Accessibility links

Қазақстан балуаны Нанкинде чемпион атанды


17 жастағы балуан (еркін күрестен) Мұхамбет Қуатбек. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
17 жастағы балуан (еркін күрестен) Мұхамбет Қуатбек. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында 17 жастағы қазақстандық балуан Мұхамбет Қуатбек еркін күрестен чемпион атанды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ол топтық кезеңде Амирхан Гуважоковты (Ресей), Вагиняк Магевосянды (Армения), Врам Ричардсты (Австралия), Элизер Ауларды (Венесуэла) жеңді. Ал финалда Датон Фикстен (АҚШ) басым түсті.

Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы ертең, 28 тамызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG