Accessibility links

Израиль мен ХАМАС тағы уақытша бітім жасасты


Израиль әскерінің Газа секторына шабуылы. 31 шілде, 2014 жыл.
Израиль әскерінің Газа секторына шабуылы. 31 шілде, 2014 жыл.

Израиль мен ХАМАС ұйымы Газа секторында ешқандай шартсыз 72 сағатқа атысты тоқтатуға бітім жасасты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның сөзінше, атысты тоқтату туралы келісім 1 тамызда күшіне енеді.

Енді Израиль мен Палестина делегациясы Египет үкіметінің ара ағайындығымен "ұзақ мерзімдік бітім" жасасу үшін Каирге бармақ. Израиль билігі мен ХАМАС өкілдері атыстың тоқтайтыны туралы ақпаратты растады.

Бұған дейін үш аптаға созылған қақтығыстарда гуманитарлық көмек көрсету мақсатында бірнеше рет бітім жасалғанымен, атыс тоқтамаған еді.

XS
SM
MD
LG