Accessibility links

Өзбекстан мен Қытай бірнеше келісім жасасты


Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің кездесуі. Пекин, 19 тамыз 2014 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің кездесуі. Пекин, 19 тамыз 2014 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов бүгін Қытайға жасаған екі күндік сапарын аяқтайды. Каримов 19 тамыз күні Пекинде Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел қарым-қатынасын дамытудың бес жылға арналған жоспарына және бірлескен декларацияға қол қойды.

Президенттер бұған қоса технологиялық және экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірнеше құжатқа, 6 миллиард АҚШ долларына тең энергетика, технология, банк және қаржы секторына қатысты келісімдерге қол қою рәсіміне қатьсқан. Қытайдың Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Ислам Каримов пен Си Цзиньпин Қытайды Орталық Азия мемлекеттерімен жалғайтын газ құбыры құрылысына ерекше көңіл бөлуге келіскен.

Каримов Қытай президентімен соңғы рет мамыр айында Шанхайда өткен саммитте кездескен.

Ресейдің "Интерфакс" агенттігінің ақпараты бойынша, Өзбекстан мен Қытайдың сауда айналымы 2013 жылы 5.2 миллиард, ал 2014 жылдың алғашқы алты айында 2.6 миллиард АҚШ долларын құраған.

XS
SM
MD
LG