Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 08:10


ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Жаңаөзен құрбандарының қара тақтасы жасалды

Астанада оппозиция белсенділері мемлекеттік рәміздер алаңында Жаңаөзен құрбандарының аты жазылған қара мрамор тақтаны әкеле жатыр. Астана, 28 сәуір 2012 жыл.Астанада оппозиция белсенділері мемлекеттік рәміздер алаңында Жаңаөзен құрбандарының аты жазылған қара мрамор тақтаны әкеле жатыр. Астана, 28 сәуір 2012 жыл.
x
Астанада оппозиция белсенділері мемлекеттік рәміздер алаңында Жаңаөзен құрбандарының аты жазылған қара мрамор тақтаны әкеле жатыр. Астана, 28 сәуір 2012 жыл.
Астанада оппозиция белсенділері мемлекеттік рәміздер алаңында Жаңаөзен құрбандарының аты жазылған қара мрамор тақтаны әкеле жатыр. Астана, 28 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Астанада сенбіде түскі сағат 11-де мемлекеттік рәміздер алаңына қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен жалпы саны отыз шақты адам келіп, 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларда қайтыс болғандарды бір минут еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар алдына шығып сөз сөйлеген желтоқсан көтерілісіне қатысушылар Жаңаөзенде қайтыс болған адамдардың тізімі жазылған қара тақта ала келген. Олар «Мрамордан жасалған бұл қара тақта Қазақстандағы саяси қуғын сүргіннің соңғы белгісі болсын - осымен бітсін, қаралы ақтаңдақтар тастай қатсын» деген пікір білдірді.

Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар қара тақтаны Астана қаласынан алпыс шақырым жердегі Алжир саяси қуғын сүргін мұражайына қоюға алып кетті.

Еске алу оппозиция 28 сәуірде Қазақстанның бірнеше қаласында ұйымдастырған "Қарсылық жиыны" деп аталатын наразылық шараларының аясында өтті.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?