Accessibility links

Польшаның жаңа премьері тағайындалды


Польша премьер-министрі қызметіне тағайындалған Ева Копач.
Польша премьер-министрі қызметіне тағайындалған Ева Копач.

Польша президенті Бронислав Коморовский премьер-министр қызметіне Ева Копачты тағайындап, жаңа үкімет құрамын жасақтауды тапсырды.

Бұған дейін Польша парламенті – сейм спикері болып келген Ева Копач «күшті үкімет қалыптастыру үшін қиындықтарға төтеп беруге» әзір екенін мәлімдеген.

Копач осы кезге дейін Польша үкіметін басқарған Дональд Тусктің саяси серіктерінің бірі. Жақында Еуропалық кеңестің төрағасы болып сайлануына байланысты отставкаға кеткен Туск жаңа қызметіне қараша айының соңында кіріспек.

XS
SM
MD
LG