Accessibility links

Си Цзиньпин Үндістанға барды


Қытай басшысы Си Цзиньпин.
Қытай басшысы Си Цзиньпин.

Қытай президенті Си Цзиньпин бүгін Үндістанға барды. Ол үнді басшылығымен екі ел арасындағы сауда және инвестициялық қарым-қатынастарды жақсарту, сондай-ақ шекарадағы дағдарысты реттеу мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.

Үнді баспасөзінің хабарлауынша, Қытай басшысының үш күнге жалғасатын сапары барысында екі тарап Үндістандағы автокөлік жолдары мен теміржол құрылысына және басқа да инфрақұрылымдық жобаларға Пекиннің инвестициялық қаржы бөлуі туралы келісімге қол жеткізуі мүмкін.

Биыл мамыр айында Үндістан үкіметі басына Нарендра Моди келген соң екі елдің қарым-қатынастарында оң өзгерістер байқала бастады. Моди Үндістан экономикасын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауға және Қытаймен байланысты жақсартуға уәде берген.

Қытай Үндістанның ең басты сауда әріптестерінің бірі болып саналады. Екіжақты сауда көлемі 70 миллиард доллар шамасында.

Бірақ көршілес екі мемлекет арасында әлі күнге реттелмеген шекаралық жерге қатысты ара-тұра дау-дамай да шығып қалады.

XS
SM
MD
LG