Accessibility links

Египет президенттігіне екі адам ғана үміткер


Египет президенті сайлауынан үміткер, бұрынғы армия бас қолбасшысы Абдул-Фаттах әл-Сиси.
Египет президенті сайлауынан үміткер, бұрынғы армия бас қолбасшысы Абдул-Фаттах әл-Сиси.
Египетте 26-27 мамырда өтетін президент сайлауына тек екі үміткер - бұрынғы армия бас қолбасшысы Абдул-Фаттах әл-Сиси мен солшыл бағыттағы саясаткер, 2012 жылы өткен президент сайлауында үшінші орын алған Хамдин Сабахи ғана өз кандидатурасын ұсынды.

Сайлау комиссиясының хабарлауынша, басқа үміткерлер "сайлау талаптарына сай келмеген". Сайлауға түсуге өтініш беру мерзімі 20 сәуірде аяқталды. Әл-Сиси өзін жақтаған 190 мың, Сабахи - 31 мыңға жуық қол жинаған.

Сайлауға екі үміткер ғана қатысатындықтан жеңімпаз алғашқы кезеңде-ақ анықталуы тиіс.

"Мұсылман бауырлар" партиясының жақтастары әл-Сисиді египетте демократиялық жолмен сайланған президент Мұхаммед Мурсиді былтыр жазда биліктен тайдырған мемлекеттік төңкеріске басшылық жасады деп айыптайды. Хамдин Сабахи Мурсидің биліктен түсірілгенін қолдайды. Бірақ ол Египеттің саяси өміріне әскерилердің араласуына сыни көзбен қарайды.

Үстінен іс қозғалып, ісі сотта қаралып жатқан Мұхаммед Мурси қазір абақтыда отыр.
XS
SM
MD
LG