Accessibility links

АҚШ: Ресей зымыран жайлы келісімді бұзды


Зымыран. (Көрнекі сурет)
Зымыран. (Көрнекі сурет)

АҚШ президентінің әкімшілігі Ресейді 1987 жылы АҚШ пен СССР арасында жасалған орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді бұзды деп айыптайды. The New York Times басылымының Ақ үйдегі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, президент Барак Обама 28 шілде күні Ресей президенті Владимир Путинге келісімнің бұзылғаны туралы ескертпе хат жолдаған.

Келісім бойынша АҚШ пен СССР жерден ұшырылатын орта және қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық және қанатты зымырандарды жасамауға, сынақтан өткізбеуге міндеттеме алған. Бірақ дереккөзінің The New York Times газетіне хабарлауынша, АҚШ 2011 жылы Ресей келісімді бұзып, қанатты зымырандарды сынады деген қорытындыға келген. 2013 жылы Вашингтон бұл мәселені Ресейге ескерткен, бірақ оны көпшілікке жариялауды жөн деп таппағанн.

Басылымның жазуынша, соңғы айларда америкалық билік өкілдері жиындарда бұл мәселені бірнеше рет талқылап, Ресейдің зымыран сынау 1987 жылғы келісімді бұзады деген қорытынды жасаған.

Келісімнің бұзылғаны туралы жайт АҚШ мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы қару-жарақты бақылау туралы халықаралық келісімдердің орындалуы туралы есебінде аталмақ.

XS
SM
MD
LG