Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:40

ӘЛЕУМЕТ

Желтоқсаншыларды ақтауға құжаттардың жойылып кетуі, қаражаттың тапшылығы қолбайлау дейді депутат

«Желтоқсан ақиқаты» бірлестігінің өкілдері депутаттардан желтоқсандықтарды ақтауға атсалысуды тағы талап етті. Олар Кеден одағына наразылық пен Кенесары ханның басын қайтару мәселесін де көтерді. Депутаттар мәселені шешуге құзыретіміз жетпейді, қаражат тағы жоқ деп күмілжіді.

Желтоқсан оқиғасына қатысушыны ұстап жатқан совет милициясы. Алматы, желтоқсан, 1986 жыл. Сурет Орталық мұрағаттан алынды.
x
Желтоқсан оқиғасына қатысушыны ұстап жатқан совет милициясы. Алматы, желтоқсан, 1986 жыл. Сурет Орталық мұрағаттан алынды.
Мәтін көлемі - +

23 ЖЫЛДАН БЕРІ АҚТАЛА АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕР

Қолдарына «Желтоқсан оқиғасына тарихи-саяси баға берілсін!» және «Желтоқсандықтар толығымен ақталсын!» деп жазылған плакаттар ұстаған жиырма бестей азамат астанаға Алматыдан әдейі келгендіктерін айтады.

–- Алаңда дубинкамен соққан кезде ішегімді түсіріп жіберген. Қазір денсаулығым жоқ, міне 45-ке келдім. Алматыдан, осы жерге әдейі келдік. Анау терезеден қарап тұрған ағаларымызға айтайын деп келдік. Сонда тепкілеп жатқанды көздерімен көрді, араша түскен жоқ бір де бірі. Қазір ең болмағанда ақтау қағазын бермей отыр. Анда сілтейді, мында сілтейді біздің бармаған жеріміз жоқ, енді қашанғы өстіп жүреміз? – дейді 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Гүлнар Түстікбаева 23 жыл бұрынғы ызғарлы күндерді еске алып.
Желтоқсан ақиқаты" қозғалысының мүшелері парламент алдына бұрын да барған. Астана. 2 желтоқсан, 2009 жыл.


Парламент ғимаратының алдына жиналғандар, 1986 жылдың желтоқсан айында Алматыдағы қазақ жастарының Мәскеу билігінің шешіміне қарсы наразылығына қатысқандарын, сол үшін билік тарапынан жапа шеккендерін, алайда әлі күнге дейін ақталмағандықтарын айтты. Олар парламенттен өздерін ақтауды, түрлі жеңілдік тағайындауды сұрап отыр.

Тіпті олардың кейбіреуі өздерінің Желтоқсан көтерілісіне қатысқандығы туралы анықтаманы да ала алмай жүргендіктерін де айтады.

– Архив сақталмағандықтан бізді желтоқсандықтар деп есептемей отыр. Сол кездегі саясаттың кесірінен Желтоқсан көтерілісіне қатысқандар туралы мәлімет-деректер әдейілеп жойылып жіберілген, – дейді ендігі бір желтоқсаншы Қалелхан Әділханов. 

Парламент алдына жиналғандардың сөзіне қарағанда, олар өткен жылдың желтоқсаны мен үстіміздегі жылдың қаңтарында парламентке бірнеше қайтара өтініш хат жазған. Алайда еш жауап болмаған соң үшінші мәрте тағы келіп отыр. Олардың айтуынша, Қазақстанда Желтоқсан оқиғасына қатысқан бірнеше жүздеген адам ғана ақталған. Ал қуғын-сүргінге мыңдаған адам ұшыраған.

– Қолдарында қағазы болса да, ақтала алмай жүргендер бар. Солардың құқын қорғаймыз деп, бәріміздің атымыздан ашық хат алып келгенбіз. Біз дұрыс заң қабылданғанын қалаймыз. Мәселен, кезінде 16-17 желтоқсан «Демократиялық жаңару күні» болған. Кейіннен Тәуелсіздік күніне ауыстырып тастады. Осының барлығы әдейі, Желтоқсан көтерілісін тарихтан өшіру, әлде ұмыттыру үшін жасалынып жатқан болар деп ойлаймын, – дейді «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы.

«ЖЕЛТОҚСАНШЫ ЕКЕНІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?»

Желтоқсандықтардың хатын алған парламент депутаты Нұртай Сабилянов, олар қойып отырған мәселелерді бір ғана заң аясында шешу мүмкін емес екендігін айтты.

– Мен де 1986 жылы алаңға шықтым. Сондықтан мен оларды түсінемін. Бірақ жалғыз парламент қазіргі кезде заң шығарып, олардың мәселесін, әлеуметтік жағдайын шешіп бере алмайды. Қаражатқа бізде бюджеттен ақша табыла ма? Одан өзге Желтоқсан оқиғасына қатысқан кей азаматтардың айтуынша, оларда құжат жоқ. Ал енді құжат жоқ болса, біз оның шындығында Желтоқсан оқиғасына қатысқандығын қайдан білеміз? – деді депутат өз сөзінде.

Полиция қызметкерлерінің жіті қадағалауындағы депутаттарға хат тапсыру шарасы  бейбіт, тыныш өтті, ешкім ұсталған жоқ.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қуаныш Мұқтай Қайдан: Алматы
30.03.2010 22:06
+0 / -0
Желтоқсан көтерілісін аяусыз басып-жаншыған жендеттер билік басында отырғанда олардан өздерін ақтауларын сұрау - айдаһардан өмір сұрағанмен бірдей тіршілік.
Қазақ халқы жауынан ешуақытта кешірім етуін сұрамаған, жауының ініне су құйып, құртып отырған...
Пікір алмасу

Кімнен: Рафилбек Қайдан: Орал
30.03.2010 22:43
+0 / -0
Елді алатайдай бүлдіріп, немене ойыңа келгенді оттап отырсың?! Жау іздеген жауға жолығады. Бұл қазақтың басынан талай қырғын өткен, енді тағы қандай соғысқа шақырып отыр мынау?! Ағайындар, елдің ішін іріткен осындай арандатушыларға сенбеңдер! Қантөгіспен, соғыспен ешкім де бақытқа жетпеген. Қуаныш Мұқтай деген пәлекетті тауып алып, жауапқа тарту керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Айкумiс Жандарбек Қайдан: Алматы
30.03.2010 23:28
+0 / -0
Кадiрлi Азаттык! Осындай тарбиесiз, этикасы томен, мадениеттен журдай адамдардын созiн жарияламай-ак коюга болмай ма? Пiкiр жазу ушiн де адамга iшкi мадениет керек-ак.

Кімнен: Tastesken Қайдан: Aiagoz
30.03.2010 22:34
+0 / -0
Sabilianор Zheltoqsanning kozel provokatori,qanshama zhurtti aidap salip,sodan song soz zhoq,kualik berip,mikrofon ustaghan sureti bolsa da sottalmai qaldi,endi Nazarbaiding quiirshaghi bolip zhur.

Кімнен: Жебе Қайдан: Алматы
30.03.2010 22:55
+0 / -0
Татардың малайы Рафилбек мырза Қуаныш Мұқтай елге танымал ақын. Оны іздеп әуре болудың қажеті жоқ, адресіңізді көрсетсеңіз бопты өзі де хабарласа алады сізбен.
Сөз саптауыңызға қарағанда Байдоситтердің бірі болып шықтыңыз, яки биліктің арт жалаушысы..
Іріткі салып отырған елді бір бірімен жауластырып билік өзі.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.03.2010 23:15
+0 / -0
Нұртай, Сені барлық телеарнадан көрсетті. Бірақ КГБ сені танымады. Сондықтан сен сотталмадың. Қалған фотоға түсип қалғандар сотталды. Сенің ойыңша фотоға түспей қалғандардың желтоқсанға қатысысы жоқпа?

Кімнен: Қуаныш Мұқтай Қайдан: Алматы
30.03.2010 23:21
+0 / -0
Осы Байдоситтердің бәрі неге Батыс жақтан шығып жатыр? Әлде оларды Назарбаев үлде мен бүлдеге орап жатыр ма?
Қайдағы бір аты күмәнділеу біреу мені жазаға тартқызбақшы ма?
Ешкімнен қашып көрмеппін, өлеңдерім осы Қуаныш Мұқтайдың атынан газеттерге жиі жарияланып келеді.
Мына ұры билік мәңгілік емес, ертең-ақ батады қарасы. Фашизмді жеңген Сталин атамыз да мавзолейден лақтырылып тасталған еді. Ал елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыз бен атақты хандарымыздың ескерткіштері Ақмоланың батпағына лақтырылған еді. Елдің ішін сонда кім екен алатайдай бүлдіріп, ірітіп-шірітіп, қазақты қорлап отырған?
Оттамасаң оттама биліктің жантығы!
Пікір алмасу

Кімнен: Рафилбек Қайдан: Орал
31.03.2010 19:32
+0 / -0
Ағайындар, мына Мұқтай дегенің ер емес, есер-ау деймін. "Фашизмді жеңген Сталин атасының" тұяғы. Әдіс-айласы, әрекеті де дәл сол Сталиннің аузынан түскендей ме деймін. Аузынан ақ көбік шашырап, ақкөзденіп, өзінше өлең жазыпты. Осылар нағыз арандатушылар, қазақты қайда апара жатқанын өзі де білмейді. Бәлесі өзімен кетсе екен, бәтшағар! Қазағым аман болса екен!
Пікір алмасу

Кімнен: Амалбек Қайдан: Арыс
31.03.2010 19:54
+0 / -0
Рафаелбек мырза! Сізге ешкім де бірінші болып тиспегенге біз куамыз.
Сіз өзің ғой сасыған аузынан іріген сөз шашып жұртқа қарадай тисіп жынын ақтарған. Қазағым аман босын деп қазақтың атынан сойлеуга хахыңыз жоқ! Сіз өзіңізді сонша данышпан санап кетсеңіз отыра қойың орныңа шаршамаңыз. Мына ұры билік тұрғанда қазақ ешқашан аман бомайды. Жантық екенсіз билікты жақтап шыға келгенге қарағанда.
Ақтобеден шығып ет бір Байдосит екінші Атыраудан шықты екінші байдосит зинаттин деген татар Назарбаевқа мәңгы патшаболшы деп жалынып. Тағы бір алжасып кеткен жазушы оның қолын шопылдетып сүйді. Енді сіз шыхтыңыз билкты жақтап жантықтанып. Болды ғой Жантық бола берген.

Кімнен: Қуаныш Мұқтай Қайдан: Алматы
30.03.2010 23:50
+0 / -0
ДАУЫЛ ТҰРДЫ БАТЫСТАН!

Ақ пен қара ерегісіп жатқанда,
Әділетті зұлымдықпен басқанда,
Жер бетінен жемтік іздеп аспанда,
Залым билік күшігендей ақпанда –
Қызыл көрсе қанталағыш көздері,
Ен байлыққа тоймай жатқан шақтарда:
Кілең жатқа туған жерді сатқанда,
Қақ шекеден жемқорлыққа батқанда,
Мейманасы қотарылып асқанда,
Шықты зор үн,
Саңқылдаған:
– Батыстан!
Шықты зор үн, жау биліктен жасқанбай!
Шықты зор үн,
Жаңаөзеннен:
– Батыстан!
Жарқылдаған жай отымен
Дауылды
Қатарынан екеуін де тілеген –
Қаһар үні, ащы шықты Даттан да!
Бұлтты жарып, жерді малып, алтынға,
Көптен күткен...
Көп күттірген – ақ таң ба?!!
Тіріліпті Махамбеттің жүрегі,
Ол қазақтың, ол – Жайықтың ұлы еді,
Еділінің, қазағының құлы еді!
Жанын қиған, садаға етіп арына,
Сондықтанда, ол – керемет, Ұлы еді!
Келді кезі,
Келді кездің мезеті –
Қан-жынын сұм биліктің ақтаратын!
Тұрды Дауыл!
Жаңаөзеннен басталды!
Уа, Қазақтар!
Қарап тұрмай қостаңдар,
Сорлы қазақ – Ел үмітін ақтаңдар!
Соға берсін,
Үдей берсін
Сол сұрапыл дауылдар –
Шөпке түскен өрттей қаулап дуылдар!
Талай жүрек – қоян жүрек «есімдер»,
Шыныменен бола алмаған көсемдер.
Ой-өресі өрем қапқан шешендер,
«Талайының» жүректері дірілдер,
Бір адамға бағынышты мешелдер!
Дауыл тұрды,
Құдай ұрды билікті!..
Екпінінен үдей соққан сойқанның,
Тамырынан шіріктерді қопарар!
Есіліп тұр жаңа заман тынысы –
Дауылдан соң қайтып келмек ырысы.
Дауыл тұрды,
Уа, қазақтар тұрыңдар!
Жаңаөзенмен бірге толқып қостаңдар!
Сонда ғана мына залым биліктің –
Қорқаулардың, жүректері, суылдар.
Жақын қалды – мерзімдері...
Ел шетінен қуылар.
Елін бастар, сөзін қостар
Қазақтың –
Ел ішінен Ел Серкесі туылар!
Әлсіреген, қансыраған қазақты,
Оты сөнген өз жерінде азапты
Алып шығар, сүйреп шығар құрдымнан
Ел күтіп тұр,
Елегізіп, елеңдеп:
Елім деген,
Жерім деген – Қазақты!



Жұмадағы жүздесу №10, 12 наурыз 2010 жыл.
Алтын ғасыр.



Кімнен: Дәулет Асау Қайдан: Қарағанды
31.03.2010 00:46
+0 / -0
Желтоқсан, қазақ Тәуелсіздігіне ықпал еткен басты оқиға. Оған қатысушылардың бәріне құрмет көрсетіліп, ақталуы тиіс. Желтоқсан батырлары мектептерде, оқу орындарында басынан кешкендерін жасырмай айтып, ел рухын көтеруге белсене араласуы керек.Қазір қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі осы.

Бізге 2 Дүниежүзілік соғыс немесе Ауған соғысына қатысушылардың ерліктерін дәріптегеннен гөрі, күні кеше ғана өткен Желтоқсан оқиғасын, ондағы мөлдіреген студент жастардың ерлік істерін насихаттаған көп пайдалы.

Халықтың рухын көтеру керек, қазаққа осы жердің, осы елдің қожасы өзі екенін ұғындыру керек. "Мен қазақпын!" деген сөзді айтқанда әркімнің жүрегінде шынайы мақтаныш тууы керек. Сыйластықтың да өз орны бар. Жалтақтықтан мүйіз шықса, қазаққа баяғыда-ақ шығар еді ғой. Қазақ көшбастаушы болып, өзге диаспора өкілдерін түгел соңымыздан ертуіміз керек. Сонда ғана шын мәнінде Тәуелсіз, Асқақ ұлтқа, мемлекетке айналамыз. Өйткені мемлекет пен ұлт ұғымдарының бір-бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар екенін еш ұмытпауымыз керек.

Кімнен: ermurat Қайдан: ATYRAU
31.03.2010 01:27
+0 / -0
НАЗАРБАЕВ ең аз дауыс алатын жер батыс, атырау, манғыстау . өзендегі мунайшылар күні кеше , қытайга саткызбаган мунай компаниясын. 40 пайыз қазақты қырған Сталин атаңмен бірге құры . Осындай надандық қазақтың соры .........Ұлтшыл болсаң ақылды бол немесе к-тіңді қыс

Кімнен: Қуаныш Мұқтай Қайдан: Алматы
31.03.2010 10:28
+0 / -0
Ее, қазақ сорлыны кім қырмады дейсің, сонау жонғар шапқыншылығынан бастап күні бүгінге дейін кең байтақ даласы бар, даласының астында триллиондаған доллар байлығы тұнған қазақ халқы алпауыт мемлекеттердің көзіне шыққан сүйел болып тұр-ау өзі.
Қалай болғанда да «Ленин біздің бабамыз, Сталин біздің бабамыз» дегізіп, мойнымызға қызыл қарғыбау, омырауымызға «Володяның» жылтырағын тағып Кеңес Одағында өскен ұрпақ болғандықтан, сүйегі баяғыда шіріп кеткен кісінің аруағын қорлау мен үшін жекөрінішті жағдай...
Ал сендейлерге айтар ақылым, мына жерде анонимнің артына тығылып отырып алып көрдегі аруақтарға бұттарыңды саптағанша, облыстарыңдағы Ақ ордалардың алдына шығып айтып көріңдерші «Сталин қазақтың 40 пайызын қырып тастаған деспот» деп. Айта алмайсыңдар – к...т жоқ! Арифметиканы жақсы білмейтін надансың-ау тегі, Сталин 40 емес, қазақтың 70 пайызын қырған жендет.
Кешегі нағыз «қызыл коммунист» Назарбаев та «Ленин біздің бабамыз, Сталин біздің бабамыз» деп тәрбиеленген, ал бірақ сол «бабаларын» сатып кетіп, енді міне ең бай капиталист болып шықты миллиардтаған доллар тұратын қазақтың байлығын жамбасына басып алып...Жалғыз өзі жесе екен-ау, туыс-тумалары түгіл жат елдердің барша алаяқ алпауыттарына қазақтың басын мүжітіп қойды. Оның ішінде түкке тұрғысыз сендейлердің де миы жоқ бастары бар...
Ал мен болсам, мына тірі аруақ Алаңмен – қазақтың қас жауымен арпалысуды – ұлтымды апаттан қорғау жолындағы күресім деп түсінемін.
Ал менің к...тімді Құдайдан басқа ешбір сүмілтік, тіпті Назарбаевың да қыса алмайды. Ол сондай брондалған к...т.
Қысса мына сендейлердей – Байдоситтер қыссын қысатын жерлерін – сорлы жантықтар!
Батыр болсаң өз атыңмен шығып осы сайтта Алаңүрейге айтып көрші «к...тіңді қыс!» деп. Жоқ, олай айта алмайсың, себебі сол-ақ – қорқақсың.
Пікір алмасу

Кімнен: Қосақ Қайдан: Батыстан
31.03.2010 15:21
+0 / -0
Қ.Мұқтайға. Адам ойына не келеді соны жаза беруге болмайды, сұқбат мәдениеті болу керек қой. "Сталин-бабамыз" дегенге сіздің сөзіңізге пікір жазған адамның не жазығы бар. Сосын, Байдосит деуге де сіздің де, менің де қақым жоқ. "Байдоситтер Батыстан шығады" деп, бүткіл батыстағыларға жала жауып отырғаныңызды түсініңіз. Мүмкін, жақсы ақын шығарсыз, бірақ Азамат болу, нағыз Қазақ болу - парызымыз!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.03.2010 10:42
+0 / -0
"Елбасы өзіміздің үйсіннен болсын" деп, біздің қазақтың кейбір тайпашылары арманына жетіп еді, "үйсіні" көрсетті отаншылдығын.

Кімнен: bokky Қайдан: qetay pekyn
31.03.2010 13:50
+0 / -0
Обал екен, жоғарыдағы лебыздер өте сауатсыз екен,

Кімнен: Кене Қайдан: Астана
31.03.2010 14:51
+0 / -0
көрсет онда оттамай сауаттылығыңды! екі сөздің басын құрай алмай отырып сауатты бола қалыпты адырам қал-ау!

Кімнен: Қуаныш Мұқтай Қайдан: Алматы
31.03.2010 16:11
+0 / -0
БІЗ ТҰТАТҚАН ОТ ЖАНСЫН!

Уа, қазағым!
– Мені тыңда, шындық айтам,
Тек, шындықты
Таңданба!
Құл болуға туған жоқсың мына ғасыр,
Жалғанға!
Жымысқымен төріңе өтіп,
Қуып тыққан көріңе,
(Болмасыңды болдырам деп алдаса)
Жау билікке, аңғал қазақ,
Қараң қазақ
Алданба!

Өтірік жоқ, бұл ақында, сөзінде,
Ұрып айтат,
Дұрыс айтады
Шұқып тұрып көзіңе!
Шырқыратып, бұрап тұрып, ақиқаттың құлағын,
Егілсе де,
Берілмейді сезімге.
Мынау шыдам,
Шыдар қайдан?
Шақ-шақ қалды, таусылуға, үзілуге төзімге...

Не болса да, болса – болсын, болсыншы деп тиыштық,
Тілді беріп,
Жерді беріп
Бәрін беріп қиыстық!
Қалғаны енді – кеудедегі
Жанды беру – сол қалды!
Болмайды деп,
Бермейміз деп, қарсылассаң, қорғансаң,
Сендерше не?
Бұзылмақ па тиыштық?!

«Бұл» да өтер,
«Бұл» да кетер»...
Жұбатамыз өзімізді, амалсыздан, мұңайып.
Сорды таңдап,
Құдайды алдап
Жамап жүрміз, қосып алып, бір айыпқа,
Бір айып.
Уа, қандастар,
Отандастар!
Ойласайық ортаға сап,
Осы бізге не лайық?
Ақыры осы,
Тақыры осы –
Жойылар болсақ ақыры:
Қырандарша
Шырқап аспан төріне,
Құласақ та,
Құлдиласақ
Құзға шығып құлайық!

Көк түтіні, қолқаны атқан,
Қоламта емес,
Ұшқыны атқан, от жансын!
Артымызда
Өшпес мәңгі – жалындаған шоқ қалсын!
Уа, қазағым!
Болды азабың –
Тарттың ләйім,
Жау биліктің мазағын...
Қалса-қалсын, артымызда, болашақтың белгісі:
Болашақтың ошағында,
Қалсын мейлі –
Біз тұтатқан от жансын!



Қоғамдық – саяси апталық ҚАЗАҚСТАН №41, 12 қараша 2009 жыл.
Тәуелсіз мемлекетаралық газет «АЛТЫН ҒАСЫР», Қоғамдық – саяси апталық «Жұмадағы ЖҮЗДЕСУ», Қоғамдық – саяси апталық «Діл айна».

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
31.03.2010 17:42
+0 / -0
Меніңше Желтоқсан көтерілісі болып кетіп, тынып қалған жоқ ! Ол қазір де жүріп жатыр! Мәселе келешекте жеңісті кімдердің қанжығасына байлайтындығында ғой! Шынтуайтына келгеде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі сәтсіз аяқталды . Тәуелсізідіктің сиқы мынау! Қазақтың басым бөлігінің тұрмысы бір оңалмады. Бір біріне жау қазақтың ғасыры басталды. Сол ұлы Абай болжап кеткен шындық басымыздан арылған жоқ! "Бас басына би болған өңшең қиқым" заман енді туды! Ендігі Желтоқсан қантөгіссіз сауатты жалғасқаны лазым!

Кімнен: Еренқабырға Қайдан: Еренқабырға
31.03.2010 18:34
+0 / -0
Желтоқсан көтерілісіне қатысқандар туралы мәлімет-деректер әдейілеп жойылып жіберілген
-------------
Мәскеу жойып жіберген бе, әлде қазақ компартиясы - ұры отан жойып жіберіп отыр ма? Бұл туралы ізденіс жасайық, жойылған материялдар туралы ақпарат жинауға кірісу де бір ерлік! Осы туралы жан-жақтылы ақпарат керек.

Кімнен: желтоқсаншы Қайдан: Қараойдан
04.04.2010 18:16
+0 / -0
Желтоқсан бар қазақтың жарасы, ол ешқашан жазылмайды. Желтоқснға қатысқан өрімдей жастар қырықтын асып қылшылдайтын шағында денсаулықтары жоқ, әлеуметтік жағдайлары жоқ, көзге түрткі болып жүр. Жаның ауырады, бірақ қолдан келер қайран жоқ, қазақты осындай күйге жеткізген кім? Желтоқсанда алаңға шыққан қыз жігіттердің арман бұл емес еді ғой...