Accessibility links

АҚШ әскери кемеcі Қара теңізге кірді


Америкалық "Тейлор" фрегаты Босфор бұғазында тұр. 22 сәуір 2014 жыл.
Америкалық "Тейлор" фрегаты Босфор бұғазында тұр. 22 сәуір 2014 жыл.
АҚШ әскери-теңіз күштерінің "Тейлор" фрегаты 22 сәуірде Босфор бұғазы арқылы Қара теңізге кірді.

Жыл басында АҚШ әскери кемелерінен алғаш болып "Тейлор" фрегаты Сочиде өткен қысқы олимпиада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қара теңізге кірген еді. Бірақ кеме Түркияның солтүстігіндегі Самсун портында жанармай құятын кезінде сынып, 12 ақпанда қайраңға шығып қалған. Бұдан соң кемені Грекияның Крит аралындағы Суда-бей базасына жөндеу үшін сүйреп апарған.

Ресей қорғаныс министрі Серегй Лавров сәуір айының басында Түркия мен АҚШ-ты 1936 жылғы Монтре конвенциясын бұзды деп айыптаған. Ол құжат бойынша шетелдік кемелер Қара теңіз бассейнінде 21 күн ғана бола алады. Ал АҚШ фрегаты теңіз аумағында бұл мерзімнен көп уақыт тұрып қалды.

Бірақ Лавровтың сөзіне жауабында Түркия АҚШ әскери кемесі бұзылып қалып, қозғала алмағандықтан Қара теңізде жүру мерзімінен асып кеткенін мәлімдеген.

Наурыз айынан бастап Түркия АҚШ әскери кемелерінің Босфор бұғазы арқылы Қара теңіз аумағына кіруіне бірнеше рет жол ашқан еді. АҚШ әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, фрегат Қара теңізде АҚШ-тың НАТО бойынша одақтастарының "қауіпсіздігін қорғау туралы міндіттемелеріне адал екенін" білдіру үшін кіргізілген.
XS
SM
MD
LG