Accessibility links

Шетелдік БАҚ тілшілерін парламент отырысына кіргізбеді


Парламент ғимаратындағы тексеру-өткізу пункті. Астана, 2 қыркүйек 2014 жыл.
Парламент ғимаратындағы тексеру-өткізу пункті. Астана, 2 қыркүйек 2014 жыл.

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын парламент сессияларының бірлескен отырына Азаттық тілшісін және кейбір шетелдік БАҚ журналистерін кіргізбеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиыннан хабар таратуға барған тілшіні парламент ғимаратының тексеру-өткізу пунктінде тексеріп тұрған президенттің күзет қызметі "тізімде жоқ" деп кіргізбеген. Бұған қоса ұлыбританиялық тағы бір ақпарат құралы мен жергілікті бірер ақпарат құралдарының журналистері де кіргізілмеген.

Азаттық тілшісі жиынға қатысуға аккредитациядан өтуге барлық құжаттары мен мәліметтерін талап бойынша парламенттің баспасөз қызметіне кесімді мерзімінде жіберіп, аккредитациядан өткенін айтады.

XS
SM
MD
LG