Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 13:27


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Мемлекеттік қызметтен үміткерлер тікелей эфирде сынақ тапсырды

Қырғыз үкіметі наурыз айында экономикалық қылмыспен күрес қызметін құрды. Бұл мекемеге қабылданатын қызметкерлердің сынақ тапсырған сәтін бүкіл ел теледидардан көріп отырды.

Теледидар көріп отырған қырғыз отбасы. (Көрнекі сурет)
Теледидар көріп отырған қырғыз отбасы. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Қырғыз үкіметі экономикалық қылмыспен күрес қызметін құру үшін әуелі қаржы полициясын таратты.

«Қаржы полициясы өз беделін өзі түсірген мекеме ретінде таратылды» деп мәлімдеді Қырғызстан премьер-министр Өмірбек Бабанов наурыз айындағы үкімет отырысында.

Қаржы полициясының орынына құрылған жаңа орган экономикалық және лауазымдық қылмыстармен күреспек.

СЫНАҚ

Бұл мекеменің қызметкері болу үшін 1 мың 400 кандидат өтініш берді. Бұрынғы қаржы полициясы қызметкерлері де емтиханға қатыса алады.

Қызметкерлерді сынақтан өткізу шарасы 9 сәуірде басталды. Үш күнде тест тапсырғандардың ең үздігі 95 ұпай, ең азы 23 ұпай жинады деп хабарлайды қырғызстандық Кабар сайты.

Жергілікті телеарна үміткерлердің сынақ тапсырған сәтін тікелей эфирден көрсетті. 
Жемқорлыққа қарсы шара. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)Жемқорлыққа қарсы шара. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
x
Жемқорлыққа қарсы шара. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
Жемқорлыққа қарсы шара. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
Кандидаттар компьютердің сауалына жауап беріп отырғанда кадрден тыс дауыс сынақ барысын баяндап тұрды.

Қырғыз үкіметі аппараты ақпарат саясаты бөлімінің хабарлауынша, үміткерлердің жас шектеулеріне байланысты көп шағым айтылған. Өйткені экономикалық қылмыспен күрес қызметіне қабылданатын адамның жасы 35-тен аспауы керек болған. Тек бұрын қаржы полициясында, үкіметтік мекемелерде істеген адамдар үшін ғана «жасы 50-ден аспаса болды» деген жеңілдік жасалған.

Үміткерлерден емтихан қабылдаған комиссияның мүшесі, «Демократия және азаматтық қоғам үшін» коалициясының басшысы Динара Ошурахунованың айтуынша, елде мемлекеттік мекеме қызметкерлерін компьютерлік сынақ арқылы қабылдау тұңғыш рет өткізіліп жатыр.

– Компьютер достықты, туыстықты түсінбейді. Ол адамның білімін сұрап, соны бағалайды. Қазір бұл сынақ дұрыс емес деген сөз көп айтылып жатыр. Жоқ, компьютерлік сынақ үлкен алғышарт жасап берді. Бұған дейін қаржы полциясындағы лауазымды орындарға үнемі туыстық, таныстық арқылы кіреді деген сөз талай айтылған, – дейді Динара Ошурахунова.

Сынақ сұрақтары – орысша. Қырғыз вице-премьері Жомарт Оторбаевтың айтуынша, жалғыз адам ғана сынақты қырғыз тілінде тапсыруға өтініш берген.

«ШЕНЕУНІК ПЕН ҚЫЛМЫС»

Қырғызстанда мемлекеттік қызметке кіру кезінде тамыр-таныстық пен параның ықпалы көп деп жазады Associated Press агенттігі.

Transparency International («Трансперенси Интернэшнл») ұйымының 2011 жылға 
Жемқорлыққа қарсы акция. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)Жемқорлыққа қарсы акция. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
x
Жемқорлыққа қарсы акция. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
Жемқорлыққа қарсы акция. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
​арналған жемқорлық есебінде Қырғызстан 183 елдің арасында 164-орын алған.

«Жемқорлық шегіне жетті, шенеуніктер пайдаға бола қарақшылармен ымыраласып кетті» деген еді  Қырғызстан премьер-министр Өмірбек Бабанов қаңтар айында өткен қауіпсіздік кеңесі отырысында.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі республикалық сот-медициналық сараптама  бюросының бұрынғы басшысы Кубат Шадыбековтің айтуынша, ол министрлікте де «жемқорлық гүлдеп жатыр».

Ел билігі сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында бір жыл бұрын азаматтардың шағымдарын қабылдайтын сайт та ашқан.

«БҰЛ – ЖАРНАМА»

Қырғыз үкіметінің жаңа бастамаларына күдікпен қараушылар да бар.

Associated Press агенттігінің жазуынша, премьер-министр Өмірбек Бабанов бұл бастаманы 2010 жылы жемқорлық пен экономикалық қиындық кесірінен билігінен айырылған Құрманбек Бакиевтен ерекшелену үшін жасайды.

Ақылбек есімді қырғыз азаматының ойынша, «қазіргі үкімет мүшелері өздерін реформатор ретінде жарнамалап жатыр».

– Бұл жұртты сабасына түсіріп, сенімдеріне ие болудың амалы ғана. Премьер-министр міндеті мен уәдесін орындап отырған жоқ. Оның есесіне оң өзгерістер жасаған бірнеше жас басшыларды жұмыстан шығарып, тұтқындады. Өзі оған қарамай реформаны, қызметкерлерді таңдауды айта береді, – дейді Қырғызстан азаматы Азаттық тілшісіне.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
14.04.2012 18:46
+0 / -0
Қырғыздардын бастамасы жөн сиякты біздердін кіл көр сокырларын осылай өткізсе акшадан басканы өтірік жала жауып уйренген мекемелерімізге жаксы сокпайтын болар біздін ел жемкорлар катарында сол 183-ші болып турган шыгар пара алмайтын жан болмас бізде туысынанда акша дәметіп отыратын біздін елде Ұрысултан отырганда бізде әліде жалгаса береді бұл құбылыс деген
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.04.2012 13:44
+0 / -0
Бізді "финфол" сиякты орташа кызметтер емес, Өткенде президентіміз Букіл экономиканы ұстап отырған"самұрық-қазына" мекемелерінде "живчик пен хавчиктер отыр" деп сынаган болатын.Шөкеев онын сөзін ұрғанда жоқ.Оларды қызметтен алған да жоқ."Интергаз "-да өзінің 80-жылғы туған інісі Естай отырса,қалған кәсіпоорындардан шымырдан шыққан руластарының 30-дардағы балдарыотырса оны қалай алмақ.Бірінде Қалмұрзаевтың баласы .т.б кете береді.фИНФОЛДЫҢ ДӨКЕЙІ Түсіпбековтың ұлы.Толық списогін ақпанның басында "время" газеті жариялады.Мемлекетіміз қалай дамиды.он мыңдаған талантты жастар жұмыссыз жүргенде, дөкейлердің жас балдары қазақ экономикасын сорып жатса.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.04.2012 23:18
+0 / -0
Мынау біздің топастарды шоқ басқандай шошытатын жаңалық екен.

Кімнен: Казак
15.04.2012 00:10
+0 / -0
Компьютер сурактарын таныс аркылы алдын-ала алуга да болады гой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.04.2012 11:13
+0 / -0
Қырғыздар демократияға бет бұрды. Иә, Тәңірім, оларды қолдай көр! Оларда жақсылық молынан болғай, бізге де үлгі болар еді. Коррупцияны жеңсе, басқасы бола жатар. Халықты күнде алдағанша, қырғыздардан үлгі алыңдар, қазақ чиновниктері! Финполды бізде де құрту керек, әйтпесе ондағы балалар әкелерінің, әкелері балаларының коррупцияларын крышевать етумен ғана айналысып жүр. Қала берді бір-бірімен есеп айырысады.
Қырғыздар жасасын! Демократия жасасын! Енді біздің басшылар мен бұрынғы СССР диктаторлары оларға тормоздар ұйымдастырады, өздерінің арттарын жабу үшін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.04.2012 15:41
+0 / -0
90-жылдардан бері тек екі мемлекетте президенті өзгемепті.Біз және Өзбекстан.Атамбаев 5-президенті.Ақаев 91-ден бастап болды.Алдында біреуі.Белорусь,Түрікменсан, Азербайджанда екінші президент. Қалғандарында 3-5 аралығы.Табиғи байлықты АЛЛАтағала аямай берген елдің ұлдарымыз біз деген.Қырғызстаннан табиғи байлық 10 000-даған есе мықты.АЛЛАға шүкір. Жемқорларымызға нәлет.Ел байлығын туыстары мен мафияға үлестіргенді не дейміз ?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.04.2012 17:47
+0 / -0
Әрине Кырғыздар бізден көш ілгері,бізде ғой Орыстың жаман мақаларын ұран ғып алтернатив не вижу,каней на преправе не меняют
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.04.2012 21:40
+0 / -0
Қырғыз енді парламенттік республика болып алды.Депуттатарды халық сайлайды.Мемлекеттерді біздегідей бір адам президент емес, халық сайлаған депутаттар қадағалайды.Озды деген осы.Бізде байлық болса,олар европадан да жақсы тұратын шығар?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?