Accessibility links

Ресей соты ұшқыш Савченконы қамаудан босатпады


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.
Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Воронеж облыстық соты украиналық ұшқыш Надежда Савченконы 30 қазанға дейін қамауда ұстауға шешім шығарды. Осылайша сот Савченконы бір миллион рубль ақшаға кепілге босатудан бас тартып, оның қорғаушысының берген шағымын қанағаттандырмай тастады.

Ресей тергеу комитеті қамаудағы ұшқышты Украинаның шығысында ұрыс аймағында қаза тапқана ресейлік екі журналистің өліміне айыпты санайды. Тергеушілер Савченко Ресей аумағына «босқын кейпінде келген соң ұсталған» дейді. Бірақ Надежда Савченко өзін Украина жерінен ұрлап әкеткендер Ресей шекарасынан еркінен тыс жасырын алып өткенін айтады. Қорғаушылар Савченко қамауға журналистер қаза болмай тұрып түскен дейді.

Киев 33 жастағы Надежда Савченконы Ресейден тұтқындар айырбастап алу тізіміне енгізген. Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы Ресей билігін Савченконы босатуға шақырған.

Жексенбіде Киевте өткен съезде «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко алдағы Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауында партиялық тізімдегі бірінші адам ретінде қазір тұтқында отырған Надежда Савченконы жазуды ұсынған.

XS
SM
MD
LG