Accessibility links

Сирияда президент сайлауы белгіленді


Сирия президенті Башар Асад.
Сирия президенті Башар Асад.
"Әл-Арабия" телеарнасының 21 сәуірде хабарлауынша, Сирия парламентінің төрағасы Мохаммад әл-Лаххам елде 3 маусымға президент сайлауы белгіленгенін мәлімдеген. Парламент төрағасының айтуынша, сайлауға "елдегі Сирия азаматтары дауыс бере алады".

Соңғы бірнеше айда Сирия үкіметінің күштері бірқатар аймақты қайтадан бақылауына алған. 20 сәуірде, христиандардың діни Пасха мейрамында Сирия президенті Башар Асад таяуда үкімет күштері көтерілісшілерден қайтарып алған христиандар тұратын ауданға барған.

Башар Асад 2011 жылы наурызда қақтығыстар басталғалы бері ел астанасы Дамаск маңынан елдің өзге аймақтарына сирек шығатын болған.

Сирияда 2011 жылы наурызда үкіметке қарсы жаппай толқу басталып, оның соңын ала тұтанған қақтығыстардан 150 мыңнан астам адам қаза тапты. 9,5 миллион адам - ел тұрғындарының жартысына жуығы баспаналарын тастап кеткен. 3,5 миллионға жуық сириялық Ливан, Түркия, Иордания, Ирак және басқа да елдерге босып кеткен.
XS
SM
MD
LG