Accessibility links

Шығыс Украинада поляк журналисі жараланды


Донецк түбінде бекіністе тұрған ресейшіл сепаратист. Украина, 23 шілде 2014 жыл.
Донецк түбінде бекіністе тұрған ресейшіл сепаратист. Украина, 23 шілде 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы ұрыс жүріп жатқан аймақта польшалық журналист, украиналық "Экспресо.TV" телеарнасының тілшісі Бьянка Залевская жараланып, Харьковтегі ауруханаға жеткізілді.

Арнайы операциялар штабы баспасөз қызметінің Facebook-те хабарлауынша, сепаратистер БАҚ өкілдері екенін білдіретін айырым белгісі болғанына қарамастан бір топ журналиске оқ атқан.

Журналист Николай Княжицкийдің Facebook-те жазуына қарағанда, сепаратистер Залевская отырған көлікті атқылап, одан көлік аударылып кеткен. Залевскаяның омыртқасы мен бұғанасы сынып, бүйрегіне зақым келген.

BBC-дің хабарлауынша, польшалық журналистің жараланғанын Польша сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Михаил Сафьяник те растаған. Сафьяник журналиске консулдық көмек көрсетіліп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG