Қазақстан президенті соғыс ардагерлерін құттықтады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1 мамыр. 2012 жылx
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1 мамыр. 2012 жыл
Бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған монументке гүл қойып, соғыс ардагерлерін жеңіс күнімен құттықтады.
«Бүгін - ұлы күн, ұлы мереке. 1945 жылы фашистік Германияны жеңгенімізге 67 жыл. Уақыт өткен сайын адамзат тарихының осы қайғылы беттерін барынша терең түсіне түсесің. Бүкіл әлем 50 миллионнан астам адамынан айырылды. Оның ішінде Қазақстаннан 1 миллион 800 мың адам майданға аттанып, шамамен жартысы қайтып оралған жоқ» дейді Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев «ардагерлерге тек материалдық көмек қана емес, қамқорлық көрсету, қарапайым адами назар аудару - ең басты мәселе екенін» айтты.
CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!
Құрметті оқырман!
Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.
Тіркелу үшін мына жерді басыңыз
Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.
Құрметпен,
Азаттығыңыз