Accessibility links

Пәкістанда ондаған содыр қаза тапқан


Солтүстік Вазиристан аймағында «Талибан» қозғалысына қарсы операция жүргізіп жатқан пәкістандық әскерилер. 25 маусым 2014 жыл.
Солтүстік Вазиристан аймағында «Талибан» қозғалысына қарсы операция жүргізіп жатқан пәкістандық әскерилер. 25 маусым 2014 жыл.

Пәкістанның солтүстік-батысындаға Ауғанстанмен шекара маңында әуе соққысы мен ұрыстар барысында 30-дан аса содырдың көзі жойылған. Бұл туралы бүгін хабарлаған Пәкістан әскери мекемесінің хабарлауынша, Хайбер округіндегі Тирах жазығында экстремистерге әуеден соққы беріліп, нәтижесінде 20 адам қаза тауып, екі қару-жарақ қоймасы жойылған.

Солтүстік Вазиристан аймағында содырлар тобы әскери бекетке шабуыл жасаған. Ұрыс барысында 11 экстремист пен үкімет күшінен 3 сарбаз қаза болғаны туралы хабарланды.

Маусым айында Пәкістан армиясы елдің солтүстік-батысында содырларға қарсы әскери операция бастаған еді. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, содан бері бір мыңнан аса содырдың көзі жойылып, үкімет жасағынан жүзге жуық сарбаз мерт болған. Бірақ бұл ақпаратты тәуелсіз тараптардан растау мүмкін болмай отыр.

XS
SM
MD
LG