Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 22:46


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Ереуілшілер Кәрім Мәсімовке енді Twitter арқылы хат жазып жатыр

Бірақ билікке сөздерін осы амалмен жеткізбек болған Жаңаөзен мұнайшылары "әзірше талпынысымыз сәтті болмай тұр" дейді.

Жаңаөзендегі ереуілші мұнайшылардың Twitter жазбалары. 24 тамыз 2011 жыл.
Жаңаөзендегі ереуілші мұнайшылардың Twitter жазбалары. 24 тамыз 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Тамыз айының ортасынан бастап Twitter әлеуметтік желісін қолдана бастаған Жаңаөзендегі мұнайшылары қазір жиырмаға жуықтаған. «Ондағы мақсатымыз – мәселемізге биліктің назарын аударту еді» дейді мұнайшылар.

@KarimMassimov ЖАУАП БЕРМЕДІ

– Баяғы тұрыс – сол тұрыс. Ешқандай жаңалық жоқ. Соны қолымыздан келгенше әркімге айтуға тырысып жатырмыз, – дейді мұнайшы Жолдасбай Азаматов.

Оның айтуынша, мұнайшылардың көбі туиттерге жазбаларын телефон арқылы орнатады. Мұндай қызметті елдегі басты ұялы байланыс операторлары осы жылдың көктемінде қосқан еді.

– Көбіне телефонмен хабарлама ретінде жазып жібереміз 4040 нөміріне. Көбісінің мұны да істеуге жағдайы жоқ, – дейді мұнайшы Жолдасбай Азаматов.

Бірақ мұнайшылардың біразы жаңа технологияның мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарайды. «Басты себеп – биліктің үнсіздігі» деседі олар.

Мұнайшылар арасындағы белсенді туиттерші Роза Төлетаева премьер-министр Кәрім Мәсімовке, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға арнап
Жаңаөзендегі ереуілші мұнайшылардың Twitter жазбалары. 24 тамыз 2011 жыл.

туит-хат жазғанын, әзірше еш жауап жоғын айтады.

«@KarimMassimov ереуілдеген мұнайшыларды жұмыстан шығарғанша, дарынсыз шенеуніктерді қызметтен босатыңыздар. Келісімге жиналуды талам етеміз» деп жазды @zhanaozen (Роза Төлетаева) тамыздың 17-сі күні Қазақстан премьер-министрінің Twitter парағына.

Мұнайшылар сауал қойған билік өкілдерінің арасында Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «Нұр-Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин, мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова да бар.

«КЕРЕГІМІЗ ЖОҚ СИЯҚТЫ»

– Осында отырғанымызға үш ай болды. Мемлекетке керегіміз жоқ сияқты, – дейді тауы шағылған Роза Төлетаева тамыздың 23-і күні Азаттық тілшісіне.

Мұнайшы Жолдасбай Азаматов билік өкілдері «өз мәселелерін қозғағанша бір уақыт халықтың да мәселесіне назар аударса» деген тілек айтады.
Ереуілші мұнайшылардың Twitter жазбалары. 24 тамыз 2011 жыл.

– Мысалы Бекболат Тілеухан Меккеге барғанын жазады. Мәсімов қайдағы жоқ бірдеңелерді жазады. Жіберген сұрақтарға жауап бермейді. Әйтеуір тырысып жатырмыз, – дейді туиттерші мұнайшы.

Маңғыстау облысындағы ереуіл басталғалы үш айдан астам уақыт болды.

Мұнайшылар үш ай жалақы көрмеген кейбір ата-аналардың балаларын жаңа оқу жылында мектепке беруден бас тартып отырғанын айтады.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Қайдан: ШҚО
24.08.2011 17:18
+0 / -0
көріп біліп отырып, жақ ашпаған жан, шырылдаған дауысты шекіртке құрлы көрер ме екен!?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.08.2011 12:08
+0 / -0
Жаңаөзенде кәсіподақ белсендісінің қызы қаза болды
24.08.2011
Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясында жұмыс істейтін кәсіподақ белсендісі Құдайберген Қарабалаевтың қызының денесі бүгін табылды. Бұл туралы Азаттық радиосына оппозициялық «Халық майданы» қозғалысының мүшесі Болат Атабаев хабарлады.

«Осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы Жансәуле Қарабалаеваның денесі Жаңаөзен қаласының сыртынан табылды. Жансәуленің денесін көргендер айтты: бас сүйегі жарақаттанған және жақ сүйегі сынған», - дейді Атабаев.

Маңғыстау облысында бірқатар мұнай компаниялары жұмысшыларының ереуілдеп жатқанына үш айдан астам уақыт өтті. Олар жалақыларын өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: ссс Қайдан: атырау
25.08.2011 13:59
+0 / -0
Обалы Назарбаевқа! Себебі ол бәрін жақсы біліп отыр.Оның нұсқауынсыз үш әріптегілер түк те істемейді. Алланың ең қатал жазасын алуын тілеймін Н.Назарбаевтың Амин!!!

Кімнен: Ултшыл Қайдан: Шайыр
24.08.2011 17:46
+0 / -0
Ех Роза Роза неменеге еліктейсің? Кетті әнеки Соколова сотталып, Твиттерге өкпелеп сотовыйды сындырып тастамасан болды да. Твиттерден жауап куткен қазағым, болдын ау абден мазағым. Одан да жумыссыз калган тогыз жуз мунайшыга жумыс тауып беруді ойла! Айтты сіздерге койындар ертен жумыссыз каласндар деп, Соколова деп каксап калдындар бәрің!

Кімнен: Оян қазақ! Қайдан: Алматы
30.08.2011 22:20
+0 / -0
Бірі жоңғар, бірі ұйғыр - үкімет,
Қарғыс атсын, айтарымыз лағынет!
Қараң батсын, желкелерің қиылып,
Қайтпастай боп, жер бетінен құрып кет!

Кімнен: Kazakh Қайдан: Atyrau
31.08.2011 11:27
+0 / -0
Oi bul zhelkesi kiylgyr zhebirlerge ait ne aitpa ne, olar oz oilaryna kelgenderin zhasap otyrgo.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?