Accessibility links

Dragon ғарыш станциясына жүкті сәтті жеткізді


SpaceX компаниясының Dragon ғарыш кемесі. (Көрнекі сурет).
SpaceX компаниясының Dragon ғарыш кемесі. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың SpaceX компаниясының Dragon жекеменшік ғарыш кемесі 30 күндік кідірістен соң Халықаралық ғарыш станциясына жетті. Кеме станцияға азық-түлік, ашық ғарыш кеңістігіне шығатын роботқа екі механикалық дөңгелек жеткізді.

Экипаж командирі, жапониялық астронавт Коичи Ваката орбитадан Dragon орбитадан орнын ауыстыру үшін 18 метрлік кранды пайдаланды.

Халықаралық ғарыш станциясы - 15 елдің бірлесе жасаған жобасы. Оны құруға 100 миллиардқа жуық АҚШ доллары жұмсалды.

SpaceX - НАСА-ның 2011 жылы америкалық шатталдарды ұшыруды доғарғаннан кейін станцияға жүк жеткізуге жалдаған екі компанияның бірі. Компания бұған қоса астронавтарға арналған ғарыштық кемелерді құрастыру тендерлеріне де қатысады.
XS
SM
MD
LG