Accessibility links

Сирияда соғыс құрбандары саны 180 мыңнан асты


Соғыстан бас сауғалаған тұрғындар. Алеппо, Сирия, маусым, 2014 жыл.
Соғыстан бас сауғалаған тұрғындар. Алеппо, Сирия, маусым, 2014 жыл.

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының деректері бойынша, Сирияда қақтығыс басталған 2011 жылдан бері қаза тапқандар саны 180 мыңнан асқан.

Жергілікті қақтығыстар жүріп жатқан аймақтардан ақпарат алатын ұйым құқық қорғаушылары қаза тапқан 180 мың 215 адамның аты-жөнін анықтағанын айтады.

Қаза тапқандардың 59 мыңы бейбіт тұрғындар (мұның арасында 9 мың 400 бала мен алты мың әйел бар), 50 мыңға жуығы - қарулы оппозицияның, оның ішінде исламшыл "Әл-Нусра майданы" мен "Ислам мемлекеті" ұйымдарының мүшелері. Соғыста үкімет армиясы 40 мыңнан аса адамынан айырылған. Қаза тапқандар арасында үкіметті жақтайтын жасақтардың 26 мыңға тарта мүшесі бар.

Сирияда 2014 жылдың наурызында басталған соғыс салдарынан тұрғын халықтың жартысы босып кетті.

XS
SM
MD
LG