Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 03:07


ЖАҢАЛЫҚТАР

Жезқазғанда ереуіл тоқтады

"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет. "Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
x
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
Мәтін көлемі - +
"Қазақмыс" корпорациясының Жезқазған аймағындағы "Анненский" кенішінде  кеншілер шахтадан көтерілді деп хабарлайды Азаттық тілшісіне жергілікті басылым тілшісі Берік Жағыпаров.

Оның айтуынша, корпорацияның бас директоры Эдуард Огай жұмысшылардың талаптары толығымен орындалатынын айтып, жазбаша келісім берген. Жұмысшылар содан кейін ғана шахтадан көтерілген. Жағыпаровтың сөзіне қарағанда, корпорация "Шахтада болған 98 кенші жер бетіне шықты" деп хабар таратқан.

Ал ереуілдеген кеншілер арасында болған Бауыржан есімді жұмысшы Азаттық радиосына "шахтада 350-ге тарта ереуілші болғанын" айтады. Оның айтуынша, корпорация мамыр айынан бастап жалақыларын талап бойынша 100 пайызға өсіруге келісім берген.

5 мамырда "Анненский" кенішінің жұмысшылары ереуілге шыққан еді. Олар жалақыны шахтаға түскен адамға ең азы 150 мың теңге, ал тікелей кен өндірумен айналысатындарға 350-500 мыңға дейін айлықты көтеруді талап еткен.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?