Accessibility links

Қазақстандық турист Израильден шыға алмай отыр


Израиль күштерінің соққысынан кейінгі көрініс. Газа секторы, 22 шілде 2014 жыл.
Израиль күштерінің соққысынан кейінгі көрініс. Газа секторы, 22 шілде 2014 жыл.

Қазақстан Израильде ұрыс болып жатқан аймақта қалған қазақстандық туристке жан-жақты көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін Азаттыққа сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов айтты.

«Диана Назароваға қазір көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз. Ал жалпы Израильде Қазақстаннан қанша адам турист ретінде демалып жатқанын білмейміз. Сыртқы істер министрлігі туристердің есебін жүргізбейді. Егер Израильде қалып қойып, елге қайтқысы келген туристер болса Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігіне барып тіркеуге тұруы тиіс, біз көмектесеміз» деді ол.

23 шілде күні Instagram желісінде Иерусалимге Түркиядан саяхаттап барған Диана Назарованың Израильден шыға алмай отырғаны туралы жазбасы жарияланған. «Мұнда соғыс басталды, палестиндік зымыран құлап, әуежай жабылды» деп жазған ол өзін басқа туристермен бірге Иерусалимнің шығыс бөлігіндегі қонақ үйге орналастырғанын айтады.

Бұған дейін Қазақстанның туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристер мен туристік агенттіктерге Израиль мен Палестин аймағында қарулы қақтығыс жүріп жатқанын ескертіп, ұрыс болып жатқан жерлерге барудан сақтану туралы ескерткен еді.

XS
SM
MD
LG