтпайсың, егер депутаттардың тізімі алдын ала Ақордада жасақталып қойылатын болса. Сөйтіп, конституцияда жазылған "ең жоғары билік-халық" деген тұжырым жөніне қалды. Ең жоғары билік бір адамның қолына көшті.Ал,ол қалай бір адамның қолына көшті дейтін болсақ, оған бәріміз кінәліміз. Кезінде үндемедік, қолпаштай бердік. Қолпаштай бердік дегенде ,мен өзімді айтып отырған жоқпын. Мен бұл кісі 1995 жылы бірінші рет конституцияны бұзып, мерзімін ұзарту жөнінде референдум өткіземін дегенде ,қарсы болдым, содан бері қарсы дауыс беріп келе жатырған адаммын. Бір рет алдаған адам ілгеріде де алдай беретінін түсініп едім. Мұндай жағдайда елге белгілі, беделді адамдардың сөздері өтімді де,салмақты болады. 1994 жылы Назарбаев мәжілісті негізсіз таратқанда, Кекілбаев жылап, қарсылықсыз мойынсынудың орнына, конституцияның бұзылып отырғанын алға тартып, қарсылық көрсеткенде қайтер еді. Ол бір. Екінші, сол жазушылар мен ақындар, әншілер жағымпаздық жасап, бірінен бірі озып, ақыры осындай жағдайға алып келді. Жағымпаздық әншиін жасалмайды,әрине, атақ,сыйлық, стипендия тағы басқа дүниялар үшін. Әбіш пен Фаризаны Маңғыстау қатты еркелетті , дұрыс та болар, бірақ бұл екі кісі халықтың үмітін ақтамады. Халықтан алшақтап кетті. Неге алшақтады, себебі билік халықтан алшақ кетті, ал Әбіш сол биліктің етегінен жармасып еріп кетті. Мен, биліктің осындай дәрежеде халықтан алшақтауы ,сол Әбіш сияқты жағымпаз ақсақалдардың жалбакайлығынан болды деп сенемін.
Сондықтан, егер ол кісілер өздерін басқаша ұстағанда, халық жағында болғанда, Жаңаөзен қырғыны болмас еді.
Ал енді,халық қырылып жатырғанда өлген жастарымыздың артынан айтып отырған ақсақалымыздың әңгімесі шектен шығып кетті. Оны қалай айтпаймыз. Соның бәрін айтпаймыз деп осындай жағдайға жетіп отырғандарыңды түсінесіңдер ме? Жарылып кететін болса да бетіне айту керек. 28 митингіде Сәрсенбаев, Қосанов, Шаханов, Әбілов,Ерғалиева, Константин деген орыс жігіті, Гурина Назарбаевқа тіке айтты. Міне, солай айтылу керек. Қылмыстылар мен кінәлілердің жауыздығын бетіне айту керек, олардың басқан жері жанып жатырғандай қылу керек. Сөйтпесек, ілгері баспаймыз.

Кімнен: Ысқақова Гүлданай
03.02.2012 21:02
+0 / -0
Бұнын барлығы Н.Назарбаевтың бұйрығы бойынша жасалып жатқан дүние!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 22:58
+0 / -0
қазақ қазаққа қарапайым омирде күнде оқ атып жаткан жоқпа бир бирине!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
04.02.2012 20:48
+0 / -0
онсыз да бірін бірі күнде атып жатыр ғой деп қарсы шыққандарды ата салыңдар деуге болады екен ғой?

Кімнен: zheltocsan
03.02.2012 23:49
+0 / -0
К плюс арнасындағы Әсемнің айтып отырғанына толық сенеміз, жантүршігерлік қылмыстарды айтып отыр. Қан төгуге, қорлауға тікелей жауаптылар мен оған жол бергендер Еуропаға барып дым білмеген адамдардай өтірік аңқау болмай, өлгендердің жақындары мен өздерінің қорлық көрсеткендерінен кешірім сұрап, өз еріктерімен отставкаға кеткендері дұрыс болар еді. Өйткені, мың жерден жасырғанмен, мың жерден жуып шайып, неше түрлі сылтаулармен бүркемелегенмен шындық түбінде ашылады.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
04.02.2012 00:27
+0 / -0
Шындық түбі ашылады деп неге алыстата бересіңдер, шындық ашылып тұр, енді сол оңбағандарды жауапқа тарту керек. Тоқтар Әубәкіров айтты ғой ,не істеу керек екенін. Ол үшін талап етіп митингтерге шығу керек, табанды болу керек, бүйтіп бір уақытта ашылады деп жүре берсек, жүрміз ғой 1986 дан 26 жыл өтті. Ашылды ма, жоқ, керісінше қылмыстылар әлі тайраңдап жүр. 25 жыл түгіл 5 жыл да күтіп керегі жоқ, бүгін жауап беру керек, соған табандылықпен қол жеткізуіміз керек. Қылмыстылар бүгін жазалануы керек! Аблязов Гаага сотына құжат жинап жұмыстанып жатыр, біздер осы жақтан талап етуіміз керек, оларды жан жақтан қысу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: 37
04.02.2012 12:09
+0 / -0
Әсем сен әзірше өзіңді-өзің аман сақтап қалу үшін уақытша дем ал! Сенің тірі жүргеніңнің өзі жауыздарға жаза мен үкім ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
04.02.2012 13:38
+0 / -0
ия, 86-желтоқсанды ұзақ мерзімге жауып тастады. Оның себебін Шаханов білмесе біз біле алмай жүрміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 13:40
+0 / -0
2005 ЖЫЛЫ Заманбек ағамыз "декабрьдің 4-болатын сайлау әділетсіз өтсе , халықты көшеге шығарамын. 1986 Колбиннің қасында тұрып қазақты қорлаған адамды , қолда бар дәйектермен әшкерелеймін" деп жүр екен. Әттең , қайтыс болып кетті.

Кімнен: Акудай Қайдан: Акудайстан
04.02.2012 19:50
+0 / -0
Кіші жүз халқынан бұрыннан қорқады ғой билік. Адайларға Мың алғыс.Енді кіші жүзден шыққан белсенділерге жаудай тиеді билік.Қызылордалықтар! Біз де бірігуіміз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 09:48
+0 / -0
Бөлінбеңдер. Ол ақылдылыққа жатпайды. Ақымақ болмайық. Менде Алматылық кіші жүзбін. Бірақ қазір жүз, ру. ұлт дегенді мұндай жерде айтпау абырой. 28,,01,2011-ДЕ Алматы митингісінде сөилеген 20-дай адамдардың Әміржаннан басқасы кіші жүз емес.,басқа ағайындар. Әбіш пен Фариза Адай болсада биліктің артына тығылды ғой. Біздің қазір болашаққа деген ниетіміз туыс болу керек.Адай атаның сүйегі Сайрамда, немересі ерҚОСАЙ АТА Нөкісте,шөпшектерінің бірі Шоғы Түркістанда жерленген . Басқа жүз, басқа руларда солай,Себебі аталарымыз сынақ келгенде бөлінбей ,ұлы даланы"ақ найзаның ұшымен...." алып қалған. Өткенде Жаңаөзен полицейлерінің біраз бөлігі Шымкент тумалары екенін білеміз. ГУВД замы Әбдурасыл күндіз атып., кешке өртпен айналысқан деп жазылып жүрген пікір дұрыс секілді.Бірақ біз бұдан Шымкенттіктерді ұнатпай қалуға ХАҚЫМЫЗ ЖОҚ. Біз сырттай сыйлайтын қазақтың арда туған ұлы ,ауған батыры,журналист Мұқамеджан ағамыздың өзі Жаңаөзендегі қазақ қасіретіне шыдамай, үлкен бұлқыныста жүр. Үкімет блогерлерді ақшаға жалдап апарса,Шымкенттік Дина қарындасымыз Жаңаөзенге өз ақшасына барып, полициямен кнб-нің құқайына қарамай халыққа қызмет етті.Сондықтан бөлінбейік, ағайын. ҚАЗАҚ халқы қашандаБІР БОЛУ керек бұрынғы бабалар заманындай. Сұрқия саясатқа алданып қалмайық, барурлар.
Пікір алмасу

Кімнен: Саке Қайдан: Алматы
06.02.2012 13:43
+0 / -0
Бөліну бұл үлкен қателік. Мен қазақпын дегендердің бұл іске күйінбегені жоқ. Осы күнге шейін "өтпелі кезең салқыны болар" деп, халық НАН-ға сеніп келді. Енді оның бетпердесі шешіліп қалды. Бұл Қазақтың егемендігін де қалаған жоқ. СССР-де Премьер-Министр болам деп Горбачевтің жанында жалғыз өзі дәмеленіп отырды. Сол қызмет үшін Қазақстан тәуелсіздік алмаса екен деп ібілісіне жалбарынып отырды. Бірақ ол ойы болмады да шылп етпей Тәуелсіздік ап кедім деп соңында келді. Желтоқсаннан бері қолы қазақтың қанына малынған адамнан не күтеміз. Енді бұл өлмей биліктен кете алмайды. Өзі де айналасы да осыған мүдделі. Биліктің кредосы "баю керек. сосын шетелге таю керек". Алдыңға автордың сөзі әбден дұрыс. Бөліну дұрыс емес.

Кімнен: Тарлан Қайдан: Астана
05.02.2012 18:32
+0 / -0
Билік кіші жүзден қорқады дейді.сол да сөз болыппа.Адай дейді. Ұлыттық сана қайда бауырым! өз руыңнан аса алмадыңғой!неме өз жүзіңнен! рулық сана екі мың жылдың алдында болған.ол кезде бірігіп аң аулайтын.терімшілікпен айналысатын.мәдениет жоқ.ол кезде ұлт болмаған.тек тайпалық, рулылық қауымға бөлінетін.. Қазір біз бір текті, бір тілді,бір дінді Қазақ деген ұлтпыз.бөлінудің еш керегі жоқ.бүйректен сирақ шығарма. Қазақтың жүздерінің,руларының бәрі батыр,бәрі ақылды. Қақақтай бір тілде сөйлейтін,бір текті,бір дінді халық дүниеде азғана. сенбесең Шығыстың Қазағын батыстағы Қазағымызбен сөйлет.бір-біріне ешқандай тілдік қиншылықсыз сөйлесе алады.немесе оңтүсікпен солтүстікті. болмаса шетте өмір сүріп жатқан Қазақты алып қара. Қытайда 4 диалектіге бөлінген. бірін-бірі түсінбейді. Өзбекте солай.Түріктерде ,Ұйғыр,Қырғыздарда,Тәжіктерде,Иранда,тіпті араптарда бірн бірі түсінбей ортақ ағылшын тілінде сөйлеп түсініп жатады.

Кімнен: Қуаныш Қайдан: Ақтөбе
06.02.2012 01:48
+0 / -0
Қазақтың бірлігі бәрінен қымбат.Ел арасына іріткі түсірып,рулық жікшілдікке салғысы келетін пасық ойлы өр кеуделі зиялысымақтарға айтарым! Қазақ тарихына қарасаңыз сол ел ішіне ірткі салғандардың берекесіздік әрекетінің кесірінен, бізді мына тұрған кішкентай ғана Қоқан,Хиуа,Бұқара,тіпті Жоңғарларғада,Қытайға, Орысқа жем болғамыз.Қазақ жерінің үштен бір бөлігі және Қазақтың 30% амалсыз сол жат жұрттықтардың қолында қалды.Қазақ Аблайлап жауға шапқанда жауы аман қалушы ма еді.Қазақтың осыларға шамасы келмегені ме? Қазағымды Құдай берекесіздіктен сақтасын! Қазаққа Қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды. жан-жағымызға қарайық ағайын.бізді аңдып отырған қаншама елдер бар.олар біздің әлсіз жерімізге жармасады.Қазақтың бәрі бірдей.Батыс,Шығыс,Оңтүстік,Солтүстік,орталық өңірлер бейне адам денесінің қан тамырлары сияқты бір-бірімен тығыз байланысып кеткен.бірі ауырса бәрі ауырады.Қазіргі кезде әрбір Қазақ баласы есті,ақылды саналы да сабырлы.әрі мәңгілік азат.
Пікір алмасу

Кімнен: Әмір
06.02.2012 15:20
+0 / -0
Дұрыс қазақтың бірлігі бәрінен де қымбат,солай деп түсінеде жүру керек,айтада жүру керек.Әсем айналайын қиналма,сен әлдеде папаңның қасында болып басын сүйедің,ал мына Ұзақбаев Жалғасбай Ізғалиевич деген жігіт 17 күні 19.00 де шығып кетіп үйінен әлі күнге жоқ,іздеп жатыр.Сол күні кешке әрине 5мкр,4мкр,49ншы үйлердің төңірегінде 19,00-21,00 аралығында атыс болды сонда жоқ болып кеткен шығар.Ал қайда жоқ болып кетті бір АЛЛА білсін,бірақ ІІБ жасайтын жігіттердің есіне "жігіттер қай уақыттада қан жібермейді,естеріңе келіңдер,ұрып,ия атып өлтіріп алсаңдар тығып тастаған жерлеріңді хабарлаңдар,ең болмаса денесіне ие болайық, атқан адамың көз алдыңда тұра береді,сен кешірілмес күнәға батасың ,ең болмаса арыңның алдында ақтал,от басы күтіп отыр"-Осы күні жер-жерден әскер омондар бар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ұлағат Қайдан: Қытай Іле Қазақ облысы
07.02.2012 02:14
+0 / -0
Айналайын Әсем!басыңа қандай күн тусада сергектігіңнен айырылма! үндемесең дау алады,жата берсең жау алады дейді Қазақ атамыз.бірақта қанды қан ешқашан жібермейді. бар қашаған құтылмас.сенің қайғыңа бәрімізде ортақпыз.біздіңде ет жүрегіміз елжіреді.қаншама бейкүна халық ауыр зардап шекті.Қазағымның ұл-қыздарының көз жасын көру,қабырғамызды қайыстырды.өзіңе-өзің бекем болағой! біз шетте жүрсекте тілеріміз Қазақ елінің амандығы, тыныштығы.

Кімнен: Айдархан Қалмұрат Қайдан: Ақтау
07.02.2012 10:13
+0 / -0
25 ақпанда мынадай 3 талаппен шығуымыз керек, демократиялық талаптарға қосымша.
1.16 желтоқсанда қарусыз халыққа оқ атуға бұйрық берген Назарбаев, Мусин, Абыкаев, Дауылбаев, Касымов жазалансын, және оқ атқандар жазалансын.
2.Жаңаөзен репрессиясына байланысты тұтқындалған азаматтарды азаптауға қатысқандар жазалансын.
3.Соколова,Амирова,Козлов, Сапарғали,Винявский,тұтқындалған мұнайшылар түгелімен босатылсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Таңжарық Қайдан: Қытай Іле Қазақ облысы
08.02.2012 03:44
+0 / -0
Әсем қарындасым!өз денсаулығыңа көңіл бөлеғой!қызын силайтын,жылатпаған ел едік. әттең!жазасын құдай берер.папаңның көзіндей болып сен аман жүрші.шетел азаматы болсақата Қазағыма біреу тиіссе бізде алаңдаймыз.барлық Жаңаөзендегі әрбір жанұя аманба екен өзі.қиналдыңздарау қандастарым. амал не?біздің қолдан келер не көмек бар. амандықтарыңызды тілейміз.

Кімнен: Гулстан Қайдан: Шымкент
08.02.2012 23:10
+0 / -0
Asem sizdin alga koigan maksatinizdi ote duris dep esepteimin, Kudai baska salmasin sizdin orninizda bolsam men de solai jasar edim. algan betinizden taimaniz,sizge sattilik! Kinaliler jazasin alui kerek!

Кімнен: Студент Қайдан: Қазақстан
09.02.2012 16:51
+0 / -0
Акудай, бөлінегнді бөрі жейді. Елді бөлінуге шақырып жүрген сізді жаза күтіп тұр! Елді бұдан әрі бөлінбеуге шақырып, болашақты ойлайық. Жүзге бөліну бізге жақсылық әкелмейді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: батыс казахстан
09.02.2012 18:20
+0 / -0
әсем мықты бол,түбінде шындық жеңеді кінәлілер жазасын алады
Пікір алмасу

Кімнен: конилаитушы Қайдан: озеннен
12.02.2012 02:41
+0 / -0
Асем жаным озине мыкты бол папанын кайырын сура онай емес киын жагдай умытылмайтын жай каитесiн калык мынандай коргенсiздiке бармаганда ел аман журт тыныш болар едI тубiмiзге Ашкоздiк жеттI озенiн калкы катындарыда коргенсиз абалап абалап кыргын адамнын обалына клды саспа барине Алла жазасын берет.