Мәскеуде полиция наразылық танытушы 50 адамды ұстады
Оппозиция белсенділері Владимир Путинге қарсы наразылық шарасында. Мәскеу, 8 мамыр 2012 жыл. x
Оппозиция белсенділері Владимир Путинге қарсы наразылық шарасында. Мәскеу, 8 мамыр 2012 жыл.
Мәскеу полициясы оппозиция белсенділерін қаланың орталығындағы алаңнан ығыстырып шығарды. Азаттық радиосының Орыс қызметінің хабарлауынша, 50 адам тұтқындалған.
Мәскеуде дүйсенбіден бері Владимир Путиннің президенттік қызметіне кірісуіне қарсылық танытып жатқандар енді Чистый пруд бульварына қарай бет алған. Мұнда сейсенбіге қараған түні наразылықты ұйымдастырушы блогер Алексей Навальный мен "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцовты полиция ұстап әкетіп, кейін босатып жіберген.
Наразылық танытушылар акцияны тек "бейбіт, тыныш түрде өткізуді" ғана көздейтінін айтады. Егер полиция өздерін тағы да қуатын болса, онда Мәскеудің орталық әкімшілік ауданына қарай жүрмек ниетте.
Владимир Путиннің президенттікке қайта сайлануына наразы Ресей оппозициясы 6 мамырда Мәскеу мен бірнеше қалада "Миллиондар маршын" өткізген болатын.
CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!
Құрметті оқырман!
Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.
Тіркелу үшін мына жерді басыңыз
Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.
Құрметпен,
Азаттығыңыз