Accessibility links

Путин: Қырымдағы оқиғаларға Ресей әскері араласты


Ресей президенті Владимир Путин азаматтардың сұрақтарына жауап беріп отыр. Мәскеу, 17 сәуір 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин азаматтардың сұрақтарына жауап беріп отыр. Мәскеу, 17 сәуір 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин бүгін Мәскеуде өткізіп жатқан "тікелей эфир" желісінде Украинаның шығыс аймақтарындағы оқиғалар "Мәскеудің қолымен жасалып отыр" деген ұйғарымдарды "бос сөз" деп атады.

Бірақ Путин Қырымдағы "өзін-өзі қорғау" күштерінің тасасында ресейлік әскерилер түбекте "референдумның еркін түрде өтіп, бейбіт тұрғындарға қарсы күш қолданылмауы үшін мұқият, табанды және кәсіби түрде" әрекет еткенін мойындады.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы оқиғаларға қатысты жауап берген Путин бұл елде "конституцияға қарсы төңкеріс болып, биліктің қарумен басып алынғанын" қайталап айтты. Украинаның шығысында танкі мен авиацияның қолданылуын ол "Киев жасаған тағы бір қылмыс" деп атады.

Путин бұған қоса бүгін Женевада Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағы арасында өтетін келіссөздерді "жағдайды реттеудегі маңызды қадам және Украинаның шығысындағы халықпен нақты диалог орнатудың басы" деп бағалады.

Қырымның аннексиялап алынуына қатысты Ресей президенті "Мәскеу Қырымда әскери қимылдар жасауды ешқашан жоспарлаған жоқ. Бірақ ондай әрекетке түбектегі орыс тілді тұрғындарға төнген нақты қауіп итермеледі" деді. Путин Қырымды қосу туралы шешімді "соңғы сәттерде" ғана, түбекте өткен референдум нәтижесі белгілі болған соң қабылдағанын айтты.

Путин Украинаға қатысты АҚШ пен Ресей емес, украиндықтардың өздері келісімге келуі керек деді. Ол келісім Украинаның шығысындағы "орыс тілді азаматтардың құқықтарының сақталуына кепілдік беретіндей етіп жасалуы тиіс екенін айтып, дағдарыстың дипломатиялық жолмен шешілетінінен үмітті" екенін білдірді.

Путиннің азаматтарман 2001 жылдан бері жыл сайын тікелей эфирде сұрақтарына жауап беріп келеді.

Өткен жылы Путиннің тұрғындармен диалогы бес сағатқа созылған.
XS
SM
MD
LG