Accessibility links

Харьковтен қаралы жүкті Голландияға жөнелтті


Харьков әуежайындағы азалы рәсім. 23 шілде 2014 жыл.
Харьков әуежайындағы азалы рәсім. 23 шілде 2014 жыл.

Malaysia Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Украинаның шығысында құлағанда қаза тапқандардың сүйектері бүгін Харьковтен Голландияға жөнелтілді. Қаралы жүкті жолға салар алдында Харьков әуежайында азалы шара өтті.

Екі әскери ұшақ апатта қаза тапқан ондаған адамның денелерін Эйндховен қаласының әуежайына жеткізуі тиіс. Бүгін Голландияда азалы күн жарияланған. Құлаған ұшақта қаза тапқан 298 адамның 193-і Голландия азаматтары.

Сейсенбі күні Харьковке ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Украинаның шығысынан ұшақ құлаған аймақтан табылған 200-ден аса адамның сүйектері пойызбен жеткізілген еді.

17 шілде күні Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып шыққан Boeing 777 жолаушылар ұшағы Украинаның Донецк облысында құлап, ұшақта отырғандар түгел қаза болды. Батыс елдерінде ұшақты жерден ресейшіл сепаратистер әскери зымыранмен қателесіп атып түсірген болуы мүмкін деген болжам айтады. Мәскеу бұл оқиғаға Киевті кінәлады.

Ұшақтың жазба жүргізетін екі құрылғысы («қара жәшіктер») бүгін Ұлыбританияға жеткізілді. Ондағы деректерді Фарнборо қаласындағы арнайы орталықта мамандар анықтайтын болады.

XS
SM
MD
LG