Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 12:32


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Шетпе соты

Прокурор сотталушыларға 3 жылдан 9 жылға дейін жаза сұрады

Прокурор сотталушылардың «екінші Қырғызстан жасаймыз» деп ұран салып, «Жаңаөзендегі оққа ұшқан бауырлардың қаны Назарбаевтың мойнында» деп жазылған плакаттар алып шыққанын баяндады. Ал адвокаттардың бірі «Халық талабы дұрыс болғанын Назарбаев та, Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі де айтып отыр. Сондықтан бұл тек қылмыстық іс емес, саяси іс» деп санайды.

Шетпе оқиғасы бойынша сот залында сөз алып тұрған айыпталушы. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша сот залында сөз алып тұрған айыпталушы. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

2012 жылы мамырдың 11-і Ақтау қаласында өтіп жатқан «Шетпе сотының» жарыссөз процесі бір күнде аяқталды. Айыптаушы прокурорлар қамауда отырған 12 азаматты 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жарыссөзге шыққан бес адвокаттың бесеуі де, айыпталушылардың бірде-бір кінәсі дәлелденбегенін айтып, азаматтар ақталып шығуы тиіс деді. 

Сотталушылардың «соңғы сөзінен» кейін сот төрағасы Мырзабеков бұл қылмыстық іске байланысты үкімнің 21 мамырда түскі сағат үште айтылатынын хабарлап, бүгінгі сот процесін аяқтады.

«ЖЕҢІЛДІГІМЕН 9 ЖЫЛ»

Жарыссөзде прокурор 2011 жылы 17 желтоқсанда Шетпе стансасында болған оқиғаға қатысты айыпталған 12 азаматтың кінәлі екені дәлелденгенін айтып, оларға 3 жылдан 9 жылға дейін жаза мерзімін белгілеуді сұрады.
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл."Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Ол соттан Бекберген Жылқышиев, Дүйсенбек Сәдіғұлов, Асылбек Төлеев, Қуаныш Төлеуов, Есенқос Дұрысбаев, Жұмабек Мырзатаев, Асан Әдиевтерді 3 жылға, Қасым Ермұқанұлын 6 жылға, Нұрболат Сабырбаевты 7 жылға, Ғабиден Бақытжанов пен Ержан Мәмбетовті 8 жылға, Қажымұрат Әбезовті 9 жылға соттауды сұрады.  

Прокурор жазаны жеңілдететін жайлар да ескерілгенін атап өтті. «Ауыр қылмыс жасаған және қалған сотталушыларға ықпал еткен» Ғабиден Бақытжановтың 2-топтағы мүгедек және кәмелетке толмаған 5 баласы бар екені, қалған сотталушылардың да үш-төрттен балалары бар екені мәлім болды.

Прокурор «алдын-ала сөз байласып, өкімет өкілдеріне қарсы әрекет жасағындардың бірі», ең ұзақ мерзімге, яғни 9 жылға кесу сұралған Қажымұрат Әбезовтің «Екінші Қырғызстан жасаймыз» деп ұран салғанын, басқаларының да «Жаңаөзендегі оққа ұшқан бауырлардың қаны Назарбаевтың мойнында» деген плакаттарды алып шығуға үлес қосқанын баяндады.

«АДВОКАТТАРДЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ»

Жарыссөзді адвокаттар да тиімді пайдалануға тырысты. Адвокат Өстеміров ең әуелі сотталушыларды тергеу процесінің қалай жүргізілгеніне тоқталды.

«Өзім де тергеуші болғам. Бірақ дәл осындай жауапсыз тергеуді көрген жоқпын. Адамды қамайтын кезде амал таппай прокурордың өзі куә болып, өзі қамауға алады. Біз осы қайда бара жатырмыз?» деген Өстеміров өз қорғауындағы азаматтарды тергеу процесі «өрескел бұзылғанын» айтып, оларды ақтауды сұрады.

Адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов 2011 жылы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасына байланысты істерді біріктіру жөніндегі өтінішінің аяқсыз қалғанын ескерте келе, бұл соттың барлық сұрақтарға жауап бере алатындай шешім шығаратынына сенбейтінін айтты.

Оның айтуынша, бұл сотта аяқ-қолынан жарақат алған бірнеше куәні айтпағанда, кісі өлімінің өзі сұраусыз қалған.  

"Шетпе соты" адвокаттарының бірі Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл."Шетпе соты" адвокаттарының бірі Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
x
"Шетпе соты" адвокаттарының бірі Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
"Шетпе соты" адвокаттарының бірі Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
«Бір азамат жазықсыз өлтірілді, ол неге сұралмайды? 10-нан астам жас жігіт өмір бойы мүгедек болып қалды. Каска киген басына тас тиген полиция қызметкерін мұқият тексереді де, олардың ісін неге қарамайды?» - деді адвокат Ізмағамбетов.

Ізмағамбетов айыпталушыларды «тәртіпсіздік жасаушылар» деп емес, «наразылық білдірушілер, жанашыр пікір айтушылар» деп қарастыру керек дейді.  

 - Дәл қазіргі жағдай заңдастырылса, алдағы уақытта полиция «қорықтық» дейді де елдің бәрін ата беретін болады. Ол туралы бір ауыз айтып жатқан жоқпыз. Ауыз ашпайтын жағдайға келіп отырмыз. Осы іс бойынша ешбір нақты дәлел көріп тұрғанымыз жоқ. Бар жазығы сол жерде видеоға түсіп қалғаны, - дейді адвокат 

Ал адвокат Бералы Сейітмағамбетов бейнетаспада кешкі 19 сағат 45 минутқа дейінгі кезең көрсетілгенін айтады. Ал оқиға 20-дан өте басталған.

 - Оқиға болған жерде тұрғандардың ешқайсысы не болатынын білген жоқ. Бұл - біздің билік пен полиция қызметкерлерінің дайындығы жоғынан, мәдениетсіздігінен, білімсіздігінен болған жайт, - дейді ол.

«КІНӘМ ЖОҚ»

Жарыссөз кезінде сотталушылардың туыстары, атап айтқанда Ғабиден Бақытжановтың әкесі, Нұрболат Сабырбаевтың анасы және Дүйсенбек Сәдіғұловтың әйелі сөйлеп, соттан әділдік сұрады. Сотталушылар да «соңғы сөздерінде» соттың әділ шешім шығаратынына сенім білдірді.

Нұрболат Сабырбаевтың анасы Айнаш есімді әйел Жаңаөзен оқиғасынан кейін үкімет комиссиясын басқарып келген премьер-министрдің орынбасары Өмірзақ Шүкеевпен кездесуде сөз сөйлеген еді.    

Сот аяқталып, жұртшылық шығып жатқанда сотталушылардың бірі - Жұмабек Мырзатаевты көріп қалып, сөзге тартқан едік. «Ешқайда кетпеу» жөніндегі қолхат жазып еркіндікте жүрген ол өзіне прокурор 2 жыл жаза сұрағанын айтып берді. Бірақ жанында тұрған адам «2 жыл емес, 3 жыл» деген соң ғана «3 жыл жаза сұрағанын» білді. «Кінәм жоқ. Барлығы да қорқытып-үркітіп жасалды» дейді ол.

«СЕНІМ ДЕ, НЕГІЗ ДЕ ЖОҚ»

"Шетпе сотындағы" адвокаттардың бірі Бералы Сейітмағамбетов. Ақтау, 11 мамыр 2012 жыл."Шетпе сотындағы" адвокаттардың бірі Бералы Сейітмағамбетов. Ақтау, 11 мамыр 2012 жыл.
x
"Шетпе сотындағы" адвокаттардың бірі Бералы Сейітмағамбетов. Ақтау, 11 мамыр 2012 жыл.
"Шетпе сотындағы" адвокаттардың бірі Бералы Сейітмағамбетов. Ақтау, 11 мамыр 2012 жыл.
Сот залынан шыққан адвокат Бералы Сейітмағамбетовтен Азаттық тілшісі прокурордың бүгінгідей жаза сұрауына не себеп болғанын сұрады.

«Тергеу орнының өзі 12 адамның 7-еуіне байланысты 321-бапты, яғни билік өкілдеріне қарсы күш қолдану деген бапты алып тастап отыр. Алдында бұл айыпты бәріне бірдей таққан еді. Мұның өзі, қалай болғанда да, осы көп адамның бәрін бірдей кіналай алмайтынын көрсетеді. Жасы үлкендеу, видеожазбада көрініп қалды-ау дегендерді қалдырып отыр. Бұл да айыптың негізсіз екен білдіреді. Қазіргі жүйенің қандай екені мәлім, сондықтан ақтай қояды дегенге сеніміміз жоқ, бірақ бұларды отырғызуға да негіз жоқ. Бұларды жеңіл баптарға ауыстырып, рақымшылыққа іліндіруі мүмкін,- дейді Сейітмағамбетов.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2012 03:24
+0 / -0
Егер жазықсыз адамдар сотталып кетер болса, қалған қазақтар дым болмағандай асын ішіп, қор-шор ұйықтаған қалпы жата берсе - онда халықпыз деп айтпай-ақ қояйық. Көтеріліп, қиратып, қырып, жояйық деп айтпаймын, жиналып жұдырықтай болып алаңдарға шығайық.
Жазықсыз адамдарды босатуды талап етейік, кетпей күндіз-түні тұрайық керек болса. Жатайық керек болса. Біз де ел екенімізді, халық екенімізді білдірейік.
Ұйымдасқан, жоғары мәдениетті түрде ұйысайық!
Әркім өз -өзін Лидермін деп шықсын алаңға.
Пікір алмасу

Кімнен: Қолдаушы
12.05.2012 22:34
+0 / -0
Cіздің айтқаныңыз дұрыс. Біз, қазақтар, "тобыр, бұзақы, наркоман, алқаш" емес, халық екенімізді көрсетер сәт осы. Осы жолы дымымыз шықпаса, өмірі мылқау, соқыр болғанымыз болған.

Кімнен: Томирис Искакова
12.05.2012 09:05
+0 / -0
барлықтарын кінәлап бітіп енді елбасыны осы оқиғаға қыстуына кірістік пе?? ол кінәлау бізге не берер, ондаша оқиғаның түбіне жетейік, сонда ғана саусақ ұшымен сен кінәлісің деп көрсете аламыз
Пікір алмасу

Кімнен: 777
14.05.2012 21:51
+0 / -0
саған салса халық өзін өзі атып содан соң назарбаевқа жала жауып отырған сияқты ертең осы жағдай сенің басыңа келмеске кім кепіл

Кімнен: жайна Қайдан: атырау
12.05.2012 10:29
+0 / -0
Мына назарбаев кетпей бұл елде әділдік болмайды қазақтың күні күн емес

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
12.05.2012 10:37
+0 / -0
«Жаңаөзендегі оққа ұшқан бауырлардың қаны Назарбаевтың мойнында» деген сөз үшін ғой брокурордың жала жабылып отырған қазақтарға 9 жыл жаза кесуді сұрап отырғаны...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2012 11:11
+0 / -0
Билікте аздап ұят қалған болса, атқыш полицейлер мылтықовты,өтешовты,қызылқұловты жазалау керек еді.Комендант қабылов пен қасымовты та өз қылмысына тән жазасын алу керек.ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕР МЕН ШЕТПЕЛІКТЕР ТОЛЫҚ АҚТАЛЫП ШЫҒУ КЕРЕК.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2012 13:55
+0 / -0
билікте ұят болса аттырарма еді,соттау керек дегендерің
овчаркалар ғой айтақ десе шаба жөнелетін, иттер ештеңе
шешпейді тек үредііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііғо,,,,,,,

Кімнен: Адай қызы Қайдан: Маңғыстаудан
12.05.2012 20:29
+0 / -0
Бұлар тек Жаңаөзенге қолдау білдіріп шықты ғой. Қазақтар ау , титтей де қандарың қазақ болса, қолдау неге білдірмейміз. соттап та , айыптап та жатқан өз қазақтарымыз ғой. Прокурорларға айтарым, осыдан соң ұрпақтарыңа лағынет айтыларын ескердіңіз бе.

Кімнен: Шындық
12.05.2012 23:57
+1 / -0
Жаңаөзен мұнаишылары өз талаптарын , оиларын ашық аитып алаңдарда білдіріп жатса несі аиып , тоқыраудың қақпасын ашып тұрған билік тұрғанда саналы ои білдіруде ерлік емеспе . Сонда ерлікті қалаиша соттап 3 жылдан 9 жылға деиін жаза сұрағаны артқа шегіну , алжу , қорқыудеп түсінем , ұлы даланың ұлы ұландарын құлатып орға жыға алмассың . Сол жастардың артында қалың қазағымдаи қолдаушылары бар , ел қарап отыр , ұлттар ұиымыда артын бағуда . Олар сотталуға лаиық емес қаита құрметтеп мақтаннуымыз керек осындаи ержүрек жастарымыз барға , осындаи ұландары бар елдің даңқы биіктеи бермек . Қол аяғымыздағы Назарбаев салған кісенді шешіп Азаттықтың ақ таңына талпынған жастары бар елді құрамызда , орнатамыз , өздігінен берілмеген , түсінбеген биліктің қашанда өмірі қысқа .Құтырған ит құсап , жалмаңдаған жүиені тезге жөнге салатын қашанда халық , Өзенім қашанда күрделі тақырып болып санамызда қалады мәселе дұрыс жолмен шешілмеи тынышталатын біз емес , себебі мен қазақпын , қазаққа қастық оилап , қырып салған билікті сынаи беремін , қашан құлап шаруасы біткенше күресемін , Жаңаөзен менің жүрегім , арманым , даңқым болашаққа жол салған аибарлы мекенім , АЛЛА ның Нұры жауған құтты өлке .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: маңғыстаудан
13.05.2012 13:26
+0 / -0
Прокурорлар бұл адамдарды қалайша осыншама жылға соттауды сұрап отыр? бұл адамдардың бар жазығы сондағы сол жерге барып видеоға түсіп қалғаны ма? Егерде осы адамдар сотталатын болса, онда біздің елдігіміз қайда қалмақ? Заңның әділдігі қайда? Адамдарды атқан полейцейлерді неге тергеуге алмайды?, неге соларды қамамайды? Ал әлгі бастарына тас тиіп кілең барлығы талып жатқан омондарды неге дұрыстап тергеуге алмайды? Кішкене тасқа бола, құлап, талып жатқаны ақылға сыймайды. Осы сөзді айтуға қалай арланбайды? Барлығы осы бір билік басындағы бес күндік өмірі үшін үндемейді. Олар халықтан қалай қорықпайды? Үйдегі балалардың көз жасын неге ойламайды?Мен тек соттың әділ жүргенін қалаймын. Барлық жаңаөзендік және шетпелік бауырларымыздың ақталып шығуларын сұрймын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 13:30
+0 / -0
шетпелік және жаңаөзендік бауырларымыздың ақталып шығуын сұраймын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 14:09
+0 / -0
Негізгі шеруді ұйымдастырушылар ұсталған жоқ. Оған тергеу орнының шеберліктері жетпейді. Сондықтан, олар жоғарғы орынға "отчет" беру үшін видеода көрінгендерді сол күні ұстап, сол күні осындай ауыр статьялар тағып, бұл күнде оларды соттаумен ғана шектелуде. Шетпе бойынша жүргізілген сот процесінде жақтау бойынша куәлердің бірде- бір сөздерін прокурорлар қатерге алмады. Онда 1 ай бойы неге сот процесі жүргізілді екен?
Халық:" Сот та ешқандай дәлелдемелерді еске алмайды",- деп отыр. Барлығын билік жасап отыр. Әділдік жоқ. Іс бір жақты, тек қалайда айыптау бағытында жүргізілді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 14:48
+0 / -0
Негізгі шеруді ұйымдастырушылар ұсталған жоқ,
Пікір алмасу

Кімнен: Айбек Астана Қайдан: Актау
13.05.2012 17:19
+0 / -0
прокурордың сұрап отырғаны заңға қарама қайшы келмейді ғой, жасаған қылмыстары сот анықталды жәнге дәлелделді десе, онда әрине жазаларын өтеу ғана амалы қалады, ал шынайы ұйымдастырушылар бостандықта қалып қойғаны баршаға мәлім...
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Алматы Қайдан: Ақтау
13.05.2012 18:14
+0 / -0
Айбек Астана, әңгіме сол дәлелдердің болмауында және қылмыстың анықталмауында болып отыр ғой. Сондықтан, прокурордың сөзі бос сөз.

Кімнен: 8- сынып оқушысы.
13.05.2012 21:47
+0 / -0
Прокурорлар бұл адамдарды қалайша осыншама жылға соттауды сұрап отыр? бұл адамдардың бар жазығы сондағы сол жерге барып видеоға түсіп қалғаны ма? Егерде осы адамдар сотталатын болса, онда біздің елдігіміз қайда қалмақ? Заңның әділдігі қайда? Адамдарды атқан полейцейлерді неге тергеуге алмайды?, неге соларды қамамайды? Ал әлгі бастарына тас тиіп кілең барлығы талып жатқан омондарды неге дұрыстап тергеуге алмайды? Кішкене тасқа бола, құлап, талып жатқаны ақылға сыймайды. Осы сөзді айтуға қалай арланбайды? Барлығы осы бір билік басындағы бес күндік өмірі үшін үндемейді. Олар халықтан қалай қорықпайды? Үйдегі балалардың көз жасын неге ойламайды?Мен тек соттың әділ жүргенін қалаймын. Барлық жаңаөзендік және шетпелік бауырларымыздың ақталып шығуларын сұрймын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 22:36
+0 / -0
Назарбаев кетпей елімізде тыныштық жоқ.

Кімнен: Томирис Искакова
14.05.2012 01:58
+0 / -0
Не слишком большой срок?? потому что, сейчас трудно уже определить где правда а где ложь, но тем не менее, надо конечно делать приговор, но все же надо подумать о более мягком сроке......

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?