Accessibility links

Америка Ауғанстаннан 33 мың әскерін шығарады


Америка президенті Барак Обама.
Америка президенті Барак Обама.
Биыл жыл соңына дейін Америка Ауғанстандағы 10 мың әскерін шығармақшы. 2012 жылдың жазына қарай олардың саны 33 мыңға жетеді.

Ұлттық арнадан сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Барак Обама осылай деп жариялады. Айтуынша, әскер саны үздіксіз азайтылып, 2014 жылы Америка күштері Ауғанстаннан толықтай шығарылмақ. 2014 жылы елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ауған күштеріне тапсырылмақшы.

Обама Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу бастамаларына Американың белсенді түрде қатысатынын айтты.

Америка қорғаныс министрі Роберт Гейтс бұл жобаны қолдады.

Қазір Ауғанстандағы АҚШ әскерінің саны шамамен - 100 мың.
XS
SM
MD
LG