Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 02:03


Онлайн-конференция

Жармахан Тұяқбайдың онлайн-конференциясы

Азаттық радиосы сәуірдің 11-і күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың онлайн-конференциясын өткізді.

Жармахан Тұяқбай, ЖСДП төрағасы. Алматы, 11 сәуір 2012 жыл.
Жармахан Тұяқбай, ЖСДП төрағасы. Алматы, 11 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жармахан Тұяқбай –  заң ғылымдарының кандидаты, Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің құрметті профессоры, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (генерал-полковник).

1990-1995 жылдары – Қазақстанның бас прокуроры.

1995-1997 жылдары – Қазақстанның мемлекеттік тергеу комитетінің (МТК) төрағасы.

1999-2004 жылдары – Қазақстан парламенті мәжілісінің екінші шақырылымының төрағасы.

2005 жылы – Қазақстанның оппозициялық күштерінің ортақ үміткері ретінде президент сайлауында дауысқа түсті.

2006 жылы – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын құрды. Сол жылдың қыркүйегінен бері осы партияның төрағасы.

2009 жылдың қазан айынан бері – ресми тіркелмеген Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының тең төрағасы, төралқа мүшесі.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Ер
10.04.2012 13:05
+1 / -0
Жармахан мырза сізді силаймын. Оппазиция қатарына үлкен жігер күшпен келдіңіз. Халықта қолдады. Бірақ сіздердің бастарыңыз бірікпей бөліне берді. Соның себебін бүкбесіз айтып берсеңіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Майра Қайдан: Жаңаөзеннен
11.04.2012 12:11
+1 / -0
Жармахан аға, Жаңаөзенде мұнайшылар жеті ай далада тұрғанда, Жаңаөзендіктерді қарақшы билік автоматпен қырғанда, Жаңаөзендік оқиғаға байланысты сот процесі өтіп жатқанда да бұл жаққа бірде бір келген жоқсыз. Публичный саясаткер бола отырып қиналған халықпен бірге болмай түк болмағандай жүре беруге дәтіңіз қалай шыдап келді. Әлде желтоқсан айларында болатын оқиғаларда билік жағына шыға келетін әдетіңіз бе? Енді келмесеңіз де олады, бұл жақта сізді күтіп отырған ешкім жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Жармахан Тұяқбай
11.04.2012 16:02
+0 / -0
Ащы сұрақ. Менің жауабым мынадай: жаңаөзенде болған жағдайдың мен барғаннан биліктің мейірімділігі асып, жазалау процесі азаяды, тоқтайды деп ойламаймын. Ең бірінші менің именетінім - "міне мен де келдім" дегендей болып көрінетіні. Қолыңнан ештеңе келмегеннен кейін барғаннан ештеңе шықпайды. Ең бастысы - биліктің әділетсіздігін айтып, көтеріліс болған күннен бастап ащы наразылығымызды білдіріп келе жатырмыз. Жаңаөзен оқиғасының себебі не, неге халық сондай жағдайға жетті, кім кінәлі, кінәлілер неге жауапқа тартылмайды, оқ атқан мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдар сотқа тартылуы керек - міне осы мәселелерді көтеретін боламыз. Жаңаөзенге ұшаққа отырып барып келу үлкен батырлықты да, үлкен ерлікті де қажет етпейді.

Кімнен: Алтайшы Қайдан: Астана
10.04.2012 13:20
+0 / -0
Жәке! Заңгерлік мамандығыңызға, жалпы болмысыңызға қарағанда Сіз батыл, өжет жан секілді көрінуші едіңіз. Оппозицияға билікті тастап келгенде жұрт Сізден нақты қадамдар күткен еді. Бірақ, әлі күнге дейін былқылдап-сылқылдаумен келесіз. Неге билікте көп жыл отырып қалған диктаторға "жетер енді, кет!" деуден қаймыға бересіз? Ресми билікпен астыртын келісіп алып, оппозиция қайраткерінің рөлін сомдап жүрген жоқсыз ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Айтпарк Қайдан: Астана
11.04.2012 12:17
+0 / -0
Жасым келді деп Коммунистер партиясының жетекшілігінен Әбдильдин кетті, "Әділеттен" Нәрікбев кетті, жасым келді деп Серік Әбдірахманов саясаттан кетті, Назарбаев екеуіңіз жастарға орын бермей ымдасып-жымдасып жүре бересіздер ме? Келесі сайлауға дейін сіздердің жасармайтындарыңыз тағы белгілі
Пікір алмасу

Кімнен: Жармахан Тұяқбай
11.04.2012 16:14
+0 / -0
Мұндай былжырақ сұрақтардың талайын естіп жүрміз. Мені оппозицияға ешкім мұрнымнан сүйреп әкеген жоқ. Мен өз еркіммен келдім. Елде әділетті қалай орнатуға болады, жемқорлықты қалай тыюға болады? Биліктің жылы кабинетінде отырып жұмыс істеуге де болатын еді. Оппозицияда жұмыс істеу қауіп-қатері де мол, қиыншылығы да мол жұмыс. Мемлекетті өзгерту үшін күресіп жатырмыз, бұл күресте әлі жеңген жоқпыз. Бірақ, мен күресті жалғастыра беремін.

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Оқжетпес
10.04.2012 13:39
+0 / -0
Бәреклді, қошкелдіңіз! Жемісті еңбектеріңіз жеңіске жеткіссін!!
қарсылық айына бірірет емес онбес күнде бірірет болса халық сіздерді тезірек табар еді. әрі ондағы түсірілген видоны мүмкін болса көптеп басып шығарып базарларда арзан немесе тегін сатсаңыздар обылыс, аудан, ауыл қалықтары көріп, өз мәселелерін көтеріп сіздерге үн қосар деп ойламын. естумізше ұқық қорғау саласында сіздерді жақтаушылар күн санап көбейіп кележатқанға ұқсайды. сіздіңше менің ұсыныстарымның себтігі тиеме?
Пікір алмасу

Кімнен: Кухня қобыландысы
11.04.2012 15:11
+0 / -0
Жәке, араларыңызға сына қаққандығым емес бұл бірақ мені мына жағдай алаңдатады Әміржан мен Болат каталажкаға қайта қайта тоғытылып жатқанда сіз билікпен диалог іздеп жүрдіңіз бұл қорыққандығыңыз ба әлде саяси сауда ма? Саяси сауда үшін меніңше ертерек сияқты ғой, ол үшін бірінші сол сауданың көрігін әбден қыздыру керек сияқты еді ғой сосын биліктің өзі диалог іздемеуші ме еді, қалай ойласыз? Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады дегендей бір екі митингтен соң диалог іздегенше оппозиция көсемдері ретінде там тұмдап жинала бастаған халық үшін жанкешті қимылға бармай жатып, құрылтай шақырып қопырайып, өзара бір жиылыстан соң екінші жиылысқа жинала берген ешқандай нәтиже бермейді емес пе. Сіздер енді күрестің бір тәсілі ретінде көшедегі жиылыстарға, митингтерге мән берсеңіздер қалай болады? Сосын айтарым Жәке сіздер қорықпаңыздаршы, жұрт сіздерге қарап отыр, бойыңыздағы қорқынышты жеңіп алып білек түре іске кірісіңіздер, әйтпесе сіздерге қарап біз де қорқып отырмыз
Пікір алмасу

Кімнен: Жармахан Тұяқбай
11.04.2012 16:00
+0 / -0
1-сұраққа: саяси сауда туралы сұраққа айтарым - мен билікпен ымыраға бару үшін ешуақытта диалог іздеген жоқпын. Мені қамамауының себебі біреу - 60-тан жасы асқан адамға қамау жазасы берілмейді.

2-сұраққа: ешқандай қорқыныш жоқ. Осы уақытқа дейін талай митингі өткізгенбіз. Тасты да, бұзақылардың шабуылын да көргенбіз. Менің өзімнің көзқарасым бар - билікті өзгерту керек. Бірақ, тек қана митингімен жеңіске жету деген дұрыс емес. Халықтың көзін ашу бағытында жұмыс істеуіміз керек. Дегенмен, митингі мен шерулер керек. Халықтың өзін митингіге қатыстыру үлкен проблема, осы бағытта да ағартушылық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кімнен: Ж Қайдан: Сазанкурак
10.04.2012 13:55
+0 / -0
Ассалау! Калыныз калай? уй иши аман ба? Сизге сурак: Казирги кезде бензин багасы кымбаттап жатыр не себепти? Неге оз мунайымыз озимизге жетпиди? Биз шалкып отыратын елмиз гой. Неге озимиздики озимизге жетпейди сол сурактарды биликке неге тике айтпайсыздар? Тек кошеде жиналып айхайлап кана коясыздар? Казирги отырган депуттаттардын уни неге шыкпайды? Олар не ушин сайланды креслода отыру ушин бе? Ол креслога енбектеген баланы отыргызсан туспи отыра алады гой. олардын сонда куыршак кусап отыра берулери намыстарына тимейме? Неге неге биз жок деп омир суруимиз керек,озимизде бар нарсеге кол жеткизе алмаймыз. Жогаргы оку орны анау шарыктап тур,оган окыгысы келетин баланын оган жететин каражаты жок сонда кайда барып окиды оз арманын иске асыра алмаса? Астык,Етин кетти шарыктап,озимизде астыктан рекорд жасаймыз бирак озимизге жетпид сонда ол не маскара?алде дым жок отирик корсеткишпе? бала бакшан анау тумаган балага кезек алып коймасан бугин тусан ертен оган орын жок. Сонда биз кандай елде турып жатырмыз? Уйін анау бугин салсан ертен кулайын деп тур? Сонда 100мектеп,100аурухана сапасыз тез тез салынып ертен кулап калатын жоспар ма?Сиздердин журистериниз мынау болинип ,оздеринмен оздерин битип журсиндер. Ойланындаршы кишкене калай бириксек осылардын барин жоюга болады деп. Тек босип журе берми,Биликке айтып тусиндириндер ишинде акылдылары бар гой ,бари бирди акымак емес шыгар. Осы менин сурагым,айтайын дегеним. Рахмет Жаке Конференция откизе бергенше иске кошиниз...
Пікір алмасу

Кімнен: Жауап Қайдан: Бериниз
11.04.2012 17:29
+0 / -0
Ж.Сазанкуракка жауабынызды бермей кеттиниз?

Кімнен: Айболат
10.04.2012 14:25
+0 / -0
Халық арасындағы беделдеріңіз 5-6 жыл бұрынғыдай емес, төмендеп кеткен, сіздерге сенбейді. Осының себебі не нәрседе деп ойлайсыз?
Пікір алмасу

Кімнен: Фермер Қайдан: 1
11.04.2012 12:24
+0 / -0
Ауылшаруашылық саясаты саласында қандай кемшіліктер мен артықшылықтар бар? Министр Асылжан Мамытбеков туралы пікіріңіз...
Пікір алмасу

Кімнен: Жармахан Тұяқбай
11.04.2012 16:11
+0 / -0
Мен Мамытбеков, Самытбеков дегенді танымаймын. Ал биліктің қазіргі ауыл шаруашылығындағы саясатымен толық келіспеймін. Басқаны былай қойғанда, азық-түлікті шетелден тасып отырмыз, бағасы да күннен күнге қымбаттап жатыр. Кешенді бағдарламалардың жоқтығы, бағдарламалар болған күнде, оған бөлінетін қаражаттың ұрланып кететіні - бүгінгі халықтың жосып, қалаға көшуіне, ауылдағы халықтың ауыр тұрмысына
әкеп соқтырып отыр. Мұның барлығы аграрлық саладағы саясаттың кемшілігі деп білемін.

Кімнен: Балмұқан Қайдан: Шетпе
10.04.2012 14:30
+0 / -0
Жәке, құрылтай өткізу идеясын көтердіңіз. Сол бағытта болар, екі рет жиналыс өткіздіңіз. Менің сұрайын дегенім, сол құрылтай қаншалықты жемісті болады деп ойлайсыз. Жобамен қай уақытта өткізбек жоспарыңыз бар. Құрылтайдың делегаттары кімдер болады және саны қанша болуы мүмкін. Оның қаншалықты қауқары , яғни салмағы болуы мүмкін.
Бұл бір Назарбаевқа жазған кезекті хат сияқты болып қалмай ма?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.04.2012 14:50
+0 / -0
Жәке, сіз мемлекеттік қызметтен босаған кезіңізде "мен бәрібір Назарбаевтың командасында қала беремін" деп едіңіз. Әлі де сол командадан алысқа ұзай қоймаған секілдісіз. Рас па?

Кімнен: көшу туралы
10.04.2012 15:13
+0 / -0
ОСДП офисі көшіп жатыр дейді рас па? Болат пен Әміржанмен бірге ме әлде бөлек пе?
Тең төраға деген сайлаудан кейін қайта болады деп едіңіз. Мына жекебас төрағалығыңыз оппозиция бірлігінің жүрегіне қадалған пышақ екеінін білесіз бе?
Пайғамбар жасынан астыңыз, Болат пен Әміржанды кидать етіп жатырсыз, қоймайсыз ба? Сіздің поколение назарбаев сияқты кету керек уже! Жастар керек бізге!
Баяғыда бір прослушка болып еді, сіздің Дутбаевтан екі миллион алғаныңыз туралы, сол туралы айтқан БАҚ-ты сотқа неге бермейсіз?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.04.2012 15:33
+0 / -0
Жаке, Мұхтар Шахановтың саясаткерлігіне қандай баға бересіз? Оның соңғы уақыттағы саяси жүрістеріне көңіліңіз тола ма?

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ Елі
10.04.2012 15:39
+0 / -0
Жәке,
Бұрын анда болды, мында болды дегенге қалай қарайсыз? Әлде тек бала бақшадан шыққан бүлдіршіндерді саясатқа апарамыз ба? 30 ға келген жігітте бір жерде қызымет жасайдығой. Бұл Сізге жағымпаздану емес. Сізден тек халқыңызға адал еңбек ете беруіңізге тілектеспіз.

Кімнен: Уяты Бар Казах Қайдан: Казахия
10.04.2012 15:41
+0 / -0
Жармахан ага білгім келген бір сурак Оппозицияда жүргенінізді білеміз Бірак неге басылып калдыныздар,ягни корінбеи кеттініздер Жалпы аитканда казіргі уакытта халыкка кандаи кызмет етіп журсіздер Біз Казак когершіндей
Кокектін жумырткасын басып журміз го шынын аитканда Кыска аитып берсеніз
1) Халыкка кандай кызмет етіп журсіздер
2) жане осы уакытка деиін не істедініздер
3) Жане алда Халык ушін кандай кызмет істегелі жатырсыздар ?

Кімнен: Атырау .
10.04.2012 15:45
+0 / -0
Жармахан аға Ассаламаликум . Сізге қоиар үш сұрағым бар еді . 1 . Сұрағым . Осыдан бес , алты жыл бұрын сізді ағиқатты , шындықты аитады дегенді газеттен оқып едім , содан бері үнсіз келесіз неге . 2 . Сұрағым . Президенттің қабылдауында жие болады дегендіде естиміз , басқасын қабылдамасада тек сізді қабылдаиды неге . 3 . Сұрағым . Сізді биліктің әдеиі жіберген жансызы дегенді көп естимін . Қимылыңызға қарасам осыған сенуге тура келетін сиқты . Рахмет .
Пікір алмасу

Кімнен: Жармахан Тұяқбай
11.04.2012 17:29
+0 / -0
Не болса соған шапылдап, білгірсіп, сөз айта беруді жақтырмаймын. Күрделі, келелі, ұлттық деңгейдегі мәселелер бойынша сөз айтпасам, күнделікті мыңдаған, миллиондаған әділетсіздіктердің бәрі бойынша көзқарас білдіре бергенім маған жараспайды деп есептеймін. Президент осы менімен сыбырласып жүрсе арқа-жарқа болып парламентте отырар едім. Бірақ бұл президентпен мүлде кездеспеймін деген емес, кейде мемлекеттік іс-шараларға шақырады. Жалғыз мені емес, басқаларды да шақырады. Сол кезде президентпен кездесіп қалатын жағдайлар болады. 2005 жылы президенттік сайлауға түскеннен кейін президентпен бір рет кездескем. Ол кездесу туралы сол кезде БАҚ-та хабарлағанмын.

Кімнен: Ұялы Қайдан: ШҚО
10.04.2012 15:46
+0 / -0
Саламатсыз ба, Жармахан мырза! Сіз қалай ойлайсыз, Назарбаев билігін ауыстыратын тұлға ретінде кімдерді атар едіңіз? Әлде, тұлға жоқ па? Қырғыз еліндегі қазіргі жағдайды қалай бағалайсыз, олардыкі дұрыс болды ма?
Пікір алмасу

Кімнен: кенже Қайдан: Талдықорған
10.04.2012 16:05
+0 / -0
Ассалаумағалейкум Жаке! Сіз өзіңізді оппозиционермін деп есептейсіз бе? Егер болсаңыз қандай істеріңізбен дәлелдеп жатырсыз? Жалпы Қазақстанда оппозиция бар ма? Қазір қандай бағытта жұмыстанып жүрсіз?

Кімнен: Tatimpay
10.04.2012 15:52
+0 / -0
Жармахан мырза ассалаумағалейкум!
1. Р. Алиевтің "Өкіл қайныата" кітабында Сізді 1985 жылдан бері КГБ/КНБ-ның агенті деп жазады. Осыған байланысты Сіздің жауабыңыз.
2. Құрылтай идеясы оппозиция, азаматтық қоғам күштерін ыдырататын, үстел басына отырғызып бос әңгімемен саналарын сан-саққа жүгіртіп, қоғамдағы негізгі проблемалардан бұрып, айдалаға апарып, адастырып тастаудың билік ойластырған тағы бір жолы емес пе? Себебі бұған дейінді де осындай отырыстар көптеп болды. Олар нәтиже берген жоқ.

Кімнен: Қайран Нарын Қайдан: Орал
10.04.2012 15:52
+0 / -0
Ассалаумағалейкум Жаке! Сіз өзіңізді оппозиционермін деп есептейсіз бе? Егер болсаңыз қандай істеріңізбен дәлелдеп жатырсыз? Жалпы Қазақстанда оппозиция бар ма? Қазір қандай бағытта жұмыстанып жүрсіз?
Пікір алмасу

Кімнен: кенже Қайдан: Талдықоған
10.04.2012 16:03
+0 / -0
Ассалаумағалейкум Тұяқбай аға !!! Біздің қазаққа керегі социализм . Неге социалистік жүйеге көшпейміз.?
Әміржан аға сияқты секірмей нақты жауап айтыңызшы, ЕР адамсыз ғой..........

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
10.04.2012 16:19
+0 / -0
Ассалаумағалейкүм, Жәке!
Билікті тастап оппозицияға өткен ерлігіңіз әлі көз алдымда, Сізге қатты үміт арттық. Мен саясатпен тұрақты айналысып жүрген Д.Сәтпаев сияқты аналитик емеспін, Ақтау қаласының қарапайым тұрғынымын. Соған қарамастан пікір алмасатын таныстарым, достарым көп, сондықтан да өзімше жасаған болжамдарым көбіне дұрыс шығып жатады. Оппозиция басшысы ретінде Сізге көңілі толмайтындар жетерлік, соған қарамастан мен Сізді "Қазіргі саясаткерлердің ішінде президенттікке лайық адамдардың бірі" деп қорғаштап келемін. Соңғы уақытта менің де Сізге деген көңілім суый бастаған сияқты: батыл қимылдауға тиісті жерде қимылдамай, айтылуға тиісті сөздер айтылмай қалып жатыр, жалпы оқиғаның даму барысына ілесе алмай кеш қалып бара жатқандай әсер бар. Мұныңызды "Ақорданың тапсырмасы" деушілер де бар, мен олай ойламаймын, бірақ саяси сезімталдығыңыз азайғандығымен келісемін. Әрине, халық сенімін қайтару үшін Сізге батыл-батыл қимылдар жасау керек, ол үшін ақорданың басыңыздан сипамайтындығын да түсінемін - қуғындауы, соттауы, түрмеге жабуы да мүмкін. Халық үшін басты бәйгеге тікпесе бола ма? Ал оған тәуекеліңіз жетпесе, онда жолды жастарға бергеніңіз дұрыс. "Жол беріңіз, біз жасайық" деп айтуға олар ұялатын болар, сондықтан инициатива Сіз тарапынан болғаны дұрыс.
Жақында "Болат тең төраға емес, төраға менмін" дегеніңіз ұнамай қалды - формальдық жағынан айтқаныңыз дұрыс, бірақ жұрттың бәріне белгілі осы жәйтті жеткізу формаңыз дұрыс болмады.

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Құлан
10.04.2012 16:26
+0 / -0
Жақында орыс тілді ақпарат көздерінің бірі "Преемник бессменного президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в случае внезапного ухода с поста, вероятнее всего, станет его зять Тимур Кулибаев. Об этом со слов советника президента Казахстана по политическим вопросам Ермухамета Ертысбаева пишет «Коммерсантъ», - деп жазады. бұған не дейсіз? осылай билік өз дегенін істеп жүре бере ме? Бұған тосқауыл қоятын қандай жол бар? Сайлаудың түр-түрі өтіп жатыр, оппозиция байкотта жариялады, жеңіліп те жүр. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Әлде үйреніп қалдыма? Халық Сіздерге, Сіздер халыққа сеніп жүре бересіздер ме? Халықты бас көтермейтіндей етіп қорқытып, үркітіп ұстап отыр. бұндай жолға билік жақсы дайындалған және жоспарлы түрде өз жұмыстарын жалғастырып келеді. Осылай жүре берсек, көпке бармаймыз! Ядролық қаруды жойдық, - деп әлемге жар салып жатырмыз. Сонымен бірге өз қауіпсіздігімізді де жойып жіберген жоқпыз ба? Өзге елдер қауіпсіздігі үшін қарудың түр-түрін жасап шығаруда. Бұл туралы не айтар едіңіз? Бәріне сәттілік тілеймін!
Пікір алмасу

Кімнен: Жармахан Тұяқбай
11.04.2012 18:04
+0 / -0
Жалпы барлық өркениетті елдерде әр адам, ол президент болсын, қарапайым адам болсын, президентке үміткерді ұсынуға құқылы. Президент те өзінің орнына үміткерді ұсынуына болады. Бірақ мәселе - президент ұсынған үміткер саяси әділ бесекеге түсе ме, түспей ме; халықтың сеніміне ие болып сайлана ма, жоқ, сарайішілік құйтырқы саясаттың нәтиежесінде президент болып шыға келе ме? Егер де бұл екінші жолмен жасалатын болса, ондай президенттің саяси өмірі ұзаққа бармайды. Бәрібір ондай адамға халық сенім артпайды. Жағдай онда бәрібір сол қалпында қалады. Сондықтан, президенттікке үміткерді барлық қоғам ұсынуы керек, партиялар ұсынсын, халықтың сеніміне ие болған адам ғана президент болуы керек. Президент болатын адам халықтың көпшілік даусын алып барып сайлануы керек. Сонда ғана тұрақтылық болады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.04.2012 16:57
+0 / -0
осымен екінші рет азаттық сайтына онлайн конференсияға келіп отырсыз, азаттықты айналшықтап жүруіңіздің себебі неде??

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
10.04.2012 17:03
+0 / -0
Биліктің тапсырмасымен оппозиицияны ыдыратуды бастап кеткен Бәйменов болатын.
Сіз оны жалғастырып жатырсыз. "план" орындалды ма?
сонғы жаңалықтар бойынша Әбіловты шеттетіпсіз теңтөрағалықтан. енді ЖСДПны бұрынғы ақжол партиясы сияқты заңды түрде биліктің партиясы ғып тіркеу қана қалды. Әбілов, Қосанов, Жақияновтарды соттайтын укімет сізді тек ел сізді оппозиционер екен деп сеніп жүру үшін тек айыппұлмен шектейді.

оппозицияда әлі қанша болатын ойыңыз бар..?

Кімнен: Шаке
10.04.2012 17:51
+0 / -0
Аға неге сіздің қимыл қозғалысыңыз өте баяу . Орныңызды жастарға неге бермеисіз . Билікке бас имей жүргенге не жетсін Ел ертеңін оилап халықпен бірге болып от болып жана алатын , Махамбетше шындықты бетке аитатын азаматтар неге жоқ . Қоиар сұрағым сіз егерде президнет бола қалған жағдаида Абылаидың ақ туын қаита көтерермедіңіз . Рахмет .
Пікір алмасу

Кімнен: Кәкен Қайдан: Күреңбел
11.04.2012 08:12
+0 / -0
Қалай ойлайсыз адамзат үшін қай қоғам жақсы капиалистік пе, социалистік пе .......................
Пікір алмасу

Кімнен: Жармахан Тұяқбай
11.04.2012 17:56
+0 / -0
Бүгінгі үрдісте қоғамды капиталистік, социалистік деп ара-жігін айырып айту қиын. Капиталистік елдердегі халықтың мұң-мүұқтажын шешудегі әрекеттері социалистік елдерден кем емес. Ал, кейбір социалистік елдер бар - халқы аш жалаңаш, тек сыртқы жаулармен күресуді мақсат тұтқан. Солтүстік Корея, Куба сияқтылар. Олар капиталистік жүйеден садаға кетсін. Кубада болып келдім, ондағы жағдайдың Совет Одағындағы 80-жылдардағы жағдайдан айырмашылығы жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Мейрам Оспанов Маратұлы Қайдан: Қостанай
11.04.2012 16:50
+0 / -0
Ассалаумағалейкум Жармахан аға, осы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес қашан тоқтайды, қазақтың қанында бар емес пе, маселен "ауыз бастырык", "көз қысты, бармақ бастылық", "құрғақ қасық ауыз жыртар" деген жемқорлықтың ұшқындары болған ғой, одан да осы мәселени басқаша шешуге болмай ма, мәселен адамды бас бостандығынан айырмай-ақ, егер 100 мың теңгемен ұсталса, оған 100 миллион теңге айыппұл салып мемлекет еншісіне қайтарту секилди тәсілдерді қолдануға бола ма? Сонда гана жемкорлыктың тамырына балта шабылатын секилди?
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?