Accessibility links

Муаммар Каддафи өлді

Муаммар Каддафидің өлімі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00
Жүктеп алу

Ливияның биліктен қуылған диктатор билеушісі Муаммар Каддафи 20 қазан күні Сирт қаласында болған ұрыс кезінде көтерілісшілер қолынан оққа ұшты.

Ливияның тақтан қуылған президенті Муаммар Каддафидің Сирт қаласында көтерілісшілер қолынан қаза тапқаны туралы хабар расталды.


Ауыр жаралы Муаммар Каддафи бүгін Ұлттық өтпелі кеңес әскері басып алған Сирт қаласынан көлікпен қашып шықпақ болған кезде оққа ұшқан.

Каддафи көлік керуенімен бірге қаладан шықпақ болған кезде қолға түсті деген болжам да айтылады. Ал Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Ливияның бұрынғы басшысы су қоймасына ұқсас апанда жасырынып жатқан жерінде қолға түскен.

Ливияның жаңа билігі – Ұлттық өтпелі кеңестің әскері ұзаққа созылған ұрыстан кейін Каддафидің туған қаласы Сиртті бүгін ғана басып алған еді.

Өтпелі ұлттық кеңес өкілі Абдель Мажидтің Рейтер агенттігіне айтуына қарағанда, Каддафи аяғынан жараланған.

Көп ұзамай Ливия премьер-министрі міндетін атқарушы Махмуд Жибрил және өтпелі кеңестің Ұлыбританиядағы елшісі Каддафидің өлгенін ресми түрде растады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон "Муаммар Каддафи өлді деген хабар рас болса, Ливияның бейбітшілігі жолындағы тағы бір кедергі азайды" деді.

Еуропа Одағының басшылары Ливияның жаңа билігін ұлттық келісім жасауға шақырды.

Муаммар Каддафи: диктатордың ғұмыры

Муаммар Каддафи: диктатордың ғұмыры

1969 жылғы мына бір суретте Каддафи Египеттің премьер-министрі Гамаль Абдель Насермен қатар тұр. Суэц каналы, Египет.
1/17 1969 жылғы мына бір суретте Каддафи Египеттің премьер-министрі Гамаль Абдель Насермен қатар тұр. Суэц каналы, Египет.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Каддафидің Югославия басшысы Иосип Броз Титомен әңгімелесіп отырған сәті. Белград, 20 қараша, 1973 жыл.
2/17 Каддафидің Югославия басшысы Иосип Броз Титомен әңгімелесіп отырған сәті. Белград, 20 қараша, 1973 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Каддафи Африка бірлігі ұйымының жиынында. Кампала, Уганда, тамыз 1975 жыл.
3/17 Каддафи Африка бірлігі ұйымының жиынында. Кампала, Уганда, тамыз 1975 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Муаммар Каддафи (ортада) СССР басшысы Леонид Брежневпен келісім-шарттарға қол қойып отыр. Мәскеу, желтоқсан 1976 жыл.
4/17 Муаммар Каддафи (ортада) СССР басшысы Леонид Брежневпен келісім-шарттарға қол қойып отыр. Мәскеу, желтоқсан 1976 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Куба жетекшісі Фидель Кастро Триполиде Каддафимен кездесіп отыр. 8 наурыз 1977 жыл.
5/17 Куба жетекшісі Фидель Кастро Триполиде Каддафимен кездесіп отыр. 8 наурыз 1977 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Муаммар Каддафи мен әйелі Суфия Сенегалда. Желтоқсан, 1985 жыл.
6/17 Муаммар Каддафи мен әйелі Суфия Сенегалда. Желтоқсан, 1985 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Араб елдері саммитіне келген Муаммар Каддафи сол кездегі Египет президенті Хосни Мүбәрәкпен сөйлесіп тұр. Каир, 22 маусым 1996 жыл.
7/17 Араб елдері саммитіне келген Муаммар Каддафи сол кездегі Египет президенті Хосни Мүбәрәкпен сөйлесіп тұр. Каир, 22 маусым 1996 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Өз еліндегі толқумен бетпе-бет келген Сирия президенті Башар Әл Асад Муаммар Каддафимен Араб саммиті кезінде қол ұстасып тұр. Дамаск, 29 наурыз 2008 жыл.
8/17 Өз еліндегі толқумен бетпе-бет келген Сирия президенті Башар Әл Асад Муаммар Каддафимен Араб саммиті кезінде қол ұстасып тұр. Дамаск, 29 наурыз 2008 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Ресей президенті Владимир Путин Каддафимен оның Баб Әл-Азизия резиденциясында келіссөз жүргізді. Триполи, сәуір 2008 жыл.
9/17 Ресей президенті Владимир Путин Каддафимен оның Баб Әл-Азизия резиденциясында келіссөз жүргізді. Триполи, сәуір 2008 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Муаммар Каддафи ресми сапары кезінде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен қол алысып тұр. Минск, 2 қараша 2008 жыл.
10/17 Муаммар Каддафи ресми сапары кезінде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен қол алысып тұр. Минск, 2 қараша 2008 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
АҚШ президенті Барак Обама "Үлкен сегіздіктің" кездесуі кезінде Муаммар Каддафимен амандасып тұр. Италия, 9 шілде 2009 жыл.
11/17 АҚШ президенті Барак Обама "Үлкен сегіздіктің" кездесуі кезінде Муаммар Каддафимен амандасып тұр. Италия, 9 шілде 2009 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Үлкен сегіздік кездесуінің жиынына келген Муаммар Каддафи "жеңіс" белгісін көрсетіп тұр. Италия, 10 шілде 2009 жыл.
12/17 Үлкен сегіздік кездесуінің жиынына келген Муаммар Каддафи "жеңіс" белгісін көрсетіп тұр. Италия, 10 шілде 2009 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Каддафи БҰҰ-ында ұзақ-сонар баяндамасын оқыр алдында көпшілікпен амандасып тұр. Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2009 жыл.
13/17 Каддафи БҰҰ-ында ұзақ-сонар баяндамасын оқыр алдында көпшілікпен амандасып тұр. Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2009 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Каддафи баспасөз мәслихаты кезінде. Рим, 10 маусым 2009 жыл.
14/17 Каддафи баспасөз мәслихаты кезінде. Рим, 10 маусым 2009 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Каддафи Азық-түлік қауіпсіздігі саммитінде сөз сөйлеп тұр. Рим, 16 қараша 2009 жыл.
15/17 Каддафи Азық-түлік қауіпсіздігі саммитінде сөз сөйлеп тұр. Рим, 16 қараша 2009 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Ливиялық тұрғын діни басшылар кеңесі кезінде мешітке ілінген Каддафидің портретінің қасында суретке түсіп тұр. Триполи, 27 шілде 2011 жыл.
16/17 Ливиялық тұрғын діни басшылар кеңесі кезінде мешітке ілінген Каддафидің портретінің қасында суретке түсіп тұр. Триполи, 27 шілде 2011 жыл.
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Каддафи өз жақтастарымен сәлемдесіп тұр. Ливия, 10 сәуір 2011 жыл. 
17/17 Каддафи өз жақтастарымен сәлемдесіп тұр. Ливия, 10 сәуір 2011 жыл. 
1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Previous slide
Next slide
Айдар
XS
SM
MD
LG