Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:40

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Сарбөпеев төңірегінде алып-қашпа әңгіме көп

Қазақстан агенттіктері Жаңаөзеннің әкімі Орақ Сарбөпеевтің қайда екендігі туралы қарама-қайшы ақпараттар таратуда. Ал оппозициялық саясаткерлер Жаңаөзен оқиғасына қатысты "жазықтылар" қатардағы шенеуніктер екеніне алаңдаулы.

Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев. 19 желтоқсан, 2011жыл.
Мәтін көлемі - +

Бүгін өз ақпарат көзіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Сарбөпеев қаржы полициясына шақыртылды деген хабар таратса, осы мекеменің кезекшісі Азаттық тілшісіне жексенбіде ешкімнің жұмыста жоқ екенін айтты. 

Маңғыстау облысындағы желтоқсан айында жаппай тәртіпіздіктер болған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев 5 ақпан күні қаржы полициясы департаментіне баруды міндеттейтін шақырту алды деп хабарлаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне жексенбі күні өзінің сенімді ақпарат көзі.

«Бүгін түнде әкім емделіп жатқан Ессентукиден ұшып келді. Әуежайда шекара қызметі құжаттарын тексерген соң жіберген. Әкім қазір облыс орталығы Ақтау қаласында. Оның қолында бүгінгі күнге қаржы полициясына шақыртқан повестка бар»,- деген агенттіктің бұлақ көзі.

Қазақстанның кейбір ақпарат агенттіктері Жаңаөзен қаласы әкімінің қайда екендігі туралы сенбі күні ғана қарама-қайшы ақпараттар таратқан болатын. Олардың бірі Орақ Сарбөпеевті Ақтау әуежайында қамауға алды десе, енді бірі әкім Ессентукиден әлі оралған жоқ деген хабарлар берді.

Бүгін өз ақпарат көзіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» Сарбөпеевтің қаржы полициясына шақыртылғанын жазды.

Азаттық радиосының тілшісі жексенбі күні Маңғыстау облыстық қаржы полициясына телефон шалып көрген еді. Мекеменің кезекші қызметкері "бүгін жұмыста ешкім жоқ. Сарбөпеев жөнінде ешнәрсе білмеймін" деген жауап берді.

Ал оппозициялық саясаткерлер болса, Жаңаөзен оқиғасына қатысты жауапқа тартылып, "жазықты" болып жатқандар қатардағы шенеуніктер дей келе, нағыз кінәлілерге құрық салынбай жатыр, "бейбіт шерудегі адамдарға оқ атуға бұйрық берген адамның аты аталсын, жауап берсін" деген алаңдаушылықтарын білдіріп жатқаны белгілі.

16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі толқуларда ресми деректер бойынша 17 адам құрбан болып,100-ден астам адам жарақаттанды.

Жаңаөзенде 31 қаңтарға дейін төтенше жағдай тәртібі енгізілді.
Қаңтар айының яғында Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев Жаңаөзен оқиғасы бойынша тергеу амалдарының барысы жайында айта келіп, Жаңаөзеннің бұрынғы және қазіргі әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеев «Жанашыр», «Жарылқау» деп аталатын қоғамдық қорлар арқылы қаржы ұрлаған деп мәлімдеген-ді.

«Осы аталған қорларда «Қазмұнайгаз Барлау-Өндіру» АҚ-ның қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған демеушілік қаржысы жинақталған»,-деп атап көрсеткен еді бас прокурор.

Кейіннен Жалғас Бабахановтың ұсталғаны жөнінде хабарланды.
Ал әзірге дейін Жаңаөзеннің демалыстағы әкімі Орақ Сарбөпеевтің қайда екендігі турасында ресми ақпарат жоқ.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: адай Қайдан: өзен
05.02.2012 18:22
+0 / -0
БАЛЖАНОВ,АМАНГЕЛДИ АЙТКУЛОВ,деген адамдарды умытып кетипти го.Сол жалмауыздар барине кінәлі.Оларды не соттамаи ма?Ал мына мақау Орақ соларға еріп күйіп баратыр.Ақымақ.Сол кезде оған аитып еді халық бізді жақта деп.Ал енді сотталады.Обалың жоқ сұмелек.Түрменін түбінде шіріп өлің.
Пікір алмасу

Кімнен: ҚАЗАҚ ҚОЙ БАЯҒЫ
05.02.2012 19:19
+0 / -0
Еңбастысы оқ атуға бұйрық берген адам, содан соң атқан4 полицей дегенге кім сенеді? Мен өзім тек ресми мәліметтер бойынша 100-дей адамды жаралап, 16 адамды атып, 16,және 17 күндері 1000-дай адамды азаптаған 20 полицей десе де сенбес едім. Үкіметшіл ашық-ауыз болсамда. Одан соң "тағы да атам" деген министр бар. Бұлар халықты алдарқату үшін әңгімені басқа арнаға бұрып, байғұс халықты "анау жеген, мынау жеген" деп таластырып отыр. Халық үшін ең басты "мәселе "атқандарды толық жазалау". "алдарқатуды кеиін алдана жатармыз"

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 19:41
+0 / -0
Білмей қап, аузы аңқиып отқан жалғыз ЕБ қана емес, бүкіл қазақ халқы!
Кім, кім деп ақымақ аңқаулар құсап сұрай береміз. Министр айтты ғой ап-анық етіп, аттық, керек болса да атамыз деп. Міне, осы жауаптан бастап қаза беру керек! Осы жауаптың өзі көп жайды аңғартпай ма, соншама ашықауыз боп кетсек те!
Пікір алмасу

Кімнен: ҰМЫТПАЙМЫЗ,КЕШІРМЕЙМІЗ! Қайдан: ЖАҢАӨЗЕННЕН
05.02.2012 20:53
+0 / -0
ЖӨ нің адайы-ау Дауылбаев Балжановты қалай кінәлі десін туған құдасы ғой бұлар жатқан МАФИЯ ғой.Ал мына АМАНГЕЛДІ АЙТҚҰЛОВҚА әлі кезек келген жоқ.ЖӨ оқиғасынан кейін Маңғыстау облысына тексеруден тексеру топалаң тиіп жатыр үндеме әлі небір жауыздар мен үндемес өлімтіктер де түрмеге отырады дейді менің 40 құмалағым
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 22:01
+0 / -0
Құмалағыңды тағы бір шашып жіберші, Ибрашев Кенжебек жайлы не деп сөйлейді екен?
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
05.02.2012 21:02
+0 / -0
Аты жөні көрсетілмеген дурыс айтады бул жерде кім канша жеді,кім канша урлады, деген сурак жок сиякды, сурак кім буйрык берді кім атты, кім зорлады,деген сурак койылып отырган сиякды халыкдан.
Пікір алмасу

Кімнен: 37 Қайдан: 37
05.02.2012 21:05
+0 / -0
"Енді ешкімді ешкімге атқызбаймын. Атып жатса маған айтыңдар". Мені алдап кетті ғой.. Тұра тұрыңыз, келісіп жатырмыз деп.. Атып жібергенін кеш біліп қалдым. Алдын ала сезгенде айтар едім атпаңдар деп... Атылып жатсаңдар маған айтыңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 00:02
+0 / -0
Назарбаев - пепе...!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
05.02.2012 20:36
+0 / -0
Кіналарды қала әкімі Сарбөпеев па, Қоңырбөпеев па онда тұрған ешнәрсе жоқ. Барлық обылыстардағы, барлық аудан деңгейіндегі әкімдердің тірлігі бірдей. Барлығы да өздеріне келген бюджет қаражаттарын осылайша басқа бір тезарада жабылып қалатын фирмаларға ақша аударумен әлекке түседі де жүреді. Ал оның сыртындағылар сонау Ақордадан көз тігіп отырғандар. Онан ары ана Храпуновтың айтуы бойынша 36 млрд. доллар иесі Назарбаевтың есеп-шотына құйылып, ол есеп-шоттар айдан-ай, жылдан-жылға қомақты қаржыға айналып отырады. Бұл бірінші.

Екінші жағы Сарбөпенің немересінің ұсталғаны (оны енді амал жоқ ұстайды ғой) басқа әкімдерге сабақ болсыншы деп тілейік. Ешқандай әкімдердің арты таза емес. Сендердің кез-келгеніңді осылайша бір күні жаба салатыны естеріңде болсын.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
05.02.2012 21:07
+0 / -0
Ал оппозициялық саясаткерлер Жаңаөзен оқиғасына қатысты "жазықтылар" қатардағы шенеуніктер екеніне алаңдаулы.
=========================================

қарға, қарғаның көзін шұқымайды деген осы. БІЗДІҢ ОППОЗИЦИЯДА ЖҮРГЕНДЕР КЕЗІНДЕ ШЕНЕУНІК БОЛҒАН. сосын өздерінің бұрынғы "коллегаларына" жанашырлық білдіріп жатқан болар
Пікір алмасу

Кімнен: АРА ЕМЕС АРАМСЫҢ
05.02.2012 21:47
+0 / -0
Оттапсың! Біздің оппозияны ақтамай-ақ қояиын. Олар алыстағы бір қаланың әкімін не істесін.Жүздеген оппозицияның Ешбірі ол облыста тумаған, ешқашан ол облыста жұмыс істемеген.Сен байғұс АҚОРДАДАҒЫ ЕСЕК АРАЛАРДЫ қорғағың келіп отыр ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
06.02.2012 11:19
+0 / -0
арамга жауап!
сен не деп шатып кеттiн?
менин жазганымды дурыстап окыдын ба?

Кімнен: жәй адам Қайдан: Алматы
05.02.2012 21:56
+0 / -0
Егер "қажет болса, тағы да атам" деген генерал Қасымов жауапқа тартылмаса, атуға бұйрық берген адамның аты аталмаса, қамаудағы мұнайшыларды азаптау тоқталмаса, түрмедегі жазықсыз оппозиция өкілдерін босатпаса, мына жемқор әкімдер мен жоғарыдан келген бұйрықты ойланбастан атқарған полиция қызметкерлерін құрбанға шалса, билік - билік болудан қалған екен.

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
05.02.2012 22:00
+0 / -0
Жанадан келген аким дымын калдырмай тексерип жаткан коринеди теледидардан. Негизи Мангыстауга жергиликти, ана сутин адал емген жигиттерди басшылыкка отыргызу керек. Оларды да халык сайлау керек!!! Ал окты ким атты? буйрыкты ким берди? дегенге келсек ешким ундемейди. Олардын АЛЛА жазасын бере жатар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 22:13
+0 / -0
СОЛ СҰРАҚТЫ25,02,2012 ӘРКІМ ӨЗ ҚАЛАСЫНДА КӨП БОЛЫП, АЛАҢДАРДА ҚОЮ КЕРЕК РЕСЕЙ ГЕ ҰҚСАП
Пікір алмасу

Кімнен: Досан батыр ұрпағы Қайдан: оқ атылған жер
05.02.2012 23:21
+0 / -0
бұл зұлмат ЖАҢАӨЗЕН мен ШЕТПЕНІҢ басына түскен қасырет емес бұл бүкіл қазақ халқының қайғысы бұған халық болып қарсы тұру керек қалыққа болсын деген азаматтарды жазықсыз қудалау жөнсіз соттау басталды ОУ ағайындар ҚАЗАҚ халқы бұғып жүре беремізбе жазықтылар жазаланыуы керек және жазаның ең ауыр түрімен бұндай қайғы енді халқымыздың басына келмес үшін болды шыдадық бірігейік сонда жақсы өмір сүреміз БОЛАШАҚ ҰРПАҚ үшін АТАЛАРЫМЫЗ солай өмір сүрген сол үрдісті жалғастырайық жалтақ қорқақ жағымпаз суайт жандарды арамыздан аластатайық ондайлар орға жығады олай жасамасақ АТАЛАР кешірмейді олар ҰЛАН байтақ елді біздерге АМАНАТ етіп қалдырған ұрпағы үшін сол ұрпақ БІЗДЕРМІЗ келер ұрпаққа бізде солай тапсыруымыз керек бұл ҚАЗАҚ халқының жері
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 23:59
+0 / -0
Жемқор өзімнен болсынға қанағаттанып, негізгі мәселені АЛЛАға сілтей салатын сіз сияқты адамдар ғой біздің қасіретімізді қалыңдататын. Сіздей отандасым барына қамығып қалдым.
Пікір алмасу

Кімнен: Орынбасар Қайдан: Ақтау
06.02.2012 00:17
+0 / -0
Ең бірінші мәселе; кім бұйрық берді, кім оқ атты, кім түрмеде азаптады. Міне осылар жазалануы керек. Қасымов министр , тағы да атамыз деп тұр, ешкімді жазғырып тұрған жоқ, сөзсіз жазалануы керек. Назарбаев пен Мусин жазалануы керек, олардың бұйрығысыз қарапайым полиция халыққа оқ атты деген ертегісін балабақшаға барып айтсын. Талап сол болуы керек,қалғаны артынан.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 01:13
+0 / -0
Ойбай, бізге кімнің не жегені керек емес!
Кім оқ ат деп бұйрық берді, соның аты керек!

Кімнен: Сейтімбет Қайдан: Ақтау
06.02.2012 00:23
+0 / -0
Бұл ештеңе емес. Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің деген, Назарбаевтың құлайтын күні жақын,сол кезде ана Ливиядағыдай болады, 41 штугын соттап жатыр.

Кімнен: Ербол Қайдан: Алматы
06.02.2012 02:04
+0 / -0
Бұйрық берген анау, енді біреуі мынау деп талас тудырып жатқан жайы бар екен. Мен айтайын. Егер Назарбаев, мына парламент, мына үкімет, мына сот жүйесі, прокуратура түгелімен ауыспайтын болса тағыда оқ атылуы бек мүмкін. Осыны түсініңдерші бауырларым. Бұлар кетпей кінәлілер жазаланбайды. Оған 86 мысал бола алады. Сол кездегі құғынға қатысы бар адамдар әлі күнге дейін билікте отыр. Сол себепті 16 желтоқсан еске алынбай қалып жатыр. Жаңаөзенде солай болып кала береді, егер қазақ оянбаса!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қобылан Қайдан: Маңғыстау
06.02.2012 11:27
+0 / -0
Бұйрық бергендер мен оқ атқандар сотталса, Назарбаевың да бітеді.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Ақтау
06.02.2012 12:18
+0 / -0
Сарбөпеевті менде әуелі ақымақ екен деп ойлағанмын. Енді ойласам, Сарбөпеев, тек ол емес, жалпы сол сияқты әкімдер болсын, басқа шенеуніктер болсын, депутат болсын, бәрі осы Назарбаев жүйесінің құрбандары екен. Неге десеңіз бұл жүйенің фундаменті ақша жеуге негізделген екен. Әкімдердің негізгі міндеті өзінен жоғарыларға тендерлерден, басқа да жерлерден "кесілген" ақшаны өткізіп отыру. Әкім қызметке отырған бойда, қолы былғанады екен, оның ырқынсыз. Маған әкімдер көгендегі қозыларды елестетеді. Шетінен сойып ала беруге болады. Сондықтан, олар өзінен жоғарыдағылардың қандай келеңсіз болса да бұйрықтарын орындауға мәжбүр болады екен. Сарбөпеев те соның біреуі. Бірақ ,одан оның қылмысы жеңілдемейді. Заң бұздың ба,жауап бересің. Міне, Назарбаевтың жүйесінің сиқы. Қасымов, Қабыловтар да сол көгенге кірді. Енді міне,кешегі Жаңаөзеннен кейін бұл жүйенің фундаменті опырыла бастаған сияқты. Арты не болады, айта алмаймын. Не де болса ,жақсылықпен бітсе екен, әділдік орнаса екен, бұлыңғыр болып тұрған болашағымыз жарқырап ашылса екен деген ойым бар.

Кімнен: V Қайдан: Aqtaw
07.02.2012 14:55
+0 / -0
Үлкен қылмыскерлер кішкентай қылмыскерлерді ұстады. Халықты алдау.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 16:30
+0 / -0
сарыбопеевпен коса Кырымбек Кошерьбаевты да соттау керек.Кеше жети ай бойына мунайшылар кошеге шыгып турганда солармен бир мамлеги келе алмаган, дипломат болып енбек етсе де, жигерсиз болганы ушин, халыкты кыруга жол бергени ушин.шынымен де,акимдер бугинги жуйеинин курбандары гой

Кімнен: Беріш Қайдан: Атырау
07.02.2012 21:49
+0 / -0
Адай деген ел- көкжал қасқыр тектес ел.Ол ешкімнің бұғауына сыймайды.қақпанға түссе өз аяғын өзі шайнап, босап кетеді.Көкжалды ешкім мүсіркемей-ақ қойсын, өз жарасын өзі жалап жазады. Көкжал қасқырды қусаң қашып құтыла алмасын білгеннен соң, кері бұрылып өзіңе бас салады. Не сені өлтіреді, немесе өзі өледі. Алты ай уақыт өтсін, адайлар қайта басын көтереді.Сол уақытта атқандар мен аттырғандар да көкесін танитын болады. Не адай еңселі ел болады, не жер болады. Егер де менің аталарымның айтқан әңгімелері рас болса...

Кімнен: астана Қайдан: елорда
08.02.2012 21:01
+0 / -0
Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры ақпан айының басында SMS қызметін де іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны – 449 теңге.

Кімнен: Хасен Қайдан: алматы
09.02.2012 16:43
+0 / -0
Кімнен: Хасен Қайдан: Алматы
05.02.2012 04:25
+0-0Сіздің бұған қосарыңыз
"25-і февраль күні халық митингіге өткендегіден он есе болып шығу керек. "-дейді аты жоқ "азаматтар"!
----------------------------------
Шыққан соң, талаптар орындалғанша көшеден кетпеу керек. Атын жасыратындар бұған шыдар ма екен?!Құр сөйлеп, пар шығарып үйге қайту– шын оппозицияның ісі емес. Шын оппозиция ешкімді де алалмай, қатарын көбейтуге тырысар болар

Кімнен: Ринат Қайдан: Атырау
09.02.2012 19:48
+0 / -0
Сарбопеев Орактын осындайга баруы мумкин емес ол Озен каласына куникеше бардыгой әкім болып.
Агайындар Оракка комектесеик кинасы жок
Пікір алмасу

Кімнен: батыс қызы Қайдан: батыстан
10.02.2012 15:31
+0 / -0
Сарбопеевті немсіне құтқарайық дей қалдың? Кешегі желтоқсанда ол қайда қалды? Неге қаладағы ахуалды қалынан шығарып алды? Ағайындарын атқызғанша, олардың орнына өзі неге өлмеді? Кескінінен көрініп тұр ғой, қандай тип екені. Назарбаевтың режиміне қызмет еткендер барлығы сондай, скользкийлар. Олардың ешбіріне сеніге болмайды. Кете берсін, жаның ашымай-ақ қойсын. Халықтың ақшасын жемеді дегенге кім сенеді, жауап берсін.
Пікір алмасу

Кімнен: колдаушы Қайдан: жанаозен
11.02.2012 22:58
+0 / -0
Озендiк агайындар сендерге не болды аулие силан Орак Орак деп не болды олда етпен суиектен жаратылды. Ким болмасын биликке келгесин башылыкты тындау миндет не утасын оны соттатканда карайган бала шагасынын коз жасын ойлан

Кімнен: Дана Қайдан: белгисиз
11.02.2012 23:16
+0 / -0
Осыган Орак кинали деп Ким айтты?Ол емес оны босына биреу тыгып жиберип отыр!Орак акылды,парасатты жигит жала жаппан о дуниге Барганда жауап бересиндер!?

Кімнен: Қуан Қайдан: Ақтау
12.02.2012 02:22
+0 / -0
Кіші гірім әкім қараны жазалап халықты алдай алмас,бұлар қазіргі биліктің құрбандары керек кезінде шала салатын.Атуға бұйрық бергенде адамды бәрі біледі,бірақ айта алмайды ол мына билік ауыспай айтылмайды да.Сондықтан бос ұраннан іске көшкен дұрыс ағайын бұйрық берген адамды білгің келсе.