Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:41

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Жовтистің ісі

Құқық қорғаушы Жовтис түрмеден шықты

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіков бүгін сағат 11-де Шығыс Қазақстан облысы Саратовка елді мекеніндегі ОВ-156/13 қоныстандыру колониясынан рақымшылық заңы бойынша бостандыққа шықты. Жовтис пен Күшіков екі жарым жылдан астам уақыт түрмеде болды.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Оларды қарсы алу үшін колонияның есігі алдына ондаған журналистер мен адам құқықтары бойынша қазақстандық бюроның өкілдері жиналды. 

Олар Жовтис пен Күшіковтың босауын сағат таңғы тоғыздан бастап екі сағат күтті.

"Мен сотталған Наталья Соколова, Арон Атабек, тұтқындалған Владимир Козлов, Игорь Винявский, Серік Сапарғали, Айжангүл Әмірова, басқа да қылмыстық іс қозғалған белсенділер мен журналистерді қолдаймын"
Азаттық тілшісіне бостандыққа шыққан Жовтис:    

 - Көңіл-күйім жақсы. Мен Өскеменде бірнеше күн болатын шығармын. Колониядан бірге шыққан адамдармен қоштасуым, бірнеше күн демалып, ретке келуім керек. Алматыға келесі аптаның сейсенбісінде барам. Әзірге тек мәлімдеме тараттым, - деді. 

Жовтис өзінің бүгінгі мәлімдемесінде: "Мен еріксіз жағдайларда өліміне себепкер болған Қанат Молдабаевтың әулетіне тағы бір мәрте өкінішімді жолдаймын, кешірім сұраймын. Марқұмның анасы Райханға мені кешіргені үшін алғыс айтамын. Оның кешірімі мен үшін өте маңызды. Менің басыма қиыншылық түскен кезде адам құқықтары бойынша біздің бюро қызметкерлері, әсіресе, бюроны құрушылардың бірі - Жеміс Тұрмағамбетова маған өлшеусіз қолдау көрсетті. Мені қолдаған саяси партиялардың жетекшілері мен мүшелеріне, журналистерге, басқа да белсенділер мен шетелдік қолдаушыларыма, Қазақстанның қарапайым азаматтарына алғысым шексіз. Мен сотталған Наталья Соколова, Арон Атабек, тұтқындалған Владимир Козлов, Игорь Винявский, Серік Сапарғали, Айжангүл Әмірова, басқа да қылмыстық істердің "кейіпкерлеріне" айналған саяси белсенділер мен журналистерге қолдауымды білдіремін. Оларға қандай жағдай болмасын төзім мен қайсарлық тілеймін. Әділдіктен үміт үзбеулері керек", - деді. 

Ол журналистерге адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы қызметін жалғастыратынын айтты. 
 
Евгений Жовтис 2009 жылы шілденің 26-сы күні Алматы-Қарой жолында Қанат Молдабаев деген 1974 жылы туған азаматты көлігімен қағып кеткен. Марқұм сол жерде қайтыс болған.

Жовтисті 2009 жылы қыркүйек айында "абайсызда көлікпен кісі қағып өлтірді" деген 
Евгений Жовтис үкім шыққан күні сот бөлмесінде. Алматы облысы, Бақанас, 3 қыркүйек 2009 жыл.
x
Евгений Жовтис үкім шыққан күні сот бөлмесінде. Алматы облысы, Бақанас, 3 қыркүйек 2009 жыл.
​​айыппен Алматы облысының Балқаш ауданының соты төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкіміне қатысты Еуропа Одағы мен Еуропа парламенті, АҚШ нарызылық білдіріп, тергеудің дұрыс жүргізілмегенін мәлімдеді. Евгений Жовтисті қорғау үшін халықаралық комитет құрылды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) да Жовтистің ісі бойынша өткен сот барысында айыпкердің құқығы бұзылғанын атап көрсетті.

Жовтис Шығыс Қазақстан облысы Саратовка елді мекеніндегі ОВ-156/13 қоныстандыру колониясында екі жарым жылдан астам уақыт жазасын өтеді. 

Осы уақыт ішінде халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Жовтисті мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше мәрте ұсыныс жасады.

2010 жылы түрмеде жазасын өтеп жатқан Жовтисті Норвегиялық Хельсинки комитеті Андрей Сахаров атындағы сыйлықпен марапаттады. 

Колонияның шартты түрде мерзімінен бұрын азат ету бойынша комиссиясы Жовтистің мәселесін 2011 жылы екі мәрте қарап оны босатпау туралы шешім шығарды.

2011 жылы шілденің 15-сінде «Амнести Интернэшнл» мен «Хьюман Райтс Уотч» ұйымдары «Біз шартты түрде мерзімінен босату жөніндегі комиссия Жовтистің 
Евгений Жовтисті қолдаушылар акциясы. Орал, 12 қазан 2009 жыл.
x
Евгений Жовтисті қолдаушылар акциясы. Орал, 12 қазан 2009 жыл.
​​мәселесін мұқият қарап шығып, оны босатады деп үміттенеміз», - деген бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.

2011 жылы қыркүйектің басында ЕҚЫҰ "Жовтистің мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығару туралы өтінішінің қанағаттандырылмауына қатысты» наразылығын мәлімдеді.

Жовтис Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап адам құқықтарын қорғау саласында еңбек етіп келеді. Ол 1993 жылы Қазақстан-Америка адам құқықтары бюросын құрды. Кейіннен бұл бюро адам құқықтары бойынша қазақстандық бюро болып қайта құрылды.

Азаттық тілшісі Жовтиспен бір колонияда жазасын өтеген, бүгін азаттыққа шыққан журналист Тоқнияз Күшіковпен де хабарласты. Ол:

 - Қандай көңіл-күй болуы мүмкін? Әдеттегі көңіл-күй. Құдайға шүкір, денсаулығымызды сақтауға мүмкіндігіміз болды. Жақын күндері жұмысқа оралып, бұрынғы жұмысымды жалғастырамын ба деймін. Әзірге бірнеше күн осы жерде болатын шығармыз. Билет мәселесін әлі шешкен жоқпыз. Біз қазір ғана шықтық, - деді.  
​​
Журналист Тоқнияз Күшіков те 2009 жылы қыркүйек айында "абайсызда көлікпен кісі қағып өлтірді" деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.​​
"Время" газетінің тілшісі Тоқнияз Күшіков. Жеке мұрағатындағы суреті.
x
"Время" газетінің тілшісі Тоқнияз Күшіков. Жеке мұрағатындағы суреті.
​​Қазақстанда сотталушыларға жетінші рет рақымшылық жасалып отыр. Ресми ақпарат бойынша, рақымшылыққа жеңіл және орташа ауыр қылмыс түрлерін жасаған тұтқындар ілінеді.

Бұл жолы амнистияға 16 мың 187 адам ілінеді деп жоспарланған. Рақымшылық заңы бойынша сонымен бірге 500-ден астам сотталушының жаза мерзімі қысқартылады. Іс жүзінде 2 мыңнан астам сотталушы бостандыққа шығуы тиіс.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.02.2012 12:30
+0 / -0
Екі адамның бостандыққа шығуы қазіргідей кезде үлкен жаңалық! Билік бірдеңе ойластырып, шығармай қоя ма деп едім

Кімнен: ара Қайдан: уядан
17.02.2012 14:30
+0 / -0
ендi аттарын каттырак кысып журетин шыгар.
шаныракка карасын, кай жерде жургенин 1 уакыт коз салсын. тым тайрандап кеткен сиякты.
мен адам кукыгы, демократия дегенди естiсем бiртурлi журегiм айнып, кускыс келедi. бул сол батыстын айтактауымен журген адамдар.
Тек саяси туткын деп Арон Атабектi гана атаймын.
нагыз ел баскаруга лайык жiгiт!!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.02.2012 16:18
+0 / -0
ендi аттарын каттырак кысып журетин шыгар.
__________________

табалама, адамды әдейі не болмаса мас күйде жүріп басқан жоқ. Аллаһ жазып қойса ондай жағдай сіздің де басыңызда болады.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
18.02.2012 21:23
+0 / -0
жоқ мен оның адам басып өлтіргенін айтпаймын. Ол байқаусызда болған оқиға,. тек осы сәтті жақсы пайдаланып билік бұларды турмеге бірақ тықты. мен біздің билікті қолдамаймын,. бірақ Жовтис сиякты біздің "құқығымызды қорғайтын" адамдар керек емес бізге
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
19.02.2012 03:18
+0 / -0
"двойной стандарт" деген дискриминация билікке де бәрібір абырой әпермейді

Кімнен: Ерболат Қайдан: Сарыарқа
17.02.2012 15:20
+0 / -0
Құрметті азаттықтар! Сіздер адам құқығының бұзылмауын қатты қадағалап, Қазақстандағы тергеу амалдарының дұрыс жүргізілмегенін ұдайы жазасыздар. Рахмет.
Енді менің мынадай ұсынысым бар: былтыр Америкада қарағандылық жігітті АҚШ полицейі атып өлтірді. Жақында сол полицейдің ақталғаны айтылды. Осыны неге шырқыратып жазбайсыздар? Қарағандылық жігітті өлтірген АҚШ полицейінің ісі дұрыс тергелмеген ғой! Қазақстанның патриоты болсаңыздар, жерлестеріңізді АҚШ полицейі атып өлтіріп, бостандықта еркін тайраңдап жүргені намыстарыңа тимей ме?
Пікір алмасу

Кімнен: әлия Қайдан: алматыдан
17.02.2012 18:29
+0 / -0
Ерболатқа
Ерболат! өзіңіз айтыңызшы, Қазақстанда жылына қаншама қылмыстың беті ашылмай, тергелмей жатып, беті жабылатынын білесіз бе? кеше ғана 35 маршруттың жүргізушісін де полицияны қараптан қарап тұрып, жол тережесін белінен басқан адамды азаттыққа шығарды, кеше ғана кішткентай қыз баланы мыжып өлтірген жігітті де бостандыққа шығарды. тағысы тағылар. Өз елімізде талап ете алмаған әділдікті өзге елден іздей аламыз ба? әрине азаттың радиосы өз жауабын бере жатар. Бірақ, өз елімізде қаншама заңсыздық болып жатыр, бірін білсек, бірін білейміз. Ең бастысы бас аман болсын, ауырып ісің дәрігерге түспесін деп жүре бересің. Байқауымша көптеген істер дұрыс тергелмек былай тұрсын, тіпті куәгерлерді тыңдамайтын жағдайлар кездеседі. Саят Ыбырай мырза қазақ ғылымына көптен көп пайдасы бар апталдай қазақтың азаматы түрмеде жатыр, сіздің ойыңызша оның ісі дұрыс телгелді ме? кім тергеді, қалай тергеді? Ең үлкен қылмыскер, неше адамды зорлаған, бауыздап өлтірген адамға 10-15 жыл берсе, Саят Ыбырайға 12 жыл беріп отыр. Әділдік қайда!!!!!!!!!! Өз ілімізде әділдік сақталмағанда өзге елден не талап етеміз. Американың Қазақстандағы елшісінің сұхбатын оқып көріңізші. Жетімін, ол да болса ауру жетім балаларын өз еркімен шетелге қыруар ақшаға сатып отырған Қазақ елі кімнен әділдік талап етеді дегенді ашықтан ашық айтып отыр! Біз өз елімізде аз да болса әділдікті сақтасақ, қарапта қарап тұрып адам өзіне өзі үш рет оқ атады деп бар жұртты сендіргіміз келсе (Заманбек ағаның өлімі) өзгеге не деп шағымданып, не талап ете аламыз? сырттағы қазақтың келбеті анау Хабар мен басқа да телеарналар көрсеткендей емес, тіпті күлкііл екендігін білсеңіз етті. Кез келген шенеуніктің баласы, утысы, адам қағып өлтіріп кете барады, ешуақытта жауапқа тартылмайды. Ал, біз американдық полицейден әділдікті талап етеміз..... сөзіңіз дұрыс қой, бірақ бұл айдың тек бір ғана беті екенін түсінсеңіз игі еді. Біржақтама отырып алып талқылағанды жақсы көреміз, ал оның екінші жағына ешуақтта қарамаймыз, қарағымыз да келмейді. Неге?! әрбір адам әділдікті әздеуді, талап етуді өзінен бастау керек. Біз әділетті, әділетшіл ел болсақ қанекей . Бірақ, өзіміздің бойымызда жоқ нәрсені, көбіміз күнде аяққа таптайтын әділеттікті өзгедей іздеуіміз артық болып көрінгені. Десек те сөзө де бір әділет іздеген қазақсыз ғой, артық кетсек айып етпеңіз. Мен де өзіңіз секілді әділет іздеген жанмын. Бірақ әрдайым айдың екінші жағын қарап барып, әділеттілікті іздеу керек деп ойлаймын және солай жасаймын. Себебі бабаларымыз солай жасаған, ешуақытта біржақтама шешім қабылдап, бір жақты тыңдап, екінші жақты тыңдамай тұрып айыптамаған. Әділетті ту етіп ұстаған елдің ұрпағы екеніміз рас болсы, бізде сол жолдан ауыстқымауымыз керек болар. Ал, АҚШ елінде бір емес, бірнеше қазақстандық (арасында қазақ еместер де бар) қаза тапты, тіпті өзге елдерде де осындай жағдай кездеседі. Себебі біз олардан бірнәрсе талап етіп, сөзімізді дұрыс сөйлей алмаймызда, тіпті дұрыс нота жаза да алмаймыз да! ал неге екенін өзіңіз де ішіңіз сезіп тұрған болар.
Пікір алмасу

Кімнен: Айкүн
17.02.2012 22:12
+0 / -0
Бізде неге олай, ол елде неге бұлай? деген сұрақтарды қою оңай. Дегенмен, біздің елімізде заң жазықсыз халықтың игісіне қызмет жасамайтынын бастауыш сыныптың оқушысынан еңкейгін қарияларға дейін біледі. Ал, өркениетті елдерде, сіз айтып отырған Американы алсақ, ол елде адамдар өз құқығын жақсы біледі және өзгенің де құқыңын жоғары бағалайды. Біз болсақ өз азаматтық құқығымызды білмейміз, себебі оны қорғайтын заң ешқашан әділ емес, ал керісінше азаматтық міндетімізді жақсы білеміз, себебі сұққан сайын бұға бергенге үйренгенбіз. Енді Америкада қайтыс болған жігітке келсек, әрине өкінішті өліп кеткені, егер де әрбір адам кінәсі жоқ болса, қылмыс жасамаса сол сәтте марқұм сол елдің заңына қарай әрекет жасаса оған американың еш полициясы оқ атпас еді деп ойлаймын. Полицияны көргенде тұра қашу ол біздің - азаматтарымыздың заңсыз еліміздегі полицейден қорғану менталитеті, себебі сол сәтте ол полицей біздің елде болса оған жазықсыз қылмысты мойнына іліп қоюы мүмкін еді. Ал, біздің елімізде қаншама шетелдік азаматтар болар болмас заттар, мысалы, мобилді телефон, 100-300 доллар үшін /ол ең бастысы жоқсылықтан және мәдениеттің төмендігінен дер едім/ жазықсыз біздің тәрбиесіз азаматтарымыздың кесірінен өлтіріліп, елімізді масқаралап жатқанын неге ойламаймыз. қазіргі сәтте біздің елімізде әлемге есік айқара ашық, яғни туризм дамысын, еліміздің мәдениетін басқа елдің азаматтары білсін десек, сол салада құзырлы орындар неге жұмыстар жасамасқа?! Ол ең бірінші отбасынан, балабақшадан, мектептен т.т. басталады емес пе? Еліміздің абыройын ойлауды да ұмытпауымыз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Сұрақ қойғыштан Қайдан: Осы қоғамнан
18.02.2012 13:36
+0 / -0
Еруха, есіңді жи, шаңыраққа қара, ол кімдікі(шаңырақты айтам)!?
Аспаннан түстің бе, айдан түстің бе?
Ең бірінші адам өзінің артына қарап алуы керек.
(Қызық, біздің қоғамның адамдары бір қоғамда жүріп, адам аяғы баспаған аралда тұрғандай әсер қалдырады, себебі Хабарды көп қарап, өз-өзін ұмытып кеткендер шығар).
АСПАННАН ТҮСКЕН, АЙДАН ТҮСКЕН, АДАМ АЯҒЫ БАСПАҒАН АРАЛДАН КЕГЕН Еруха, саған тағы да сұрақтар!:
-"Жаңаөзен" деген сөзі естіп пе едің?
-ол жерде 2011 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін қандай оқиғалар болып жатыр?
-сол оқиға туралы сенің ойың қандай?

Кімнен: Елтөре
18.02.2012 17:07
+0 / -0
Жоғарыдағы пікірлерге толық қосыламын. Біздің елде Заң жоқ, мен ес білгелі заңның болғанын естіп, көрмедім. Қаншама адамдар заңсыз сотталып кетсе, қаншама адамдар қылмыс жасап, сотталмай тайраңдап жүр.
Тіпті қылмысты болды деп бүгін қамалған жоғарғы биліктегі адамдар, біраз уақыттан кейін ыржаң қағып тағы бір креслода жарбиып отырады. Оны бәрің көріп отырсың.
Неге бұлай? Неге Заң жоқ бізде?
Жауап жоқ.